Тергеу бөлімінің бастығының іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргiзу

Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстықтық- процестік дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу формасында жүзеге асады.

Тергеу іс-әрекеттері – бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық- процестік заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін процестік әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.

Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай белгілермен сипатталады:

- олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін танымдық сипатқа ие болады;

- алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана тергеу әрекеттерін жүргізу;

- бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау, қорыту, дәлелдемелерді алу);

- Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:

- дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс-әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.);

- алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық материалдармен танысу құқығын түсіндіру.

Керек жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеудің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.

Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін ҚР Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды

Ескерте кететін бір жайт, туергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндіруге жол берiлму тиіс.i.

Адамды күдікті деп тану туралы жариялау

ҚПК 202 бабына сәкес адамның қылмыс жасағанын көрсететін, ҚПК 128 бабы 2 бөл-ің 1,2 тармақтарында көзделген кұдіктіні ұстау негідері) болған кезде, егер бұл ретте оған процестік ұстап алуды қолданудың қажеттігі болмаса, сондай-ақ ұстап алынған адамға ҚПК-тің 139 бабына орай күдіктінің іс-әрекетін саралау тұралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолданған кезде оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарады.

Тергеші адамды күдікті деп тану туралы қаулыда:

1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кімнің жасағаны; күдікті деп танылатын адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері

2) адамға қандай қылмы жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс.

Атап кету керек, кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде адвокатты, прокурорды, тергеушіні, анықтаушыны, тергеу бөлімінің бастығын, анықтау органының бастығын күдікті деп тану туралы қаулыны прокуратура басшысы бекітеді

Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға жарияланады. Сотқа дейінгі тергеруді жүзеге асыратын анықтаушы, тергеуші өзіне қатысты күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдіктінің құқықтарын түсіндіруге, бұл туралы қаулыда белгі жасап және оған сол қаулының көшірмесін табыс етуі керек. {39}

Тергеуші адамды күдікті деп тану туралы қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберуі тиісі.

Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау.

Анықтаушы, тергеуші ҚПК 203-бабына сәйкес адамның қылмыс жасағаны туралы күдікті растайтын оған қатысты жеткілікті дәлелдемелер болған кезде прокурор, Сотқа дейінгі тергеуді күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы уәжді қаулы шығарады. Саралау туралы қаулы қисынды мерзімде шығарылуға тиіс.

Прокурор, анықтауші, тергеші сотқа дейінгі тергеуді күдіктіге оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланатын күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушы шақыру не оның қатысуын қамтамасыз ету туралы өтіну құқығын түсіндіруі керек.

ҚПК 204-бап сәкес анықтаушы, тергеуші күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шағаралы, қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберілуге тиісті.

ҚПК-ің 206-бабына сәйкес күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.

Егер күдікті қауылыға қол қоюдан бас тартқан жағдайда тергеші қаулыны жариялау кезінде қатысқан қорғаушы күдіктіге қаулы мәтінінің жария етілгенін куәландырады, және күдіктіге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының көшiрмесi береді..

Куә мен жәбірленушіден жауап алу.

Куә мен жәбірленушіден жауап алу – алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.

Тергеші, куәны, жәбiрленушiні, күдіктiні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырады немесе басқа да байланыс құралдарын қолдану арқылы (телеграмма, радиограмма, телефонограмма) шақырылады. Бұл хабарлама оның қолына қолхат арқылы тапсырылады. Шақыру қағазында кім және кім ретінде шақырылатыны, кімге және қандай мекен-жайға шақырылатыны, жауап беруге келу уақыты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда анықтау және тергеу органдарының қолданатын шаралары көрсетіледі.

Күзетпен ұсталып отырған күдіктi жауап алуға күзетпен ұстау тергеу изоляторының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі. Жауап алуға шақырылатын адам дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін не оған ҚПК-те көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін

Кәмелетке толмаған адам жауап алуға оның заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган арқылы не оның жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілігі арқылы шақырыуы тиіс.

Тергеуші жауап алу тергеп-тексеру жүргізілген жерде, күндiзгi уақытта жүргiзiледi,. егер оны қажет деп тапса, жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзугеболады. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан, ал бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Атап кету керек, кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргiзiлмеу керек..

Тергеуші жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталйды. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылады. Айтып кету керек, жауп алғанда жетелеушi сұрақтар қоюға болмайды. Айтвп кету керек, егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәлiметтермен байланысты болса, куән, жәбiрленушi, күдікт құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар өтiнiшхаты бойынша немесе тергеуші олардың келiсiмiмен хаттамаға қоса тiгіледі.

