Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 7 страница

Бұл қанатты сөз «табысқа жету үшiн бiраз уақыт өтедi» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады.

МӘСКЕУДI ҮЛГIЛI ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫРАМЫЗ - драматург М.Шатровтың қанатты сөзi. «Кемелденген социализмнiң» жалынды ұрандарының бiрi осы болатын. Кеңес Одағының көптеген қалалары осы ұранды өз қаласын көркейтуге пайдаланды.

«МЕМЛЕКЕТ ДЕГЕНIМIЗ – БIЗ» - В.И.Лениннiң жұмысшылар диктатурасы арқылы жұмысшылар басқаратын мемлекет орнайды дегендi меңзеп айтқан қанатты сөзi.

«МЕМЛЕКЕТ ДЕГЕНIМIЗ - МЕН» – бұл сөз Франция королi Людовиктiң мақтанышпен қайта-қайта айтатын сөзi. Ол Францияны абсолюттiк монархия дәрежесiне көтердi. Өз билiгi жөнiнде аса үлкен пiкiрде болды, елдi басқару iсiн тек бiр өзi ғана шештi. ХІV Людовик той кештерiн, аң аулау кезiнде де мемлекеттiк маңызды мәселе хақында шешiм қабылдай беретiн.

«Бағыныштылардың құқы жоқ, тек қана мiндеттерi ғана бар» - деген сөздi қайталап айтудан ол жалыққан емес.

МЕМЛЕКЕТТIК МАШИНА – ағылшын философы Т.Гоббстiң (1588-1679) 1651 жылы жазған шығармасынан алынған қанатты сөз. Ол мемлекет құрылысын машинаның детальдарымен салыстырған.

МЕМЛЕКЕТ IШIНДЕГI МЕМЛЕКЕТ - мемлекет заңдарына, онда қалыптасқан тәртiпке бағынбайтын, оны мойынсұнбайтын, сол мемлекеттiң iшiндегi белгiлi бiр адамдар тобы, ұйымдар туралы айтқанда қолданылатын сөз.

Алғаш рет француз жазушысы Агриппа Д,Обиньенiң (1550-1630) «Король мен оған бағыныштылардың мiндеттерi» деген шығармасында қолданылды.

«МЕН БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ АСЫҚПАУЫ ҮШІН АСЫҒАМЫН» -Бауыржан Момышұлының бейнелі сөзі.

- Немене, батя, ысғи асықтырав бересің, - деп Блоха наразылық білдірді. – Соғыста асықтырғаның жөн. Енді тыныштық кезде асықтырмасаңшыв.

- Молчать! – деді Бауыржан мұрты тікірейіп. – Мен болашақ ұрпақтың асықпауы үшін асығамын. Понятно тебе? (Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог, «Жазушы» баспасы, 1992 жыл, 14-бет)

«МЕН ДҮНИЕ ЖҮЗІНЕ БИЛЕУШI БОЛАМЫН» – бұл қанатты сөздi Наполеонға дейiн Ақсақ Темiр, Шынғысхан айтты. Алайда шектен асқан сенiмдiлiк ешқайсысын да өз ойларына толық жеткiзбедi.

«МЕН - ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛIП, МЫҢ ТIРIЛГЕН» – Жұбан Молдағалиевтiң «Мен - қазақпын» атты поэмасынан алынған қанатты сөз.

Мен - қазақпын, мың өлiп, мың тiрiлген,

Жөргегiмде таныстым мың тiлiмен.

Жылағанда жүрегiм, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкiмнен күн түрiлген». (Ж.Молдағалиев, «Қыран дала», 270-бет, 1990 жыл).

