Сананың делириозды жабырқауы.
Қоршаған ортаны дұрыс бағдарлай алмайды, с.қ.үздіксіз пайда болып отыратын ес жаңғыруларымен де сипатталады. Сананың тұндырылған жағ-ң салдарынан кейде ауыспалы,кейде тұрақты сақталатын иллюзиялар мен галлюцинациялар және сандырақ ойлар байқалады. Сөзшең болып келеді. Ал делирий үдеген сайын олардың мимикасы сцена тәрізді болады,бет әлпетінен қуаныш,ыза, үрей,т.б. сезімдердімбайұауға болады. Делириозды жағдай инфекциядан кейін кездесіп отырады.Делирий – сананың жедел пайда болатын күңгірттенуі. Бұл кезде уақыт және орын бойынша бағдарлау бұзылса да, өзіндік тұлғасын бағдарлау сақталады, иллюзиялар, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағынымен, аурудың күрт қозуымен, бұл жағдайдан шыққаннан кейін бөліктік амнезиямен көрініс береді.
Делирийдің үш сатысын ажыратады. Бірінші сатысы гиперестезиямен (әсіресе есту, көру анализаторлары саласында), көңіл-күйдің өзгеруімен (сөзшеңдікпен көтеріңкі көңіл-күйден қорқынышпен, шошынумен үрейлі күйге дейін), әртүрлі айқын елестер ағыны түрінде естеліктердің жандануымен, бір орында жай таппаумен сипатталады. Делирийдің алғашқы симптомдарының бірі ұйқы бұзылуы болып табылады. Әртүрлі қорқынышты түстерден шошып ояну нәтижесінде ұйқы бұзылады. Екінші сатысында ауру көрген түсі мен шындықты ажырата алмайды, айналасындағы құбылыстарды иллюзия түрінде қабылдайды, қозу күшейеді. Үшінші сатысында, делирийдің ең жоғарғы шегінде, шындық өмір түгелдей галлюцинаторлық бейнелермен, сандырақтық оқиғалармен (жедел сезімдік және бейнелік сандырақ) алмасады, осының барлығы шынайы кеңістіктен қабылданады өтіп жатқан құбылыстардың кейіпкері науқастың өзі болып табылады.
2. Галлюцинациялар (елестетушілік) – нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестетушілік объектісіз, жалған қабылдау. Елестетушілік сезім мүшелеріне байланысты көрі, есту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты бөлінеді. Көру елестетушілігі ауру әртүрлі заттарды, адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді. Көру елестетушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады. Көрушілік айқын елестіетушілік маскүнемдік психоз жағдайында болады. Айқын көрушілік елестетушілік игналяциялық тамақты булау, және дәрімен улануда болады. Есіту елестетушілігінде аурулар байланыс дыбыстарды ( атылған оқ, еңіреу, ынырану ды) естиді; болмаған сөздерді естиді.Вербальді елестетушіліктер деп аталады және интепретивті, императивті болып бөлінеді. - түсінік елестеушілігі дейді, көбінесе дауыстар аурудың әрекетіне Интерпретивті, сөзіне және ойына түсінік беруі мүмкін жиі дауыстар ауруға ұнамсыз әсер етіп, ажыратады. Егер дауытар айлап, жылдап ұзақ уақыт және қиындықсыз әсер етсе, ауру бұған үйреніп жұмыс істеу қабілеті жоғалмауы мүмкін.Императивті- әйгілі не бұйрықты елестетушілік.Мұндай елестеушілік өте қауіпті.Функциональды- елестеушілік- дауыстар қандай болса да тітіркендіргіштер бар кезде пайда болуы мүмкін.Мысалы, ауруып жүріп келе жатқан кезде поездің дөңгелектерінен, сағат тілінен, толық жабылмаған краннан аққан тамшылардан пайда болған дауыстарды естиді.Есту елестеушілігі, көру елестеушілігіне қарағанда жиі ұзақ ауру, жарқын сана кезінде болады. Мұндай елестеушіліктер және ұзаққа созылған интоксикациялық аурулар да маскүнемдік шизофрения, бас, миының органикалық зақымдану( энцефалит, ісіктер ) кезіде болады. Жанасу елестеушілігі- дененің үстінен шыбын- шікей, құрт, жылан жылжығандай, мысықтың жанасуы кезінде пайда болады. Иіс сезуелестеушілігі- әр түрлі, жиі ұнамсыз иістерді сезінеді. Үйлеріне тұншықтырған газ, түтін жіберетіні өлесенін иісі, тамақтың шіріген иісі бар екені туралы айтады. Дәм сезу елестеушілігі- иіс сезу елестеушілігі мен қатар болады. Ұнамсыз иісті тағам мен суды сезінеді.Гиетегі (висцеральдық)елестеушілік- денесінің ішіндегі, жиі асқазандағы бөтен заттың не тіріжәндіктің болуын сезінеді. Психогендік елестеу- қатты аффекті, ауыр психикалық зақым кезінде пайда болатын елестеушіліктер. Гипногогиялық елестеушілік- ұйықтар аралығындағы көз жұмылған не оянған кезінде пайда болады; (сау адамдарда да, жиі алкоголизм жағдайында болады) Қарапайымелестеушілік – тек көру, тек есту не жанару елестетушілік болу. Күрделі некомплексті елестеушілік –истериялық ауруына байланысты, психиканың зақымдану кезінде пайда болады, әр түрлі елестеушілік бір мезетте болуы. Жалған елестеушілік- псевдогаллюцинацилар- әр түрлі нәрселерді бастын ішінде, желкесінде, көздің ішінде көруі.
