Экономикалық әдістердің болмысы мен мазмұны

Экономика тарихы шаруашылық жүргізудегі адамдардың өзара қатынастарын реттеудің көптеген мысалдарын, әдістері мен технологияларын беруде. Олардың арасында әміршілік-бұйрық беру, күш көрсету-мәжбүрлеу, жоспарлы, ұйымдық-әкімшілік, түсіндіру, әлеуметтік-психологиялық және т.б. әдістерді атауға болады. Алайда кез-келген экономика шаруашылық жүргізудің өзіне лайықты әдістері мен тәсілдерін қажет етеді.

Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде шаруашылық жүргізудің негізгі әдістері - нарықтық және жоспарлы әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы кейде ойдан шығарылған пікірталасы орын алып отырады. «Әкімшілік әдістер» мен «экономикалық әдістер» ұғымдарының мазмұнын әртүрлі түсіндіру, оларды бір-біріне қарсы қоюға әкеп соқтырады да, олардың арасына өте алмайтындай етіп «қытай қабырғасын» орнатады.

Алайда, біздің ойымызша, экономикалық әдістер тек қана экономикалық заңдарды қолдануға, ал әкімшілік әдістер бұйрықтар мен нұсқауларға бағытталған деп көрсетуге негіз жоқ. Мұндай тәсілге сүйенетін болсақ жоспарлауды экономикалық әдістер шеңберінен тыс қарастырамыз, себебі жоспарды жүзеге асыруға белгілі-бір деңгейде мәжбүрлеу арқылы қол жеткізіліп отырады. Әрине «басшылық етудің әкімшілік және экономикалық әдістері» ұғымдарының мазмұны одан әрі нақтылауды қажет етеді. Бұл ұғымдар өзара байланысқан және өзара негізделген болып саналады. Әкімшілік әдістері экономикалық заңдардың әсерін назарға алып отыруы қажет. Басқаша айтқанда, олар экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс. Өзінің болмысы бойынша экономикалық әдістер әкімшілік әдістерге ұқсас болғандықтан, көп жағдайда сол бейнеде көрініп отырады.

Қазіргі заманғы әлемдік экономикалық даму негізінен екі модель бойынша жүруде.

Қазіргі уақытта америкалық экономикаға тән болып келетін алғашқы моделі тікелей әкімшіліктік реттеуді күрт шектеумен байланысты, бұл жағдайда басты рөлге өздігінен реттелудің нарықтық механизмдері ие болады. Басты принцип – экономикалық және өзге түрдегі сұранымдарын өз қабілетіне, өз еңбегінің нәтижелеріне сүйенумен қанағаттандыру. Мемлекет тарапынан көмек аса шектелген түрде болып келеді, ол уақытша төтенше шара ретінде ғана қолданылады. Алайда өзінің дамуының белгілі кезеңдерінде АҚШ-та экономика саласында әкімшіліктік әдістерді белсенді түрде қолданып отырған. Мысалы, 1933 жылы АҚШ жаңа бағытты жүзеге асырған болатын, оның мәні мемлекеттік реттеуді экономикалық және әлеуметтік процестермен күшейтуге негізделген. Мемлекеттік реттеу әдістерін шебер қолданған жағдайда олар елдің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуі мүмкін деген идея басым болған. Айта кететіні, мұндай мемлекеттік саясат халықтың кең топтарының тарапынан қолдауға ие болды, адамдардың терең экономикалық дағдарыс жағдайларында бейімделуіне көмектесті.

Тағы бір моделі - халыққа көмек көрсету, мемлекеттің табиғи қызметі, қалыпты қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ретінде, ол адамдарды кемсітпейді, керісінше ол әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. ГФР, Жапония мен Швецияда кең өріс алған бұл модель мемлекеттің ұлттық нарықтық шаруашылығының қалыптасуына белсенді түрде әсер етумен, халықтың жағдайы төмен топтарын әлеуметтік қамту және әлеуметтік қолдаудың мықты жүйесімен, жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік бюджеттік шығындардың салыстырмалы түрдегі жоғары үлесімен, мемлекеттік меншіктің елеулі салмағымен сипатталады.

Мысалы, Л.Эрхард өзінің ГФР әлеуметтік-экономикалық жүйесі туралы тұжырымын, еркін нарық пен еркін бәсекелестік құрайтын «әлеуметтік нарықтық шаруашылық» ретінде белгілеуде. Алайда ГФР-дың «еркін» нарықтық шаруашылығы мемлекеттің аса белсенді түрде ат салысуымен құрылып отырған: атап айтқанда ауыл шаруашылығы, көмір өндіру өнеркәсібі, қара металлургия, көлік, тұрғын үй құрылысы бақыланбайтын нарықтық бәсекелестік саласынан шығарылып тасталып және мемлекетпен белсенді түрде реттеліп отырды. Сондай-ақ мемлекет коммуналдық инфрақұрылым мен мемлекеттік кәсіпкерліктің ауқымды саласын да реттеп отырды, сонымен қатар өндіріс көлемін, бағаларды бақылап, мемлекеттік бюджеттен демеу, қаржы мен несие ұсынып отырды.

Профессор Х.Ламперттің (ГФР) пікірінше, әлеуметтік нарықтық шаруашылық - бұл қоғам мен экономикадағы еркін, экономикалық тиімді, тұрақты тәртіпке әкелетін бірден-бір жол деп көрсетті.

Наши рекомендации