«МЕН СЕНI ҚАНҒА ТОЙҒЫЗАМЫН» - Персияда б.э.д. VI ғасырда қалыптасқан Ахеминидтер мемлекетi Закавказье мен Орта Азия халықтарына қауiп төндiрiп отырды. Парсы патшасы Киррдiң әскерлерi Арменияны бағындырған соң, массагеттер жерiне (Арал теңiзiнiн оңтустiк шығысы) басып кiрдi. Сөйтiп 28 жыл патшалык дәурен құрған Кирр массагеттерден жеңiлген соң, қаза тапты. Массагеттер ханымы Тұмар (Томирис) местi адам қанына толтырып, қаза тапқандардың арасынан Киррдiң өлiгiн iздеп табуға әмiр еттi. Табылған соң, ол оның басын меске салып, оны қорлап, былай дедi: «Менi сенi шайқасып жеңгенiмдi көрiп тұрсам да, сен менiң ұлымды зұлымдықпен өлтiрiп, менi ауыр қайғыға салдың, сондықтан менiң қорқытқанымдай сияқты, сенi қанға тойғызамын. Өзiң құмартып және ешқашан тоймаған мына қанды iшiп той», - деген жазуы бар қан құйылған торсыққа салып қоюға әмiр еттi.

«МЕНIҢ БАР БIЛЕТIНIМ - ЕШТЕҢЕ БIЛМЕЙТIНIМ» – Сократтың сөзi. Ол туралы Платонның «Сократтың апалогиясы» деген шығармасында жазылды.

«МЕНIҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРIМ» - М.Горькийдiң 1923 жылы жазылған өмiрбаяндық шығармасының аты. Онда ол «менiң университеттерiм» деп жастық кезiнде өткiзген өмiр мектебiн айтқан.

Бұл сөз адамның өз басына түскен қиыншылықтарды, сынақтарды жеңе отырып, өмiрлiк тәжiрибе жинақтағанын бiлдiрген кезде қолданылады.

«МЕНIҢ ҮЙIМ - МЕНIҢ ҚАМАЛЫМ» – ағылшын заңгерi Э.Коктың (1532-1634) қаламынан туған қанатты сөз. Ол оны алғаш рет ағылшын құқы туралы жазған «Институциялар» деген еңбегiнде қолданды.

«МЕНIҢ ШЕҢБЕРIМЕ ТИIСПЕ» - грек математигi Архимедтiң сөзi.

Архимед тұрған жердi басқалар жаулап алады, бiр күнi бiр жауынгер келiп: «Кiмсiң?», - деп сұрайды. Сонда ол: «Менiң шеңберiме тиiспе, менiң шеңберiмдi қозғама», - деп жауап берген екен.

МЕРКУРИЙ - рим мифологиясы бойынша «қызыл сөздiн, сауданың құдайы, құдайдың елшiсi».

Ауыспалы мағынада: «хабар, елшi» деген ойды білдіру үшін қолданылады.

МЕФИСТОФЕЛЬ – Гетенiң «Фауст» (1808) трагедиясындағы тамұқтың қатыгездiкке дем беретiн, жаңаны жоққа шығарытын рухы.

Сөзiнде кекесiндiк, қатыгездiк сезiлетiн адамды осылай атаймыз.

МЕЦЕНАТ - бай рим патрицийi Гай Цильний Меценат (б.э.д. 74-8) өз өмiрiнде суретшiлер мен ақындарға табынған. Ол туралы кейiнiрек Гораций, Вергилий, Проперций сынды ақындар да өз жырларында жазды.

«Меценат» деп өнер мен ғылымды сүйiп, оған нақты қаржылай тегiн көмек көрсеткен адамды айтамыз.

«МИЛИЦИЯМ МЕНIҢ - ҚОРҒАП ТҰР МЕНI» - В.В.Маяковскийдiң «Жақсы» поэмасынан алынған цитата. Онда:

«Менiң Моссоветiмде,

Револьверi сарғыш.

Күн-күрең реңi,

Милициям менiң

Қорғап тұр менi» - деп жазған (В.В.Маяковский, Таңдамалы, Алматы, 1983 жыл, 267-бет).

«МИЛЬТИАДТЫҢ ДАҢҚЫ МАҒАН ҰЙҚЫ БЕРЕР ЕМЕС» –бұл сөз афинылық мемлекеттік қайраткер және қолбасшы Фемистоколге (б.э.д. 527-460 жылдар) тиісті. Ол Мильтиадтың қол астында атақты Марафон шайқасына қатысып, парсы патшасы Дарийді Мильтиадтың ойсырата жеңгенін көзбен көрді. Оның атаққұмарлығын оятқан осы соғыстан кейін «Мильтиадтың даңқы маған ұйқы бере емес» деп көп айтатын болған.

«МОГИКАННЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ» – «жоғалып бара жатқан қоғамдық топтың, ұрпақтың соңғы өкiлi» дегендi бiлдiру үшiн қолданылатын бейнелi сөз.

Шығу тарихы - Ф.Купердiң (1789-1851) «Могиканның соңғы тұяғы» (1826) атты романы жарыққа шығуына байланысты қалыптасқан.

МОНТЕККИ МЕН КАПУЛЕТТИ – Шекспирдiң «Ромео мен Джульетте»(1597) драмасының бiр-бiрiне жау кейiпкерлерi.

Жауласқан адамдар туралы айтқанда осы бейнелi сөздi қолданамыз.

МОРФЕЙ - грек мифологиясы бойынша ұйқы құдайы, Гипностың ұлы, қанатты түс көру құдайы. Ауыспалы мағынада: «ұйқы» деген ұғымды бередi.

«МҰҚИЯТТЫЛЫҚ (ДӘЛДIК) – КОРОЛЬДIҢ КӨРЕГЕНДIЛIГI» - француз королi ХVІІІ Людовик айтқан сөз.

«МЫНА ПИРАМИДАЛАР ТҰҒЫРЫНАН СIЗДЕРГЕ 40 ҒАСЫР ҚАРАП ТҰР» - 1798 жылы 21 шiлдеде египет пирамидалары түбiндегi шайқас алдында генерал Н.Бонапарт солдаттарға арнау-жiгерлендiру сөзiн осылай бастаған екен.

«МЫҢ БIР ТҮН» ЕРТЕГIСIНДЕЙ – «...әңгiменi адам елiгетiндей немесе зерiгетiндей шұбалаңқы айтқанды халықтың «Мың бiр түн» ертегiсiндей» дейтiнi бар» (Н.Төреқұлов, «Қанатты сөздер»).

«Ғажайып, «Мың бiр түннiң» аңызындай,

Түрленген тың жерiмнiң келешегi».

(Ж.Сыздықов, Таңдамалы,1961,278-бет).

МIНЕ, РОДОС, ОСЫ ЖЕРДЕН СЕКIР – Эзоптың мысалдарынан алынған қанатты сөз.

Бiрде бiр адам Родос алыбының үстiнен секiргенiн және оны көрген куәларының бар екенiн мақтан еттi. Шыдамаған бiр кiсi: «Дос, айтқаның рас болса, саған куәлердiң қажетi жоқ, мiне-Родос, қайта секiр», - деді.

«Сөзбен емес, iспен дәлелде» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады.

МЮНХГАУЗЕН – соғыс және аңшылық кезiнде қиял ғажайып саяхат пен мүмкiн емес бастан кешу оқиғаларын өткiзген адам туралы әңгiменiң кейiпкерi.

Оның есiмiмен «мақтаншақ, су жұқпас, өтiрiкшi» адамды теңестiремiз.

Н

«НАҒЫЗ АДАМ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» - 1946 жылы жазылған Б.Полевойдың романының ағы. Роман ұшқыш А.П.Маресьевтiң Ұлы Отан соғысы кезiнде жасаған ерлiгiне арналады. Ол кезектi бiр ұшу сапары кезiнде, самолетiне оқ тиiп, өзi жаралы болады. 18 күн бойы нәр татпай, аяздан үсiп кеткен аяқтарын кесiп тастауға мәжбүр болады. Әйтсе де ол протез аяғымен жүрудi, билеудi, жүгiрудi, ақыр сонында ұшаққа отыруды да меңгередi.

Адамдардың мақтанышына айналған белгiлi бiр адам туралы айтқанда қолданылатын бейнелi сөз.

«НАДАНДЫҚ - КЕШIРIЛМЕЙТIН АУЫРТПАЛЫҚ» - б.э.д.VI ғасырдың оратасында өмiр сүрген философ Фалестi гректер осы айтқан қанатты сөзi үшiн ғана данышпан қатарына жатқызған.

НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН, БІЛЕКТІҢ КҮШІМЕН – күш пен рухтың аясында намысты қолдан бермеу деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз.

«Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен болуды, жұрт болуды ойлаңдар».

НАПАЛЕОН КОДЕКСІ – Напалеон I-нің қатысумыен жасалған француздық буржуазиялық азаматтық кодекс. Ол 1804 жылы 21 наурызда бекітіліп, Азаматтық кодекс деп аталды. Ал 1807 жылы «Напалеон кодексі» болып өзгертілді. 1816 жылы қайта өзгертіліп, ал 1852 жылдан бастап осы аты тұрақты қалыптасты.

Тарихта бұл кодекс ұзақ жылдар бойы қолданыста болғандығымен ерекшеленеді.

НАРЦИСС - грек мифологисяы бойынша өзен құдайы Кефистiң сұлу ұлы. Адам баласын жақсы көрмейтiн ол бiрде өзеннен су iшерде өз бейнесiн су бетiнен көрiп қалады, өзiне өзi ғашық болып қалады, ақыр соңында күйзелiстен қайтыс болады да, оның денесi гүлге айналады.

«Өзiн өзi жақсы көретiн» адамды айтқанда оның есiмiн қолданамыз.

НЕКТАР- грек мифологиясы бойынша құдайларды мәңгi өлмейтiн еткен тағам.

Ауыспалы мағынада - ерекше дәмдi тағам, сусын.

НЕМЕЗИДА- грек мифологиясы бойынша қылмыс атаулыны айыптаған әдiлдiк пен әдiл жазаның құдайы.

Бұл есiм - «әдiл жаза» туралы айтқанда қолданылады.

НЕРВТЕР СОҒЫСЫ - герман фельдмаршалы Гинденбург бiрiншi дүние жүзiлiк соғысты осылай атаған.

НЕ ҮМІТ, НЕ ҚАЙЫР – біреуден көмек күту негізсіз деген ойды білдіретін қанатты сөз.

«Үйсін, Дулат, қырғыз, қарақалпақ, өз басыфна Орта жүз бен Кіші жүздің ауыр жағдай ы түссе ғана атқа қонады. Ал оның бержағыфнда олардан не үміт, не қайыр!» (І.Есенберлин, Қахар).

«НЕ IСТЕУ КЕРЕК?» - Н.Г.Чернышевский мен В.И.Лениннiң осы аттас шығармаларының аты.

Чернышевскийдiң бұл кiтабы орыс әдебиетiндегi жаңа жанр – адамның қоғамдағы өмiрiн көрсететiн философиялық бағытта жазылған. Ол «Не iстеу керек?» деген сұраққа Рахметовтың өшпес бейнесi арқылы жауап бердi.

НҰҚ ПАЙҒАМБАР КЕМЕСІНДЕЙ – «қатер ортасында қалу» деген мағына беретін бейнелі сөз.

«Адам баласының келешегі тұйыққа тіреліп, топан су ортасында Нұқ пайғамбардың кемесіндей бір талшық іздеп тұра ма?» (Ә.Нұрпейісов).

О

ОБЛОМОВШЫЛДЫҚ –1869 жылы жазылған Иван Алдександрович Гончаревтің (1812-1891) «Обломов» атты романының кейіпкеріне қатысты сөз.

Ол – помещик, мерекелі және тойлы уақыт өткізуге құмар адам болды.

Жалқау адамды айтқанда осы есімді қолданамыз.

«ОҚ-ДӘРIНI ҚҰРҒАҚ САҚТАНДАР» (Держать порох сухим) - ХVІІІ ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының көсемi Оливер Кромвельдiң сөзi. Ол өте қатал адам болса да, ұшқыр ойлылығымен және сөз тапқырлығымен көзге түстi.

1650 жылы онын әскерлерi король армиясына соққы беру үшiн өзеннен өтер алдында жауынгерлер алдында сөз сөйлеп, сөзiнiң соңын: «Оқ-дәрiнi құрғақ сақтаңдар» деп аяқтады, яғни күреске әркез дайын болу қажет екенiн айтты.

