Когнитивтік ұғымдар. 2 страница

Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperі

Этнолингвистика мен когнитивтік лингвистикамен байланысы.

Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан

туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. Тілдік фактілердің табиғатын

жан-жақты ашуды мақсат еткен қазіргі ғылыми парадигманың бағыты – тілді

тұтынушы адам мәселесі. Осы орайда академик Ә.Т.Қайдар ұлттық

дүниетанымдағы дүниенің тілдік бейнесін ашу үшін табиғат – адам – қоғам макрожүйелерін басшылыққа алудың көкейкестілігін, әрі солардан туындайтын

макроконцептілер көмегімен дүние бейнесі толымды болады деген ой астарын

танытады. Қазақ тіл білімінде алғаш рет «этностық таным» мәселесін көтере отырып,Ә.Қайдар халық пен тіл ұғымдарының ортақ мүддесін «этностың шығу

тегін, қауым ретінде қалыптасу үдерісін ғана емес, сонымен қатар оның тілінде

қалыптасқан деректер арқылы болмысын (яғни рухани, мәдени өмірін, салт-

дәстүр, тіршілік-тірлік көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін т.б.) паш

ете білумен сабақтастырады..

Лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы.

Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты

болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл

бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді.

Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл

арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс табады.

Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.Тіл тарихи-салыстырмалы парадигма мен құрылымдық-жүйелілік парадигмасының аясында тіл білімі ғылымының теориялық-методологиялық негіздемесі қаланып, тіл бірліктері ауқымды таңбалық схемаға бағындырылып, тілдік жүйенің өз ішінде қарастырылды. Тілдік бірліктердің адам баласының ойлауымен, таным әрекетімен, жасампаздық рухымен астасатын, сол арқылы «Руханият-Мәдениет-Өркениет» контексіне алып баратын терең қатпарларының табиғатына жеткілікті мән берілмеді. Адам, оның таным әлемі, салт-санасы, қоршаған ортасы мен ғасырлар бойы жинақтаған іс–тәжірибесі, рухани өресі т.б. экстралингвистикалық факторлар саналып, зерттеу нысанасынан тыс қалды. Адам мен тіл, адам мен дүние (материалдық), адам мен ғарыш, адам мен ғалам, мәдениет пен өркениет, ондағы адам орны сияқты жалпы адамзаттық мәңгілік мәселелердің қай-қайсысы болмасын тілді айналып өтпейтіні белгілі. Ақпараттық технология үстемдік етіп, жаһандану үрдісі кең қанат жайған қазіргі заман тілді «Табиғат-Адам-Қоғам» үштігі контексінде, адам табиғатымен, этнос, ұлт, халық сияқты тілдік қауымдастықтың тарихи -мәдени, саяси-әлеуметтік өмірімен біртұтастықта қарастыруды талап етеді.

Антропоцентризм (греческ. anthropos – «адам», лат. Сentrum – орталық) – адам феноменін Ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан процестердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт. Антропоцентризмді философиялық көзқарас тұрғысынан П.С.Гуревич былай түсіндіреді: «Антропоцентризм – это воззрение, согласно которому человек есть центр Вселенной и центр совершающихся в мире событий. Многие философы исходили из данной мировоззренческой установки, полагая, что главная проблема философии – человек. Только осознавая природу, сущность, предназначение человека, можно понять все другие философские проблемы, сколько их ни накопилось в течение множества веков». Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулерде Хайдеггер-Риккердің «Адам дегеніміз – тіл» пікіріне сай, «тілдегі адам факторына» айрықша назар аударылып, «тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың ой-танымы мен сана-сезімінің құралы» [3, 375], тіл иесі этностың сан ғасырлық тәжірибесін жинақтаушы, қоғамдық білімін қордалаушы және оны келер ұрпаққа жеткізуші танымдық, мәдени, әлеуметтік феномен тұрғысынан сарапталады. Зерттеу нысаны таным объектісінен (тіл, сөзден) сол тілді тудырушы, қолданушы, жарыққа шығарушы адам – субъектіге ауыстырылып, тілдік конструкциялар дүниені «адам призмасы» арқылы көрудің, танудың дәйектемелік негізіне алынады, «тіл мен адамның» ара жігі бөлінбей, біртұтастықта сипатталады. Басқаша айтқанда қазіргі заманғы лингвистикалық зерттеулер объектіден субъектіге қарай бет бұрып, тіл – субектінің ең басты конститутивті белгісі ретінде зерттеу нысаны етілуде. «Тіл мен адамның біртұтастығы» жайлы И.А.Бодуэн де Куртенэ былай дейді: «Язык существует только в индивидуальных мозгах, только в душах, только в психике индивидов или особей, составляющих данное языковое общество» [4, 6]. Басқаша айтқанда қазіргі заманғы антропоцентристік бағыттағы лингвистикалық зерттеулерде тіл «өзі-өзінде және өзі үшін» деген «имманентті» (лат. тілінен immanents – бір нәрсеге тән не құрамында болу мағынасында) тіл білімі аясынан шығып, этнос болмысы, діл және дін, ұлттық мәдениет, ұлттық дүниетаным, әлеуметтік-қоғамдық орта, ондағы жеке тұлға сияқты ұғымдармен сабақтастықта зерттеледі.