Жауап алу хаттамасы.

ҚПК -ің 212-бабынасәкес жауап алудың барысы мен нәтижелерi сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетiледi.Хаттамада айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Бірінші жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, оның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, бiлiмi; отбасылық жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрi немесе лауазымы, тұрғылықты жерi, сондай-ақ осы ҚПК-ің 199 бабы 4 бқлігінің . қағидаларына сәйкес істің мән-жайлары бойынша қажет болуы мүмкін басқа да мәлiметтер көрсетiледi.

Егер жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тергеуші бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзiнің қолымен куәландырады.

Қашықтықтан жауап алу барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан тікелей қабылдауға болады.

Атап кету керек, кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында куанің, жәбірленүшінің, кұдіктінің өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.

Жауаптары қарама-қарсы болған бұрын жауап алынған екі жауап берушілер үшін жүргізіледі. Егер бұрын жауап алынған екі адамның көрсетпелерінде елеулі қайшылықтар болса, тергеуші осы қайшылықтардың себебін анықтау үшін оларды беттестіреді. .Беттестіру жолымен кез келген жағдайларға байланысты куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден жауап алынуы мүмкін. Беттестірудің мақсаты – қарама-қайшылықты жою.

Беттестірудің хаттамасының әрбір бетіне және өзінің әрбір жауабына қатысушылар қол қояды. Бұл хаттама ҚІЖК 199 бабында көзделген жауап алу хаттамасының ережесі бойынша толтырылады және ресмиленеді.

Қарап-тексеру – бұл қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз не хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды қарап- тексеру жүргізеде. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi

Қарап -тексеруді жүргізу қылмыс болған жерді, оқиғасын, мән-жайын айқындау, заттай дәлелдемелерді табу және алу, сондай-ақ іске қатысты басқа да жағдайларды анықтау мақсатын көздейді.

ҚПК -ің 220-бапбына сәкес қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары көзделген.. Тергеуші жасалған қылмыс туралы арыз немесе хабар ала отырып, қарап- тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылуға болмайтын жағдайда оқиға орнына дереу келіп қарап-тексеру жүргiзуге міндетті.

Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, тұрғын үй-жайды куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Анықтау органы қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзу керек.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде жерді немесе үй-жайды тінту, шығарып алу, тергеу эксперименті немесе басқа тергеу іс-әрекеті кезінде алынған не тергушінің талап етуі бойынша ұйымдар мен азаматтар берген заттар тексреуге жатады. Аталған заттар тексерілгеннен кейін заттай дәлелдер деп танылуы мүмкін.

Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.

Куәландыру. Мәніне қарай куәландыру тексерудің бір түрі болып саналады, бірақ тірі адамның денесін куәландыру. Куәландыру – адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін куәға, айыпталушыға, күдіктіге, жәбірленушіге куәландыру жүргізуден тұратын тергеу әрекеті.куәландыру жүргізудің нақты негіздемесі қарап – тексеру кезінде адам денесінде ерекше белгілер (тыртық, туғаннан пайда болған мең, татуировка), дене жарақатынан болған іздер (жаралану, ісік дақтар, көгеру) табылуына дәлелді негіздер болуы немесе адамның нашақорлық не мас күйінде табылуына негіз болатын негіздердің болуы. (ҚІПК 223 бап).

Куәландырудың заңды негіздемесі – тергеушінің куәландыру жүргізу туралы қаулы шығаруы. Осы қаулымен міндетті түрде жәбірленуші, айыпталушы, күдікті, куә танысуы керек. Куә және жәбірленуші куәландыру жүргізуден бас тартқан жағдайда тергеуші прокурор санкциясымен куәландыруды мәжбүрлеу шаралары арқылы жүргізеді. 223 баптың 2 бөліміне сәйкес куәландыру сот сараптамасын жүргізу қажет болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Тергеуші айыпталушыға, күдіктіге, куәға немесе жәбірленушіге олардың денесіндегі қылмыс іздерін анықтау үшін немесе ерекше белгісін айқындау үшін жүргізуге құқылы, егер сот – медициналық сараптамасын жүргізу қажет болмаса .

Куәландыру куәгердің ал қажетті жағдайда дәрігердің қатысуымен жүргізіледі.

