Озғалыстық және еріктік бұзылыстар

Ерік - бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Шетел психологтары және философ-идеалисттері ерік бостандығы принципін жариялай отырып, ерік үрдісінің детерминирленбегендігін, оның сыртқы жағдайларға, орта әсеріне тәуелсіздігін көрсеткісі келді. З.Фрейдтің пікірі бойынша адамның жүріс-тұрысының мазмұнын сыртқы тітіркендірулер емес әуестіктер анықтайды; әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, қарпайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы және басқа да ерік бостандығына сүйенген реакциялық теориялар марксизм-ленинизм классиктерімен құрылды және табиғи ғылым мәліметтерімен теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды болжауды мүмкінсіз және жауапсыз етеді.

«Бостандық табиғат заңдарынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, осы заңдылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асады, және осы білімге сүйеніп табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» - деп жазған Ф.Энгельс.

Ерік қызметі ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты әлеуметтік-тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді.

Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:

1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;

2) қабылданған шешімді орындау.

Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және таңдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуальдық және т.б.) сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін.

Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек - нақты объектке саналы талпыныс. әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, тарзыға салынып бағаланады.

Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.

Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау - адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М.Сеченов кез-келген психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимыл арқылы іске асатынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып алу); еріксіз қозғалысқа сонымен қатар эмоциямен байланысты мимикалық қимылдар, және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде И.П. Павлов анықтағандай шартты рефлекторлық үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үрдістің кез-келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация, қозғалыс және толық жүріс-тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Клиникалық тәжірибеде зейін, әуестік патологясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.

Зейін бұзылысы

Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті түрінде активті және пассивті болуы мүмкін. Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды. Зейіннің жиі бұзылыстары қажуы, алаңдаушылығы және патологиялық қадалу болып табылады.

Зейін қажуы астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді, ақыл қызметі төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі тежелудің жетіспеушілігі жатыр.

Зейін алаңдаушылығы маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектке шоғырлануы, бір орында отыру мүмкін болмайды.

Зейіннің патологиялық қадалуы депресивті ауруларда байқалады. Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ғана тақырып қайталанады - өз күйінен шығар жол жоқтай.

Уестік бұзылысы

Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюімен немесе әлсіреуімен, сапалық бұзылысы - бұрмаланумен көрініс береді.

Барлық әуестіктер мен тілектердің күшеюі, тежеусізденуі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайларға тән: науқас мешкей, сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірдей бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты соңына дейін аяқтамайды, тез тастап кетеді, кеңпейілді болады; таңдаусыз жыныстық байланысқа түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия (полифагия) – семіздікке алып келетін тәбеттің патологиялық күшеюі; полидипсия – басылмайтын шөл; гиперсексуальдылық - жыныстық инстинкттің күшеюі бақыланады.

Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы (абулия) депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады (анорексия), сексуальды сезім басылады. Тіпті күшті өзін-өзі сақтандыру инстикті тежеледі, нәтижесінде суицидальды қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) жағдайында көрініс береді.

Тамақтан бас тарту (анорексия) - психикалық аурулар кезіндегі жиі құбылыс. Тамақтан бас тарту себептері галлюциянациялар (тиым салушы, немесе науқас тағамнан жағымсыз иіс сезеді), уландыру, өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өзін күнахар, тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды), ипохондриялық (науқас тамақ сіңбей, қуысқа түсіп жатқанына сенімді) сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы мүмкін. Жүйкелік анорексия атауы мәлім, толып кету алдындағы қорқынышқа байланысты арықтауға ұмтылу. Осы жағдайлардың барлығында тамақтану рефлексі мен өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіреген. Осылайша, анорексия біріншілік, яғни тамаққа әуестік бұзылысымен байланысты, және екіншілік, психикалық қызметтің басқа сферасының патологиясы әсерінен болады. Тамақтан бас тартқан науқастарды шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, өйткені бұл жағдайлар өмірге қауіп төндіреді.

Суицидальды тенденциялар (өзіне қол жұмсау тақырыбындағы ойлар, сөздер, әрекеттер) галлюцинациялармен (дауыстардың өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық беруі), соңына түсу сандырағымен (науқас соңына түсушілерден қорғана мерт болады), өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өмір сүруге құқым жоқ), қызғаныш (сүйген адамын, артынан өзіне өлтіреді), ипохондриялық сандырақпен (қауіпті, дауасы жоқ аурудан құтылу үшін), айнала фрагментарлы және біржақты болуымен көрінетін сана күңгірттенуімен байланысты болуы мүмкін. Кең өрісті өзіне қол жұмсау жағдайлары мәлім, бұл кезде науқас өзін өлтіру алдында жақын туыстарын өлтіреді, науқас оларды алдағы қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан құтқарып жатқандай сезімде болады. Суицидальды тенденцияның күшеюі науқасты ауруханаға шұғыл жатқызуға көрсеткіш болып табылады. Ауруханаға жатқанға дейін науқас қатаң қадағалауды қажет етеді.

Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды – нәжіс (капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, садизм, мазохизм және т.б.) құштарлықпен көрінеді. Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.

Импульсивті құбылыс- жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс, ол алдын-ала ой сүзгісінен өткізілмейді және мотивтер күресінсіз іске асырылады. Импульсивті әуестіктерге клептоманияны - өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлықты жатқызуға болады. Импульсивті әрекет аяқталған соң ұрланған зат иесіне қайтарылып беріледі, немесе лақтырылып тастайды. Пиромания - ешқандайзұлым ойсыз өрт шығаруға құштарлық. Дромомания - қаңғыруға құштарлық. Дипсомания – салынып ішуге алып келетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болатын күшті құштарлық. әуестік қалай кенет басталса, солай аяқталады. Салынып ішулер араларындағы интервалдарда ішімдікке әуестік болмайды, ауру салауатты өмір салтын ұстанады. Импульсивті әрекеттер мотивсіз суицидальды әрекеттер, айналасындағыларға кенеттен шабуылдармен және басқа мәнсіз әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін.

Амбиваленттілік – қарама - қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән. Қалыпта адам өзінің заттар мен құбылыстарға қатынасын сезімдер мен мотивтер күресі арқылы анықтайды. Патологиялық жағдайда көп ішінен негізгісін таңдау қабілеті бұзылады, науқас қандай-да бір шешімге келе алмайды, бұл жүріс-тұрыстан көрініс береді (амбитенденттілік).

Наши рекомендации