Оральды препараттар құрамына кіретін фторидтердің сипаттамасы
Жергілікті алдын-алуда органикалық және органикалық емес фторидтер қолданылады.
Органикалық емес фторидтер жеңіл және баяу диссоциацияланатын болып бөлінеді. Сулы фазада жеңіл диссоциацияланатын органикалық емес фторидтерге жатады:
· натрий фториді: ХІХ ғасырдың аяғынан бастап белгілі және бүгінгі күні танымал алдын-алу реагент, сілекейге, тіс қағына, кристаларалық буылтық F¯-ті баяу береді, сондықтан минерализация үрдісіне белсенді түрде қатысады, натрий фторидінің жоғары концентрациясы СаҒ2 түзілуіне жағдай жасайды;
· қалайы фториді: 1950 жылдан бастап алдын-алу құралдар құрамында қолданылып келеді; белсенді микробқа қарсы әсерімен ерекшеленеді (қалайы ионының көмегімен), бірақ эмальдің құрамындағы кальцийдің мөлшерін төмендетеді және тіндерді сұр түске бояйды;
· натрий фторгерманаты;
· калий фториді;
· аммоний фториді;
· титан тетрафториді.
Бұл қосылыстар Ғ--ті оңай бөліп алып, нәтижесінде эмаль беткейінде кальций фосфатының кристаллдарының тез түзілуіне алып келеді, бұның өзі кейіннен эмальда гидроксифторапатит және фторапатит түзілуін қамтамасыз етеді. Фтордың оңай еритін қосындыларын қолдану кезінде СаҒ2 түзілуін «ынталандыратынын» көрсететін тәжірибелер бар. Егер NaF апликациясынан бұрын эмальды фосфор қышқылымен өңдесек, осы әсерге ие болуға болады: қышқылдың әсерінен эмальдың беткейінде СаНРО4∙2Н2О түзіледі, кейін ол фтор ионымен әсерлесіп Са5(РО4)3Ғ немесе СаҒ2 түзілуі мүмкін. Фторид ковалентті байланыстан тұрады. Қиын еритін органикалық емес қосылыстарға жатады:
· бейтарап натрий монофторфосфаты: бұл қосылыс басқа препараттарддың компоненттерімен комбинациясында тұрақты болып келеді; қышқыл ортада фторид және фосфаттың мөлшерін жоғарылата отырып гидролизденеді; лаурисульфат натрийдің болуы гидролиз жылдамдығын азайтады;
· қышқыл натрий монофторфосфаты: эмальды «өңдеп», Са+ шығуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде көп мөлшерде СаҒ2 түзіледі; фосфат топтың болуы қосылыстың минерализациялық потенциалын жоғарылатады;
· кальций фториді: қышқыл ортада немесе тіс қағының бактерияларының көмегімен баяу гидролизденеді.
Жергілікті алдын-алу мақсатында қолданылатын препараттардың ішінде фтордың ең белгілі органикалық қосылысы аминофторид болып табылады(N-окта-децилтриметилен-диамин-NNN-три-2-этанол-дигидрофторид). Полярлы зарядталған аминофторид молекуласы фтордың екі атомымен қосылған көмірсулы гидрофобты «құйрығынан» және гидрофильді белокты «басынан» тұрады (қара сур. 5.38). Мұндай құрылым аминофторидтің ерекше қасиетін көрсетеді: а) аминофторид тістің шөгінділері компоненттерінің адгезиясына кедергі бола отырып, тістің беткейінің қасиетін өзгертеді; б) микробқа қарсы жоғары әсерді қамтамасыз етеді; в) қышқыл ортада белсенді түрде F¯-ті бөліп шығарады; г) молекулалық беткей–белсенді қасиеттері оған тіс қағының терең қабаттарына енуіне және эмальда ұзақ уақытқа СаҒ2 қорын сақтауға мүмкіндік береді. Аминофторидтің теріс қасиеттеріне ауыз қуысы тіндерін бояу мүмкіндігін және кейбір жағдайларда дисбактериоз дамуын жатқызады.
Сур. 5.38. Аминофторидтің эмальға әсері.
Жергілікті препарат құрамында белсенді қолданылатын басқа органикалық фторид болып силан фторид табылады (фторинол, фторгидрат-никометанол). Бұл қосылыстар суда ерімейді. Сілекейде силан фторид кішкене мөлшерде плавик қышқылы НҒ түзеді, оның молекуласында диффузияның жоғары коэффициенті бар және сондықтан фторид ионына қарағанда призмааралық кеңістікке оңай, терең және тез енеді, онда сумен реакцияға түсіп, F¯ иондарын бөледі. Силан фторидінің натрий фторидіне қарағанда он есе жоғары минерализациялық белсенділігі бар.
Қазіргі заманғы алдын-алу препараттар ішінен жиі натрий фториді, монофторфосфат, аминофторид және қалайы фториді қолданылады. Жалпы айтатын болсақ, аталған фторидтері бар препараттарды қолдану тіс жегісінің жылдық өсуінің редукциясының 25-45% қол жеткізуге болады; өмір бойына қолданылатын препараттардың кумуляциялық әсері тіс жегісі қарқындылығы редукциясының 50% құрайды.