Бұл тергеу әрекеті куәландырылатын адамның жалаңаш күйінде жүргізілетін болса сол жынысты куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Тергеуші егер куәландырылатын адам жалаңаш күйінде тексерілетін жағдайында өзге жымнысты куәландыруға қатынаспайды. Бұл кезде куәгерлердің қатысумен куәландыруды дәрігер жүргізеді.. Осы жағдайда тергеуші хаттаманы куәландыру жүргізген дәрігердің айтқан сөздерімен толтырады.

Куәландыруды жүргізу туралы хаттаманы ҚПК 224 баптың талаптары бойынша тергеуші толтырады. Куәландыру хаттамасында тергеушінің барлық әрекеттері жазылады, соған тең куәландыру кезінде табылған барлық мәліметтер табылған ретімен және қандай күйде табылғаны түгел енгізіледі. Хаттамада сондай-ақ куәландыру кезінде алынған заттар тізімделіп тіркеледі.

Куәландыру барысында тиісті емес яғни куәландырылатын адамның денсаулығына қауіпті болатын және оның ары мен ұятын кемсітетін тәсілдер мен әдістерді қолдануға жол берілмейді.

Эксгумация– адам мәйітінің жерленген жерінен қазып алу (эксгумация) тергеу әрекеті, қажетті жағдайларда мәйітке тексеру жүргізу, оны тану үшін немесе сот-медициналық және басқа экспертиза жүргізу. Эксгумация жүргізу үшін тергеуші уәжделген қаулыы шығаруы тиіс және прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурордың санкциясында мәйіт әкімшілігі мен қайтыс болған адамның туыстары міндетті түрде көрсетіледі. Эксгумация куәгердің қатысуымен және міндетті түрде сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүзеге асырылады. Олар тану, тексеру және салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін қажетті үлгілер алу үшін қатыстырылады, бұл туралы хаттамаға енгізіледі. Тексеру және оның барлық қажетті іс жүргізулік әрекеттері жүргізілгеннен кейін мәйітке эксгумация жасалғаны туралы қаулы бойынша бейіт әкімшілігі анықтау немесе тергеу органының және қайтыс болған адам туыстарының қатысуымен мәйітті жерлейді. (ҚПК 225 -228 бап).

Тану. Заң тану ұғымына толық анықтама береді. Бұл бұрын байқалған адаммен немесе объектімен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында тергеуші тану үшін куәға, жәбірленушіге, күдіктіге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсету. Тану үшін мәйіт те көрсетілуі мүмкін.

Бұл тергеу әрекетінің құқықтық негізі ҚІЖК 228, 229 баптары бойынша жүргізіледі. Тану үшін ұсынылатын объектілердің түрлері: көзі тірі адамдарды тану, фотосурет бойынша тану; басқа да тірі болмыстарды тану; заттарды тану және мәйітті тану.

Заң әдебиеттерінде адамды иісі арқылы тану туралы біржақты пікір жоқ. ҚР Заңында дыбыс және бейне жазбалары арқылы тану жүргізуге жол берілген (ҚПК 229 бап), сондай-ақ дауысының, сөйлеуінің, жүрісінің ерекшеліктері бойынша тануға жол берілген. Сонымен қатар осы нормада адамның иісі арқылы тану көрсетілмейді. Бірақ анықтау және тергеу органдары өзінің тәжірибелі жұмысында адамды сыртқы тұлғасына қарай да, дауысы, жүрісі, кейде тіпті иісіне қарай да тануды жүргізе береді.

ҚПК 228 бабына сәйкес танушы адамдар ретінде куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы бола алады.

Танушы адам ретінде өзінің жас шағына қарай, дене және психикалық кемістігіне қарай дене үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және ол туралы дұрыс жауап беруге қабілетті емес адамдарды тартудың аса қажеті жоқ.

Конституцияға және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жұбайына және жақын туыстарына куәландырмауға құқылы екені түсіндіріледі, яғни күдіктінің, айыпталушының жасаған қылмысын тану кезінде танушы ретінде қатыспауға құқылы екені түсіндіріледі.

Тану қағидалары.Танылуға тиіс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бір, сыртқы пішіні мен киімінде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бірге көрсетіледі. Тану үшін көрсетілетін адамдардың жалпы саны кемінде үш адам болуы керек. Бұл ереже мәйітті тануға қолданылмайды.

Тергеу іс-әрекетіне арасында танытуға тиіс адам орналасқан өзге адамдардың қатысуы тек олар ерікті түрде келіскен кезде және тануға қатыстырылған адам олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкін болады.

