Арым- қатынастың ерекшеліктері

Эмоционалдық және тілдік қарым- қатынас. Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен тең дәрежеде қары- қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым- қатынас құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына елітеу арқылы баланың табиғи қарым- қатынас жасау процесі өзгереді.

Идентификация және даралану механикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде бала «Мен» концепциасын жүзеге асыру үшін, адамдармен қарым- қатынас жасауда идентификацияны және даралануды пайдаланады.

Күнделікті үзбей идентификация мен даралану механизмдерін пайдалану балаларда бейсаналы түрде қарым- қатынас техникасына айналады. Бұл механизмдер негізінен ашық әлеуметтік өзара іс- әрекетке қызмет етеді.

Баланың құрдастарының тобында эмоционалдық өзін- өзі сезінуі. Баланың құрдастарымен қарым- қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына қатты әсер етеді. Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым- қатынас стиліне байланысты. Құрдастарымен қарым- қатынас- әлеуметтік қарым- қатынастың қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым- қатынас жоғары эмоционалдық күшті талап етеді.

Баланың құрдастарымен өзара іс- әрекеті- бұл тек қоршаған ортаны бірлесіп танудағы мүмкіндік емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл, қыздармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда құрдастарымен қарым- қатынас жасауға қажеттілік туады. Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында, яғни бала үнемі басқа балаларымен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады.

Қарым- қатынас және баланың мектепке дайындығы.Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым – қатынас негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде таныстармен құрдастармен қарым – қатынавста жауапкершілік іс - әркетте тәжіребе жинақтайды.

Алты – жеті жастағы бала жақсы таныс құрдастарымен қарым – қатынаста дұрыс қарым – қатына тәсілін таңдайды, өзіндік позициясын жауапкершілік сезінеді.

Бала ересектің бақылауына және дұрыс бағалауына мұқтаж.Дамудың бірінші этапы баланың моральдық мінез - құлқының дамуы. Ересек адам баламен сенімді, жағымды тонда оның өзін дұрыс ұстай алатынын айту керек.

Ересектермен және құрдастармен қарым – қатынасқа түскенде бала мінез – құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік алады.Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез – құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер - қарым – қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және балалармен қарым – қатынастағы мінез – құлық жүйелерінің әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан өтеді.

Ақыл - ойдың дамуы

Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу.

Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.

Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді.

Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана - тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді.

Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады. Мектепке барар алдында бала тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді. Тілдің мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде пайда болады.

Тіл функциясының дамуы. Коммуникативті функция - бұл мектепке дейінгі кезеңде дамитын қарым – қатынас функциясы болып табылады. Ерте кезден бастап бала оның қоғаммен араласу үшін қолдана бастайды. Сол сәтте өзіне жақын адамдармен араласа бастайды. Қарым –қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың тікелей қатысуымен жүреді. Ситуативтік байланыс әсіресе өзіммен бірге қасында отырған адамға жақын және түсінікті болып келеді. Ал бірақ түсінбеген адамға бұл әрине түсініксіз болып табылады. Ситуативтілік баланың тілімен әр түрлі болып табылады. Айналадағы қоғаммен арласа отырып және айналадағы дүниеге деген қызығушылықтан балада контекстік байланыс пайда бола бастайды. Контекстік байланыс ситуацияны толықтай бейнелей айлады

Жоспарланған функция. Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі алдын ала жоспарланған және оның практикалық мінез - құлқына айналады. Осыған сәйкес екінші функциялық сөз қалыптасады. Бұл функцияны орындау баланың ойлау қабілетімен бірге жүреді. Баланың ойлау қабілеті оның балалық шағында практикалық іс - әрекетімен байланысты. өзіне байланысты айтылған және іс -әрекет кезінде пайда болатын байланыс эгоцентрикалық байланыс деп аталады. Мектепке дейінгі кезеңде өзгеріп отырады. Онда практикалық іс- әрекетке дейін ой пайда болыды. Жоғарғы мектеке кезеңге келгенде бұл байланыс өте жиі өте байқалады. Гегер бала осы кезеңде ешқандай адаммен араласпаса, онда ор жұмысты ішінен орындайды. Эгоцентрикалық байланыс ішкі және сыртқы байланыстың аралық түрі болып табылады.

