Жаһандану кезіндегі рухани қауіпсіздік
Тәуелсіз Қазақстан Кеңестер Одағындағы қайта құрулар нәтижелері мен ыдырауынан кейінгі орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстардан сәтті шыға білгені әлемдік қауымдастыққа аян. Әлемнің алпауыт елдеріне ұлттық мүдделеріміздің бәсекелестікке қабілеттілігін мойындатқан еліміздің 25 жыл тарихи дамуымыз осы сөзіміздің дәлелі. Әлемдік тарихи тәжірибе көрсеткендей, ұлттық қауіпсіздікке ерекше ықпал жасайтын факторлар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мазмұнына әсер ететін әдістемелік аспектілердің болуымен өлшенеді. Мұндай үрдістегі жоғары сапалық көрсеткішке жетуге негізгі әлеуметтік топтар мен саяси күштердің түрлі базалық құндылықтарының болуы кері әсерін береді. Жаһандану жағдайындағы ең маңызды мәселе – рухани қауіпсіздік болып отыр. Рухани қауіпсіздік мәселесі ХХI ғасырдың соңында көкейтесті мәселеге айналады. Бұл мәселе әлі терең зерттелмеген, жүзеге аспаған қоғамдық қажеттілік болып отыр. «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір шарты – рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Руханилық – Қазақстанның ұлттық мүддесінің бір бөлігі. Оларды қорғау үшін елді әскери, ақпараттық, әлеуметтік, экономикалық қауіпсіздікпен қатар жүретін, солардың ұйытқысы болатын рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету керек. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің рухани негізі – оның тұрақты дамуына түрткі болады. Рухани қамтылмаған елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарының бұзылуына және халықтың рухани денсаулығы құлдырайды. Яғни рухани қауіпсіздік – адамның рухани экологиясын қорғау болып табылады. Рухани өмір – жеке адамның өзін-өзі тану мен өзін-өзі жасауы. Рухани қауіпсіздік – қоғамның ең маңызды өлшемдерін қорғайтын шарттар жүйесі. Бұл өлшемдерден шығу қоғамының біртұтастығын бұзып, оның рухани-адамгершілік негіздерін құртады. Наполеон: «ар-ұяттың төмендеуі – мемлекеттің саяси тұтастығын құлдыратады» деген сөздері бекер айтылмаған. Егер ұлттық рухтың ұясы – тіл десек, тілінен, ділінен, мәдениетінен айырылған ел, мемлекет болудан қалады. Сондай-ақ, рухани қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ерекше құраушы бөлшегі. Руханилық ұлттық қауіпсіздіктің ұйытқысы.
XXI ғасыр – жаһандық рухани геостратегиялық кеңістіктегі ділдер (менталитеттер) арасындағы тайталас кезеңі. Рухани геостратегиялық кеңістік дегеніміз адамзат санасының дамуына, адам мен қоғам, қоғам мен табиғат қатынастарына ықпал ететін әлемдік қауымдастықтың ортақ мәдени, ақпараттық, ғылыми, діни кеңістігі. XXI ғасырда әскери күштер табиғи ресурстарды бақылау үшін жүргізілетін қақтығыстарды ұмытты. Олардың қақтығыстары материалдық емес, рухани құндылықтарды, оның ішінде адам психикасын (ішкі сезімі мен көңіл-күйін) көздейтін жасырын күрес сипатына ие болып келеді. Азаматтарымыз бұл шындықты дер кезінде аңғарып ұғынбаса, рухани (адамгершілік, парасаттылық пен сұлулыққа құштарлық) қажеттіліктердің үстемдігі мен басымдылығын мойындамаса, әлемдік үдерістердің құрбанына айналары сөзсіз.