Әдетте мәйіт жеке көрсетіледі. Апаттар туралы істер бойынша және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да істер бойынша мәйіт тану үшін жалпы қаза болғандармен бірге көрсетілуі мүмкін. қажет болған жағдайларда тергеушінің нұсқауы бойынша танушы адамға мәйітті көрсетпес бұрын маман мәйітті гримдейді. Тергеушінің мәйітті оның жатқан жерінде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшін ұсынуға қажетті уақыт кезеңінде орындалуға міндетті.(ҚПК 230 бап).

Танушы адамға өзі ол туралы айғақ берген адамды немесе затты көрсету ұсынылады. Жетекші сұрақтар қоюға тыйым салынады.

Егер танушы адам оған көрсетілген адамдардың немесе заттардың бірін көрсетсе, оған бұл адамды немесе затты қандай белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығанын түсіндіру ұсынылады.

Тану үшін көрсету куәгерлердің көзінше жүргізіледі.

Танушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүріс ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бір жерде тұрады. Тануға тартылған адам мен куәгерлерге тану үшін көрсетілген адамдарды жеткілікті көріп байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуіге тиіс.

Тінту – бұл заттай дәлелдеме бола алатын, іс үшін маңызы бар қылмыс қаруларын, қылмыс жолымен алынған құндылықтарды, құжаттарды, басқа да заттарды алу және табу мақсатында іздеуге бағытталған мәжбүрлі тергеу әрекеті. Тінту сондай-ақ әділ соттан жалтарып жүрген адамды табу немесе өлтіру туралы іс бойынша мәйітті іздеу мақсатында жүргізіледі. (ҚПК 252 бап).

Заңда мынадай тінту түрлері қарастырылған. Белгілі бір мекемені тінту (ғимарат, ұйым, үй-жай), өзге де жерледі тінту (аула, саябақ, бақша, т.б.) және жеке тінту.

Алу – іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және кімде екені анық болғанда, тергеушінің оларды алып қою мақсатымен жүргізілетін тергеу әрекеті. (ҚПК 253 бап).

Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларды, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды тінту не алу тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша немесе олардың келісімімен және олардың көзінше жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдің келісіміне Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі арқылы сұрау салынады. Тінту не алу жүргізілген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті.

Тергеші ҚПК -iң 252-бабында көзделген негiздер болған кезде тiнтiлетiн адамның денесiндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киiмiндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жеке басына тiнту жүргізуге құқылы. ( ҚПК 255 бап).

Тінту немесе алу жүргізетін адам ҚІЖК 199 бабында көзделген талаптарды сақтай отырып хаттама жасайды. Хаттамада заттар мен құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлеп алынғаны көрсетілуге тиіс. Бірақ алынған заттар хаттамада саны, мөлшері, салмағы, өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуы тиіс.(ҚПК 256 бап).

Тергеуші іске бойынша тергеу эсперіментін жүргізеді.Тергеу эксперименті – бұл іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексреу мен нақтылау мақсатында жүргізілетін тергеу іс-әрекеті. Бұған қоса, қарастылып отырған бапта осы тергеу әрекетінің жалпы мақсаты көрсетілген. Мақсаты – тексреу жолымен дәлелдемелер туралы мәліметтер алу, белгілі бір фактілерді қабылдау мүмкіндігі, белгілі бір оқиғалардың болу мүмкіндігі туралы мәліметтер алу, сондай-ақ болған оқиғадан кейінгі әрекеттерді анықтау және олардың іздерін анықтау механизмі.(ҚПК 258 бап).

Тергеші іске қажеті болған жағдайда, егер тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, өсімдіктің, нәрсенің, материалдың немесе заттектің қасиеттерiн көрсететін үлгiлерді сараптамалық зерттеу сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қажет болса, оларды қаулы шығарып алуға құқылы

Үлгi ретiнде, атап айтқанда:

1) қан, шәует, шаш, тырнақ қиындылары, дененiң сыртқы тері қабаттарының микроскопиялық қырындылары;

2) сiлекей, тер және басқа да шығындылар;

3) терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;

4) қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар;

5) дауыс фонограммасы;

6) материалдардың, заттектердің, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары;рдың, оқтардың, қарулар мен механизмдер iздерiнiң үлгiлерi алынады;

7) гильзалардың, оқтардың, қарулар мен механизмдер iздерiнiң үлгiлерi алынады.

Хаттамаға алынған үлгiлер қапталған және мөрленген түрде қоса беріледі.(ҚПК 262 – 269 бап)

Сот сараптамасы тек іске қатысы бар арнайы ғылыми білім негізінде сараптама жүргізу қажеттігі туындаған, соның нәтижесінде іс үшін маңызы бар материалдар алуға мүмкіндік туатын жағдайларда ғана тағайындалады.

