Орқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
Қорқыт, Хожа Хафиз Түсіме енді де
Осы әніне салып келді де.
Ол үш қайтара мұны сайратып,
Деді: «Көкейіңе енді ме?»
Бұл әнге мынау жырды сал.
Ән мен сөзін ұғып ал.
Ойыңмен қоштасар мезгілің таяу.
Жыр жазбасаң тартар ой.
Күннен күиге жалқауланып баяу».
— Қайран терең ойым.
Қартайып тоздың ба?
Еріншек боп бұйда создың ба?
Сен барша адамнан озам деуші едің,
Мынау кәріліктен оздың ба?
Осымен тоқта жығылмай,
Сыймайтын жерге тығылмай.
Есті жи,
Тозды ми,
Байқа да сақтан.
Іздегенің болмаса Атақ алмақ.—
Асқандық пен мақтан.
Ойдың жауабы осы бұл сөзге қайырған:
—Өлім жоқ қой әзір айырған
Мен еріншек боп әлі тозғам жоқ.
Кеміп бұрынғы өткен жайымнан.
Қартайып тозған Бой, денең,
—Айрылман өлмей мен сенен.
Мида жоқ бұзық қан,
Ақылың таза,
Не себептен боласың Ойды бұзып,
Күдер үзіп наза?
Ойым —
Бұл сөзіңе тоқталып тұра алман.
Кемшілік бар сенде құралған.
Сен ұмытшақ боп,
Жалқау тартқансың,
Қайтіп құтыласың бұлардан?
Мойында тозған мініңді,
Жоқтама өткен кұніңді,
Сары су миға кеп Ақ тамыр жақтаи,
Сала ма деп қорқамын
Аяғыңа ашылмайтын қақпан.
Өзің жас кезіңде әр іске аландап,
Бірін мақтап,
Бірін жамандап,
Бұл ұмытшақты бойға жиғасың,
Тастап шыдамадық табандап.
Еріншек,
Ескі жолдасым демедің.
Бойда болмасын,
Сол әдет жұр әлі артыңнан қалмай.
Кәрілікке жабасың,
Арт жағыңа назарыңды салмай
Бұзық адамдарды ақ жолға салуға,
Қиянатты көрге жабуға,
Мен ақыл менен ойды жұмсаушы ем
Талай қиын істі табуға.
Шалғыншы ойым ақылға,
Ақылым тоқтап мақұлға,
Толғанып,
Сынға алып,
Танығын тастап,
Анықталған хақиқат
Тура жолға салушы еді-ау бастап.
Қош бол,
Терең ойым,
Әлемді шарлаған.
Қиын іске әдейі арнаған.
Бар дене сезім таппас жұмбақтың
Толғап,
Талай сырын барлаған,
Ақылға әкеп сынатқан,
Дұрысын ақыл ұнатқан.
Қайран ой.
Қайран ми,
Қоштастым жылап.
Кешікпей-ақ қалар деп
Орын қылған сауыттарың құлап.
1931.
Орқыттың сарыны
Кешегі кеткен ер Қорқыт
Кейінгі жанға болды ұмыт.
Сарынын соның салайын,
Ескі әуез демей құлақ тұт.
Аңғармай кетпе арынмен,
Қобызбен Қорқыт сарнаған.
Болмады жері бармаған.
Мұңлы әнмен өмір суреттеп,
Сол әнін соған арнаған.
Ашулы, зарлы сарынмен,
Қорқыт - түбі түрік, қалмақ.
Ойы - өмір мен өлім жайын әнге дәл салмақ
Ол ән аяғын сөзсіз сарынмен,
Шер тарқатыпты зарлап.
Басында жырмен бастаған
Екі рет жырлап тастаған,
Аяғын әнмен шырқатып.
Бір ауыз сөзді қоспаған.
Әсерлі үнмен толғаған,
Сол әнді ойым ұнады.
Зарласам, көңлім тынады.
Сарынға өлең салдым мен
Түп-түгел сөз боп шығады.
Көрінді түзу сол маған.
Жасқа ұнамайды сарын.
Қайдан біледі ол,
Кәрілерде не сыр, ой барын.
Жат құлағына жастың мұндай ән.
Ол сезе ала ма нәрін?
Бұл әнге өлең салғаным -
Бұрыннан ойдағы арманым.
