Тірек сөздер: лингвистика, фонетика, философия, логика, филология
1. Тіл білімінің обьектісі.Тіл білімі - дербес ғылымның бірі. Оны, әдетте, тіл ғылымы деп те, лингвистика деп те атайды. Демек, тіл білімі, тіл ғылымы, лингвистика дегендер синонимдер. Тіл білімінің немссе лингвистиканың зерттейтіні, яғни объектісі - тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Тіл - адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы. Кез келген тіл адамдар үшін, өзінің ортасы үшін, яғни қоғам үшін қызмет етеді. Ешбір қоғам тілсіз өмір сүре алмайды. Қысқасы, қоғамсыз ешбір тіл болмайды, тілсіз ешбір қоғам болмайды.
Дүние жүзінде халық та, соған орай, тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңдай тіл бар деп келген еді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда, дүние жүзінде 5661 тіл бар. Тіл санының мұншалықты көбейіп кетуі Азия, Африка, Латын Америкасы, Океанияның көптеген алыс түкпірлерінде адам саны жағынан аз болса да, толып жатқан этникалық топтар тілдерінің бар екендігінің анықталғандығынан. Бірақ олардың ішінде 1400-ден астамы не мүлдем дами алмай қалған, не бұл күнде көне, өлі тілге айналып кеткен. ГФР ғалымдарының айтуынша, сол 5661 тілдің 4200-і- жеке, дербес тілдер. Ал олардың ішінде бірсыдырғы тәп-тәуір, кеңірек те жақсырақ зерттелінгендері - бес жүздейі ғана.
2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.Ғылым атаулы, әдетте, екі топқа бөлінеді: оның бірі - жаратылыс тану ғылымдары, екіншісі - қоғамдык ғылымдар. Ғылым атаулының бұлайша екі үлкен топка бөлінуі, сайып келгенде, олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы - қоғамдық құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыс тану ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды (яғни қоғамдық құбылыстарды) қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары және т. б.) зерттейді.
Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі тобының (жаратылыс тану ғылымдары, қоғамдық ғылымдардың) қайсысына жатады? Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мысалы, XIX ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жаткызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосты. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821—1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі организм сияқты құбылыс деп есептеді. Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, өседі, қартайып тозады, өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосты. Алайда, Август Шлейхердің бұл тұжырымы мүлде қате. Бұлай дейтініміз: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын шарасыздық. Ал тіл қандай бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір сүреді. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі организм сияқты өлуі шарт емес. Тірі организм биологиялық құбылыстардың қатарына жатса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына атады. Тіл - қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым-тілі білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.
Тіл білімі - қоғамдық ғылым және басқа ғылымдармен тығыз байланысты сала.Тіл - қоғамның дамуы мен күресінің де құралы. Өзі қоғамдық болғандықтан, лингвистика басқа да қоғамдык ғылымдармен қоян-қолтық байланыста болады. Солардың ішіндегі ең бастысы - философия.
Бір ескертер жәйт, баяғы заманның өзінде-ақ, біздің жыл санауымыздан көп ғасыр бұрын-ақ, тіл мәселелері ғылымдармен қоян-қолтық байланыста болады. Солардың бөлімі деп есептелген. Шынында да, тіл туралы ғылымның философиямеп тығыз байланысты екені қазірде де әркімге аян. Өйткені философия - адамның рухани да, табиғи да көзін ашушы ұлы күш. Философия әр ғылымға жөн сілтеп, бағыт береді. Мәселен, тіл білімі шешетін коптеген проблемалар бар дедік, Олар - тілдің мәні туралы мәселе; тіл мен ойлаудың байланысы туралы мәселе; тілдегі мазмұн мен форма туралы мәселе; тілдің тарихи дамуы туралы мәселе т. б. Бұлар сияқты үлкен де проблемалық мәселелерді шешу бір ғана тіл білімінің қолынан келмейді, ол философияға, «ғылымдардың ғылымына» сүйеніп барып тұжырымдайды.
Тіл мен ойлаудың бірлігі, логикалық және лингвистиикалық единицалардыд қарым-қатынасы - ұғым мен сөз, байымдау мен сөйлем, логикалық және грамматикалық категориялар т. б. мәселелер тіл білімін логикамен байланыстырады. Логика - ойлау формалары мен заңдары туралы ілім. Сондықтан ол тіл білімінің дамуына айрықша әсер етеді. Грамматика мен терминологияның көптеген қағидалары логика ілімінің әсері арқылы қалыптасты. Логиканың тіл білімімен байланысы ерте кезден-ақ белгілі. Бір кездерде грамматика саласында логикалық грамматика деген бағыт та болды. Бұл бағыт тілдік талдауларды логикалық тұрғыдан қарастыратын. Қазіргі тіл білімі логикалық және тілдік құбылыстардыд ара-жігін қатаң түрде ескере отырып, логика жетістіктерін мол пайдаланады.
Тіл білімі психологияменбайланысты. Өйткені психология адамның психикасын, адамның ойлау заңдарын тексереді. Психология адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану сияқты жайлардың мәнін, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін т. б. түсінуді жеңілдетеді. Соңғы. кездерде адамның сөйлеу қызметін арнайы зерттейтін ілім - психолингвистика дамып келеді.
Тілдің қазіргі жайын, оның даму заңдылықтарын тарихи тұрғыдан зерттегенде ғана дұрыс түсініп, танып-білуге болады. Өйткені тіл тарихы сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл білімі тарихғылымымен, этнографиямен(гректің еtһоs+ргарпо -халық туралы жазамын деген сөздері), археологиямен (гректің агсһаіІоgіа - ежелгі туралы әңгіме деген сөзі), антропологиямен (гректің аntһгороs -адам туралы ілім деген сөзі) қоян-қолтық ынтымақта болып келеді.
Дәріс №2