М жабықтым, әм жалықтым 1 страница

Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт, Көңілден кеткен соң тыным? Әм сүйіндім, әм түңілдім, Үнемі неткен үміт, Өткен соң бар жақсы жылым?

Әншілер (И. А. Крыловтан)

Көршіні көрші шақырды, Болды да сыйлап ас бермек. Қулығын ішке жасырды: Баланың әнін есіттірмек. Балалар шулап, бақырды, Ынтасы - даусын білдірмек. Қонақтың күйін қашырды, Басты ауыртты көп дүрмек. Алды-алдына кетеді, Қосылмайды әндері. Құлағынан өтеді Құр айғай салған сәндері. Япырмай, көрші-ай, не қылды? Бас ауырды, қаңғырды. Құлағын басып жалынды, Қойғыза көр деп құрғырды. Тым-ақ даусы күшті екен, Бекер де емес сенікі. Сүйтсе де арақ ішпеген Есті ұлдар ғой менікі. Есі шықпай мұнан да ішкен артық, Қисыны жоқ қышқырған не еткен тантық!

ЕСКЕНДIР

Осы жұрт Ескендiрдi бiле ме екен? Македония Шаћары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңiлдi, Мақтан сүйгiш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлдi. Ескендiр патша болды, Жасы әрең жиырма бiрге толды. Өз жұрты аз көрiнiп, көршiлерге Көз алартып қарады оңды-солды. Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау алып тура аттанды. Көп елдi күтiнбеген қырды, жойды, Ханды өлтiрiп, қаласын тартып алды. Жазасыз жақын елдiң бәрiн шапты, Дарияның суындай қандар ақты. Шапқан жердiң бәрiн де бодан қылып, Өкiметпен қолына тартып апты. Ескендiр елде алмаған хан қоймады, Алған сайын көңiлi бiр тоймады. Араны барған сайын қатты ашылып, Жердiң жүзiн алуға ой ойлады. Қанiшер қаћарлы хан ашуы кеп, Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп. Сол күнде қошаметшi айтады екен: Ханның ханы, патшаның патшасы деп. Атағы талай жерге оның жеттi, Жердiң жүзiн алуға талап еттi. Есепсiз әскер ертiп, жарақтанып, Есiткен елдерiне жүрiп кеттi. Алдынан шыға алмады ешкiм мұның, Бәрiн де алды, қорқытты жолдағының. Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ, Жер жүзiн жеке билеп алмақшының. Жүре-жүре бiр елсiз шөлге түстi, Алып жүрген суының бәрiн iштi. Адам, хайуан бәрi де бiрдей шөлдеп, Басына құдай салды қиын iстi. Сандалды сар далада су таба алмай, Шөлдеген жұрт қайтедi бос қамалмай? Қызметкердiң бәрiн де өлтiрмекшi Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай. Мысалы астындағы ат о дағы ұшты, Ескендiр де атының жалын құшты. Жалтырап сәуле берген бiр нәрсеге Патшаның ат үстiнде көзi түстi. Барса, бiр сылдыр қаққан мөлдiр бұлақ, Таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Түсе сала Ескендiр басты қойды, Iшсе, суы өзгеше, тәттi тым-ақ. Кепкен балық келтiрттi сонда тұрып, Сол суға балықты алды бiр жудырып. Исi, дәмi өзгеше болып кеттi, Таң қалды мұның бәрiн суға жорып. Ескендiр қолына айтты: "Бұл неткен су? Бәрiң де iшiп, бұл суға бетiңдi жу! Бiр бай елден осы су шыққан шығар, Өрлеп барып, үстiне тiгелiк ту. Бұл салқын, тәттi суға қаныңыздар, Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар. Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп, Талқан қылып шаћарын алыңыздар!" Жарлық шашты, қол жүрдi суды өрлей, Шаћарына жеткенше дамыл көрмей. Көкпеңбек темiр киген өңкей батыр Тарттырып жөнеледi сырнай-керней. Сол әскер суды өрлеп талай жүрдi, Судың басы бiр құзар шатқа кiрдi. Шаттың аузын бекiткен алтын қорған, Қақпасы бекiтулi, көзi көрдi. Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды, Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды. Аша алмады қақпаны, үмiт үздi, Ақылдасып тәуiр-ақ амал қылды. Ескендiр тоқтау көрмей өскен жан ғой, Келмей ме тоқтаусыздың бәрi даңғой? Дел-сал болып бәрi де қайта шықты, Алысып әл келмесiн байқаған ғой. Долдықпен хан Ескендiр ашуланды, Ашуланып қақпаға жетiп барды. Қақпаны дүбiрлетiп қағып-қағып: Қақпаңды аш!—деп барынша айғай салды. Қақпаның ар жағынан бiреу келдi, Күзетшiсi сол екен, дыбыс бердi Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, Бұл — құдайға бастайтын қақпа,— дедi. Бiлмесең, мен Ескендiр патша деген, Жер жүзiнiң соғыста бәрiн жеңген. Қақпаңды аш,хабарыңды айт,бiлдiр маған, Қорлығым өзiм туып көз көрмеген. Мықтымын деп мақтанба ақыл бiлсең, Мықты болсаң, өзiңнiң нәпсiңдi жең! Iшi тар көре алмастың бiреуi сен, Ондай кiсi бұл жерге келмейдi тең. Талпынған талаппенен мен де бiр ер, Көп жүрдiм, кездей келдi көрмеген жер. Ең болмаса, халқыма көрсетейiн, Сый қылып, белгi болар бiр нәрсе бер. Қақпадан лақтырды бiр орамал, Сыйым — осы, есерiм, мынаны ал! Iшiнде бiр нәрсе бар ақыл берер, Апар-дағы, ойланып, көзiңдi сал! Орамалды қуанып қолына алды, Сый алдым деп халқына қайта барды. Қараса iшiндегi бiр қу сүйек, Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды. Ашуланып сыйына болды кектi, — Ең болмаса бiлмедi сый бермектi: Осы менiң теңiм бе?— деп ақырып, Лақтырып жiбердi сол сүйектi. Жолдасы Аристотель ақылы мол, Лақтырған сүйектi алады сол. Ханға айтты: "қасиет бар бұл сүйекте, Көзiңе көрсетейiн, хабардар бол". Сол күнде Аристотель — жеке дара, Ақыл сөзiн тыңдамай бар ма шара: Таразыны әкел де, сүйектi сал, Бiр жағына алтын сап, өлшеп қара! Бұл сөзге Ескендiр де қарай қалды, Таразыны құрдырып, ортаға алды. Қанша алтынды күмiс пен салса-дағы, Бiр кiшкентай сүйектi аудармады. Мұны көрiп, Ескендiр аң-таң қалды, Бар қаруын алтынға қоса салды. Ендi қайтер екен деп қарап едi, Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды. Аристотель хакiмге патша келдi Мына сүйек қазынаның бәрiн жеңдi. Бұл сүйектi басарлық нәрсе бар ма? Ақылыңмен ойланып тапшы!— дедi. Хакiм жерден топырақ алып барды, Бiр уыстап сүйекке шаша салды. Ана басы сылқ етiп жерге түсiп, Сүйек басы жоғары шығып қалды. Ескендiр мұны көрiп аз тұрады, Хакiмдi аулақ жерге шақырады. Таң қаларлық iс болды мұның өзi, Мәнiсiн айтып бершi,— деп сұрады. Бұл адам көз сүйегi,— дедi ханға, — Тоя ма адам көзi мың мен санға? Жемiт көз жер жүзiне тоймаса да, Өлсе тояр көзiне құм құйылғанда. Кәпiр көздiң дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тiрi жүрсе де, өлген күнi Өзге көзбен бiрдей-ақ болады екен. Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат: Алтын қақпа бермедi сiзге рұқсат. Сый сұрадың, бергенi — бiр қу сүйек, Мұны көрiп, алыңыз сiз де ғибрат! Ойлап-ойлап патшаның мойны түстi, Құдайым көрсеттi деп бұл бiр iстi. Бекерлiк екен менiң бұл iсiм деп, Қолын алып жұртына қайта көштi. Аз-ақ сөз айттым, бiттi бұл әңгiме, Мұны бiр өзге сөздiң бiрi деме. Қарның тойса, қайғырма мақтан үшiн, Тоймас көзiң толар деп қайғы жеме. Қу өмiр жолдас болмас, әлi-ақ өтер, Өз күлкiңе өзiң қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. Мақтанасың бiреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп, Сен кеткен соң артыңнан күлiп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп. Ақылсыз өзiн мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? Жақсы болсаң, жарықты кiм көрмейдi, Өз бағаңды өзiңнен кiм сұрайды?!