3. Амнезия – қандай да бір уақыт аралығынада еске түрлі мәліметтер мен дағдылардың түспей қалуы. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы.Тұлға–жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адам.
Билет №7
1.Сананың онейройдты жағдайы. Онейроид– бағдарлау және өзіндік сана бұзылысымен, фантастикалық күйзелістермен және елестермен, субъективті әлемде қабылданатын көріністермен және кататониялық симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді, сананың қиял тәрізді күңгірттенуі. Психипатологиялық өнім молдығы, анықтығы, галлюцинаторлы және сандырақтық жағдайлардың динамикалылығы мен ауқымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір жағынан, науқастың аң-таң келбетпен бір қалыпта тұрып қалуы немесе біртекті кататониялық қозу жағдайында болуы – екінші жағынан. Галлюцинациялар, псевдогаллюцинациялар және сандырақ шынайылықпен араласып, науқас және айналасындағы адамдар қатысушылар болып есептеледі. Науқас атомдық соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, басқа дәуірге орын ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалық сандырақ). Онейроидтың бастапқы кезеңіне аффект тұрақсыздығы тән, ұйқы бұзылады, есімнен адасып кетемін деген қорқыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация және абдырау күшейе түседі. Сахналау және интерметаморфоза сандырағы дамуы мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына қатысты қос бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр жағдайда науқас қоршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылықты қабылдауды тоқтатады, сана толығымен паталогиялық өніммен жауланады. Онейроидтан шыққан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырақ және ретті түрде есте сақтағандары – субъективті құбылыстар, жеткіліксіз немесе толық жойылған - шынайы құбылыстар болып табылады. Науқастық фантастикалық күйзелістермен бірге және болған жайттардың есте толық сақталуымен қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен – бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы аурудың өзге формаларының өткір сатыларында дамиды; кейде инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда кездеседі.
2.Қабылдаудың бұзылуы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі. Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады.Сағым–айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды. Парейдолиялық сағымдар – оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі.) Вербальді сағымдар – латын верба – сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді. Метаморфопсия – заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия – заттардың кішкене және алыста болып көрінуі. Макропсия – заттардың үлкен және жақын болып көрінуі.Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі.
Агнозия-ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту, сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай алмауы. Агнозиякезінде ауру заттардың қасиетін аныктай алмай, есіктің орнына шкафқа шығуы мүмкін. Агнозия- заттарды, дыбыстарды танудағы қиындық. Агнозия (грек. a — қаз. теріс бөлшек + gnosis — қаз. білім)— бас миы жоғарғы бөліктерінің зақымдану салдарынан адамның қабылдауында танып білу қабілетінің бұзылуы. Танымдық әрекеттердің (үрдістердің) қору, есту, сипау және басқа түрлерінің зақымдалғанын анық байқауға болады. Мыс., мидың жүлын алабы зақымдалса, адам өзі көріп тұрған суреттерінің бейнесін дұрыс пайымдай алмайды. Оның тек жеке бөлшектерін ғана қабылдайды. Ол сөйлей алса да нәрселердің мәнді белгілерін мәнсіз белгілерінен ажырата алмайды. Ондай адамдардың ақыл ойы қалыпты болып көрінгенімен қабылдау үрдісінде ақаулық байқалады. Олардың кеңістікті қабылдауы (сипап сезуі, қимыл- қозғалысы) көру тітіркеңдіргііптерін күшейту арқылы ғана іске асады. Мидың желке алабы мен төбе бөлігінің төменгі алаптарының зақымдалу салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар таба алмайды. Ауру өздігінен киіне алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шалбарының балағы мен ышқырлығын, қамзолының жағасы мен етегін шатастыра береді, өз төсегін де сала алмайды. Ұстаған заттарының тік және көлбеу жағдайын ажырата білмейді. Сіріңке шырпыларынан құрастырылып қорсетілген геометриялық фигураларды өздігінен құрай алмайды, әріптердің таңбасын оңды - солды ауыстырып жазады, қолының саусақтарын дұрыс атап көрсете алмайды. Есту Агнозия сына ұшыраған адамдар нәрселерде дыбыстарына қарай ажырата алмайды, сағат механизмінің соғуын, қоңырауынын сылдырын, иттің үргенін де ажырата білмейді Ондай адамдардың танып биіуіндегі кемістіктері мидың самай алабының зақымдалу салдары екендігі аңықталған. Ондай адамның есту қабілеті болғанымен, айтьшған создсрді ол дұрыс түсіне алмайды. Ал сипау сезімдері зақымдалған адамдар оздерінің көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, сол нәрселерді сипау арқылы байқап көргенде оларды танып біле алмаған. Мұндай кемістік мадың төбелік алабының зақымдылған білдіреді. Адамның танып білу қабілетінен ажырау себептерін зерттеу нәтижелері ондай адамның зақымдалған мүшелерін емдеп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал-тәсілдер қолданып, оның қабылдауын қалыпқа түсіруге болатындығын көрсетеді.
3. Агорафобия— кеңістікен, ашық жерлерден, алаңдардан, адамдардан қорқу. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Дислекция- оқу процесінің жартылай бұзылуы, оқуға қабілетсіздік, оқудағы қиындық.
Билет №8