Соңғы геосаяси тайталастар барысында қоғамның рухани дамуына әсер ету арқылы көпшілік санасын өз еркіне бейімдеуге ыңғай танытып отырған бәсекелес мемлекеттердің белсенділігі артты. Геосаясаттың негізгі факторларының бірі – руханият. Оның құрамдас бөлігіне діни фактор да жатады. Қашан да кез келген мемлекет даму мақсатында ел ішіндегі конфессияаралық келісімді сақтай отырып, өзге елдердің дін саласына ықпал етуді көздейді. Олардың түпкі мақсаты – түрлі конфессиялардың радикалды өкілдеріне қолдау көрсету арқылы қоғамдағы үдерістерге ықпал етіп, ел ішінде және әлемде тұрақсыздық туындатқызу арқылы өздерінің қалауы бойынша өзгеріп отыратын хаос (бейберекеттілік) жүйесін құру болып табылады. Рухани дағдарысқа ұшыраған қоғамда саяси шиеленістер туындайды. Сол себептен елді рухани дағдарыстардан аман алып қалу, рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің алдыңғы қатардағы басты мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының негізгі 18 ұлттық мүдделерiнің қатарында қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу мүддесі орын алған. Аталмыш ұлттық мүдде қоғамның мәдени, діни, ғылыми, білім беру, ақпараттық, идеологиялық, психологиялық қауіпсіздіктерін қамтитын жүйелі, тұтас, жалпыға ортақ, бірегей рухани қауіпсіздік саласына жатады. Рухани қауіпсіздікті тек діни немесе мәдени қауіпсіздік деп түсінуге болмайды. Рухани қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің бір тармағы болып табылатын қоғамдық қауіпсіздіктің бір саласы ретінде қарастырған жөн. Рухани қауіпсіздік қоғамның заманауи руханиятының, тұлға, қоғам мен мемлекет мүдделерінің сақталғандығының, дәстүрлі рухани құндылықтардың (адамгершілік, парасаттылық, сұлулық), әсіресе тұлға, топ және көпшілік санасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалғандығының жай-күйі болып табылады. Рухани қауіпсіздіктің объектілеріне ұлттық сана-сезім, қоғам өмірінің жалпыға ортақ дәстүрлері, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын қолдау қызметінде көрініс табатын ұлттың моральдық-психологиялық бірлігі жатады. Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек мемлекеттік мекемелер мен органдардың айрықша құзыреті ғана емес. Оның субъектілеріне сонымен қатар қоғамның отансүйгіш азаматтары мен институттары, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттың рухани құндылықтарын сақтап байыта түсуді көздейтін қоғамның барлық патриоттық күштері мен белсенді зиялыларының мақсатты түрдегі қызметі болып табылады. Бұл қызмет әлеуметтік мәселелер кешенді әрі жүйелі түрде зерделенген жағдайда ғана тиімді болмақ.
Қоғамның рухани дамуының кепілі ұлттық құндылықтар болып табылады. Ұлттық құндылықтар материалдық және рухани құндылықтардан құралады. Қоғамның рухани құндылықтарына тіл, дін, салт-дәстүр, өнер, дүниетаным мен тарих жатса, жеке тұлғаның рухани құндылықтарына адам денсаулығы, психикасы, санасы, тілі, дүниетанымы мен діни көзқарасы, материалдық әл-ауқаты жатады. Рухани құндылықтар адамның руханиятын құрайды. Руханият – рационалды зайырлылық пен иррационалды діндарлықтың тепе-тең үйлесімі. Руханиятты дінсіз түсіну мүмкін емес. Дегенмен руханият пен діндарлықты бір-біріне теңестіріп қарастыру да орынсыз. Руханият – адамның көңіл-күйі мен қоғамдағы қарама-қайшылықтардың үйлесімді қосындысы. Ол қоғам дамуының идеологиялық бағытын көрсететін, адам болмысының ерекше түп негізі (субстанциясы).
