Оқытушылар туралы мәліметтер

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

НЕВРОЛОГИЯ.ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

Силлабус

Резидентура мамандығы: БАЛАЛАР ПСИХИАТРИЯСЫ

Пән (коды және атауы):PTDV 1(2)309

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ПСИХОТЕРАПРИЯСЫ

Оқу сабағының көлемі: 108

Семей 2015ж.

Силлабусты (резиденттердің арналған пәннің жұмыс бағдарламасы) неврология, психиатрия және инфекциялық аурулар кафедрасы ПСИХИАТРИЯ пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырды. (Астана, 2010)

Автор (лар): Оспанова Н.Н., Сарсембина Ж.Д., асс Доктор PhD Молдагалиев Т.М., асс. Бураханова Г.К.

«_____» ______________201_ Кафедра отырысында талқыланды.

Протокол №____

Каф.меңгерушісімен ____________________д.м.н. Хайбуллин Т.Н.

Оқытушылар туралы мәліметтер

АЖТ Ғылыми атағы мен дәрежесі Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/категориясы
Оспанова Наргуль Наримановна М.ғ.к. доцент, Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/категориясы: «Семей ядролық полигонының сынағының нәтижесінде зардап шеккендердің психикалық бұзылыстары». Ғылыми мектеп: клиникалық ординатура, аспирантура, кандидаттық диссертацияны қорғау: «Жасөспірімдердің психикалық ауруларының манифестациясы және дебют құрылымына қауіпті әсер ету» (1992 г.). Мемлекеттік ғылыми орталық В.П. Сербс атындағы соттық және әлеуметтік психиатриясы. Ғылыми жетекші: м.ғ.д. профессор В.А. Гурьева. Мамандық 14.00.18 – психиатрия. Психиатрия және психология пәнінен қазақ тілінде дәрісті оқу. Психиатриядан жоғарғы категория. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - 32 жыл.
2. Сарсембина Жаннат Джумажановна М.ғ.к. ассистент,   Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/категориясы: «Психосоматикалық бұзылыстар және психотерапия». Ғылыми мектеп: психиатрия субординатурасы, интернатура, аспирантура, кандидаттық диссертацияны қорғау «Семей полигонының аймағында ұзақ тұратын психикалық бұзылыстары бар соматикалық науқастардың ерекшеліктері» (2009 ж.) С.Д. Асфендияров атындағы КАЗНМУ. Ғылыми жетекші: м.ғ.д. профессор Субханбердина А.С.. Мамандығы 14.00.18 – психиатрия. Психиатрия бойынша бірінші категория .  
3. Молдагалиев Тимур Муратович ассистент, доктор PhD   Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/категориясы: Ғылыми қызығушылығы: «Семей ядролық полигон сынағының нәтижесінде зардап шеккендердің психикалық бұзылыстары» Ғылыми мектеп: психиатрия мамандығы бойынша интернатура, денсаулық сақтау ұйымдастыруының PhD докторантурасы, диссертация қорғау тақырыбы: «», 2014 жыл, шифр -, квалификацияны жоғарлатудың тематикалық циклдары. психиатрия тақырыбы екінші категориясы.  
4. Бураханова Гульсум Каниденовна ассистент Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/категориясы: Ғылыми қызығушылығы: Жасөспірім және жастар ортасының суицидтары. Жасөспірім және бала жасындағы аутистикалық бұзылыстары. Ғылыми мектеп: балалар психиатриясы мамандығы бойынша интернатура, квалификацияны жоғарлатудың тематикалық циклдары. Балалар психиатриясы бойынша жоғарғы категория.  

Байланыс ақпарат: Психикалық денсаулықтың қалалық орталығы, 5-і этаж, психиатрия және наркология кафедрасы.

Адрес – Семей қаласы , Дулатова көшесі 282

Телефон: жұмыс 54-06-54

Автобус № 3, маршрутты такси № 44,54 «Психиатриялық аурухана» аялдамасына дейін.

Саясат және процедуралар:

Резидентура бойынша пәннің саясаты

Пәннің саясаты - кафедраның студентке берілген пәнді оқу үдерісінде қойылатын жалпы талаптарға, студентердің оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.

