Абылдау саласындагы айырмашылықтар және бала бойында дамыту жолдары.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру — оның мағынасын ұғынуға жөрдем етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан, олар заттарды көбінесе үстірт қабылдайды. Мәселен, терт-бес жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашықтықты нашар ажыратады. Екі-үш жастағылардың кейде аспандағы ай мен күнді әпер деп шешесіне маза бермейтіндігі де көпшілікке мәлім. Бала ең алдымен өзінің қолы жететін, жақын жердегі кеңістікті таниды.
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді, кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады. Олардың үзақ мерзімді, келер шақ пен өткен шақты қабылдауы да өте мардымсыз.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала өр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның меніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дұрыс қабылдай алу, мөніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін арифметика, ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу кабілетінің көрінуімен ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Мәселен, «коңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар» деп баланың тізбектеуі — оның байқай алатындығының белгісі. Байқау — белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. Ал екінші сынып оқушыларында селсок. қабылдаудан белсенді қабылдауға көшу, үксас заттарды іздестіру, дәлелдеме келтіру біршама жетіле түседі. Мұғалім баланың белсенді қабылдауының дами түсуіне дүрыс басшылық беруі тиіс. Мәселен, оқушыларға объектілерді бірден сомдап бермей, бөлшектеп берсе, олар байқау тапсырма-сын онша қиналмай орындайтын болады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы түжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді, объектілердің бір-бірімен байланысын түсінуді ойлайды. Осы жастағы баланың байқауы да кабылдауы сияқты эмоциясымен, қызығуларымен қосарлана жүреді. Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер етеді. Сондықтан да мүғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.
Мектепте жүретін барлық сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше рөлін ескере келіп, әрбір мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1) Көрнекті құралдарды (модельдер, суретгер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескеру жөн.
2) Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақұл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығарманы қабылдағанда оның мазмұнымен бірге басты кейіпкердің мінез-құлқына, мазмұндаудың тәртібін түсіне білмейінше, оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.
3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бүрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр-түрлі объекгілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін артгыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты. Мәселен, сурет көрмесін көрген оқушыларға кейін ондағы нәрселерді қайтадан айтып беру міндеті койылмаса, сол нәрседен санасында бұлдыр елес қана қалатын болады.
5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн. Қабылдау мен бақылаудың дәлдігін төрбиелегенде баланың ауызша сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін өзіне түзеттіріп, оны қайтадан дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру қажет.