Хх ғасырдың психоанализі
Саяси психологияның дамуына З. Фрейдтың психоаналитикалық теориясы, кейіннен оның шәкіртері де әсерін тигізді. Адамның әрекетіне психоаналитикалық көзқарасы бойынша, көптеген адамдардың әрекеттері инстинктивті мақсаттар (Эрос және Танатас), және адам эпосы (Мен), Супер-Эго (жоғары Мен) З. Фрейд бойынша құрылыстың негізінен компоненттері арасындағы күрес нәтижесі. Г. Лебон және басқа да оның «топтық жанға» замандастарының пікірлерімен әсерімен З. Фрейд жеке тұлға мен топтың саяси әрекетінің проблемасында психоанализ тұрғысынан келді.
З. Фрейд әлеуметтік, және жеке алғанда, саяси өмірдегі топтың феноменін «қарапайым жан әрекетіне регресс жағдайы деп аталады» және мұнда адамдар ежелгі қарабайыр ордаға тән психологиялық сипаттамалар кенеттен оянады. Адам топта гипноз жағдайында болады, гипнозда оның психикасының түбінен қарабайыр Ид («Ол») шығады және ол супер – эгоның сананы бақылаумен басқармайтын және олардың арасында тепе-теңдікте болатын, өте нәзік Эгомен ұсталынбайтын. Осы жағдайда саналы жеке тұлғаны жоғалуы, ойлар мен сезімдердің басқа, бірақ басқа адамдармен бірдей бағытта қайтаориентация дамиды, рухани сфераның эффективтілігі басым болады, бұл нәтижесінде кенеттен ойларды тез арада орындауға жоғары бейімділігін құрайды.
Топтардың барлық типтерінде, З. Фрейд бойынша, басты қосылыс тізбегі ретінде «ұжымдық либидо» болады, өз негізінде және тірегінде индивидуалды либидо жатады, ал мұның негізін адамның сексуалды энергиясың құрайды. Мысал ретінде, З. Фрейд екі жасанды жоғары ұйымдасқан топты қарастырды: шіркеу және әскер. Олардың әрқайсысында анық «либидо факторы» байқалады, яғни, бірінші жағдайда, Христосқа сүйіспеншілік және әскер болмысына сүйіспеншілік, екінші жағдайда, «Жасанды топтарда әрбір адам бір жағынан көсеммен, екінші жағынан – басқа топтық тұлғалармен либидозды байланысқан», олар идеалды «Менді» өзінікі қылып бір ғана субъектіні таңдады және осының салдарынан, өзінің «Мен» бейнесімен идентификациядан өткендерге». З. Фрейд жазған: «Егер көсеммен байланыс үзілсе, топтық тұлғалар арасындағы өзара байланыстар үзіледі және топ ыдырайды». Осылайша, ақырында көшбасшының жалпы идеализациясы топ мүшелерінің дәл осындай өзін идентификациялануына және басқа тұлғалармен идентификациясына әкеледі.
«Топ көсемі – оның арғы атасы, оған бәрі қорқыныштан бағынады. Топ оны шектеусіз билік басқаруын қалайды, тынымсыз авторитетті іздейді... Көсем – гипнотизер: өз тәсілдерін қолданылып, субъектіде оның архаикалық тұрасының бөлігін аятады, бұл ата-анаға қатысты да байқалған – адамның қатысты да байқалған – адамның қарабайыр орда – арғы атаға қатынасы».
Адамның психологиялық табиғатын З. Фрейд қарастырғанда, мынаған назарын аударған, жеке тұлға мен қоғамның мақсаттары негізінде ешқашан бірдей болмайды. Эростың мақсаты (адамдағы негізгі бастаудың бірі; оның арқасында өркениет дамиды) «жалғыз адам индивидтерінің қосылуы, ал сосын отбасының, нәсілдің, халықтың, ұлттық бір ұлы бірлікке, адамзат бірлігіне қосылу табылады, онда адамдарды либиданальды қатынастар біріктіреді». Бірақ адамда, З. Фрейд бойынша, басқа да бастау бар – Танатос (гректің «өлім құдайы» атымен). Бұның мағынасы, табиғи агрессивтілік, деструктивтілік және тұлғалардың жаушылығы өркениеттің туындауына қарсы тұрады, артынан дезинтеграцияны әкеледі, өйткені, «инстинктивті талпыныс рационалдық қызығушыларды» күшті өлім инстинктінің мүмкіндігінше, психиканың ішкі құрылымында Эрос күреседі. Өркениеттің дамуына қоғамның адамдағы агрессивті инстинктерін бақылағаны және керек болса, қуғынға ұшыратқаны қажет, оларды «Супер-Эго» формасында интернализациялап және оларды «Эгоға» бағыттап, бұл әрине, кейбір «сынуды», адам психикасындағы деструкцияны туғызады.