Лингвистикалық зерттеудің антропоцентристік парадигмасы тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен, әлеуметтік ортамен, тіл иесі – халықтың сан ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс-бітімімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланыстыра қарастыруды діттейтін тіл біліміндегі ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, нақты ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде интеграциялық жаңа үрдістегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этнопсихолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты ғылыми бағыттар қалыптасты. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі Еуропада В.Гумбольдтың лингво-философиялық концепцияларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады. Тіл мен мәдениет, тіл мен халық, тіл мен таным арасындағы тығыз байланысты қарастыруда В.Гумбольдтың «Тіл –халық рухы, халық рухы оның тілінде. Ұлт нышанын танытатын мәдениет өз ізін халық тілінде қалдырады. Халықтық рух пен мәдениет тілдің ішкі формасына тән» [3, 32] деген тұжырымдамасы дәлел. Антроаоөзектік бағыт өкілдері: Ф.Соссюр, В.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, Л.Вайсбергер мен Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев, А.А.Потебня, Р.Якобсон сияқты орыс ғалымдары, сонымен бірге Н.И.Толстой, Н.Топоров, В.В.Иванов, В.А.Аврорин, В.Н.Телия, В.В.Воробьев, А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин, В.Г.Костоморов, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.Маслова т.б. Қазақ тіл білімінде «Тіл– құралында» А.Байтұрсынұлы тіл мен адамның біртұтастығы жайлы ойын «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры» деп түйіндейді. «Адам баласының тілі – адам санасының жемісі» деген Қ.Жұбанов: «Адам баласының табиғатында әуелі сөзді біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата айтатыны – өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен...» деп «Адам–Әлем» арасындағы қатыстылықтағы тіл мен таным сабақтастығының орнын анықтайды. Бұдан басқа С.Аманжолов, Р.Сыздық (ақын-жыраулар поэзиясындағы этномәдени дереккөздер), Ә.Қайдар, Ж.Манкеева (тіл мен этностың арақатынасы, этнолингвистиканың негіздері, тіл мен этнос сабақтастығының мәдени бірліктердегі көрінісі), Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, Т.Жанұзақов, Е.Жанпейісов, Р.Шойбеков (этномәдени атаулардың этимологиялық негіздері), Н.Уәлиев, Г.Сағидолда, Г.Смағұлова, С.Сәтенова (фразеологизмдердің этномәдени, ұлттық-танымдық аспектілері), Қ.Жаманбаева (тілдік қолданыстардың психолингвистикалық астары), М.Копыленко, З.Ахметжанова, С.Исабеков (тіл мен этнос мәдениетінің салғастырмалы теориясы) т.б. ғалымдар зерттеулерінде өз жалғасын тауып келеді. Қорыта айтқанда, тілді «Табиғат-Адам-Қоғам» контексінде, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық, социолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық, прагматикалық, паралингвистикалық аспектіде филологиялық және логика философиялық тұрғыдан талдауға айрықша көңіл бөлініп отыр.

