МӨж 2. отаршылдыҚ кезеҢдегі поэзияда елдікті саҚтау идеясыныҢ кӨрініс табуы
Тапсырма 1. «Қазақ өлеңіндегі фатализм» тақырыбына слайд жасау, талдау жұмыстарын жүргізу, қорғау.
Әдебиеттер: Әбдікәрімов Ш. Байқоңыр: Жыр жинағы. - Алматы: Шартарап, 1998. - 72 б., Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы: Ғылым, 1976. - 240 б. ,Абылқасымов Б. Телқоңыр: Қазақгың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры. - Алматы: Атамүра, 1993.- 160 б., Базен Л. Человек и понятие у истории тюрков Центральной Азии в ҮІІІ в.//3арубежная тюркология. - М.: Наука, 1986. -350-355., Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. - Ана тілі, 1997. - 112 б., Күржіманұлы Қ. Топан. (Құр: Т.Сыдиықов). - Алматы: Жалын, 1991. - 176 б.
Тапсырма 2. «Қазақ өлеңіндегі эсхатологизм» тақырыбы бойынша есте сақтау картасын(ментальные карты) құрастыру
Лгі №1. Есте сақтау картасы
Лгі №2. Есте сақтау картасы
Әдебиеттер: Әбдікәрімов Ш. Байқоңыр: Жыр жинағы. - Алматы: Шартарап, 1998. - 72 б., Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы: Ғылым, 1976. - 240 б. ,Абылқасымов Б. Телқоңыр: Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры. - Алматы: Атамұра, 1993.- 160 б., Базен Л. Человек и понятие у истории тюрков Центральной
Азии в ҮІІІ в.//3арубежная тюркология. - М.: Наука, 1986. -350-355., Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. - Ана тілі, 1997. - 112 б., Күржіманұлы Қ. Топан. (Құр: Т.Сыдиықов). - Алматы: Жалын, 1991. - 176 б.
Тапсырма 3. «Абайдың қазағы» тақырыбына эссе жазу
Әдебиеттегі эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізіне жүздіретін, таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссеге батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпты ашуда теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Әдебиеттер: Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. - Алматы: Жазушы, 1995. - 336 б., Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен талдаулар. Алматы Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. - Алматы: Жазушы, 1985. - 402 б.
МӨЖ 3. XIX ЖӘНЕ XX ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