Сарнайтын мұны бақсы жоқ,
Жек көрдім ұмыт қалғанын.
Ескіден қалған бір жұрнақ,
Жақпаса қойсын жастарға.
Жырлаймын ойлы достарға,
Мен өлсем, сарын жоғалар,
Қимадым көміп тастарға.
Сондықтан айтқан бұл жұмбақ
Сарын тез жайылар бойға.
Айдап түсірер сен білмеген
Тіпті жат ойға.
Жын-бақсыларға келер сондықтан,
Жас жиылғандай тойға.
Сарынға жастар салмасын,
Арам жын келіп қалмасын.
Таза ақыл табам деп жүріп,
Абыройын жойып алмасын.
Ол дайын болар қасында.
Шақырма ішпей мастарың,
Байқа, ал, шақырам жынды,
Ойла тереңнен,
Нені ішемін, шақырам мен кімді?
Ол адамдыққа мені жеткізер,
Сол жояды шер-мұңды.
Алып кел шарап тазасын
Денеме нұры тарасын.
Ұйқыдан әбден оятып,
Жаралы жүрек жамасын.
Mac болмай кірмес ақылым
Қойқаптан қозғал жындарым
Тауып кел істің шындарын.
Хақиқат айтсам адамға,
Білмеймін кімнің тыңдарын?
Сынайын теріс мақұлын,
Бері кел, тотсыз асыл айнам
Білдір анығын, не хақиқат,
He жөн, не пайдам?
Сал тура жолға мені, жетекшім,
Бұл - сынасатын майдан.
Бақсымын жырлап сарнаған,
Денем жоқ әсер бармаған.
Мидағы жыным, түгел кел,
Хақиқат іске арнаған!
Басайын қобыз пернесін!
Монтаны талай мұңдар бар.
Нәпсіге ерген сұмдар бар,
Адамды аңша аулатқан.
Алдамшы, арсыз жындар бар,
Ондайлар маған келмесін,
Олар - жәдігөйлер жайтаң,
Ойды улатып,
Көзді байлап жүрген қу сайтан.
Сол хақиқатты айтам!
Тіршілік, жан туралы
Қасыңа қылыш қайратқан,
Досыңа гүлдей жайнатқан,
Ерік пен талап, ой беріп,
Ойыңды сөзбен сайратқан
Жан емес дейді «білгіштер»,
Осыған нанғам есерлер,
Ойы кем, сөзге шешендер,
Ақылмен жанды тексермей,
Денешіл, пәншіл кеселдер
Дәлелсіз сөзбен ілгіштер.
Бұл жан басынан бар,
Ойла, тексер ақылмен,
Құр сөзге нанып ден қойма!
Шын таза ақылдың таппас заты жоқ,
Ол қасиетін жойма.
Оларды сөзбен қайраған,
Ақылдан алыс айдаған,
Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған.
Баяғы Конттың сөзі еді,
Жаңаны көрсе жүгірген,
Ақылдан әбден түңілген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл уды судай сімірген,
Дененің соқыр көзі еді.
Дене сезіміне нанба!
Сағым су ма екен?
Барып көрсең таяу сол маңға,
Бар дене, сезім түгел алдайды,
Бұл сөзімді әбден аңда.
Радийді бұрын біліп пе ең,
Электр ұстап көріп пе ең?
Бәрін де тапқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүріп пе ең?
Көрінбес зат бар бірталай,
Шығады жаннан көп қуат
Спирт, гипноз, телепат
Пакризм мен лунатик.
Жан сезу, түскер - бәрі жат
Жан жоқ болса, бұл қалай?
Ойла, жанның жоғы шын ба
Сал сөзімді терең ақыл менен ой шынға.
Сен бұл дәлелге кетсең тоқтамай
Meн тағы айтамын, тыңда
Электриядан не шықты,
Істедің талай қызықты!
Дәл өзін көрген адам жоқ,
Шын затын оның кім ұқты?
Ісінен білдік барлығын.
Жан ісі онан бір бөлек.
Еркімен ойлап түрлемек.
Жан қожа тәнге, тән құлы,
Еріксіз айдап жүр демек,
Тән істер жанның жарлығын
Жанды билей мe екен дене
Болса бір сипат тәннен шыққан
Билер жан неге
Жан өсіріп тұр тәннің баршасын
Гәп жан жаратты деме
Басында жоқты бар қылған
Жоқтықты жойып көр қылған
Есепсіз дене жаратып
Еріксіз жиып нәр қылған
Жан емей енді немене?
