Стресстік факторлардың кілттік бағасы
Кіріспе
Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады. Міне сондықтан стресс туралы мәлімет біздің заманымызда өте қажет. Стресс күйін зерттеу мына ғалымдардың өмірінде орын алған: Селье, Самоукина, Кеннон, Касл, Купер, Маршалл, Альбрехт, Вейтен Ллойд және т.б.
«Стресс»- түсінігін Канадалық физиолог Ганс Селье енгізген. Ол стрессті: «Адам ағзасының кез-келген талабына өзіндік ерекшілігі жоқ (неспецифический) жауабы»,- деп түсіндерген. Бұл анықтаманы түсіну үшін біз «неспецифический» (өзіндік ерекшелігі жоқ) деген сөзді түсінуіміз керек.
Ағзаға қойылған әр талаптың өз ерекшелігі бар. Мысалы: Суық күнде біз көп жылу бөлу үшін дірілдейміз, қан тамырлары тарылып, тері сыртына жылу бөлінуі азайады. Күн ыстықта біз терлейміз, теріміздің булануы арқылы біз салқындаймыз. Сол сияқты белгілі дәрілерді ішу арқылы біз оның ерекшелігін біле отырып, сол дәрінің әсерін сезінеміз: Осылардың бәрі «специфический» яғни ерекшелігі бар болып табылса, ерекшелігі жоқ «неспецифический» өзгерісті талап етеді талаптың өзіндік ерекшелігі жоқ, қандай болмасын туындаған қиындыққа бейімделу болып табылады. Сол өзгерістері орындау арқылы біз өзіміздің қалыпты жағдайымызды орнына келтіреміз. Стресс болған кезде ол жағдай жағымды не жағымсыз екені маңызды емес. Бұл жағдайдың қажеттілік өзгеріс және бейімделу маңызды болып табылады. Мысалы: Соғысқа кеткен баласын анасына қаза тапты деп, уақыт өткен соң ол қате болып бала үйіне кіріп келеді. Бірінші жағдайда ана қайғырады, екінші жағдайда қуанады, бірақ екі жағдай да адамға стресс әкеледі. Екеуі екі түрлі сезім болса да, екі жағдайда да анасы болған жайды қабылдап, түсініп соған бейімделеді. Яғни екі жағдайда да стресс күйіндегі адам бір әрекетті жасайды. Селье былай деген: «Стресс-жүйкенің қысымы ғана емес» осы саланың маманы болмаса да көптеген ғалымдар биологиялық стрессті жүйкенің шаршауынан немесе эмоцияның қатты қозуынан деп түсіндіреді, бірақ бұл олай емес. Психологиялық және психопатиялық аспектілерде биологиялық стрессті зерттеген белгілі ағылшын докторы Дж Мейсон. Эмоциялық қозу өмірге деген қорқыныш тудыратын кезде немесе өмірлік басқа да жағдайға байланысты стресс туғанда бұған жауапты физикалық күй болып табылады-деп айтқан. Жүйке жүйесі жоғары дамыған адамдар эмоциялық күйзеліс жиі болғандықтан, ол адам стресске өте жақын болады, бірақ стресстік күйді жүйке жүйесі жоқ жануарлар және өсімдіктер де сезеді. Көп адамдар стресс жағымсыз жағдайлардың нәтижесі деп түсінеді, бірақ Селье олай демейді. Басында біз айтқандай бұл жерде жағымды немесе жағымсыз жағдай маңызды емес. Осыған байланысты стресс күйін кез-келген эмоционалдық әсерден алуға болады. Стресс күйіне әкелетін факторлар стрессорлар. Бір сөзбен айтқанда стрессорлар әр түрлі, бірақ ол күйді сезген адамның биологиялық реакциясы болған жағдайға бейімделу болып табылады.
Стресстің негізгі түрлері
Әр адамға стрессорлар әр түрлі болады. Солардың бәрін ретке келтіру үшін ғалымдар көп еңбек етті, бірақ стрессорларды бір жүйеге келтіру әлі жүзеге асқан жоқ. Бірақ бұл жағдайлар бізге стресстің негізгі төрт түрін қарастыруға кедергі етпейді. Олар: Фрустрация, кикілжің (конфликт), өзгеріс, қысым (давление).