2. Аталым мәселесі: аталымның лингвистикалық табиғаты. Сөз жасаудың негізгі мақсаты атау туғызу болса, атаудың тууы – табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленетін мүсінін таңбалау, сөйтіп танылған зат не құбылыстар туралы хабар жеткізу. Атау теориясы – (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстың аталу себебін түсіндіреді. Номинация (лат. Аталу) – атаулық қызмет атқаратын тілдік бірліктердің жасалу жүйесін зерттейді. Аталымның құрылымы мен орындалу процесін тіл білімінде мынадай «үштік» қатынас арқылы анықтаймыз: «реалия – ұғым – есім». Реалия – атаудың денотаты, яғни номинация процесінде атаумен белгіленетін зат пен құбылыстардың белгілерінің жиынтығы. Ұғым – атаудың сигнификаты, яғни мағынасы, мәні, Есім – тілдік танымдағы дыбыстық қатар. Номинациялық процестің уақыт мөлшерінде өтетініне қарай 2-ге бөлінеді. 1.Біріншілік номинация – тек тарихи аспектіде сөздердің этимологиялық шығу тегін, төркінін зерттеу барысында айқындалатын атаудың ең көне мағыналық сипаты ретінде бағаланады (архитұлға, архисема). 2. Екіншілік номинация – әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады. Дәстүрлі грамматикада атаулардың жасалуы 4 әдіс арқылы: 1. Тілдегі ішкі сөзжасамдық ресурстар; 2. Жаңа мағыналардың тууы (көпмағыналық, мағына ауысуы); 3. Сөз тіркесінің жасалуы; 4. Кірме сөздер мен калькалау. Аталым теориясының лингвистикалық мəні, яғни кез-келген атау қалай болса, солай атала алмайтындығы, əрбір атауға лайық ішкі ұғымына сай сəйкестене, сол атаудың жалпы қасиетін анықтайтындай, мəлімет беретіндей болып қалыптасады. Аталым үрдісінде екі кезеңді бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – жасалымның негізі болатын уəжділік белгіні таңдау, екіншісі – сол уəжділік белгінің негізінде тілдік тұлғаны таңдау. Тіл білімінде аталым мен уəждеме мəселесін бір-бірімен тығыз байланысты қарастырады.Уəждеме бар жерде аталым жасалады. Уəждеме – шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды жаңа атауға қажетті негіз болатын тілдік бірліктер. Аталым мәселесі Әл-Фарабидің еңбектерінен бастау алады (Дыбысталу арқылы сыртқа шығатын сөйлеу; Сөз арқылы айқындалатын адамдардың жан дүниесінің көрінісі; Адам баласының жан дүниесі). Р.Сыздық, Е.Қалиев, А.Салқынбай «Тарихи сөзжасам», Б.Қасым «Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері» деген еңбектерінде қаралды.