Резидент міндетті:

• Білімді, біліктілікті және практикалық дағдыларды толық көлемде игеруге;

· Таңдалған мамандық бойынша компетенцияға қол жеткізу үшін электронды түрде «Портфолио» жинауға;

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

· Семей қаласының ММУ Корпоративті этикасың, сондай – ақ “сыртқы көрінісіне назар аудару” пунктін білуге және сақтауға;

· Білім алушылар тәртіпті және ұқыпты болуға тиіс, университетте, коридорда, холда және ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге тиіс.

· Деканат немесе кафедраның ұйымдастыруымен болатын жиналыстарға қатысуға тиіс. Резидент жиналыска 15 минут ерте келуі керек.

· Сабақ басталуынан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білім алушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;

· Дәрістерге, практикалық ( семинарлы, лабораторлы) сабақтарға, міндетті түрде қатысуға, клиникалық кафедраларда профессор немесе доцент қарауларына, дәрігерлік консилиумдарға қатысуға міндетті ;

• Дәрістерге, практикалық ( семинарлы, лабораторлы) сабақтарға, сабақтарына,экзамендрға медициналық формада міндетті түрде қатысуға;

• Клиникалық кафедраларда санитарлық кітапшаларының СЭС рұқсаттамасымен болуы тиіс.

• Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға, зардап тигізсе айып төлеуге;

• Резидент – қыздарға үшкір аяқ киім киюге;

• Отқа қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс;

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға тиіс;

• Кафедраның жұмысына белсенді қатысуға ( СҒБ үйірмесіндегі жұмыс, кафедраның шараларына және т.б.);

• Мамандықтар бойынша ассоциацияға және паталогоанатомиялық конференцияларға, ғылыми практикалық жұмыстарға қатысуға;

• Резиденттер жыл аяғында жасалған жұмыстар жөнінде деканатқа есеп беруге ( соңғы экзамен тапсырғаннан кейін 3 күн ішінде) ал бітіруші жылы- оқыған жылдардың барлығына резидентурада Банка форм сапа формасы бойынша;

• Дәрігерге дейінгі көмек көрсететін мекемелерде, мамандандырылған көмек көрсететін, кәсіби көмек көрсететін және медикоәлеуметтік көмек көрсететін мекемелерде науқастарды курациялау;

• Диагностикалық, емдік және профилактикалық шараларды орындауда және тағайындауларға қатысуға;

• Елді мекенде документтік және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;

• Бөлімшенің есеп құрастыруына қатысу;

• Профилактикалық қарауларға, диспансеризация және консилиумдарға қатысу;

• Науқастарды қарауларға және клиникалық талдауларға қатысуға;

• Емдік профилактикалық мекемелерде айына 4 реттен кем емес кезекшілік ету керек (әйелдер, екі қабаттар және 3 жасқа дейінгі балалары барлар, арыздан босатылады);

• Паталого анатомиялық ашуларға, аутопсиялық зерттеулерге, биопсиялық және операциялық материалдарға қатысуға;

• Жеке оқу жоспарын орындауда кураторға уақытында есеп беру;

• Ұлы телефондарды оқу, дәріс уақытында сөндіруге тиіс;

• Экзаменға i-Phone, i-Pad ұлы телефондарын алуға тыйым салынады. i- Егер Phone, i-Pad ұлы телефондары қолданылса онда экзаменнан қуылады, акт құрылады және F бағасы қойылады. Егер экзаменде немесе дифференцирленген сынақ кезінде шпаргалка қолданатын болса онда автоматты түрде “ қанағаттанарлықсыз” бағасы қойылады.

• Босатылған сабақты қайта өтеу тұрады:

- Тақырыпқа байланысты науқасты курациялау мен ауызша жауап беру;

- Түнгі кезекшілік(әйелдер,жүктілер және 3 жасқа дейінгі баласы барлар кезекшіліктен босатылады).

• Сабақты себепті және себепсіз жағдайда босатқан студенттер сабаққа қатысуға рұқсатты деканаттан сабаққа барған бірінші күннен алуы тиіс.