Қоғамның рухани қауіпсіздігін республикалық және өңірлік деңгейде қамтамасыз ету мақсатында төменде көрсетілген тармақтардан құралған тұтас бір жүйе құрудың қажеттілігі бар секілді. Олар:
– дамыған мемлекеттер сияқты қоғамдық сананы деструктивтік ықпалдан
қорғаудың кешенді шараларын жүзеге асыратын қарулы күштердің, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бөлімшелерін құру;
– ақпараттық-психологиялық соғыстың құралдары мен әдістерін қолдану;
– мемлекеттің қорғаныс бағытындағы талаптарға сәйкес жеке тұлғалық және қоғамдық сана қалыптастыру мәселелерін зерттейтін және сол саланың мамандарын дайындайтын ғылыми және білім беру мекемелерін құру;
– патриоттық бағытты ұстанатын бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
– мәдени-ұлттық, тарихи-патриоттық бірлестіктер құру;
– мемлекет тарапынан қолдау көретін шығармашылық мен әлеуметтік бағыттағы бейресми бірлестіктер құру.
Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі міндетті түрде заңмен бекітілгені жөн. Мысалы, «Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы» мен «Рухани қауіпсіздік туралы» Заң бекітілетін болса, аталмыш мәселені шешудің құқықтық базасы құрылған болар еді.
Өткен шаққа өкінбеу, қазіргі шақта жетістіктерге жету, келер шақта жарқын болашаққа жақындай түсу үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық» деген сөзін негізге ала отырып, ұлы құндылықтарымызды сақтап, жаңғырту әрі асқақтату бағытында тиімді қызмет атқару – бүгінгі заманымыздың талабы. Аталмыш тиімді қызметке қол жеткізудің бір жолы рухани қауіпсіздігіміздің қамтамасыз етілуінде жатыр. Бұл жолды жүріп өтудің алғышарты бүкіл мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының рухан қауіпсіздік саласында жұмылуы болып табылады. Рухани саладағы ұлттық мүдделерімізді, мәдени-тарихи құндылықтарымызды қорғау мақсатында үнемі кешенді әрі жүйелі түрде бірге жұмыс атқарсақ, бүгінгі руханиятымызға төнген қауіп-қатерлердің алдын алып, «Мәңгілік Ел» аясында шоғырланған азаматтарымыздың рухани құндылықтарын әлем жұртшылығын тамсандыра отырып паш ететіндігімізге сеніміміз мол.
ОРЫТЫНДЫ
Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік - 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.
Қоғамның рухани дамуының кепілі ұлттық құндылықтар болып табылады. Ұлттық құндылықтар материалдық және рухани құндылықтардан құралады. Қоғамның рухани құндылықтарына тіл, дін, салт-дәстүр, өнер, дүниетаным мен тарих жатса, жеке тұлғаның рухани құндылықтарына адам денсаулығы, психикасы, санасы, тілі, дүниетанымы мен діни көзқарасы, материалдық әл-ауқаты жатады. Рухани құндылықтар адамның руханиятын құрайды.
Өткен шаққа өкінбеу, қазіргі шақта жетістіктерге жету, келер шақта жарқын болашаққа жақындай түсу үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық» деген сөзін негізге ала отырып, ұлы құндылықтарымызды сақтап, жаңғырту әрі асқақтату бағытында тиімді қызмет атқару – бүгінгі заманымыздың талабы. Аталмыш тиімді қызметке қол жеткізудің бір жолы рухани қауіпсіздігіміздің қамтамасыз етілуінде жатыр. Бұл жолды жүріп өтудің алғышарты бүкіл мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының рухан қауіпсіздік саласында жұмылуы болып табылады. Рухани саладағы ұлттық мүдделерімізді, мәдени-тарихи құндылықтарымызды қорғау мақсатында үнемі кешенді әрі жүйелі түрде бірге жұмыс атқарсақ, бүгінгі руханиятымызға төнген қауіп-қатерлердің алдын алып, «Мәңгілік Ел» аясында шоғырланған азаматтарымыздың рухани құндылықтарын әлем жұртшылығын тамсандыра отырып паш ететіндігімізге сеніміміз мол.