3. Корпустық лингвистика, зерттеу нысаны, мәселелері.Тілдің Ұлттық корпусы, бұл – нақты тілде ақпараттың барлық типтері мен түрлерін ауқымды түрде жинақтау. Оны өңдеу, жіктеу және талдау жөніндегі IT-технологиялар. Яғни, тіл білімінің жаңа деңгейін жетілдіру. ... Бұл – біздің еліміз үшін өте өзекті болып табылады. Мұндай жұмысты күшейту үшін Тіл білімі институты базасында Корпустық лингвистика орталығын құруды орынды деп есептейміз. ХХ ғасырда басталған ғылыми-техникалық «революция» әлемнің кез келген мемлекетінің ішкі-сыртқы саясатына, әсіресе экономикалық әлеуетіне ерекше серпін беріп қана қоймай, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы сияқты дамушы елдердің жас мемлекет ретінде қалыптасуында айрықша рөл атқарды. Қоғамдық қызметтің қай саласында да қолданбалы бағыт басымдық алды. Осы орайда лингвистиканың қолданбалы саласы да қалыптасып, дәстүрлі тіл білімінің бағыттарын өз әдіс-тәсілдерімен зерттеуге кірісті. Тілдік корпустарды қазақ тіл білімінің материалдары негізінде жасау бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан тіл білімінің осындай аса қызығушылық туғызып отырған жаңа саласы – корпустық лингвистиканың зерттеу нысанына нелер жатады, тілдік корпус дегеніміз не, мәтіндер корпусын құрастыру не үшін қажет және ол қандай ғылыми-теориялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді деген мәселелерге арнайы тоқталмақпыз. Соңғы жылдары «Корпустық лингвистика» ғылымның бір саласы ретінде айқын басымдық алып отыр. Өйткені осы саланың зерттеу нәтижесі – мәтіндік корпустарды пайдаланбай тілдік зерттеулерде тәжірибе жүргізудің, әсіресе сөздік құрастырудың, неше түрлі грамматикалар дайындаудың мүмкін еместігі айқындалып отыр. Қазіргі кезде корпустық лингвистиканың мәселелері кейбір оқу құралдарының да арнайы тақырыбына айналуда. Корпустық лингвистика 1963 жылы АҚШ-та пайда болып, Браун корпусынан (The Brown Standard Corpus of American English) бастама алады. Бастапқыда бұл корпустың көлемі 1 млн. сөзқолданыстан тұрып, оның құрамында әрбіреуі 2 мың сөзқолданысқа тең 500 мәтін қамтылған. Браундық корпус осыған ұқсас корпустар құруға қатысты зерттеулердің кеңінен тараған нысаны мен стандартына айналды. Осы айтылғандардың барлығы мәтіндерді корпус түрінде ұйымдастыру ережелері мен оларға талдау жүргізу әдіснамасын зерттейтін бағыттың пайда болуына себепші болды. Сонымен корпустық лингвистика осы әдіс- тәсілдердің әдіснамасы ретінде туындап отыр деуге әбден болады. Корпустық лингвистиканың ағылшын тіл білімінде кең етек алуын ғалымдар АҚШ-та компьютерлік техника мен ХХ ғасырдың 60-80 жылдары британ лингвистикасындағы интеллектілік ахуалдың белсенді дамуымен түсіндіреді. Мұндай зерттеулердің нәтижесі 2001 жылы Бирменгем университетінде корпустық лингвистика кафедрасын ашуға және International Journal of Corpus Linguistics журналын баспадан шығарып тұруға мүмкіндік туғызды. Бірнеше тілдің материалдары бойынша құрастырылған, түрі мен қызметі жағынан ерекшеленетін корпустар және солардың негізінде неше түрлі сөздіктер түзіліп, грамматикалар жазылды. Корпус дегеніміз – әр тілдегі электронды пішінге келтірілген, яғни бір басқару орталығынан автоматты түрде жұмыс істейтін мәтіндер жинағы. Корпуста сақталатын бірлік – ол пәндік саланың қандай да бір жиынтығы. Мысалы, оларға жататындар: сөз, сөзтіркес, сөйлем немесе толық мәтіндер жиынтығы. Мәселен, корпусқа енгізілген мәтіндердегі әрбір тілдік бірлікке, ол не жеке сөз не қосымша болсын, лингвистикалық ақпарат беріледі. Тілде мұндай лингвистикалық ақпарат беруді аннотациялау деп атайды. Аннотация дегеніміздің өзі «қысқаша мазмұн» дегенді білдіреді. Соған сәйкес корпусқа енгізілген тілдік бірліктердің аннотациясы да шартты белгілер арқылы қысқаша беріледі. Мәтіндер бірліктеріне берілген лингвистикалық ақпараттардың толық сипатта болуы осы белгіленімдердің әртүрлілігіне байланысты. Белгіленімдер тілдегі жекелеген деңгейлерге тән тілдік мәліметтерді қамтиды. Ондай белгілер семантикалық (лексика-семантикалық), морфологиялық, синтаксистік сипатта болуы мүмкін. Мәселен, орыс тілінің Ұлттық корпусында орын алған морфологиялық белгілер барлық сөздерді сөз табына, септелу категориясына, тегіне (род – муж., жен.), жіктелуіне, жанды-жансыздығына, етіс және етістік түріне, салыстырмалы шырай және т.