Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді

Театр сүйер қауым үшін қуанышты хабарымыз бар. Таяуда Алматы қаласында атақты "MAMMA MIA" хит-мюзиклі қойылатын болады. Жаңа бағытта жұмыс жасайтын қазақстандық "Алматы - Music" театры сіздерге бұрын соңды болмаған қойылым тарту етпекші. Аталған мюзикл АББА тобының22 өлеңіне негізделген.

Мюзиклдың әлемдік премьерасы 1999 жылы Лондонда өткен екен. "MAMMA MIA" сонан бері әлемнің 140 қаласында қойылып, оны 27 000 000 адам тамашалаған. Ал қазір күн сайын 18 000 адам қойылымды тамашалауға келіп тұрады. Сіздің де осындай талғампаз көрерменнің қатарына қосылуға мүмкіндігіңіз бар. Жіберіп алмаңыз!

"МАММА МIA" мюзиклінен көріністер:

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

«Алматы-Music» ұжымы 2014 жылдың 9-10 сәуірінде Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрында ағылшын драматургы Кэтрин Джонсонның аты әлемге әйгілі шведтік «АВВА» квартетінің таңдаулы композициялары негізінде жазған «Мamma mia» атты мюзиклін қазақшалап қойған болатын.

Театрдың дебюты болуына қарамастан көрермендердің ыстық ықыласына бөленген бұл мюзиклдің орысша нұсқасы халықтың сұрауы бойынша 2014 жылдың 13-14 желтоқсанында «Қазақконцерт» сахнасында көрсетіліп, көрген жұрттың көңіліне жақсы әсер қалдырды.

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Алғашқы тыныс, алғашқы шырыл. Дүниеге адам келді! Сәби өмірінің алғашқы минуттары, бір-біріне өте ұқсас келеді. Десек те, олардың әрқайсысының алдарынан әртүрлі өмір соқпақтары күтіп тұратыны белгілі. Негізінде, сәби алғашқы қадамын анасы мен әкесінің немесе жақын туысының жанында жүріп бастайды. Өкінішке орай, кейбір сәбилер бар, олардың ата-аналарын не алғашқы қадамдары, не алғашқы айтқан сөздері, тіпті, бұл өмірде бар-жоғы да қызықтырмайды. Олар, туған ата-анасы тастап кеткен – Сәбилер. Немесе, оданда зоры...

Безбүйрек қоғам. Жауапсыз ана. Тастанды бала. Көліктің терезесінен лақтырылған бала, коробкаға салып трассаға тастап кеткен бала, тағы сол сияқты жантүршігерлік оқиғалар жайлы, «Алматы-Music» театрының «Жазығым не менің, анашым?» атты спектаклінен көре аласыздар.

Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru Алматы - 2013 ж. Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді - student2.ru

Ахмет Өмірзақ. «Түркістан»газеті. № 23. 15 Маусым, 2015ж.

«Алматы-Music» театры «Жазығым не менің, Мама?» атты тағы бір драмалық мюзиклын көрермен назарына ұсынды. Жанры «сахналық катарсис» деп белгіленген бұл драмалық мюзиклдың көтерген мәселесі қазіргі замандағы ең өзекті тақырыптардың бірі – балалар өміріндегі қиындықтар.

Қойылымның балалар алдындағы ата-ана жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін ашуға жасаған талпыныс өте сәтті шешімін тапқан. Бірнеше монологтан құралып, әр монолог әнмен қоса өріліп отыратын бұл сахналық туынды біртұтас дүниеге айналған. Әр монолог сайын балалар өміріндегі қасірет дәптерінің бір беті ашылып, адам баласының қолымен жасалатын қатыгездіктің шегі жоқтай көрінеді.

«Жазығым не менің, Мама?» - атты, тың пішіндегі жаңа қойылымды өмірге әкелген театрдың бұл драмалық-мюзиклі біз білмейтін сәби-дүние қасіреттерін көз алдымызға әкелу арқылы үнемі біздің назарымызда болуы тиіс мәселені қоғам талқысына ұсынып отыр.

Айдос Жұқанұлы.

"Қазақконцертте "Мюзикл" болады" дегенге көңілсіз бірдеңе шығар деп ойлағам. Сахналық катарсис "Жазығым не меніңМама?" деп аталады. Шақырған соң көңіліне бола бардым. Есінеп-құсынап отырғам. Басталды. Жап-жас балалар. Сөзбен, әуенмен баурап әкетті. Ішіне еніп кеттім. Құлақтан кіріп, бойды ғана алған жоқ. Жүрегіңді билеп алды. Көзімнен жас шығармауға барынша тырыстым. Қоғамдағы күрделі мәселені осылай жүреккке жеткізіп, қара сөзбен мәнерлеп те, әуенмен әндетіп те айтуға болады екен ғой! Бұл мәселе туралы керемет мақала жазсаң да, оқырманға былай әсер етпес.

Әншілердің билетін көңіліне бола өткізіп беретін мектеп директорлары мен факультет декандарына өтініш айтқым келіп отыр.

ЖОО студенттерін, соның ішінде қыздарды, әсіресе 1-2 курс қыздарын, мектептің 9-11 класс оқушыларын алып барыңыздаршы. Бой жетіп қалған қыздары бар ата-аналарға да осы өтінішті айтамын. Өкінбейсіздер! Бәріңізге үлкен сабақ болады!

Камила Әкімбекқызы. «ЗАҢ» газеті. № 154. 16 қазан 2015ж.

Наши рекомендации