МАСҒҰТ

Я, алла,құрметiңе достың Махмут!, Тiлге яр бер, берiлсiн туғры мақсұт. Арун-Рашид халифа заманында Бағдатта бiр жiгiт бар аты, Масғұт. Шаћардан бiр күн Масғұт шықты тысқа, Барды да кезi келiп бiр жұмысқа? Бiр ұры бассап тонап жатқан жерде Кез болды бiр бишара шал байғұсқа. Шал байғұс айғайлады аттан салып, Айырып алған жан жоқ оны барып. Кiм де болса бiр ерлiк қылайын деп, Масғұт ұшты ұрыға оңдайланып. Масғұтты ұры шапты қылышпенен, Тәуiр-ақ жан сақтапты жұмыспенен. Есен-аман шал-дағы құтылыпты, Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен. Масғұтқа келдi әлгi шал көзiн тiктеп, Көрсе, бастан ағып тұр қан дiрдектеп. Мұның қарызын мен де өтеп кетейiншi, Жiгiт қой ер көкiрек, жау жүрек деп: Ей, жiгiт, не қылсаң да, ер екенсiң, Көргейсiң ерлiгiңнiң берекесiн. Себеп боп менi ажалдан сен айырдың, Маған қылған қарызыңды алла өтесiн! Бай емен, батыр емен, хан емеспiн, Атақты артық туған жан емеспiн. Себеп болып айырдың менi ажалдан, Жақсылықты бiлмейтiн шал емеспiн. Мен — бiр шал дүниеде жићан кезген, Ертең түсте кетемiн шаћарыңыздан. Ертерек пәлен жерден тосып тұрып, Алып қал бiр базарлық, жаным, бiзден. Пұл үшiн қызықпассың, сен де — бiр ер, Сенi маған кез қылған пәруардигер. Бiр құданың хақы үшiн мен тiлеймiн, Қабыл көр, сертiм үшiн қолыңды бер! Ұрыға жiбермедiм мен намысты, Кiм бұлдар мұндай-мұндай қылған iстi. Алла хақы деген соң амал да жоқ, Барайын деп уәде етiп қол қағысты. Ол жерге ерте тұрып жiгiт барды, Шал да душар алдынан бола қалды. Қолынан ұстап алып, ертiп барып, Далада бiр бұзылған тамға апарды. Барса тамға бiр гүл тұр солқылдаған, Басында үш жемiс бар былқылдаған: Бiрi — ақ, бiрi — қызыл, бiрi — сары, — Таңдап ал мен берейiн бiрiн саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетiң судай тасар, Егер де қызыл жемiс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар. Ол жiгiт шал сөзiне құлақ салды, Көзiн төмен жiберiп, аз ойланды. Ақ пен сары екеуiн алмаймын деп. Қызыл жемiс жеймiн деп қолқа салды. Мен беремiн, танбаймын айта тұра, Өкiнбесең түбiнде жүре-бара, Ақ пен сары екеуiн алмағаның Мәнiсiн айтсаң екен, жаным, сiрә. Мен болсам, егер, ағын жемек дедiм, Ақылды болдым елден бөлек дедiм. Мен ақылды билемен не қылсам да, Ақыл менi билесе керек дедiм. Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көрiне тентек көп надан мойын бұрмас. Әдiлетсiз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңiлде тыныштық тұрмас. Адам дерттi болмай ма құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып. Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тәттi тамақ жей алман дәмiн татып. Сарыны жеп, мен болсам байдың өзi, Аузында тамам жанның болдым сөзi. Пәленшеден бiр нәрсе алсақ-ау деп, Тiгiлер жан бiткеннiң маған көзi. Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшiн, Бұлдайды бiреу күшiн, бiреу түсiн. Не қылса да, надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдiрiп елдiң iшiн. Еңбексiз мал дәметпек — қайыршылық, Ақылды елге, ар болар ондай қылық. Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма? Пайда ойламай қылады кiм татулық? Берсең қалар оларда несi ардың? Бермесең, сен-дағы ит бiрге болдың, Не өзiң ит, немесе бар елiң ит, Дауасыз бiр пәлеге мiне қалдың. Қызылды жесем, менi әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едiм бiр пайдасы маған тиер. Еркектiң еркек адам болса қасы, Қатын, шеше, қызы жоқ кiмнiң басы? Хан қаћар, қара кiсi қастық қылса, Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? Тегiнде адам басы сау бола ма? Бойында тексерiлмес дау бола ма? Ерi ашу айтса әйелi басу айтып Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? Соны ойлап, қызыл жемiс мен таңдадым, Берсеңiз жемек болып бел байладым. Топа-торсақ бұл сөздi айтқаным жоқ Басында-ақ ойлап тегiн абайладым. Бұл сөзге салып тұрды шал құлағын. Ендеше тауып айттың, же, шырағым. Ақыл, дәулет әуелден өзiңде екен, Өмiрiңмен артылсын, жаным бағың! Бұл шал бөтен шал емес, Қыдыр едi, Ебiн тауып даруға кезi келдi. Сөзiне, ақылына, қылығына Разы болғаннан соң, бата бердi. Сол Масғұт Қыдыр шалдан бата алыпты, Соңында Шәмсi-жићан атаныпты. Мағнасы: "бұл дүниенiң күнi" деген, Жетiлiп бiзге ғибрат көз қалыпты. Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, Жалғанның дәмiн бұзып қауiп қылғызған. Ақыл мен мал екеуiн асырай алмай, Арашашы iздептi қатын, қыздан. Ендiгiге не сұрау бұл жалғанда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жiбермейдi, Әйтпесе тұрмас едiм осы маңда. Сол Масғұт халифаға уәзiр бопты, Тарқатыпты алдынан көп пен топты. Бағанағы Қыдыр шал бiр уақытта Түсiнде аян берiп жолығыпты. Ей, балам, пәлен күнi жауын жауар, Сол жауынның суында кесапат бар: Жетi күн жынды болар суын iшкен, Жетi күн өткеннен соң және оңалар. Ол судан тамам суға су құйылар, Сел болып, судың бәрi кесел болар. Ертерек таза судан су жиып ал, Бұл—хабарым, сақтансаң, жаным, жарар. Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды, Хабарын естiген соң хан да аңғарды. Айтқан кезi жақындап келген шақта, Ертерек таза судан құйып алды. Болған соң уәделi күн, жауын жауды, Судан iшкен жынды боп, ақылы ауды. Күнi-түнi шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды. Бұлар шулап бiр күнi келдi ордаға, Хан мен уәзiр қарайды тамашаға. Бәрi де есi шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кiшi iнi, үлкен аға. Ол халқының алдына жақын барды, Сөз айтып әрбiр түрлi, ақыл салды: Бiр кеселге байғұстар, жолығыпсың, —Үйiңе бар,ұйықтаңдар!—деп шығарды. Олар шықты есiктен ханға өкпелеп, Көшеден шулап және жылаған көп: "Хан мен уәзiр ақылдан айрылыпты, Өлтiрейiк екеуiн, жынды екен",— деп. Өлтiргелi ордаға қайта жүрдi, Бұлардың сөзiн естiп хан да көрдi: Бұрынғыдан мұнысы қиын болды: Ойбай, уәзiр, ақыл тап, қайттiк?-дедi. -Құтылар хал болмады мына дудан, -Бiз де iшпесек болмайды жынды судан. -Өлтiрер өңкей жынды бiздi келiп, -Жынды деп есi дұрыс бiздi қуған. Екеуi жынды судан iшiп салды, Құтырып кеп алдына жетiп барды. Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп, Құлдық, ұрып, бұларға кеп жалбарды. Сонымен бет-бетiмен тарқап кеттi, Әйтеуiр, тарқайтұғын уақыт жеттi. Көрдiң бе, көп тентектiң қылған iсiн? Ерiксiз естi екеуiн есер еттi. Көптiң бәрi осындай, мисал етсең, Көп айтты деп алданып, уағда күтсең. Ғапiл боп көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзiмен жүрiп кетсең.

ЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Наши рекомендации