Адамның басқаларға және өзіне деструктивтілігі, садизм және махоизм арқылы және де, басқасы – соңында тек бір ғана деструктивті мотивациялық құрылымның альтернативті көріністері арқылы байқалады. Сыртқы рұқсаттың болмауы невроздардың (басылған либидозды инстинктер) және кінә сезіміне әкеледі. Бұл – адамзаттың өркениет үшін төлемі және бұл саясатта көрінеді. Сондықтан психоанализдің атасі кезінде А. Энштейнге басталған екінші дүниежүзілік соғысқа қарсы болған ғалымдардың өтінішіне қол қоюға сұранысын қанағаттандырмады, өйткені нық сенімді еді: Танатас- адам табиғатында, ол адамдарды соғысқа жетелейді және бұнымен күресу мағынасыз.
З. Фрейд саяси психологияға тағы бір ірі жаңалық енгізді: ол жаңа жанр – психобиографияны (психоөмірбаянды) жасады, негіз ретінде АҚШ Президенті Вудро Вильсонның өмірін алып, детальді психоаналитикалық зерттеуге ұшыратты. Басынан Фрейд бұл Президентке өзінің антипатиясын жасырған жоқ, оның ойынша, В. Вильсонның «әлемді зұлымдықтан босатамын» деген ойы тек фанатиктің адамдарға әкелетін тағы бір қауіптің бір дәлелі еді. Зерттеу саяси – психологиялық инфонтилизмнің мәселесін және оның ұстаушыға, барлық қоғамға жалпы алғанда, және де саяси психологияның әсерін, кейін саяси психологияның жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Психоанализ психотарих жанрының негіздерінде салды, бұл бағыт сол уақыттан бастап, психоаналитикалық модельдерді тарихи үрдістердің динамикасын сипаттауға тырысады. Психотарихи зерттеулер, негізінен, жеке индивидтерде тоқталады және психобиографиялар түріне енеді, бірақ кейде бұл бір кең нәрсе – «кезең биографиясының» түріндей. Бір жағынан, психоанализ шын тарихпен өте келісімді болды, өйткені қосарланған, бірдей мақсаты бар – әрбір құбылыста ерекшені іздеу. Басқа жағынан, олар парадоксалды орынсыз болып шықты, өйткені, психоанализ өзі өзімен тым күшті «проскриптивті компоненті» бар, ал ол тарихшының шешімдерін аздап қате шығаруы мүмкін, дәл сол кезде тарихтың өз мақсаты тек қана өткен оқиғалардың бейнеленуі болып табылады. Соған қарамастан, психотарих та, психобиография да батыс саяси психологиясына тез бейімделді. Бірақ, бір сәтті ескерген жөн, «адами фактордың рөлінің оң бағалау мүмкіндіктеріне қарағанда, тарихтың ортодоксалды психоаналитикалық түсініктемесі өткен шындықтың белгілі қате ұғынуына, оның стереотиптендірілуіне әкелуі мүмкін. Осындай барлық жағдайларда, нәтиже бірдей болады, әйтсе де, екі түрлі типтерде қатысады. Немесе бұл субъектінің саяси әрекетінің барлық мотивтерінің бір ғана себеп пен модельге тырысуға жетелейді (эдип комплексі сияқты) – онда бұл психотарихтың психотарихқа айналуы болады. Осындай редукционизм қайтанланған шешімдері бар кейбір зерттеулерге тән: мысалы, «Наполеон Ватерлоу маңында шайқасты, тұмаудан ауырып, жеңілді», «Варфоломей түніндегі гугеноттардың қырылуы король Кралдың ішінің күрт ауыруынан болды» деген сияқты және т.б..