Ауыз қуысының кариесогенді микрофлорамен колонизациялануын сақтандыру
Кішкентай баланың ауыз қуысының фотогенді микрофлорамен ерте инфекцирлендіруінен сақтандыру оның отбасының тіс жегісін алдын-алуға байланысты ертерек қамқорлығына айналу керек. Зерттеулер көрсеткендей 90% жағдайларда баланың тістері анасы, әжесі немесе бағушысы, яғни бала күтімін жасайтындардың ауыз қуысынан бөлінетін стрептококтар генетикалық ұқсас стрептококктар орналасады. Ережеге сай, баланың аузына микофлора қасықтағы каша ыстық емес екенін байқау үшін жейтін анасының сілекейінен түсіріп алған сосканы «дезинфекциялау» мақсатында аузына салатын әжесіне түседі. Стрептококктордың тығыз беткейде яғни қызылиекте бірінші күрек тістің кесуші қыры көрінгенде, бірден тіс қағын құру қабілеті бар. Егер бұл уақытта ауыз қуысында кариесогенді микрофлора жоқ болса, тістің беткейі қорғаныш микрофлорамен колонизацияланады, ол әрі қарай S.mutans колонизациясына қарсы тұрады. Бүкіл өмірінде кариесогенді микрофлорадан ананың тіптен болмауы мүмкін емес шығар, бірақ кол колонизатциялану мерзімін 1–2 жылға ұзартуға болады: уақытша тістер постэрутивті пісіп жетілу үрдісінен кейін біріктеніп үлгереді, тамақтану тәртібін рационалды ету және азық–түлікті таңдау үшін, баланың тістеріне тиімді гигеналық күтім жасау үшін біршама мүмкіндіктер пайда болады. Мектепке дейінгі балалар КПЖС 2–3 есе төмендеуі мүмкін.
Тістердің ерте колонизациялану мүмкіндігін азайту үшін, қажет:
· болашақ ананың тіс жұғындыларымен ауыз сұйықтығындағы S.mutas концентрациясын төмендету, жүктілік кезінде жегіленген тістерді жұлу немесе емдеу, ауыз қуысы гигенасының жоғарғы деңгейін стандартты заттармен бірге антисептикалық препараттарды қолдану қамтамасыз ету: бұл шаралар баланың тіс жегісінің редукциясын қамтамасыз етеді;
· баланың отбасымен сілекейлік байланыста болуын болдырмау, ол үшін оған күтім жасағанда санитарлық нормалардың орындалуын қатаң қадағалайды.
Ата–аналар бұл ақпаратты уақытында алуы керек, яғни бала туылғанға дейін немесе баланың алғашқы жарты жыл өмірінде.
Адамның тіс жегісінен иммунизациясы 1970 жылдан бастап түрлі елдер ғалымдармен талқылануда. Негізгі мақсаты тіс беткейлерін оған S.mutans адгезиясынан қорғаныш болып табылады. Пассивті иммунизациялау эксперименттерінен жақсы нәтижелер алынған: бірнеше апталар бойы антистрептоккты IgG–дың оральды аппликациясын алған маймылдарда эмальдың бетіне S.mutans адгезиясының толық блокадасына жетті, яғни мұның нәтижесінде келесі 2 жыл тіс жегісінің өсімі тоқтатылады.
Бір кезде ауыз қуысына енгізілген антиденелер 3 күн ғана сақталады, тістердің кариесогенді микрофлорамен қайтадан колонизациялануы тек бірнеше айдан кейін болуы мүмкін екенін атап өту керек: қалдық әсерлі антиденелердің әсер етуіне байланысты биоценоздағы тепе–теңдіктің ығысуымен түсіндіреді. Белсенді иммунизацияны жүргізу үшін әр түрлі бірнеше нысан-антигендерді қолданады. Жануарларға өлтірілген стрептококктар мен лактобациллалар өсімдерін интраназальды (немесе интраоральды) енгізудің жарты айлық курсы микроағзалар адгезиясын бөгейтін қабілеті бар IgA мен IgG бөлінуін қамтамасыз етеді, бұл тіс жегісінің екі жылдық өсімі екі есе қысқартуға жеткілікті болып табылатыны дәлелденген. S.mutans-тың фибриллярлы беткей белоктарына немесе осы белоктардың бөлінуін кодтайтын генге белсенді иммунизациясында адгезивті қабілеттерін төмендетуі мүмкін. Стрептококкты глюкозилтрансферазаға (сахарозадан глюканның синтезделуін қамтамасыз ететін фермент) және оның компонеттеріне иммунизациялағанда секреторлық IgA-ң бөлінуін жоғарылатады, бұл 3 апта бойы тістердің тегіс беткейлерінде 50-85%–ға стрептококктор колониялары сонының редукциясын қамтамсыз етеді.
Стомотологиялық тәжірибеде тіс жегісінің жоғарғы қаупі бар ересектер мен балаларға тағайындайтын адаптогендер мен арнайы емес иммуностимуляторларды қолдану тәжірибесі жинақталған.
Ауыз қуысында кариесогенді емес микрофлораның бәсекелесті орналасуын (орынбасушы терапия, тіс буылтығын өсіру) ДДҰ тіс жегісін алдын-алу үшін жасалған бағыттар арасында болашағы бар деп атайды. Потенциальды бәсекелестер ішінде – табиғи және гендік инженерия әдістерімен жасалған микроағзалар:
· S.mutans туыстары, сондықтан ауыз қуысы биоценозында олардың орнын алуға қабілетті;
· S.mutans қарағанда тіршілікке икемді, сондықтан олардың орнына ығыстыруға қабілетті;
· қышқыл түзуге аздаған қабілеті барлары;
· генетикалық тұрақтылары.
Тіс беткейлеріне S.sanguis біріншілік орналасқан жағдайында S.mutans титрі қауіпті деңгейге дейін көтерілмейтіні дәлелденген. Стрептококк және ішек таяқшасы гибридин жасау мүмкіндіктері талқылануда лактотдегидрогеноза гені алкогольдегидрогенозамен ауыстырылған. Тышқандарға жасалған эксперементте тіс қағының S.mutans ситтамаларымен орналасқанда тіс жегісінің редукциясы алынған.
Кариесогенді микрофлора тіске бекітілгенде, яғни тіс қағы құрамына енгенде ғана өзінің патогенді әсерін жүзеге асырады. Тіс жұғындыларының пісіп жетілу және қалыптасу үрдістеріне иммунологиялық, химиялық, физикалық заттар және әдістерімен кедергі келтіруге тырысады.