Арым қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Психотерапия

Психотерапия –грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр. Көпжағдайда психотерапия медициналық ұғым ретінде қабылданады. Медициналық әдебиеттерде және медицинамен аралас ғылыми салаларда психотерапия науқас адамның ағзасына психика арқылы емдік әсер ету ретінде қарастырылады. Психотерапия емдік әдіс ретінде әдістері педагогика, әлеуметтену,физиология, медицина, психология, т.б. ғылымдармен негізделеді. Психотерапия клиникалық мекемелерден тыс жерлерде де орын алуда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде: жанұялық, әлеуметтік – психикалық көмек беру кабинеттерінде, сенім телефондарында, т.б. жерлерде.

Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде төрт негізгі моделі бар:


  • психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі;

  • психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі;

  • психотерапия манипуляция ретінде қоғамды бақылап отыру мақсатындағы әлеуметтік моделі;

  • психотерапия адамдармен өзара әрекеттес құбылыс кешені ретінде философиялық моделі.


Психотерапияны тәжірибеде қолданылатын және өзінің нәтижелілігін дәлелдеген бірқатар әдістер жүйесі деп түсінеміз. Психотерапияның тиімділігі мен психосоматикалық медицинаның кең танымалдылығы психотерапия мен медицинаның байланыс тенденциясын құрайды. Күнделікті тұрмыста психотерапия деп адамның жан дүниесіндегі күрделі жағдайларды қалыпқа келтіру барысында байқалған әсерлерді айтамыз. Бұл әсерлер релаксациялаушы (босаңсыту) және психотерапияның көмекші әдістерінің бірін құрайтын суггестивті әдістің ықпалдарынан пайда болады. Психотерапия үрдісі үш кезеңнен тұрады:


  • алдын – ала дайындық кезеңі;

  • психотерапияны жүргізу кезеңі;

  • адамдар мен кері байланысты жүзеге асыру кезеңі.


Неміс ғалымдары М. Перре мен У. Бауманн психотерапияны құрылымы әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір мақсаттары мен құрылымдары сәйкес келетін бөлек–бөлек кезеңдерден (фазалардан) тұратын үрдіс деп көрсеткен. Психотерапия үрдісінің фазаларына жататындар: терапиялық қарым–қатынасты орнатуды көрсету мен мақсаттарды түсіндіру, терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету, терапияның басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау. Әрбір фазаның өзіне сәйкес мақсаттары бар:

-қарым–қатынасты орнатуды көрсету фазасының мақсаттары:


    • диагноз қою;

    • психотерапиялық әдістерді таңдау;

    • қажетті жағдайда медициналық тексеруден өткізу;

    • ақпаратталған келісім.


-терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету мыналарға бағытталған:


  • рөлдік құрылымдау;

  • жағымды өзгерістерді қалыптастыру;

  • қажетті жағдайда этиологиясын (себептерін) түсіндіру.


-терапиялық жаттығуларды жасап көрсету фазасының мақсаттары:


      • қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеру;

      • әрекет – қылық мотивтеріне талдау жасау;

      • «мен» образын қайта құрылымдау.


Психотерапия үрдісінің ақырғы фазасының мақсаттары: мақсатқа жетудің психодиагностикасы; нәтижеге жетуге кепілдік беру.

Барлық жоғарыда көрсетілген мақсаттар түрлі жолдармен жүзеге асырылады:


    • интервью алу, анамнез (психикалық жағдайлар жайлы мәліметтер) толтыру;

    • тұлғалық және клиникалық тестілерді жүргізу;

    • эмпатияның (жағымды күйдің) көрінуі;

    • «ойын шарттарын» түсіндіру;

    • терапиялық байланыс орнату;

    • психотерапиялық әртүрлі техникаларды қолдану;

    • терапияның өткізілуін үздіксіз бақылау мен бағалау;

    • сеанстар санын диагностикалау мен қысқарту.