• Резидент сабақты себепті жағдайда босатқан болса, сабақтың өтеуін бір ай ішінде жасауы керек. Сол ай ішінде жасалмаған сабақтың өтеуіне «нб» орнына «0» қойылады.

• Резидент сабақты себепсіз босатқан болса, сабақтың өтеуін 2 апта ішінде жасауы керек.Екі апта ішінде өтелмеген сабақ “нб” орнына “0” қойылады.

• Сабақты себепсіз босатып, сабақтың өтеуін жасау барысында 2.33(70%) артық баға қойылмайды.

• Сабақты себепті босатқан резидентке, сабақтың өтеуіне көрсеткен біліктілігі мен біліміне сәйкесінше баға қойылады.

• Білім алушы сабақты себепті босатқанда (стационарда ем алып жатса, жедел жайыттар болғанда: табиғат апаттары, авария және т.б.) топтың жетекшісі немесе куратор бір тәулік ішінде деканатқа кез келген жолмен(телефон арқылы т.б.) хабарлауы керек, және 3тәулік ішінде болған жайытты дәлелдейтін тиесілі құжаттарды көрсетумен. Дәлелдеуші құжаттарға жатады:ауруханадан құжат, жақын адамдарының қайтыс болған жайлы құжат, донорлық справка, үйленген жайлы құжат, бала босанғаны жайлы құжаттар. Осы дәлелдеуші құжаттары болмаса сабақтан қалу себепсіз деп саналады. Егерде жалған құжаттар көрсетілсе, рұқсат қағазы берілмейді, сонымен қатар білім алушы тарапына Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес административты шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсат қағазымен қоса құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білім алушы бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады, егер ол себепті босатылса.

Себепті жағдаймен босатылған сабақтың өтеуін жасағаннан кейін қағаз журналдағы «нб» дөңгелектеніп, орнына қағаз журнал мен электронды журналға алған баға қойылады. Электронды журналға баға қоюға арналған сұраныс деканаттан рұқсат қағазы берілген күннен бір ай ішінде жүзеге асырылады.

• Екі немесе одан көп сабақты (себепті және себепсіз) босатып, өтеутін бір айда жасамаған білім алушы аттестатцияланбаған болып саналады. Практикалық сабақтың жалпы сағат санынан қаншалықты қалғанына байланысты пән тарапынан келесідей административты шаралар қолданылады:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% және одан жоғары - қатаң ескерту ( университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес 3 қатаң ескерту алған білім алушы оқудан шығарылады).

• Себепсіз жағдаймен практикалық сабақтың жалпы сағат санының 25% босатқан резидент сол сабақтан аралық аттестацияға (экзаменге) жіберілмейді, және сол сабақтан жазғы (ақылы) семестрге қалдырылады. Ал себепті жағдаймен сабақты босатқан резидент жеке график бойынша өтейді. Профильды пәндердің тәжірибелік сабақтарының жалпы сағат санынан 25% босатқан резидент жіберілмейді, резидент академиялық демалыс алуы керек немесе ақылы түрде қайталап оқуы тиіс.

• Деканаттың рұқсаттамасы топтың оқу журналдарында сақтаулы тұрады.

• Резиденттің үлгерімін бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі.

• Соңғы сабақта пәннің бағалары саналып рұқсаттама алуға рейтинг(ОРД) шығарылады да, резидент бағасымен ОРД таныстым деп ведомостьқа қолын қояды. Сонымен қатар ОРД сынақ кітапшасына пән жетекшісімен қойылады.

• ОРД сынақ кітапшасының оң жағына қойылады.

• Семестр бойынша барлық пәндерден оқу бағдарламасын орындап ОРД алу үшін барлық сынақтарды тапсырғанда, білім алушы аралық және қорытынды аттестацияға жіберіледі. Экзаменды сессияға рұқсат деканат шешімімен беріледі, сол кезде білім алушының сынақ кітапшасына «сессияға рұқсат» штамп қойылады.