Сот сараптамасы – бұл мәні, маңызы істі шешуге қатысы бар жағдайларды, мән-жайларды белгілеу мақсатында арнайы білім негізінде іс материалдарын зерттеу болып табылатын өз бетінше жүргізілетін ерекше іс жүргізулік әрекеті.

Сараптаманың міндеті – бұл жаңа дәлелдеме алу – сарапшының қорытындысы, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын белгілеу.

ҚІПК 270 бабына сәйкес сараптама мынадай жағдайларда ғана тағайындалады: іске қатысы бар мән-жайлар арнайы ғылыми білім негізінде сараптама жүргізу нәтижесінде іс материалдарын зерттеу нітижелерін алу мүмкіндігі туғанда. Сараптама қылмыстық істі қозғау үстінде, іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында, сотта істі қарау кезінде тағайындалуы мүмкін.

Сараптама тағайындау үшін нақты негіздеме – бұл іс бойынша туындаған мәселелерді арнайы ғылыми білім арқылы шешу мүмкіндігі. Сараптама тағайындау үшін заңды негіздеме – арнайы ғылыми білімді қолдану арқылы мәселелерді шешу мүмкіндігін растайтын іс материалдары.

Сот сараптамасын жүргізу кезінде тергеуші қатысуға құқылы, сарапшыдан сараптамаға қатысты жүргізілген әрекеттер туралы түсіндірмелер сұрауға құқылы.

Сарапшы қорытындысының құрылымы мен мазмұны бап).. Сарапшы қорытындысы – бұл жүргізілген зерттеу нәтижесі баяндалатын іс жүргізу құжаты. Егер қойылған мәселелердің біреуіне болсын мәні бойынша жауап берілсе немесе сарапшы тарапынан бір ғана қорытынды жасалған болс ол сарапшы қорытындысы болып саналады. (ҚПК 283 бап).

Сотқа дейінгітергеуді тоқтату – бұл қылмыстық - процестік заңымен көзделген, айыпталушының болмауынан немесе оның қатысуынсыз тергеу әрекеті өндірісін жүргізу мүмкіндігі болмайтындығына байланысты уақытша үзілуі.

Бұл тізім алдын ала тергеудің жеткілікті негізі болып табылады және кеңейту үшін талқылауға жатпайды.

Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адам анықталмаған немесе оның келіп түұскен орын белгісіз болуына байланысты алдын ала тексеруді тоқтату, тек алдын ала мерзімі асып кеткенде және барлық тергеу әрекеттері аяқталғанда айыпталушы жоқ болуы мүмкін болған да ғана жол беріледі.

Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адам белгілі болып, бірақ алдын ала тергеу тоқтатылған болса, онда оған іздеу жарияланады. Және оған айып тағудың барлық шаралары қолданылады

ҚПК 292 бабына сәйкес. ҚР аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға халықаралық iздестiру жариялауға санкция беру құқығы Бас прокурор мен оның орынбасарларында, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларға берілген. Халықаралық iздестiрудi жариялауға негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы айыпталушыға халықаралық iздестiру жариялау туралы прокурор санкция берген жеке қаулы шығарады.

Тоқтатылған сотқа дейінгітергеуді қайта жаңғыртубап). Тоқтатылған алдын ала тергеуді қайта жаңғыртуға іс материалдарында төмендегілерді растайтын фактілердің жеткілікті болуы негіз болып табылады: (ҚПК 291бап)

Тоқтатылған алдын ала тергеу анықтау, тергеу органдарының және соттың қаулысымен қайта жаңғыртылады Алдын ала тергеудің қайта жаңғыртылуы туралы айыпталушыға және қорғаушыға сол тәрізді жәбірленушіге оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азамататтық жауапкерге оның өкілдеріне хабарланады. Іздеу салуды тоқтату туралы да қаулы шығарылатындығы және ол іздеу салуды жүргізіп отырған ішкі істер органынан жолданатынын ескеріп атап өту қажет. Іс бойынша өндірісті қайта жаңғырту туралы қаулының көшірмесі 24 сағат ішінде прокурорға жолданады.

Қылмыстық істі тоқтатудың бір түрі болып тергеуші ол істі сотқа жібермей тоқтатады. Қылмыстық істі тоқтату барысы тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде оның қалай аяқталатыны, тергелген істе орнаған жағдайлар, істің әрі қарай жүруі немесе тоқтатуға, қылмыстық жауапкершіліктен арылуға негіз болады.

