Естің дара ерекшеліктері
Ес туралы ұғым
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі лардан қалған лердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бүл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жонінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес қүбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидагы электр қүбылыстарымен байланыстырса (есті зерттеудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың окілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын элі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация50 деп атайды, Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ ардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттін, қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т. б.) түсіндіруге принципті қолданбады. ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындырын көрсеткен үлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі процесінің қабаттасып келуі не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. үлы галым бүл туралы былай деп жазды "Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс.
Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, лерден қүрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан қүрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, щсастық және қарама-қарсылықассоциациялар. Бүл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "Шартты байланыс... бүл, сірө, біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы үқсастық ассоциациясы дегенге сфйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациясылық) анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой өрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей норсе"
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсінуге болады: 1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль үғымы Қызыл алаң үғымын, көктем туралы үғым шоп туралы үғымды туғызуы мүмкін. 2) Үқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне үқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да үқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т. б.). 3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не қүбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.).
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уакытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан қүбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т. б.) тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дүрыс сақталмаса, бүл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж. Аймауытов: "...еске түсіру өнері дегеніміз — ойлау өнері... Байланыстардың мәнісі — ойлау деген сөз",— дейді.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін төрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі — баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын үмытпай, есте сактауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір мүғалімнің міндеті.
Естің түрлері
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозгалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естер.
1) Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т. б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларың жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолы-ның қозғалыстарын есінде сақтайды.
2) Заттар мен қүбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ее деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мүндай адам оқып шыққан. кітабының мазмүнын есіне түсіргенде ондағы үсак бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келтіре алады. Мәселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына: "Қарашы, мынау адам есіңізде ме?" деп сүрайды екен. Танысы: "Жоқ, білмеймін" десе, "Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бүрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ па едік?"— дейді екен.
3) Адам ойының түрлі формаларын, (үғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтйу — ойлау жүмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалык естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған қиынға соғады.
4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде түрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше эсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәселен, біздің әрқайсымыз Үлы Отан соғысының жеңісін тойлаған күн — 9 Мамырды немесе Ю. А. Гагариннің космосқа бірінші жол салған күні— 12 сәуірді, жыл сайын мерекеле-нетін Наурыз-тойын, Қазақстан Республикасынын тәуел-сіздік алған күні— 16 желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз.
Адам сондай-ақ бір нәрседен қатты қорықса да, тентектік жасап, өзін үялтқан күнді басынан кешірсе, мүндайды еш уақыт үмытпайды. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К. С. Станиславский (1863— 1938) жақсы айтқан: "Егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып жөне қызаратын болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз — сізде сезіну есі немесе эмоциялық естің болғаны".
Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жуйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы роль атқаратын болса, онда естің образдық түрі болганы, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түрі болып табылады.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сақтай алатындыгына байланысты ес қысқа және үзақ уақыттықболып екіге бөлінеді. Қыска уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін турін опера тивтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы тексті көшіріп жазғанда, мүны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бүл оның оперативтік есі болып табылады.
Естің дара ерекшеліктері
Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің даралық ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасында белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әр түрлі материалды әр түрлі тәсілдермен есте қалдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік — бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы қалдыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.
Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, қозғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс). Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар - естігенін ұмытпайды, үшіншілер - қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері - аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.
Мәселен, ұлы өнер адамдарының ішінде ес үрдісі күшті дамыған, есті қалдыруда ерекше дарындылық танытқан А.С. Пушкинге кез-келген басқаның өлеңін екі рет оқыса болды, жаттап алатын болған. Сол сияқты Моцарт та күрделі музыкалық шығармаларды бір-екі рет тыңдаса жеткілікті есінде сақтайтын, одан кейін өте дәл жазып алатын болған.
Орыстың көрнекті композиторы Балакиров та тамаша есімен ерекшеленген болатын. Ол да жастайынан симфониялық шығармаларды орындауда дарындылық танытты.
Естің жекелеген түрлері есте сақтайтын материалды қабылдауды іске асыратын анализаторлардын көмегімен ерекшеленеді.
Шәкірттерді бақылай отырып, мынаны көруге болады, олардың ішінде біреулері оқу материалын есте іштей оқып отырып, ерекше берік қалдырады, екіншілері дауысын шығарып оқиды, үшіншілері есте қалдыру үшін жазып алады. Шәкірттердің арасында кеңінен тараған естің түрі — аралас ес (көру — қозғалыс және есту — қозғалыс). Таза кездесетін ес өте сирек. Мектеп шәкірттерінде шамамен оны 3 пайыз аңғаруға болады.
Естің даралық айырмашылығы адам іс-әрекетінің сипатына байланысты.
ғалім оқушылардың есінің даралық ерекшеліктерін білуі қажет: ол балаға, бір жағынан, шәкірттің есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, естің әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасайды. Шәкірттердің ішінде материалды тез есте қалдыратын, бір-екі оқығанда өлеңдерді жаттап алуға бейім тұратын шәкірттер жиі кездеседі. Ондай шәкірттерге есте қалдыру үшін оқулықты бір қарағанда немесе мұғалімнің түсіндіруін зейін қойып тыңдап алса да жеткілікті.
Демек, бұл шәкірттер тек қана есінде тез қалдырып қоймайды, сонымен қатар есінде берік, ұзақ сақтай алады. Ондай шәкірттер басқаларының арасында білімді ерекше меңгеруде жетістіктерімен ерекшеленеді.
Мұғалімге оқу материалын өте жай есте қалдыратын шәкірттермен жұмыс істеуге тура келеді. Ондай шәкірттер оқу материалын көп қайталау арқылы жаттап алады, әр түрлі тәсілдерді қолданады. Шәкірттердің арасында оқу материалын тез есте қалдыратын, бірақ сол сияқты оқығанды тез ұмытатын балалар кездеседі.
Кейбір балалар материалды жаттауға көп уақыты мен күш-жігерін жібере отырып, оны дәл емес қайта жаңғыртады және тез ұмытып қалады.
Шәкірттердің есінің осындай нашар дамығандығын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Нашар есте қалдыру негізінен сабақты жиі жіберген, оқу тапсырмаларын бір жүйелі орындамайтын, есте қалдырудың тәсілдерін меңгермеген оқушыларда байқалады. Зерттеулер көрсеткендей, осы себептерді ескере отырып, осыған сәйкес жұмыстардың нәтижесінде олардың есте қалдыру мен қайта жаңғыртуы біршама жақсаратындығы сөзсіз.
Естің нәтижесінің әлсіздігі кейде аурудың салдарынан, қатты шаршауы және дене жағынан басқа да дамуына байланысты.
Зейіннің нашар дамуы немесе сабақта оқушы зейінінің жеткіліксіз болуы — нашар есте қалдырудың негізгі себептерінің бірі.