• Резидентурада пәндер бойынща экзамендер интегрирленген түрде болады: ауызша экзамен ( қорытынды бағаның 20%алады)+тестілеу(10%) +тәжірибеләк дағдылар (10%) (ОСКЭ, ОСПЭ, мини-клиникалық экзамен, ситуациялық есепті шешу).

• Тәжірибелік сабақ пен аралық бақылаудан алынған қанағаттанарлық емес бағалар қайта өтелмейді. Қанағаттанарлық емес бағаны алған білім алушы төмен ОРД ие болады, ал ол кезегінде экзаменге рұқсат алу үшін кедергі келтіреді.

• Жақсы бағаларды аралық аттестациядан алған одан әрі көтеру үшін қайта өтеуге рұқсат берілмейді.

• Резиденттің курстан курска өтуі үлгерімінің орташа балы негізінде (GPA) жүзеге асырылады.

• Егер білім алушы курстан курсқа өтуі үшін қажетті GPA жинамаса, онда ол білім грантынан айырылып курсты қайта оқиды немесе өз еркімен оқудан шығады.

• Білім алушы курс бойынша барлық бағдарламаны орындап, бірақта курстан курсқа өту үшін (GPA) жинай алмаса, өзінің орташа балын жоғарлату үшін пәнді жазда ақылы оқуға мүмкіндік береді және экзамендерді қайта тапсырады (егерде сағат саны қалыптыдан аспаса). Қайта оқылып алынған жақсы баға шәкірт ақы алуға әсер етпейді.

• Резидентурада мемлекеттік қорытынды аттестация 2 этаптан тұрады: интегрирленген тестілік экзамен және практикалық дағдылар (ОСКЭ). Интегрирленген тестілік сынақтан қанағаттанарлық емес баға алған резидент (менее 50%), екінші этапқа жіберілмейді.

• Индивидуальды оқу бағдарламасы мен жұмыс жоспарын орындамаған резидент , ақылы түрде курсты қайта оқуға қалдырылады. (п. 85 приказа Министра образования и науки РК от 18 марта 2008 года № 125).



Бағдарлама

1. Пәннің мінездемесі: Психотерапия— бұл адам психикасына жүйелі әсерін тигізіп, сол арқылы адам ағзасына әсер ететін медицинаның бір саласы. Психотерапия шекаралық нервтік- психикалық, психосоматикалық және т.б. ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Ол күнен күнге жеке пән ретінде, медицинаның басқа салаларының физиология, психология, педогогика, социалогия жаңа жетістіктерін пайдалануда. Психотерапияның қоғамдық санаға әсер етуінен тұрғындар арасында көбірек қызығушылық тудырады, оған әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету кабинеттері, кризистік орталықтар, сенім телефоны, психологиялық кеңес жіне т.б. айтуға болады.

Нервтік-психикалық ауруларды емдеу және сауықтыруда психотерапия кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда психиатр және нарколог дәрігерлерге психотерапия негіздерін білу аса қажет.

2. Пәннің мақсаты:Адам психикасына сол арқылы бүкіл организмге және мінез-құлығына жүйелі әсер ететіндей емдік мақсатта резиденттерді психотерапия саласында профессиональды деңгейін жоғарлату және дайындау. Курс психотерапияның заманауый мүмкіндіктерін таныстырады, психологиялық әсер ету мен психотерапияның негізгі міндеттерін үйретеді.

3. Тапсырмалар:

- Негізігі психотерапевтикалық бағыттарды оқып үйрену: психодинамикалық, мінез-құлықтық, гипносуггестивті.

- Писхотерапияның негізгі формаларын оқу (жеке, топтық , психодрама), және психотерапияның психологиялық негізін және психологиялық реабилитацияны үйрету.

- Психикалық және психосоматикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезінде әлекметтік-психологиялық және психогенді факторлардың орнын.

- Психотерапияның нозологиялық және жастық спецификасын зерттеу.

- Психотерапияның заманауый тәсілдерін меңгеруде негізгі әдістерді үйрену.

4. Сабақтың тақырыптық жоспары:

Наши рекомендации