Фрустрация
Фрустрация латын тілінен fruastratio-өтірік, шыдамды күту деген мағынаны білдіреді. А.А. Радугин бойынша адамның мақсатына жетуде обьективті немесе субьективті кедергіге тап болғандығы эмоционалдық күй уайым, қысым, мазасыздануы. Яғни адам фрустрацияны бір нәрсеге қол жетпегенде сезеді. Бәрімізде фрустрациялық күйді күнделікті өмірде сеземіз, бірақ ол қуанышқа қарай ұзақ және маңызды емес мысалы: Өз уақытында төлем ақыңызды ала алмағаныңызға қатты өкінесіз, бірақ үш күннен кейін оны аласыз сіздің өкінішіңіз бұл кезде ұмытылып кетеді. Әрине, кейбір фрустрациялық күй стресске әкеліп соғуы мүмкін. Сәтсіздік пен бір нәрсені жоғалту: міне осы екеуі стресске әкеп соқтырары анық. Бәріміз, кейбірі алдарына реалды мақсат қоймау арқылы, өздерін сәтсіздікке әкеледі. Жақын адамыңды жоғалту фрустрациялық күйді терең сезінуге әкеледі. Кейде адам фрустрацияны өзіне-өзі тудырады. Адамдар әдетте өздерінің жетістіктеріне өздері кедергі келтіреді. Мысалы: сіздің алаңғағасарлығыңызға байланысты жұмыс дәрежеңіз бойынша сіз күткендей көтерілмесеңіз осыған байланысты фрустрациялық күй туындайды, бұл жағдайдың туындауына өзіңіз кінәлісіз. Көп жағдайда фрустрациялық күй агрессивті мінез-құлықты түсіндіреді. Фрустраторлар тез ашуға айналатын агрессияның пайда болуы адекватты емес реакциядан пайда болады: балағаттау, адамға физиологиялық қысым көрсету (шымшу, ұру, итеру) немесе бір обьектіні сындыру.
Кикілжің
Кикілжің-фрустрация сияқты өмірден бөліп алынбайтын жағдай. Күрделі сұрақ «Тұрады ма жоқпа?» адамның алдында кикілжің туғызатын жай. Мүлде келіспейтін екі немесе одан да көп мотивтер іс-әрекетті асыру үшін мінез-құлық бәсекелесе болып табылады. Кикілжіңдер үш түрге бөлінедіә: 1-жақынырақ-жақындау, 2-қашу-қашқақтау, 3-жақындап-қашқақтау. Кикілжің түрлерін ең бірінші суреттеген Курт Левин, ал зерттеген Нил Миллер болды. Кикілжің жақынырақ-жақындау түрінде-екі көрікті мақсатының біреуін таңдау керек. Бұл жердегі негізгі проблема сіз екеудің біреуін ғана таңдайсыз.
Барлық үш түрдің жақынырақ-жақындау кикілжіңі ереже бойынша стрессогенді болып табылады. Ресторанға келгенде әр түрлі тағамның ішінен біреуін ғана таңдауға қиналмайды, бұл кикілжің ереже бойынша жақсы аяқталады. Бірақ та кей жағдайда жақындау аса маңызды болса, бұл кикілжің едәуір қысым көрсетуі мүмкін. Егер сіз екі көрікті жігіттердің қайсысын таңдарыңызды білмей жүргеннің өзінде де стресс күйі қоса жүреді.
Кикілжің қашу-қашқақтау түрінде қашқақтайтын адамға екі көріксіз мақсаттың арасын таңдауға тура келеді. Бұл жағдайда сізге екі көріксіздің ішінен бір көріксізді таңдау керек. Айталық сіздің беліңіз қатты ауырып жүр сіз бұл кезде өте қатты қорқатын операцияға келісесіз бе, жоқ әлде шыдап жүре бересіз бе? Қашу-қашқақтау кикілжіңі көрініп тұрғандай жағымсыз және ең күшті стресс. Бұл жағадайда әдетте адамдар шешім қабылдауды ұзаққа созады, қалайда бір әдіспен кикілжіңнен қашу үшін. Жоғарыда келтірілген мысалдар ауырған жеріңіз кейін қойып кетер деген үмітпен операция туралы шешімді кейінге қалдырасыз.
