Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз
Имидж немесе бейне – кәсіпорын жөніндегі бір немесе бір топ адамдардың, қоғамның, тұтынушылардың т.с.с ой-тұжырымы. Ал бір ғана объект жөнінде бірнеше ой пікір болуы мүмкін және мекеме қоғамдық тұрғыдан қарағандағы өз бейнесіне риза болуы немесе оған байланысты проблемаларды аңғаруы мүмкін. Олай болған жағдайда ұйымнан өз қалауына қарай қажетті бейнені құрастыру және ол бейненің маркетинг жасаған жоспарға сәйкес бұрынғы бейнеден жаңашыл және жетілдірілген болуы талап етіледі.«Имидж» ағылшын тiлiнен шыққан сөз. Яғни, бет бейне, түр-тұрпат немесе кескiндеме дегенді білдіреді.Басшының позитивті бейнесінің құрылуы көбінесе оның қызметінің жетістігін анықтайды. Адам билігі тек оның ақылы, күші, еркіндігіне ғана емес, сондай-ақ оның көріктілігі мен қалыптастырған алғашқы ойға байланысты болады. адам киімі, оның сырт келбеті оның қол астындағылар алдындағы беделіне әсер етеді. Басшы сипаттамасы: Сөз ұстай білу, ол кез-келген келісім шарттан артық Мәселелерді шешетін ерекше шешімдерді дереу және тиімді қабылдай білу Барлық сұрақтардан хабардар болу, жан-жақты ақпараттандырылған болу Тартымды сырт келбеті Іскерлі қатынаста адам жынысы көп әсер етеді. Егер ер адам әңгімелесуші әйелден әйел адам қалпын көрмсе, ол көп қиындықтарға әкеледі. Серіктестерге деген қатаңдық та имиджді төмендетеді, себебі ол бейжай қарау деп қабылданатын болады. Имиджді келесі жайттар жақсарта алады: Мәселе жайлы айтқанда қатаң, бірақ адамдармен жұмсақ болу Қатал аргументтер мен жұмсақ түсініктемелер қолдану Қызығушылық танытқан позиция анықтағаннан әлде қайда тиімдірек. Басшының имиджінің қалыптасуы оның қол астындағы, қарамағындағы адамдармен тіл табыса алуымен анықталады, бағаланады. Тексерілген әдістер жиынтығы бар. Оның қатарын есімдер мен тегін тез арада жаттап алу бар. Жаттап алу егер ол есімді бір нәрсемен сәйкестендіріп отырып есте қалдырсағыз тез жатталады. Сондай-ақ жағымды имидж қалыптастыру үшін жағымды жеке тұлға ретінде қалыптасу керек. Ол жақсы сын мен жеке сөйлесулер арқылы жүзеге асатын болады. көбінесе адамның имиджін сыртқы бейнесі, яғни киіп жүрген киімі сиапттап тұрады. Іскерлік қатынаста нақтылық – іскерлік костюм кию арқылы көрініп тұратын болады. оның қатарына киімнің пішіні мен түсі, отырған жердің жағдайына сәйкестілігі мен үндесуі келеді. Киім адамның өз-өзіне деген сенімділігін анықтап тұруы қажет. іскер адам киімің ыңғайлылығына көп көңіл бөлу керек.Дегенмен өмірлік тәжірибе сыртқы түрдің көбіне алдамшы болып келетінін де дәлелдеген. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дейді мұндайда қазақ. Алдымен сырт келбеттің өзі бірнеше фактордан тұратынын ескеру керек: киім, бет, шаш қою, өзін ұстау дегендей. Осының бәрінен гөрі, адамның ішкі әлемін оның көз жанары айтып тұратыны анық. «Көз – адам жанының айнасы» деп бекерге айтылмаған. Ал жалпы сырт келбетке қатысты айтқанда орыстың «Киіміне қарай қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» деген мақалы дөп келеді. Бүгінде адамның қоғамдағы әлеуметтік дәрежесін көбінесе сағаты мен бәтеңкесіне қарап ажырату белең алған. Кейде сыртқы келбетінен адамның мінезін, темпераментін, интеллектісін, денсаулығын білуге болады. Дұрыс киіне білу арқылы да адам өзінің ішкі құпиясын, мінезінің жасы-рын тұстарын, тұлғалық қасиетін таныта алады. Адам мінезі оның қалайша киінетінінен қалай десеңіз де білініп тұрады. Мәселен, киімді мол пішілген, кең етіп киетіндер – флегматиктер, тарлау етіп киетіндер – холериктер, екеуінің ортасын ұстанатындар – сангвинниктер. Егер адам қалыптан тыс киінсе, көпшіліктен ерекшеленіп тұрса, онда олар шығармашылыққа бейім адамдар. Қызыл немесе жарқырауық түсті ұнататындар сезімтал, көңіл күйлері ауыспалы болып келеді. Бірыңғай түс мінездің салмақтылығын аңғартады. Егер көктемгі күн жылы кезде адам қысқы киіммен жұмысқа келсе, онда ол өз пікірінен сирек айнитын, нақты істен гөрі жоспарлауы жеңіл, кез келген жаңа ортаға бейімделуі қиын жан болғаны. Олар бәрін өздері арқылы өткізіп барып, жаңа образға әрең дегенде көндігеді.Шығармашылық адамы үшін киімнің пәлендей маңызы болмаса, мамандығы көпшілікпен байланысты жан-дар – үлкенді-кішілі басшылар, менеджерлер, мұғалімдер, журналистер, жарнама агенттері, сатушылар, хатшылар үшін киім өте маңызды рөл атқарады. «Адам көркі шүберек», «Танымаған жерде тон сыйлы» екені бесенеден белгілі.