Психотерапия – тәжірибеде меңгерілген манипулятивті техникалар жиынтығы ғана емес, ол әрбір жағдайға психологтың тиімді шешімін дербес қолдануы, ғылым мен өнер арасында орнайтын шығармашылық үрдіс. Терапияның аяқталуы кезеңінде кері байланысты орнатудың міндеттілігі психотерапевттің жауапкершілігін арттырып, кәсіби сенімділіктің жоғарылауына жағдай туғызады.

Психотерапия психикалық жағдайларға кірісудің басқа да стратегиялық жолдарымен тығыз байланысты. Құрамына психиатр, әлеуметтік қауіпсіздік саласының маманы, біліммен қаруланған психолог пен психотерапевт кіретін ұжым жұмыс істеген жағдайда ғана психикалық саулық қызметі ұйымдастырылуының идеалды үлгісі қалыптасады.

Адамды қарастыруда бірін–бірі өзара анықтап, толықтырып отыратын үш әлем мен үш тәсілдің маңызы ерекше:


  1. тәндік – табиғи әлем;

  2. психикалық әлем;

  3. рухани әлем.


Тәндік – табиғи әлем жаратылыстану – ғылыми тәсілдер арқылы зерттелінсе, психикалық әлем – психологиялық әдістер арқылы,рухани әлем – рухани – ғылыми тәсілдер көмегімен қарастырылады. Психотерапия аталған үш әлемнің әрқайсысына әсер ете отырып, әрбіреуіне қажетті сәйкес тәсілдерін пайдаланады. Психотерапияның векторы – адамның психикасы мен тәнін психикалық әлем арқылы емдеу. Шарттарға сәйкес маманның алдына қойылған міндеттеріне байланысты психотерапиялық барлық әдіс тәсілдерді мынандай типтерге бөлеміз:


  • релаксациялық – адамның психикасын салыстырмалы түрде тепе – теңдік қалыпқа әкелуші;

  • нақты мақсатқа бағдарланған – белгілі симптомды (себеп–салдарды) қалыпқа келтіруге бағытталған;

  • тұлғаға бағдарланған – жеке тұлғаның терең өзгерістеріне бағытталған.


Психотерапияның бағдарлы тәсілдері өзара тәуелсіздігіне қарамастан принциптер мен ойлардан бастау алады. Философиялық ойлар психологиялық мектептер мен психотерапиялық әдістердің пайда болуының алғышарттары бола тұра, психотерапияның гуманитарлық бағытталғандығын анықтайды. Сондықтан да психотерапиялық шараларды қолданатын психолог маман табиғи–ғылыми білімнен емес, гуманитарлық білімнен бастау алуы керек. Психотерапиялық жұмыстың мақсатына белгілі бір нәрсені (симптомды, білімді, диагнозды, жағдайды, емдеу тәсілін және т.б.) тек тіркеу ғана емес, жеке тұлғаның өзін–өзі және өзінің өмірлік жолын тануына әкелуші қабілеттерге ие болуына көмектесу жатады. Науқас адамның анамнезі ішкі анамнезбен – индивидтің өзіндік санасының қалыптасу тарихына жататын оқиғаларды бекітуімен толықтырылады.

«Сыртқы» биографияны тану анамнезі мен «ішкі» биографияны тану анамнезі арасында бірқатар маңызды айырмашылықтар бар:


  • біріншісіне жету оңай, оған ешбір күш салусыз қол жеткізуге болады, өзіндік шыңдалуды талап етпейді;

  • екіншісіне жету неғұрлым қиынырақ, көп уақытты және зерттеуші санасының жаңа деңгейіне жетуді талап етеді;

  • біріншісі ғылыми критерийге жақынырақ болса, екіншісі шындық пен өмірге жақын;

  • біріншісі жүйелеуге келтіріледі, екіншісі жүйеленбейді;

  • біріншісі симптом мен диагнозды анықтауға, екіншісі – тұлғаның қайта құрылуына бағытталған;


біріншісі психикалықтың барлық жалпы заңдарын тұлғалық және жағдаяттық факторларының жиынтығын орнатуға бағытталса, екіншісі мәселе қалыптасуының дербес шарттары мен рухани дүние өзгерістерінің белгілерін анықтауға бағытталған.

Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады

Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды:


  • психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады;

  • психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді.

  • психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.


Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады. Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек.

Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.

Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.

Танысу тренинг

Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау. Ойыншылар көздерін жұмып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды. Топта барлығы жақсы араласқан соң «тоқтаңыздар» делінеді. Барлығы көздерін жұмып тұрады. Психолог ойынды бастайды. Бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтуі керек. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды да ойыннан шыға береді. Аты аталған ойыншы келесі ойыншыны атайды. Сөйтіп ойын қатысушылардың бәрінің есімдері аталғанша жалғасады.

арым қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.

Нұсқаулық:берілген тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.

1.достарың көп пе?

А.иә В.жоқ

2.достарыңның ортасында әңгімені ылғи қолдап отырасыз ба?

А.иә В.жоқ

3.адамдармен қарым қатынас кезінде тұйықтық пен қысылуды жеңе аласыз ба?

А.иә В.жоқ

4.өзің жалғыз қалған кезде саған көңілсіз бола ма?

А.иә В.жоқ

5.Танысыңды кездестіргенде белгілі бір тақырыпқа сөз қозғай аласың ба?

А.иә В.жоқ

6 өзіңе жағымсыз адаммен кездескен кезде өзіңнің тітіргеніңді жасыра аласың ба?

А.иә В.жоқ

7.Нашар көңіл күйіңді жақындарыңа сездірмей үнемі жасыра аласың ба?

А.иә В.жоқ

8.Досыңмен ренжіскеннен кейін ең бірінші болып достасуға қадам жасай аласың ба?

А.иә В.жоқ

9.Жақындарыңмен қарым қатынаста шұғыл ескертулер жасаудан бастарта аласың ба?

А.иә В.жоқ

10.Қарым қатынаста мәмілеге келе аласың ба?

А.иә В.жоқ

11.Қарым қатынас кезінде өз көзқарасыңды білдіре аласың ба?

А.иә В.жоқ

12.Таныстарыңның сыртынан әңгіме қылған кезде өзіңді ұстай аласың ба?

А.иә В.жоқ

13.Егер қызықты бір нәрсе естісең оны достарыңа айтуға тырысасың ба?

А.иә В.жоқ

Нәтижелерді өңдеу: «Ия»- 3ұпай, “жоқ»-1ұпай.

30-39ұпай: Жақындарымен, таныстарымен және бейтаныс адамдармен қарым –қатынас кезінде өте үлкен ляззат алатын, араласуға дайын адам. Қарым -қатынаста өте қызықты,бәрінен бұрын (қоғам жаны),достары мен таныстарын тындап,түсініп,кеңес бере алатыны үшін бағалайды.Өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.Серіктесіне зейінді,өз іс әрекетін бақылап отырады.

20-29ұпай:өз шамасына қарай араласатын адам біра қарым қатынаста кейбір қиыншылықтарды бастан кешіреді.Достары аз,таныстарымен үнемі ортақ тіл табыса бермейді.кейде әңгіме барасында өзін өзі ұстай алмай қызбаланып кетеді.Өз серіктестеріне шынайы,ілтипатты,қайырымды болған жөн.Сонымен қатар,өзінің кейбір сенімсіздіктерін жоюға тырысқан жөн.

20-дан аз ұпай:Ұялшақ,тұйық адам таныстарының ортасында үндемей отырып,адамдармен қарым қатынаста жалғыз болғанды қалайды.Бірақ ол оның достары мен таныстары мүлде жоқ деген сөз емес.Олар сені тыңдағаны,түсінгені және кешіргені үшін бағалайды. Ал егер, өзінің көзқарасын еркін айтқысы келсе, бәрімен бірдей сөз таластырғысы келсе, қызықты серіктес болғысы келсе, онда өз ұялшақтығын жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгімені белсенді түрде қолдап отырған дұрыс.

Наши рекомендации