Лекция. Диктатура ұғымы, биліктің психологиялық детерминанттары
1.Биліктің және оның түрлерінің психологиялық детерминаттары
2. Диктатура ұғымы және оның түрлері. Агрессия және агрессиялық топтар.
Биліктегі шешім қабылдаудың психологиялық моделі
| |||
Кестеде көрсетілгендей, қызығушылық мінез-құлық механизміне мотивке айналғаннан кейін ғана кіреді. Мотив бұл – саналанған қажеттілік ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Өмірде адамдар мінез-құлығы көптеген мотивтермен детерминацияланады, олар бірлесіп мотивациялық өрісті құрайды. Мотивациялық өрісте мотивтер иерархиясы көрініс табады:
1. идеялық мотивтер;
2. өзінің индивидуалдығын жүзеге асыруға және көрсетуге ұмтылу /өзіндік көрсету мотиві/;
3. материалдық қызығушылық.
Адамның сол таңда өзін қандай мотив жетелеп отырғаны және сол мотивтің мән мағынасын түсіндіре алатын және дәлелдей алатын таңда мотивтер жоғары деңгейде саналанған деп есептеледі. Идеялық мотивтер жоғары дәрежеде жалпылынған және тұрақты болады. Егер іс-әрекет өзіндік көрсету және тұтыну мотивтерімен басқарылса, онда оның белсенділігі және ұзақтылығы мақсаттың алшақтығына байланысты болады. Ал егер мотивті қанағаттандыру кейінге қалдырылса, онда оның белсенділігі төмендеп, ұзақтылығы қысқарады. Идеялық мотивпен басқарылған іс-әрекетте мотивтің белсендігі мен ұзақтылығы мақсаттың қашықтығына байланысты болады.
Мақсат іс-әрекет нәтижесін ойша елестету, субъект әрекетін бағыттайтын ойлаудын алдына шығатын феномен болып табылады.
Мотив поливалентті, яғни бір ғана мотив түрлі мақсаттар байланыста болуы мүмкін. Өз алдында мақсат кең мотивациялық өріске немесе бірнеше мотив әрекетінің нәтижесі болуы мүмкін. Мақсат құрастырушы функциясын атқара отырап, мотив өзінің негізінде қалыптасатын мақсаттың айқын белгілерін анықтайды, яғни «мақсат өрісіне» координаталарды белгілейді. Бұл функция мақсат иерархиясын қалыптастыру арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру стратегиясын анықтайды.
Мақсаттар минимальді және максимальді, соңғы және аралық болып бөлінеді. Егер аса оптималды емес нақты мақсаттар жүзеге асырылмаса, онда оптималды, максималды мақсатқа жету жолы дискредитацияланады. Аталған заңдылық сайлау кампаниясында өз орнын табуы мүмкін.
Шешім қабылдау психологиялық механизмінде ерекбше орынды тұлғаның интимдік компоненті алады. Оған құндылықтық бағдарлар, дүниетаным және сенім жатады.
Биліктегі тұлғаның сенімі, дүниетанымы және құндылықтық бағдарлар жүйелері шешім қабылдау психологиялық механизмдерінің барлық элементтеріне әсерін тигізеді, сонымен бірге әсер етуге фильтрациялық және резонанстық мінезге тән болуы мүмкін.
Осы факторлар келесі көрсеткіштерге фильтрациялық әсерлерін тигізеді:
1. қажеттілікті саналау /дисонанттардың ескерілуінің нәтижесінде қажеттіліктер саналанбайды/;
2. мотив /тұлғаның сенімдері мен құндылықтық бағдарларына сай келмейтін құндылықтар өткізілмейді, сөнеді/;
3. мақсатты таңдау /әсіресе, мақсат таңдаудың альтернативтілік мүмкіндігі кезінде/;
4. мақсатқа жету амалын таңдау.
Аталған факторлар тек фильтрациялық емес, сонымен бірге резонанстық функцияға ие.
Адамзаттың бүкіл тіркелген тарихы агрессиямен және қылмыстармен бірге жүрген. Оның, әсіресе, адам жүріс-тұрысына қатысты көрінулері күрделі және көп түрлі болып келеді. Адамдар агрессивті жағдайларда қылмыстық әрекеттерді жиі жасайды. Өкінішке орай, бұл талқылауға келмейтін факті. Олардың бұны неліктен жасайтындығы туралы сұрақ әлі күнге дейін қатаң пікір-таластардың тақырыбы болып қалған. Сондықтан психологиялық ғылымда бүгінгі таңда агрессивті жүріс-тұрыстың бір талдамы мен анықтамасы жоқ. Агрессияның пайда болу себептеріне, оның табиғатына және оның көрінуіне әсер ететін факторларға қатысты бір-біріне ұқсамайтын көзқарастар айтылуда.
Агрессия(латын тілінен аударғанда aggredi – шабуыл жасау) – басқа адамға немесе адамдар тобына физикалық немесе психологиялық зиян, шығын келтіруге не оларды жоюға бағытталған индивидуалды немесе ұжымдық жүріс-тұрыс, әрекет. Жағдайлардың басым көпшілігінде агрессия субъектінің фрустрацияға реакциясы ретінде пайда болады және ашу, қастық, жеккөрушілік және т.б. секілді эмоциялық күйлермен бірге өтеді. Әр түрлі көрінулердегі осындай реактивті агрессиядан (экспрессивті агрессия, импульсивті агрессия, аффективті агрессия) басқа адамға зиян келтірудің мақсатқа бағытталған – саналанған ниетін сипаттайтын қастық агрессияны, және субъектінің әрекетінің мақсаты нейтралды, ал агрессия оған қол жеткізудің бір құралы ретінде қолданылатын құралдық агрессияны ажырату қажет. Бұқаралық әлеуметтік құбылыстарда (террор, геноцид, нәсілдік, діни, идеологиялық қақтығыстар) дамитын агрессияның формаларына олармен бірге жүретін жұғу және өзара индукция процесстері, жасалынған ңжау бейнесіндегің түсініктердің стереотипизациясы тән. Субъектінің агрессивті жүріс-тұрысқа дайындығы тұлғаның салыстырмалы тұрақты қыры – агрессивтілік ретінде қарастырылады.