Жарықтан бізді қу қылған
Құбылтып буды cу қылған
Суынан топырақ қатырып
Топырақтан жасыл туғызған
Ие кім сонда денеге?
Жансыз тән қалайша жүрмек?
Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек
Бас қозғалыс қой жанның атасы
Ол жаратады гүрлеп,
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен,
Өсімдік жаны нашар боп,
Олардан жәндік және өскен
Жәндіктен адам жаралған
Жадында қанды емізген
Ауызсыз қорек жегізген
Тұрғызып түзеп өсіріп
Өзіңді-өзім дегізген
Тіршілік сөйтіп таралған
Енді тоқтадың ба жаным
Жолдас тіршілік шықты деген сөзге жоқ наным
Қой пәленше екем айтты дегенді
Ол қате екені мәлім
Таза ақыл анық адамда
Әлім бе мейлі надан ба?
Айтқанға нанба шынға нан.
Жетектеп ойды әманда
Ойланбай салма жарысты
Ақылдың көзін байлама
Білгіш деп басшы сайлама.
Оқуым дінім наным деп
Әдетке қарай айдама
Ақылға сынат әр істі.
Ұқсаң айтқанымды шындап
Тағы сөзім бар
Ақылыңмен оны көр сындат
Ол - басқа жанда бар ма таза ақыл?
Сен осыны тұр тыңдап.
Құбылған әлем жарысы.
Ақылды жанның табысы
Басында-ақ онда ақыл мол
Мақсатты ретпен әр ісі
Тереңнен ойла аңғар да
Көресің, шырақ сен мені
Көрсін деп бүйткен кім сені?
Теп-тегіс қара денеңе
Ойламай-ақ қой өзгені
Мақсатсыз біткен тән бар ма?
Ойлы адамсың ғой сен де.
Бар ма мақсатсыз тәртібі жоқ нәрсе әлемде?
Ол меңіреу күш емес байқасаң
Пән айтты ғой деп сенбе
«Сезіміміз заттан жаралды»,-
Деген сөз мүлде арам-ды.
Ақылды жанның мүлкі әлем,
Тәртіппен өсіп таралды.
Осыны неге білмеген!
Меңіреуде мақсат бола ма?
Ақылға осы қона ма?
Құбылтып түрлеп бояған
Қу сөзге көңіл тола ма?
Дәлелі миға кірмеген.
Олар шатақ діннен қашқан
Сөйтіп жан жоқ деп тіпті
Алысқа кетіп адасқан.
Бар обалы оның шатақ діншілде
Сол дінді бояп басқан.
Еркіндік талап, шын сүю,
Жирену мақсат, ой түю
Қуаныш, қайғы, күлкі aшу
Денесі сау боп жан күю...
Жансыздан бұлар шығар ма?
«Айуаннан адам өзгерек.
Жаралған дене бір бөлек.
Сондықтан ойлап білді адам,
Жаны жоқ»-дейді психолог
Caу адам мұны ұғар ма
Көзге көрінбеген затты «жоқ» деп отырып,
Ертеңінде талай сыр тапты.
Ол жан туралы оны ойламай,
Бар жанды жоқ деп шатты!
(Бұл Жан туралы өлеңнің мұнап кейінгісін, басқа бес буынды, екі тұяқ жырмен жазып, аяғындағы сарынға салған жыр қалдырылған.)
Жаралыс басы — қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір мән де
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол мән жаратқан.
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейді,
Қозғалыс түрлеп таратқан.
Қозғаған қуат — жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз,
Жанына қарай тән солар.
«Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш,
Дым тиіп, нұр кеп жылытса,
Өс тағы жайнап, көңіл аш!» —
Дейтұғын жанда мән болар
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса, яки егілсе,
Онан да таңы атпай ма?
Орасаң да өлмес бидайы.
Жандықта шаһуат болмай ма?
Жатынға барып қонбай ма?
Құбылып қаннан тән жасап,
Түзеліп әбден толмай ма,
Сіздерге мәлім әр жайы.
Осыны ақыл ұқнай ма?
Дене жаның тықпай ма?