б. морфологиялық сипаттамаларына қарай арнайы белгі қою жүргізілген. Сол сияқты семантикалық талдау арқылы да мәтін ішіне қажетті белгілердің қойылатынын айтуға болар еді. Мысалы, орыс тіліндегі үстеу сөздерге «Таксономияға», «бағалауға», «сөзжасамдыққа» қатысты белгілеулер орын алған. Мұндағы «Таксономия» белгісі: орынды, бағытты, қашықтықты, уақытты, жылдамдықты, санына және т.б. жүйелеулерге қатысты семантикалық сипаттамаларды білдіреді. Мәтіндер корпусы туралы жазылған ғылыми еңбектерде фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, синтаксистік белгіленімдердің енгізілетіндігі туралы айтылады. Бірақ корпус жасау барысында аталған белгіленімдердің барлығын бір уақытта енгізу қиындық тудырады. Осы орайда шетел, орыс тіл біліміндегі мәтіндер корпусында лингвистикалық белгіленімдер енгізу ісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылған. Толық лингвистикалық ақпарат берілген корпустарды «терең аннотацияланған» (глубоко аннотированный) деп атайды. Екіншіден, корпус мазмұнының күрделілігі терең аннотацияланумен қатар әртүрлі стильді қамтуына да байланысты. Әдетте, корпус құрастыруда, сондай-ақ жиілік сөздіктер жасауда да көбінесе төрт түрлі стиль қамтылады. Олар: көркем стиль (проза, поэзия), драматургия, газет-журнал (публицистикалық), ғылыми-техникалық стильдер. Бұлардан басқа ауызекі стильден де корпус мәтіндері жинақталады. Үшіншіден, корпустардың сапасы ондағы қамтылған сөзқолданыс мөлшерімен де өлшенеді. Жалпы тіл білімінде алғашқы корпустардың кемінде 1 млн. сөзқолданыстан бастап жасалғандығы айтылады. Қазіргі кездері сол алғаш 1 млн. сөзқолданыстан жасалған мәтіндер корпусының көлемі 20 миллионнан 100 млн.-ға дейін жетеді екен. Демек, корпустың құрастырылуы туралы мәселе сөз болғанда, ең алдымен оның көлемі туралы нақты деректер беріледі. Корпустар құрастыруда оның түріне қарай (Ұлттық, стильдік, кезеңдік) мәтіндер таңдалып алынады. Оларды таңдама мәтіндер деп атайды. Корпусқа енгізілетін мәтіндер көбінесе ақын-жазушылар шығармаларынан алынады. Корпустар құрастыру тәжірибесінде әсіресе, проза жанры басым. Сондықтан стильдік жағынан алғанда корпустарды «проза жанрына орталықтандырылған» (литературацентричный) деуге болады. Корпустарға қойылатыны талаптардың негізгісі – репрезентативтілік (тұлғалылық), яғни оны сол корпустың пәндік аяның барлық қасиетін бейнелей алу мүмкіндігі немесе сол лингвистикалық зерттеу типіне қатысты пәндік аядағы құбылыстың кездесу жиілігінің тілдік бірліктерді бір-бірінен ажырата алатындай мәнде болу қажеттігі деуге болады. Корпус түрлерінің ішінде қатар тілдер (параллель) корпустары бір тілден екінші тілге аударма жасауға қатысты талдау жұмыстарын жүргізуге аса қолайлы болып келеді. Мысалы, «Орыс тілінің Ұлттық корпусында» параллель мәтіндердің (қатар тілдер мәтіндері) корпустары да орын алған. Мұндай корпустар ерекше корпустар қатарына жатады. Себебі, орыс тіліндегі мәтінге оның басқа тілге аударылған үлгісі және, керісінше, шет тілдеріндегі мәтіндерге орысша аудармасы сәйкестендірілген. Түпкі және аударма мәтіндердің бірліктері арасында «теңестіру» нәтижесінде арнайы қарастырылған шаралар бойынша сәйкестік жүзеге асады. Теңестірілген паралельді корпус – ол ғылыми