Тергеуші, прокурор ҚПК-нің 35-бабының 1және 2-тармағы бойынша қылмыстық істі қысқартуға құқылы, сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса, қылмыстық іс осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінің 1немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолануға тиіс (ҚП 288- бап).

Қаулының қарар бөлімінде тергеушінің істі тоқтату сілтемесі, істі тоқтатуға негіз болған қылмыстық заңның бабы, бөлімі, тармағы жазылады. Істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөздерді тыңдау мен жазып алу, за ттай дәлелдердің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.

Тергеуші істі қысқарту туралы қаулының көшірмесін іс қозғалған адамға, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге және жауапты кісіге міндетті түрде жіберуі керек. Бұл ретте жәбірленушіге, азаматтық талапкерге ҚІПК-нің 35 және 36 аптары негізінде азаматтық сот жүргізу процесінің тәртібі бойынша талап ету құқықтарын түсіндіреді.

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.

Алдын-ала тергеудің аяқталуыдеп жұмыстың қортындысын, тергеуші қызметінің аяқталған сатысын – оның барлық іс жүргізу және айыпталушының жасаған қылмысы туралы заңды және негізді айыптау қортындысына негізделген өзге де тергеу әрекеттерінің аяқталуын айтады.

Айыптау актісі, егер де қылмыстың барлы белгілері анықталып, айыпталушының қылмысты жасаған кінәсі дәленденген кезде және қылмыстық істі тоқтатуға ешбір мән-жай жоқ болса ғана шығарылады.

Тергеуші алдын-ала тергеу жүргізуді аяқтай отырып, айыптау актісіын жасауға жинақталған дәлелдердің жеткілікті екендігіне көз жеткізгеннен кейін тергеудің аяқталғанын хабарлайды, айыпталушы және оның қорғаушысын, жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап берушіні немесе олардың өкілдерін қылмыстық істің материалдарымен таныстырады, бірмезгілде олардың құқықтарын түсіндіреді. (ҚПК 293, 294, 295 бөл.).

Аты аталған адамдардың жазбаша немесе ауызша өтінімдері түскен жағдайда тергеуші қылмыстық істің материалдарымен таныстырады және азаматтық жауап беруші және оның өкілі шағымданған талапқа қатысты материалдармен ғана танысады.

Алдын-ала тергеудің материалдарымен таныса отырып, қылмыстық процесстің қатысушылары егер де іске маңызы бар болатын болса, тергеуге қанағаттандыруға жататын толықтырулар енгізу туралы өтінім жасай алады. Өтінімді қанағаттандыруға қарсылық білдірген жағдайда тергеуші шағымданушыға хабарланатын дәлелді қаулы шығарады.

Осы адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама толтырылады, онда олардың қандай материалдармен танысқандары және олардың қанадай өтінім жасағандары жазылады (жазбаша өтінім іске тіркеледі).

Істі материалдарымен танысу туралы хаттама толтырылады, оған айыпталушы, қорғаушы және тергеуші қол қояды (ҚПК.297-б).

Іспен танысып болғаннан кейі айыпталушы мен қорғаушы тергеуге толықтырулар енгізу туралы өтінім жасауға құқылары бар. Оларды қанағаттандырған жағдайда тергеуші іс өндірісін жаңартады, ал қарсылық бюілдірген жағдайда – тиісті қаулыны енгізеді.. Егер де айыпталушы істің материалдарымен танысудан бас тартса, бұл туралы сол хаттамада егер де айыпталушы хабарлаған болса, қарсылықтың себебі баяндалып, көрсетіледі.

Заң әдебиеттерінде көптеген авторлар айыптау қортындысын өктем түрдегі жарлық сипаттағы істі тергеуді жинақтаушы іс жүргізу құжаты деп санайд {40}

Айыптау актісі (ҚПК. 298, 299-б).Айыптау актісі– бұл алдын-ала жүргізілген тергеуді аяқтайтын және айыпталушының қылмыс жасағандығын айқындайтын дәлелдер бар болған кезде, қылмыстық істі сотқа жіберген жағдайдағы айыптайтын іс жүргізу актісі.

Айыптау актісісот үкім шығара алатын айыптау шектерін анықтайды. Тергеушінің жинаған дәлелдерін бір жүйеге келтіре және тергеумен аяқталған іс бойынша заңды тұжырымдар жасай отырып айыптау қортындысы қылмыстық іспен танысуды және істе бар материалдарға сүйенуді жеңілдетеді. Айыптау актісіқортындысы заңдылықтың, негізділіктің, дәлелділіктің жалпы талаптарына, ал мазмұны мен нысаны заңмен бекітілген арнайы талаптарына сай келуі тиіс.

