Курсқа жалпы сипаттама
Педагогика және психология факультеті
Жас ерекшеліктер педагогикасы және психология кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
________________ Еркінбаева Л.Қ.
«_____»________________2015 ж.
«Әлеуметтік психология» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 050103 Педагогика және психология
Оқу формасы: қашықтықтан оқыту
Талдықорған 2015 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арнап магистр, аға оқытушы С.Б.Абдеева кұрастырған ____________________________
(оқытушының қолы)
Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама
Кафедра меңгерушісі___________ п.ғ.к., доцент Бақтыбаев Ж.Ш
«_____»____________2015 жыл. №______ хаттама
Педагогика-психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ___________________К.Н.Ахмедиева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 2 басылым | |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Силлабус | Ф.4.09-42 | |
27.05.2015 ж. |
Педагогика және психология факультеті
Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
Әлеуметтік психология пәнінен
СИЛЛАБУС
Мамандық: 5В010300 «Педагогика және психология»
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 3
Семестр: 5
Кредиттің саны : 3
Барлығы: 135, оның ішінде
Аудиториялық сағаттар саны: 90
Лекция: 30
Практикалық сабақтар: 15
СОӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Аралық бақылаулар: 2
Емтихан: 5 семестр
Талдықорған 2015 ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Абдеева Светлана Бикасымовна
Жас ерекшеліктер педагогикасы және психология кафедрасының аға оқытушысы
Қатынас телефоны -32-33-25, ұялы телефон - 87014784459
Сабақ өткізетін уақыты – сабақ кестесі бойынша
Консультация беру уақыты - әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00
Электронды адрес[email protected]
Пәннің пререквизиттері: бұл пәнді жақсы меңгеру үшін студенттердің «Жалпы психология», «Даму психологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Әлеуметтану», «Философия», «Тарих», «Саясаттану» пәндерінен білімі болу керек.
Пәннің постреквизиттері: студенттердің бұл курс бойынша меңгерген білім-іскерліктері психологиялық-педагогикалық пәндерді оқу үшін қажет.
Курсқа жалпы сипаттама
«Әлеуметтік психология» -психолгия ғылымының өзіндік даму тарихы, зерттеу пәні мен әдістері бар басты салаларының бірі болып табылады.
Жалпы психология және әлеуметтану ғылымының қиылысындағы ғылым саласы ретінде әлеуметтік психология бірқатар психологиялық құрылымдарды; әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығулар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік психологиялық ахуал, қоғамдық пікір және идентификация, бейімделу, иландыру, еліктеу, эмоционалдық өзара жұқтыру сияқты топтық феномендерді зерттейді.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері-бұл өзінің теориялық ірге тасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарынайқындау; жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу; әлеуметтік психологияның қолданбалы зертттеу аймағын кеңейту мен жасақтау.
«Әлеуметтік психология» пәнінің мазмұнын меңгеру студенттердің өз білім, білік, дағдаларын өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында пайдалану мүмкіндігін арттырады.
Әлеуметтік психология пәнінің мақсаты-студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктермен таныстыру.
Әлеуметтік психология пәнінің міндеттері:
- студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;
- студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру;
- жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жайлы білімдерін қалыптастыру;
- адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерді қалыптастыру;
- студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмыстарын жүргізуде іскерлік пен дағдыларын дамыту;
- кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
«Әлеуметтік психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет;
- әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білу;
- әлеуметтік психолгияның өзекті мәселелерін білу;
- әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерінің заңдылықтарын білу;
- теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білу;
- құрамада жұмыс жасай білу;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары;
- психологиядағы ғылыми-ұғымды аппаратты игеруге ептілігі;
- зерттеу іс-әрекетінің дағдылары;
- әлеуметтік психология мәселелері бойынша материалдарды ауызша және жазбаша түрде ұсыну ептілігі.