зерттеулердің, әсіресе, аударма жасаудың теориясы мен практикасының аса тиімді құралы. Корпустық лингвистиканың жетістіктерін өзіне сақтаған аса дамыған корпус түрі – Ұлттық корпус. Мұндай корпус белгілі дәрежеде Ұлттық тілді толық түрде бейнелейді. Ұлттық корпустың репрезентативтілігі (тұлғалылығы) – сол тілдің жазба және сөйлеу түріндегі мәтіндерінің барлық типтерінің бейнеленуі. Ұлттық корпустың айтарлықтай дәрежеде көлемді (ондаған, жүздеген миллион сөзқолданыс) болуы репрезентативтілікке жетудің қажетті шарты болып саналады. Ұлттық корпустың ажыратылмас бөлігі оның белгіленген (аннотацияланған, мазмұндалған) бейнесі. Теориялық және практикалық маңызы: Ұлттық корпус, ең бірінші кезекте, тілші-ғалымдарға сол тілдің лексикасы мен грамматикасын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік тудырады. Ал корпустың келесі міндеті – тілдің ішкі салалық (лексика, грамматика, тіл тарихы және т.б.) аясына қатысты әртүрлі анықтағыштық рөл атқару. Егер Ұлттық корпуста тілдік бірліктердің статистикалық сипаты да берілетін болса, ондай деректермен әдебиетшілер, тарихшылар және басқа да қоғамдық ғылымдардың сала мамандары пайдалана алады. Әрине, Ұлттық корпустың қолдану аясы тілдерді ана тілі немесе шет тілі ретінде оқыту кезінде көбірек байқалады. Сондықтан қазіргі кезде көптеген оқулықтар мен оқу бағдарламалары мәтіндік корпустарға бағышталып құрастырылуда. Мәселен, мағынасы күңгірт сөздер мен грамматикалық формалардың қолдану ерекшеліктерін белгілі авторлардың шығармалары бойынша электрондық корпус көмегімен әрі тез, әрі ұтымды тексеруді шетелдік азамат та, оқушы да, оқытушы да, журналист те және жазушы да жүзеге асыра алады. Ұлттық корпус сол тілдің өмір сүрген белгілі кезеңіндегі сан алуан жанрын, стилін, аймақтық, әлеуметтік нұсқасын және т.б. да түрлерін қамтиды. Корпустық лингвистика тіл білімінің жеке саласы ретінде өзімен іргелес жатқан тіл ғылымы пәндерімен жанасып жатады, яғни математикалық лингвистика, дискурстік анализ және лексикография салаларымен жақын жатады. Корпустық лингвистиканың басқа тіл ғылымы пәндерімен қарым-қатынаста болу ерекшелігі, бір жағына алғанда, мәтіндер корпусының корпустық лингвистика қызметінің нәтижесі ретінде болса, ал екіншіден – лингвистикалық пәндердің басқа түрлеріне де бастапқы эмпирикалық материал болу мүмкіндігінде. Міне, дәл осы жағдай корпустық лингвистиканың фонетика, лексикология, грамматика және стилистика салаларымен тығыз байланыста болуының дәлелі десек те болады. Ұлттық корпус ғылыми зерттеулердің түр-түрін жүргізуді қамтамасыз етеді: лексикографияға, жасанды интеллектіге, әдебиеттануға, сөйлеу тілін талдау мен жинақтауға және лингвистиканың барлық салаларына қатысты зерттеу түрлері. Сонымен бірге беделді академиялық сөздіктер мен ғылыми грамматикаларды құрастыру да корпустар негізінде жүзеге асады. Ұлттық корпусты пайдаланушылар – әртүрлі саладағы тілшілер, әдебиеттанушылар, тарихшылар және гуманитарлық білім салаларының өкілдері. Ұлттық корпустың ана тілі мен шет тілін оқытуда, оқулықтар мен бағдарламалар құрастыруда маңыздылығы аса зор деуге болады. Корпустық лингвистика қазақ тіл білімінің де ерекше саласы ретінде қалыптасатын болса, қазақ тілші-ғалымдарына көлемді тәжірибелік материалдарды пайдалануға, қажетті деген тілдік деректерді тауып алуға және оларға тиісті деген өңдеулер жүргізуге мүмкіндік туындатады. Осының бәрі қазақ тіліне қатысты зерттеулердің шынайылыққа (ақиқаттыққа) жетудің эмпирикалық тәсілдеріне жаңаша көзқараспен қарауға және ғылыми айналым аясына аса маңызды тілдік материалдарды енгізуге жағдай жасайды. Орыс тілі корпусы туралы: Интернет желісіндегі 2003 жылдан бері өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарып келе жатқан «Орыс тілінің Ұлттық корпусын» атауға