Агрессивтіліктің деңгейлері әлеуметтену процессіндегі үйренумен де, мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдарланумен де анықталады, олардың маңыздысы әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілерінің орнын толтыру нормасы болып табылады. Бұл жерде бір қатар жағдайлық айнымалылар да маңызды рөл атқарады (қоршағандардың ниеттерін интерпретациялау, қарудың әсерін туындататын кері байланысты алу мүмкіндігі және т.б.). Агрессивті әрекеттерді субъекті аутоагрессия формасын қабылдай отырып өз-өзіне бағыттауы мүмкін (мысалы, суицидтік жүріс-тұрыс және т.б.). Агрессия мен аутоагрессияның кейбір көрінулері қозушы психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. сияқты тұлғаның дамып келе жатқан патопсихологиялық өзгерістерінің белгісі болуы мүмкін.
Агрессивтілікті өзіндік басқарудың және агрессивті актілерді ұстап тұрудың қалыптасуында, ерекше құндылық ретінде басқа адам туралы түсініктерді қалыптастыруға көмектесетін, субъектінің басқа адамды түсінуге және онымен бірге қайғыруға қабілеттілігінің негізінде жатқан, эмпатия, идентификация, децентрация секілді психологиялық процесстердің дамуы үлкен рөл атқарады.
Сонымен қатар, айтылған қарама-қайшы теориялық негіздердің әр түрлілігіне қарамастан, әдетте, осы мәселеге төрт негізгі бағытты бөледі:
· Агрессия инстинктивті жүріс-тұрыс ретінде.
· Агрессия оянудың көрінуі ретінде.
· Агрессивті жүріс-тұрыстың когнитивті модельдері.
· Агрессия жүре қалыптасқан әлеуметтік жүріс-тұрыс ретінде.
З. Фрейдтің пікірі бойынша, агрессивті жүріс-тұрыс тек туа беріліп қана қоймайды, сонымен қатар одан қашу мүмкін емес, себебі, егер танатостың қуаты сыртқа бағытталмаса, бұл жақында индивидуумның өзінің қирауына алып келеді. Тек агрессиямен бірге жүретін эмоцияның сырттай көрінуі ғана қиратушы қуатты азайтады және біршама қауіпті әрекеттердің көрінуін кемітеді. З. Фрейд агрессивтіліктің пайда болуы мен ары қарай қалыптасуын бала дамуының кезеңдерімен байланыстырады.
Инстинктивті жүріс-тұрыс ретіндегі агрессия туралы жағдайды, адамның агрессияға алдын-ала дайындығы табиғи сұрыптаудың әсерінің салдары болып табылады деген пікірге келген, адам агрессивтілігіне эволюциялық бағыттың өкілдері де қолдаған. К. Лоренцтің болжамына сәйкес, агрессия, ең алдымен, басқа тіршілік иелері секілді адамдарда да болатын тіршілік үшін күрестің туа берілген инстинктісінен өз бастауын алады. Ғылым мен техниканың дамуы адамның табиғи өтетін биологиялық және психологиялық жетілуін қуып жетті және агрессияның тежелу механизмдерінің дамуын баяулатуға алып келді, бұл міндетті түрде агрессияның кезеңдік сырттай көрінуіне алып келеді. Олай болмаса ішкі қысым жиналады және басқарылмайтын жүріс-тұрыстың жарылысына алып келгенге дейін ағзаның ішінде қысым туындатады.
А. Адлер бойынша, агрессивтілік сананың іс-әрекетін ұйымдастыратын оның бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Тірі материяның әмбебап қасиеті – бәсекелестік, бірінші болу үшін күрес, басым болуға талпыныс. Санада триумф интенциясы бар. Алайда бұл негізгі құмарлықтар, тек дұрыс қабылданған әлеуметтік қызығушылықтың контекстінде ғана, аутентті бола бастайды. Агрессивті сана агрессивті жүріс-тұрыстың әр түрлі формаларын туындатады: ашықтан – символдыққа дейін, мысалы, мақтаншақтық сондай болып келеді.
Психоанализдің басқа өкілі Э. Фромм агрессияның екі әр түрлі түрлерін қарастырады. Бұл қорғаныстық, адамның тіршілік ету ісіне қызмет ететін ңқайырымдың агрессия; ол биологиялық түбірге ие және өмірге төнген қауіп немесе қатер жойылған кезде бірден басылып қалады. Келесі түр ңқатыгезң агрессия – бұл тек адамға ғана тән және әр түрлі психологиялық және әлеуметтік факторлармен анықталатын деструктивтілік пен қаталдық.
Барлық теорияларға ортақ, агрессия инстинктивті, туа берілген факторлардың артықшылығы бойынша салдар болып табылатындығы туралы жағдай, агрессивті көрінулерді жою мүлдем дерлік мүмкін емес деген қорытындыға логикалық алып келеді. Барлық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру да, әлеуметтік әділетсіздіктерді жою да, адамзат қоғамының құрылымындағы басқа да жағымды өзгерістер де агрессивті импульстардың туындауы мен көрінуін тоқтата алмайды.