Экспрессивтік функция -жоғарғы деңгейдегіжануарларға арналған ең көне гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып келеді.

Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып, бала заттың формасын, түрін түсін, салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып, дыбыстың жоғарылығын, әуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде пайда болған Табиғатта көптеген әр түрлі түстер мен формалар бар солардың негізінде адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.

. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы

Жоспары:

1. Сезімдердің қалыптасуы.

2. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы. (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері).

3. Бала дамуындағы ойынның рөлі (Штерн, Адлер, Д.Эльконин) Ойынның басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі.

4. Баланың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.

Балада алғашқы жылдары сөздің және процестердің дамуы жүреді. Дәл осы кезеңде балада тілдің құбылыстары, өзіндік ортақ лингвистикалық мүмкіндіктер пайда бола бастайды, бала шындықтағы бейне жүйесіне ене бастайды. Балалық шақта тілдің дамуы екі негізгі бағыта жүреді: біріншіден, интенсивті түрде сөздік қор жинақталады және қоршаған ортада адамдар пайдаланатын, сөйлейтін тілдің морфологиялық жүйесі меңгеріледі; екіншіден, тіл танымдық процестердің құрылымын қамтамасыз етеді (зейін, қабылдау, ес, елес, ой).

Ауызша және жазбаша тіл.Осыған сай сөздік пен грамматикалық тілдің құрылымының дамуы және танымдық процестер өмір жағдайы мен тәрбиеге тәуелді болады. Бұл жерде индивидуалдық вариациялар өте жоғары, әсіресе ол тілдің дамуында өте жоғары болып келеді. Енді баланың тілдік пен танымдық процестеріндегі анализге тоқталайық.

Ойлаудың дамуы. Психикалық денсаулығы жақсы баланың танымдық белсенділігі болады. Баланың әр нәрсеге қызығушылығы оның айналадағы заттарды білуге негізделеді.

Қарым-қатынаста белсенді болған сайын, бала сұрақтарды да көп қоя бастайды. Бала барлық затқа қызығушылық тудыруы мүмкін: мұхит қандай тереңдікте болуы мүмкін және ондағы жануарлар қалай тыныс алады? қанша мың шақырымда жер шары орналасқан? неге таудағы қар ерімейді және төменгі жағы еріп кеткен?

Бала білімге құмар, ал білімді игеру көптеген «неге?», «қалай?», «не себептен?» деген сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол сұраққа нақты жауап табуы қажет. Қандай да бір тапсырмалар туындағанда бала оны өзі шеше алады. Бейнелі түрде ойлау – бастауыш мектеп кезеңіндегі ойлаудың ең негізгі түрі болып табылады, әрине, бала логикалық түрде ойлай алады.

Бастауыш мектепте баланың ойлау қабілеті эгоцетризммен ерекшеленеді.

Ж. Пиаже көрсеткендей, баланың ойлау қабілеті алты-жеті жасында орталықпен немесе айналадағы заттардың қабылдауымен жүреді. Мысаы, балаға ұзындықтары әр түрлі үш таудың суретін көрсетіп, оған өзіне жақын ,таныс таудың суретін тап деп айтса, ол бұл тапсырманы өте оңай шешеді. Ж. Пиаженің шешіміне сәйкес, балалық шақтың ойлау қабілетінің құрылымы бұл – «орталық» болып табылады.

