Жақ-бет аймағының тіндері

Сызбаның өзегі жақ-бет аймағының тіндері болып табылады, олар қандай да бір жағымсыз әсерлерге ұшырайды және тістесу қалыпты жағдайдан ауытқиды. Патологиялық өзгерген тіндер мен мүшелер басқа түзілістерге жағымсыз әсер етеді және патологияның одан әрі күшеюіне «ішкі» себепші фактор болып табылады.

Тістер тістесудің функциональды және эстетикалық сипаттамаларын анықтайтын негізгі элементтер болып табылады. Патология кезінде келесі ауытқулар болуы мүмкін:

1) мөлшерінің өзгеруі: асакомплектті тістер, олигодонтия, адентия;

2) тіс сауыттары түрлерінің (анатомиялық белгі бойынша тісті ерекшелейтін кез келген) және оның габаритті мөлшерлерінің (микродентия, макродентия) өзгеруі;

3) доғада тістер орналасуының өзгеруі: дұрыс орналасудан жоғары немесе төмен (супра- немесе инфраорналасу), оральды немесе вестибулярлы, осі бойынша айналу (тортоаномалия) немесе осьтен ауытқуымен.

               
 
Себептер мен жағдайлар: -тұқымқуалаушылық -белгісіз тұқымды даму ақаулары -аурулар -жарақат -басқа сыртқы және ішкі -механикалық әсерлер (қызметтер, жағымсыз әдеттер)
 
    Жақ-бет аймағының тіндері - student2.ru
     
Фактордың әсер ету уақыты: -пре- немесе постнатальды -жедел немесе созылмалы -үздікті немесе тұрақты
      Жақ-бет аймағының тіндері - student2.ru
 
 

Жақ-бет аймағының тіндері - student2.ru

Сур. 7.1.Тістесу патологиясы қалыптасуының негізгі сызбасы.

Шеміршектер мен сүйектер.Негізінде жақ-бет аймағы сүйектері қалыптасатын шеміршектер екі әр түрлі түрге жатады, олар сыртқы әсерлерден әр түрлі байланысты. Біріншілік шеміршектер матрица негізінде дамиды және бұл үрдісте тек генетикалық және нейрогуморальды факторларға бағынады. Осындай мұрын пердесінің шеміршектері, қанат тәрізді сүйектің денесі мен қанаттары арасындағы шеміршек, қанат тәрізді-шүйде синхондроз және т.б. Екіншілік шеміршектер матрицасыз дамиды және жергілікті факторлармен, соның ішінде механикалық қысым мен күшпен «қайта мүсінделген» болуы мүмкін. Сондықтан төменгі жақтың буын бүртікті және тәжді өсінділерінің, оның бұрыштық шеміршегінің, ортаңғы таңдай шеміршегінің, бассүйек-бет тігісетрінің және екіншілік шеміршектердің басқа зоналарының қалыптасуы жақ-бет аймағы қызметтернің сапасымен, жағымсыз әдеттермен және т.б. анықталады. Біріншілік және екіншілік шеміршектердің патологиялық қалыптасуы нәтижесінде сүйектердің тығыздығы, мөлшерлері, формасы өзгеруі мүмкін, бұл тістесу бұзылысына әкеледі.

Шайнау аппаратының дамуы мен қызмет етуіне қатынасы бар нейробұлшықеттік жиынтығынашайнау және мимикалық мускуратура, тілдің сыртқы және жеке бұлшықеттері кіреді. Бұл бұлшықеттердің сезімтал және қозғалтқыш нервтелуін үшкіл, бет, аралық, тілжұтқыншақ, кезеген және тіласты нервтері қамтамасыз етеді. Нейробұлшықеттік жиынтық сүйектің әр түрлі бөліктеріне күш немесе қысымды қамтамасыз етеді және осылайша екіншілік шеміршектер мен сүйекті тіндердің дамуына әсер етеді, жақтардың өзара орналасуын анықтайды. Бұлшықеттер тонусының (гипертонус, гипотония, атония) және олардың массаларының (гипертрофия, атрофия) патологиялық өзгерісі кезінде жақ-бет аймағы қызметтерінің – жұтыну, тыныс алу, сөйлеу, шайнау, мимика орындалуы өзгереді. Бұл кезде жақ сүйектеріне қалыптасушы антагонистік қысым көрсететін бұлшықеттердің өзара әрекетінде тепе-теңдік бұзылады (мысалы, тілдің бұлшықеттері жақ сүйектерінің дамуын ынталандырады, ал мимикалық бұлшықеттер олардың өсуін кідіртеді), жақтар бөліктерінің деформациясы пайда болады.

Тістесудің қалыптасуына қатысатын бұлшықеттік емес жұмсақ тіндер, - байланыстырушы аппарат және самай-төменгі жақ буыны мен периодонттың синовиальды тіні, еріндер мен тілдің үзбелері, ұрттық тәждер. Қалыпты жағдайда бұл түзілістер «тістесу» түсінігіне жататын тіндер жиынтығының қызметтері мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Буын тіндерінің патологиясы кезінде жоғарғы және төменгі жақ қатынасы өзегереді, осылай тістесу бұзылады. Периодонт тіндерінің аурулары кезінде бөлек тістердің орналасуы және тұрақтылығы өзгереді, бұлшықеттік қызметтер бұзылады, бұл тістесудің көптеген сипаттамаларына әсер етеді. Еріннің, тілдің үзбелері және ұрттық тәждері сүйектысына қосылған және тығыз қатарға жымдасуға мүмкіндік бермей, көрші тістерді бөлетін болса тістесудің қалыптасуына жағымсыз роль атқарады (мұндай үзбелерді кесу туралы шешім көбінесе ит тістер ауысқаннан кейін қабылданады, хирургиялық кірісуді диастеманы ортодонтиялық емдеумен қоса).

Наши рекомендации