Айыптау актісіның қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер, тағылған айып, жасалған қылмысқа қарастыратын қылмыстық заң нұсқауы болады.{41}

Айыптау актісіна қосымша (ҚПК. 299-бап 7 бөл.).Айыптау қортындысына жәбірленушілердің, куәгерлердің, тергеушінің пікірі бойынша сот отырысынан шақырылатын сарапшылардың тізімі қосып тіркеледі. Тізім екі бөлімнен тұруы тиіс – айыпталушы мен қорғаушының атаған адамдар тізімі (қорғаушы тізімі) және тергеушінің жасаған тізімі (айыптау тізімі). Сот отырысына шақырылатын тізімде олардың тұрғылықты жері немесе тұрған жері және олардың жауаптары мен қортындылары баяндалған іс парақтары көрсетіледі.

Жәбірленушілердің, куәгерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың немесе сот отырысына шақырылуға тиісті ҚІП 95, 96, 97, -98 –баптарда қарастырылған тізімдегі өзге де адамдардың қауіпсіздігіне шаралар қолданған жағдайда тізімде олардың бүркеншек аттары олардың тұрғылықты жерлері көрсетілмей-ақ жазылуы тиіс.

Сонымен бірге, айыптау қортындысына тергеу мерзімдері, тұтқындау уақыты мен үйде тұтқында ұстау көрсетілген алдын-алу шаралары, заттай айғақтар, талап ету арызы, талап ету арызын қамтамасыз ету туралы қабылданған шаралар және мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, сот шығындары туралы тиісті парақтарды көрсетілген анықтамалар тіркеледі. {42}

Орытынды

Сонымен қорытып келгенде, қылмыстық процесте ролі ұлкен, ерекше орын алатын тергеуші, анықтаушы, тергеу бөлімінің бастығы, қылмыстық іс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қылмыстық іс жүргізу заңдарымен процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекеттер жасауға болмайды.

Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі «Құқықтық саясат» тұжырымдамасына сәйкес болуы шарт. Ал бұл тұжырымдамада қылмыстық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіру және заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің маңыздылығы қарастырылған болатын.

Қазақстанда өркениетті экономиканы құру және демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезінде маңызды роль мемлекеттік қызмет органдарына, сондай-ақ құқық қорғау органдарына тиесілі. Осыған байланысты, дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің тарихы қарасырылған.

Қазақ ССР-нің 1963 жылдың 6-сәуірінде КСРО Қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігінің құрамында тергеу органдары құрылғаннан кейін ішкі істер басқармасында тергеу бөлімі ашылып, қылмыспен күрестегі қиында, әрі қатерлі жолын бастады. Осы уақыттан бастап қылмыстың алдын алу және оны ашу, әрі сапалы тергеуде аянбай еңбек еткен тергеушілердің қоғамдық тәртіптің нығаюына қосқан үлестері орасан зор.

1970 жылдан бастап тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің құрамына кіре бастады. Бұл тергеу аппаратының ІІМ құрылымдық орнығуының аяқталуы болып есептелінеді.

Кейінгі 20 жыл ішінде тергеу құрылымдары ІІМ құрамында үздіксіз қызметерін атқарып келуде және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

1987-1988 жылдары ҚСРО ІІМ бірқатар мемлекеттер аймағында, сонымен бірге Қазақстанда да тергеу құрылымдарын өз алдына бөлектеу жөнінде тәжірибе жүргізді. Оның негізгі мәнісі тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің штатына қайта бөлініп, ІІБ-ның құрамына тергеу бөлімдері болып кіріп, ауданаралық тергеу бөлімін, бөлімшелерін және топтарын құру болып табылады.

Алайда, аталған тәжірибе ұйымдастыру, материалдық, психологиялық жағынан оңтайлы бекітілмегендіктен ІІМ-нен бөлініп, өз алдына бөліктенетін мүмкіндік жөніндегі негізгі мәселені шеше алмауы себепті 1988 жылы тоқтатылған.

1995 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, оның құрамына ІІО-ғы алдын-ала тергеу, прокуратурадағы тергеу қызметтері, сонымен бірге оперативті-іздестірумен айналысатын қызметтер кірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 5 қарашасындағы «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін қайта құруды жалғастыру шаралары» туралы Жарлығымен МТК органдары таратылып, ІІМ жүйесінде Тергеу департаменті құрылған, сөйтіп алдын-ала тергеу органдары қайта қалыптасты.