Зейін, ес, қиялдың дамуы. Оқу іс-әрекеті жоғары психикалық функциясының – зейін, ес, қиялдың дамуын талап етеді. Зейін, ес, қиял бастауыш сынып оқушысында дербестікке ие болады – бала оқу іс-әрекетінде көңіл бөлуге, көрген немесе естігенді есте сақтауға бұрын қабылаған нәрсені көз алдына елестетуге, арнайы іс-әрекеттерді меңгеруге үйретеді. Егер мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеті еркін дамудың сандық өзгерістерге мүмкіндік туғызса, бастауыш мектеп жасында оқу іс-әрекеті баладан арнайы әрекеттерді меңгеруді талап етеді. Бірақ алты-жеті, он-он бір жастағы балада танымдық процестер бала қатты ағынмен жағдайда немесе өзіндік қозумен арнайы ұйымдастырғанда туындайды. Әдеттегі жағдайда балаға жоғары адамзаттық психикасы көлемінде өзінің психикалық функциясын ұйымдастыру қиынға соғады.

Зейінің дамуы. Баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортаны тексеруге, оның зейінін қызығушылығы басылғанша зерттелетін объектіге бағытталып ұйымдастырылады. Алты-жеті жастағы бала еш алаңдамай екі-үш сағат ойнай алады. Тура осылай өнімді іс-әрекетпен де (сурет салу, әр түрлі заттарды жасау) ұзақ уақыт айналыса алады. Бірақ зейінді жұмылдырудың мұндай нәтижелері – баланың айналысатын ісіне қызығушылық. Егер бала өзіне ұнамайтын іспен айналысса, тез шаршайды, өзін бақытсыз сезінеді.

Ересек бааның зейінін ауызша нұсқалардың көмегімен ұйымдастыра алады. Оларға орындалуы тиіс іс-әрекетті есіне салып, іс-әрекет тәсілдерін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушысы белгілі дәрежеде өз іс-әрекетін жоспарлай алады. Жоспарлау балалардың зейінін ұйымдастырады.

Бастауыш сынып балалары өз мінез-құлқын жүйелей алады. Балаларға бірдей және тартымды емес іс-әрекетке немесе қызықты іс-әрекетке бағытталу қиынға соғады.

Бастауыш сынып жасындағы балалар зейінін интеллектулдық тапсырмаларға бағыттай алады, бірақ бұл өте үлкен күш-жігер мен мотивацияның жоғары ұйымдастырылуын талап етеді.

Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы кезеңде ес Осы кезеңде ес – психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Шын мәнінде мектепке дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді. Бала маңызды деген оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамға бүкіл өміріне жетерліктей естеліктер қалдырады.

Есте сақтау сәтті ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала әрекетін жүзеге асыу мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте сақтайды. Бала есте сақтау тәсілдерін санлы түрде пайдалана алады. Ол есте сақтау керек затты қайталап, түсінуге тырысады.

Мектепте балаа өз еркімен сақтау керек қажеттілігі талабы тұрады. Оқу іс-әрекеті баладан есте сақтауды міндетті түрде талап етеді. Мұғалім балаға қандай жолмен есте сақтауға болатыны туралы нұсқау береді. Балалармен бірге ол материалдың көлемі мен мазмұнын талқылайды, оны бөлімдерге бөліп, есте сақтау процесін бақылауға үйретеді. Түсіну есте сақтаудың басты шарты – мұғалім бала зейінін түсіну қажеттілігіне бағыттайды, есте сақтау керектігін балаға түсінуді үйретеді, есте сақтау стратегиясының мотивациясын: білімді, дағдыларды игеруге үйретеді.

Бала оқу іс-әрекетінде мағыналы еске арқа сүйей алады. Есте қалдыру мен оқу материалын қайта жаңғырту балаға психикалық өзгерістерін рефлексиялауға болады.

Қиялдың дамуы. Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі ситуацияларды құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы, қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.

Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі ситуацияларды елестетуді ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы құралдармен қуаттануды талап етеді. Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер т.б. заттар болуы мүмкін.

Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы дұрыс болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан кейін сұйықтың сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.

Мұндай зерттеулерден Ж. Пиаже мынадай қорытынды жасады: алдымен қиял статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына байланысты бала алғыр және жігерлі болады.

Наши рекомендации