Бастапқы есті жанды ақыл
Адамнан келіп шықпай ма?
Осыдан өзге шын бар ма?
Айтамын мұны жастарға,
Таза арақ ішкен мастарға,
У ішіп, қулық жинаған,
Айтпаймын қуыс бастарға,
Ол ұғынбас, тыңдар да.
Анықты білмес діншілдер,
Өзімшіл, ойсыз, күншілдер
«Жаныңды жолдан қосты» деп,
Шариғат айтып күңкілдер.
Ойында биттей сәуле жоқ.
Дін айтты: «маған нан»—дейді
Адасқан дінді пән дейді.
Мағынасын анық біле алмай,
«Рух»—деген сөзді жан дейді.
Осыдан жаман әуре жоқ.
Рух деген дінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес.
Аз ғана сөзім — аз тақыл.
Құраныңды оқы нанбасаң.
Аз ақыл ондай көпте бар,
Айуанда айла, еп те бар,
Өсімдіктерде сезім көп,
Көбелек жейтін шөп те бар.
Әлемнен сұра, алдасам.
Нәпсі дер рухсыз жандарды,
Мейлі адам, мейлі аңдарды.
Үстіртін қарап ұқпайды,
Қай молда мұны аңғарды?
Мәнісін білмей шагасқан.
«Тәпсірші» деген атақ бар,
Қарсы айтсаң, молда қақақтар,
Анығын таппай айтылған
Тәпсірде талай шатақ бар,
Ой-жотамен адасқан.
Пәнші мен дінші тыңдамас,
Жиреніп мұны ұнамас.
Өйткені олар бірезу
Әдетін тастап, шыдамас
Арланбай бұған еруге.
Бұлқынып, тулар, зарланар,
Дәлелін іздеп қарманар,
Иманын бұзу оңай ма?
Күндерде қызар, арланар,
Дәлел жоқ жауан беруге.
Пән менен дін деп қор болар,
Ойында — өзі зор болар,
Ноқтадан басын ала алмас,
Жетекшіл айуан сол болар,
Ақылға анық жүгінбес.
Көнбеуге талай бұлғақтар,
Күдікті болып қипақтар,
Миына түсіп біздің шоқ.
Желкесін қасып сипақтар,
Онысы бізге білінбес.
Өзімшіл, нәпсі, жайдары-ай!
Көгенде қойың бірталай.
Күңгіртке көзін қадалттың,
Аныққа қарар ол қалай?
Бастағы миға қол жетпес.
Ақылын сатып есер қу,
Бал екен деп ішкен у.
Онысын өзі сезбейді,
Тәні сау болса, жаны ауру,
Емдейін десең, емдетпес.
Күлерсің мас деп сөзіме,
Мастығым жақсы өзіме.
Тазасын тауып бір жұтсаң,
Көрінер еді-ау көзіңе,
Алдыңғы айтқан емдерім.
Жарамсыз болса біздің жол
Дәлеліңді айт, жақпаса ол,
Ұқпасаң, қылар лажым не?
Мен кеттім, сіздер аман бол,
Айуанмен анық теңдерім!
Жалындап жанба, жүрегім!
Табылар әлде тілегің...
Адамның арты бұл емес,
Кейін де келер, білемін.
Сынайды солар мұныңды.
Таза ақыл ақты барлайды,
Дәлелсіз сөзді алмайды.
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды,
Жалғанға сатпас шыныңды.
Көнбеді деп күйгенің —
Тіріде мақтан сүйгенің.
Ақылды әбден тасалап,
Мақтаннан перде кигенің,
Жолама, сірә, мақтанға!
Баршаға жаның ашысын,
Қышыған жерін қасысын.
Аузыңнан мейлі сары алтын
Бұлақтай ағып тасысын,
Сонда да түспе қақпанға.
«Кетті, келді...»
Кетті, келді,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп енді қайтадан.
Дөңгелеткен,
Өңгелеткен
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып, сөне ме?
Дене жөндеп,
Жоғары өрлеп,
Тағы мен деп келе ме?
«Аурусыз жанға айла жоқ...»
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрi бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрi бар.
Аурусыз жандар - мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәнi сау, миы науқастар,
Ондайға дәрi қона ма?
Милыда ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
Миынан басқа ем қонбас,
Емдейiн бе деп сұрама!