болады. Қазіргі кезде орыс тілінің Ұлттық корпусының жалпы көлемі 230 млн. сөзқолданыстан тұратын әртүрлі мәтіндер бөлігін қамтиды. Осындай қазақ тілінің Ұлттық сипаттағы «тұлғалы» тілдік корпустарын құрастыру мәселесі қазіргі кезде Қазақстанның бірнеше ғылыми-қолданбалы бағыттағы орталықтарында қолға алынып, дербес жұмыс істеп жатуы мүмкін. Олардың барлығы да орыс тілі тәжірибесіне сүйеніп, корпус құрастыру мәселесін өзінше шешемін деп талап қылып жатқанымен, ауқымды мәтіндерді компьютер жадына енгізу, лингвистикалық белгіленімдер талдамасын жасау ісінде шашыраңқылық танытатыны белгілі. Өйткені, әр мекемеде жасалып жатқан корпустардағы лингвистикалық белгіленімдер мен олардың моделі, шартты белгілері бірізді емес. Екіншіден, автоматты түрде лингвистикалық белгіленім қою мәселесі әлі де болса толық шешімін таппаған. Яғни тілдік талдаулардың өзінде де даулы мәселелер баршылық. Сондықтан аннотацияланған тілдік корпустарды құрастыру ісіне көптеген аса білімді практик лингвистерді тарту қажеттігі туындап отыр. Үшіншіден, жоғарыда сөз болғандай, миллиондаған сөзқолданыстан тұратын корпустар құрастыру үшін аса көлемді мәтіндердің электронды варианты керек болады. Ал оларды «қолдан» енгізу көп уақытты қажет ететіні белгілі. Осы орайда бұл мәселе Қазақстан аумағындағы кітап, газет-журнал шығаратын баспалармен келісімге келе отырып шешілетін мәселе. Бұл мәселенің шешімін табу айтарлықтай оңай еместігі жоғарыда аталған «Қазақ тілінің Ұлттық корпусын» жасау кезінен таныс деуге болады. Егер Институтымыздың қолға алған «Қазақ тілінің аннотацияланған Ұлттық корпусын» жасаушы ғалымдар саны жеткілікті болғанда мынадай корпустар түрлерін де жасауымызға болар еді: 1) Қазақ тілінің қазіргі кездегі (немесе кезеңдік) бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал бетіндегі) мәтіндерінің жеке корпусы; 2) Қазақша сөйлеу тілі жазбасының (мәтінінің) жеке корпусы (орыс тілінің «Корпус живой русской речи» тәріздес); 3) Қазақ тілінің мультимедиалық корпусы (корпустың негізін мәтіндердің видео- және аудиожазбалары құрайды); 4) Қазақ тілімен параллель тілдердің жеке корпусы (түркітілдес және үндіеуропа тілдері), мысалы, қазақ-қырғыз, қырғыз-қазақ, қазақ-өзбек, өзбек-қазақ және т.б., сол сияқты, қазақ- орыс, орыс-қазақ, қазақ-украин, украин-қазақ және т.б. қатар тілдер корпусы; 5) Қазақ тілінің диалектілік мәтіндерінің жеке корпусы (орыс тілінің «Корпус русских диалектных текстов» тәріздес); 6) Қазақ тілінің поэтикалық мәтіндерінің жеке корпусы (орыс тілінің «Корпус русских поэтических текстов» тәріздес); 7) Қазақ тілінің білім беру корпусы (орыс тілінің «Обучающий корпус русского языка» тәріздес). Бір айта кететін жайт – «Орыс тілінің Ұлттық корпусы» бойынша ақпарат іздеу жүйесін құру әрекетіне «Яндекс» компаниясы қолдау көрсеткені мәлім. Сол сияқты «Қазақ тілінің Ұлттық корпусынан» ақпарат іздестіруге және оның интернеттегі сайтының дизайнына да қолдау көрсететін компаниялар табылып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл ретте: - оған Қазақстанның әр жерінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып жүрген ғалымдардан арнайы лингвистикалық топ құру керек. Өйткені тілдік бірліктерді модельдеу – өте күрделі мәселе. Сондай-ақ тілдік корпустар құрастырудың өзі ең алдымен лингвистикалық белгіленім талдамасын жасауға тіреледі; - осы кезге дейін жасалып жатқан корпус жасау тәжірибесіндегі нәтижелерді бір орталыққа жинақтау керек; - кітап, газет-журнал шығаратын баспалармен шартқа отырып, олардан мәтіндердің электронды нұсқаларын алу қажет. Сонымен қазақ тілінің Ұлттық корпусын жасау үшін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында арнайы орталық құрудың қажеттігі мен оның алғышарттарын атап көрсеттік.

Наши рекомендации