Тақырып. Мәтінге кіріспе жұмыстары
Мақсаты: мәтінді түсінуде екі кезеңді ескеру, аударма алды мәтінді талдау жұмыстарымен таныстыру.
Кілт сөздер: мәтін, бастапқы мәтін, аударма, түсінік, тілдік категория.
Жоспар:
1. Мәтінді түсінуде екі кезеңді ескеру
2. Аударма алды мәтінді талдау жұмыстарымен таныстыру.
Аударма барысында төмендегідей кезеңдерді ескеру қажет: түсіну – аударма – аударманы бағалау. Аударма процесінде көп жағдайда аудармаға дейінгі мәтінмен жұмыс ескерілмей қалады, мәселен мәтінді түсінуде екі кезеңді атап өту керек: аударлам алды мәтінді талдаумен байланысты жүретін түсіну. Бұл ретте, аударма екі тілде бірдей симметриялы болмайтындығы анық. Мәтіннің мағынасын түсіну аудармашының ана тілінде жеңілірек болады да, бастапқы шет тіліндегі мәтін мағынасын түсіну біршама қиындықтар туғызады. Аудармашы мәтіннің мағынасын түсініп қана қоймай, аударма «фреймін» жасап, ары қарай аударылған тіл негізінде құрастырады.
Аударма алды мәтін талдау мәдени маңызды мәліметтерді талдаудан басталады: тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері, мысалы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің сұрақ қою үлгісін айтаға болады. Орыс тіліндегі «И кому только мы не предлагали обсудить эту проблему», ал қазақ тілінде «Бұл мәселені талқылауды біз кімге ұсынбадық» стилистикалық тұрғыдан «We did invite public comment on the problem» деп аудару орынды.
Өтініш білдіруде кездесетін тілдік ерекшеліктерді секеретін болсақ, «Сдайте, пожалуйста, контрольные работы», қазақша «Өтінемін, бақылау жұмыстарын тапсырыңызшы» болып келетін өтініш тұлғалы сөйлемді ағылшын тілінде «Could I have your paper, please». Орыс тілінде іс-әрекеттің орындалууы бақымырақ болса, шет тілінде затқа баса назар аударылады.
«Бабушка, Можно мне взять яблоко!»
«Granny, can I have an apple, please!»
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама береді: денотативті теория бойынша, “перевод есть процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке оригинала” деген анықтама берген. Трансформациялық теория бойынша, “перевод есть нечто иное, как преобразование единиц и структур языка оригинала в единицы и структуры языка перевода” деген анықтама берген.Семантикалық теория бойынша, “перевод “заключается в раскрытий сущности эквивалентных отношений между содержанием оригинала и перевода” деген анықтама берген. Баламалық деңгейлері теориясы тұрғысынан: “модель переводческой деятельности, основанную на предположений, что отношения эквивалентности устанавливаются между анологичными уровнями содержания текстов оригинала и перевода” деген анықтама ұсынған болатын И.Н.Гарбовский былай деп анықтама береді: “Аударма дегеніміз- түпнұсқаның басқа тілде қайта өңдеп жасалуы; тіларалық және мәдениетаралық коммуникация процесі; тіларалық трансформация; сөз жасау өнері” А.И.Федоров аударма барысында мынадай жағдайларға баса көңіл бөлу керек деп есептейді:
1 Түпнұсқа тілде кездесетін сөздердің барлығы дерлік аударма тілдің сөздік қорында кездесе бермейді;
2 Түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі сөздердің мағынасы тек жартылай ғана сәйкес келуі мүмкін;
3 Түпнұсқа тілдегі көп мағыналы сөздің берер мағынасы аударма тілде әр түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін А.Поповичтің анықтамасына сүйенсек: “В переводе существует “мера”, которую нельзя нарушать. Нарушение этой “меры” ведет к тому, что перевод становится адаптацией”
Мәтін лингвистика тұрғысынан жалпы ойы мен мазмұны тілдік бірліктер арқылы берілетін қатынастың тұтас бірлігі ретінде қарастырылады. Т.М. Дридзе мәтінге мынадай анықтама береді: «Мәтін – күрделі белгі және қауышудың тұтас бірлігі ретінде мағыналық эдементтердің жиынтығы түрінде көрініс береді. Осындай элементтер қауышудың нақты мақсатын орындау үшін бір тұйық, иерархиялық құрылымды коммуникативті-танымды жүйеге жалпы концепция немесе қауышу субъектілерінің коммуникативтік ниеттері арқылы біріктірілген»