Автор, дипломдық жұмцста тергеу органының болім бастығы құзіретін, кейде тергеуші мұдделерін атқарып болім бастығы қылмыстық істі тергеуде заңды сақтай отырып айыпталушының кінәсін анықтап, оны қылмыстық жаупка тарту үшін істі қозғап тергеп әрекеттерін жұргізу мәселелері қарастырылған.

Дипломдық жумыста тергеу, тергеушілер құзретінің проблемасын зерттеумен әр кезеңдерде Ресей ғылым-заңгерлері қҚылмыстық құқықтық қазақстандық ғалымдардың тергеуші құзреті еңбектерінде зерттеулеріне сүеніп тергеушінің өкілеттіктерінің мәні және олардың жүйесін. процессуалдық дербестігінің түсінігі тергеу болімінің бастығы және анцқтау органдарымен тығыз байланыста ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстарды тергеу және олармен күресуде туындалған проблемалары айқындалды

Осы зертеулердің мақсаты болып тергеу бөлімінің басшыларының тергеу құзыреті ретінлегі:

1) тергеу жұмысын ұйымдастыу;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша уақтылы ден қоюға, жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз ету;

3) тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін, заманауи ғылыми әдістерді тарату және енгізу, тергеушілердің кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көздеді;

4) тергеу бөлінісінің жұмыс жоспарларын және жоғарыда тұрған органдардан келіп түскен бақылау тапсырмалардың орындалуын бақылауды;

5) тергеу бөлінісінің қызметін, оның жедел және ішкі істер органдарының және өзге де қызметтерімен, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіруді;

6) анықтау органының басшысы ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құру міселлерін зерттеп, қарап шығу.

Дипломдық жұмыста мынандай мәселелер қарастырылған:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің тарихы;

2) Ішкі істер органдарының тергеу аппараты тергеу бөліністерінің жүйіелер, олардын өкіліктері;

3) ІІМ тергеу департаментінің бастығының құзыреті. тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші тұлғасының қасиеттеріің ерекшеліктері, тергеу бастығы, тергеушңің қасиет, тергеу болімінің бастығының, тергеушініц саналық қасиеттері, тергеушінің интолектуалды қасиеттері;

4) Тергеу іс-әрекеттері – бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық- процестік заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін процестік әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады;

5) Тергеу бөлімінің бастығы түсінігі, оның тергеу өндрсіндегі құзыреті.

Тергеу бөлімінің бастығы – ішкі істер органындағы тергеу бөлімінің бастығы, Ұлттық қәупсіздік комітіті (ҰҚК).және қаржы полициясы (ҚІПК 59 бабы). Тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу қызметі тергеушінің қызметімен бірдей десе де болады. бірақ олар бір бірінен қызметі мен дәрежесіне қарай ажыратылады, тергеушіге қарағанда «бастықтың» дәрежесі жоғары және ол мынадай уәкілеттілікке ие:

- тергеу өндірісін тергеушіге тапсырады; қылмыстық істерді тергеу өндірісіндегі тергеушінің жұмысына бақылау жүргізеді; алдын ала тергеу мерзімі мен тергеушінің тергеу ісін кезінде қамауға алынған тұлғаның қамауда отыру мерзімін бақылайды; қылмыстық іс бойынша тергеу өндірісінен тергеушінің қызметін шеттете алады; бір тергеушінің ісін екінші тергеушіге тапсыра алады; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жібереді.

- қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кейінге қалдырылмайтын жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нүсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау құқықтық аспектілерін зерттеу;

- келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамту;

- тергеу және іздестіру болжамдарын көрсету;

- тексеру үшін анықтауға жататын деректер ұғымын анықтау;

- тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау белгілерін талдау;

- қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында туындайтын проблемаларды анықтау;

- Көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы көздейтін заңдарды жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу.

Тергеу бөлімінің бастығының іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргiзу

Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстықтық- процестік дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу формасында жүзеге асады.

Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың тергеу бастығының, тергуші ретінде мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындауы, қылмыстық-процестік кодексінің қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды, тергеу іс әрекеттерінің дайындығы көрсетілген.

ҚР ҚПК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне тергеу бастығына қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚПК-нде, “тергеу бастығыi қажеттi деп санаса, тергеу- әрекеттерін, жалпы қылмыстық істі озінің ондірісіне алу, оны аяғына деін тергеп, айыптау актісін шығарып, істі прокурорға жіберу тұралы мәселелер қаралған. Мұндай кезде тергеу бастығының тергеу әрекеттерін жүргізі тергеушіменен қықығы бірдей екендігін көрсету мәселелері қарастырылған.

Наши рекомендации