Жақындап-қашқақтау кикілжіңге түскен адам алдына қойған мақсатқа қол жеткізер алдында жағдайдың пайдалы және жағымсыз жағын қарастырып шешім қабылдауы керек болады. Мысалы: сіздің меніңіз көтеріледі онымен бірге төлемақыңыз да көтеріледі, бірақ сіз жақсы көрмейтін, білмейтін қалаңызға келуіңіз керек. Жақындап-қашқақтау кикілжіңі өте көп таралғандықтан күрделі стресс тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда кикілжің сенімсіздік туғызады. Кикілжіңге түскен адам сенімсіз бірде алға, бірде кері әрекет етеді.Өзінің тышқанға жүргізген наваторлық зерттеуінде Нил Миллер қашқақтау мотивациясы жақындау мотивациясына қарағанда тез күшейетінің тапты осының нәтижесінде Миллер мынадай қорытында жасады: Жақындап-қашқақтау кикілжіңін шешу үшін ең алдымен жақындау мотивациясын күшейтуге емес қашқақтау мотивациясын әлсіретуге күш салу керек. Кейіннен зерттеу арқылы жақындау градлентіне қарағанда, алыстау градленті баяу үлкейеді. Осыған қарап біз екі кикілжіңге байланысты да кеңес беруіміз керек. Басқа сөзбен сіз өмірдегі өзгерістер стресс жағдайының негізгі қайнар көзі деп есептеледі. Бұлар кез-келген өмірдегі өзгерістер, бұл жағадайда адам өзгеріске бейімделіп отыруын талап етеді. Томос Хоулмзом Ричард Рай мен оның әріптестері бұл мәселені бірінші болып қарастырған. Олар көптеген туберкулез ауруымен ауырған адамдармен әңгіме жүргізген. Қызық көрінгені мен ол оқиғалар жағымсыз болған. әрине жағымсыз жағдайлар көп болғанымен жағымды оқиғалар да болған. Мысалы: үйлену тойы, нәрестенің дүниеге келуі, жұмыс дәрежесінің жоғарлауы.
Неге жағымды оқиғалар стресс туғызады. Хоулмзу және Рай зерттеулері бойынша мұндай оқиғалар адам өміріне өзгерістер тудырады. Күнделікті өмірдегі өзгерістің өзі стресс болып табылады. Осы ережеге сүйенсек, қарым-қатынастағы өзгерістер, жұмыста немесе қаражат жағынан т.б. жағдайлар аяғы жақсыға әкелседе, стресс тудырады.
Браун және Мак Гилл зерттеулері бойынша адамның өз қалауы бойынша болған өзгерістер біреулерде стресс, ал енді біреулерде стрессіз өтуі мүмкін. өмірдегі жағымды өзгерістер және денсаулығының нашарлауы арасындағы байланыс өзін-өзі бағалауы төмен адамдарда болатынын көрсетті. Осы зерттеулер негізінде Браун және Макк Гилл позитивті оқиғаларды қалай бұзса сол дәрежеде стресс тудырады деп атап көрсеткен.
Ысым
Қысым дегеніміз- біз өзімізді белгілі бір бейнеде ұстау үшін, басқалардың күтуін және талабын қосады. Қысым екі түрге бөлінеді. 1 орындау, 2 сәйкес келетін. Бізге берілген тапсырманың ұқыпты, тез орындалуын күткен кезде біз-орындау қысымында боламыз. Мысалы: Клоун күлкілі болу үшін тырысады, ал студент болса емтиханды жақсы тапсыру үшін. Рай Баумейстр жұмысында қысымның жұмысты орындауда, нашар нәтижеге әкелетіні көрсетілген. Бұл мәселені «Потенциалды стресс эффектісі» бөлімінде кең көлемде қарастырамыз. Біздің өмірімізде біреудің күткенімен сәйкес келу қысымы көп кездеседі. Жоғарғы қызметтегі адамнан, оның қатал түрде киінуін күтеді. Ал жасөспірімдерден ата-анасының тәрбиесінен шықпауын, жастардың 30 жасқа келгенше үйленуін күтеді. Қысым психологиялық өзгерістен көрі психикалық денсаулықпен тығыз байланыста көрсетілген.
Стресстік факторлардың кілттік бағасы
Адам оқиғаларды қалай қабылдаса-стресс соған тәуелді. Субьективті бағаға потенциалды стресстік оқиғалар және көп факторлар әсер етеді. Ең негізгілері төрт фактор: Танысу дәрежесінің проблемасы, оқиғаларды басқару мүмкіндігі, оқиғалардың алдын ала болжай алудың белгісі.
Танысу
Біздің стресстік бағамызда ең басты фактор танысу болып табылады. Стресстік жағдайларды үйреншікті ереже бойынша потенциалды стресстік әдістер туралы аз білсек солғұрлым ол үрей ретінде қабылданады. Жаңадан келген парашютистердің секіруге дайындалу жарысында, танысу стрессінің керекті екені көрсетілген. Бұл жағдайда жаңадан келгендердің жүрек қағысының жылдамдығы кәсіпқой парашютистердің жүрек қағысының жылдамдығына қарағанда көп болғаны көрсетілген. Бірінші емтихан, бірінші сахнаға шығу осы кездегі күй әдетте үлкен стресс болып табылады. Бірінші жағдай өткен қобалжуларды ұмыттырады.