«ОҚ-ДӘРIСI БАР БӨШКЕГЕ ЖӘЙ ТҮСТI» - 1517 жылғы Мартин Лютердiң индульгенцияларынан кейiн елдiң қобалжығандығын Ф.Энгельстiң бейнелiп айтқаны.

О ЗАМАНДА, БҰ ЗАМАН – «белгілі бір ойға бұрын да, бүгін де оң көзғарас болған емес» деген ойды білдіреді.

«О заманда, бұ заман жүгініске келген тең қарсы биді қанды мойын айыпкер етіп тергеуге алғанын көрген бар ма?» (М.Әуезов, Абай трагедиясы).

«О, ҚАСИЕТТI ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ» (O, sancta sumlicitas) - чех ұлт-азаттық қозғалысының батыры Ян Густi отқа өртеп жатқанда бiр кемпiр келiп, алауға отты бәсендететiн бiр зат лақтырған кезде айтылған сөз.

ОҚ ТИМЕЙДI, ПЫШАҚ ДАРИДЫ - ұлы орыс қолбасшысы А.В.Суворовтың кiтабынан алынған бейнелi сөз. Яғни, атқан оқ далаға кетуi мүмкiн, ал мылтықтың пышағымен қарсы алдыңдағы бiрнеше адамды өлтiруге болатындығы меңзелген.

«ОҚЫ, ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ» - В.И.Лениннiң 1923 жылы жазылған «Аз болса да, жақсы болсын» деген мақаласынан алынған қанатты сөз.

«Өзiмiздiң мемлекеттiк аппаратымызды жаңарту үшiн бiз қалайда өз алдымызға: бiрiншiден - оқу керек, екiншiден - оқу керек және үшiншiден - оқу керек деген мiндет қоюымыз керек, содан соң ғылымның бiзге түкке тұрғысыз нәрсе болып немесе сәнге айналған желсөз болып қалмауын, ғылымның шынымен қан мен тәнге сiнуiн тұрмыстың құрамдас бiр элементiне толық және шыңдап айналуын тексерiп отыруымыз керек» (45 том, 431-бет).

ОРТА ҒАСЫРЛАР - Қайта өрлеу дәуiрiнiң гуманистерi тарихтың ежелгi дүние мен Қайта өрлеу дәуiрiне дейiнгi кезеңдi қараңғылық пен надандық уақыты деп жариялап, «орта ғасырлар» деп атады.

«ОРЫСТЫ СӘЛ ШҰҚЫП КӨРСЕҢIЗ, ТАТАРДЫ КӨРЕСIЗ» - Н.Бонапарт айтқан сөз.

«ОСЫ ЖЕРДЕ ТҰРМЫН, ОСЫ ЖЕРДЕ ҚАЛАМЫН» - француз генералы Мак-Магон 1855 жылы 8 қырқйекте Малахов қорғанына жақын тұрды, алайда өз басшыларынан ол жерде қалу қауiптi екенiн, өйткенi орыстар оны жаруға ниеттенгенiн жеткiзген.

Сол сәтте Мак-Магонның қайтарған жауабы осы болды. Бұл бейнелi сөз бiр нәрсеге өз құқын нақтылағысы келгенде, айтқанынан қайтпайтынын бiлдiрген ретте айтылады.

«ОТАН-АНА ШАҚЫРАДЫ» - 1941 жылы Ұлы Отан согысы кезінде салынған И.М.Тоидзенiң үгiттеу плакатының аты. Бұл плакат қаншама адамға жігер берді.

ОТАННЫҢ ОТАҒАСЫ - Цицерон Катилинаның ұйымдастырған қастандығын жойған соң, рим сенатының оған берген құрметтi атағы. Бұл атақты кейiн император Август та алды.

Ал Ресейде I Петрге Швецияны жеңген соң, Ништад бiтiмiнен кейiн берiлдi.

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ДЕГЕН МАМАНДЫҚ БАР (Есть такая профессия – родину защищать) – 1971 жылы түсірілген «Офицерлер» атты фильмінен айлынған бейнелі сөз.

ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ, ОТЫЗ РУЛЫ ЕЛГЕ ЖАЙЫЛАДЫ – қазақ мәтелі.

ОТЫРАР АПАТЫ – Шыңғысханның батысқа жасаған жойқын жорығы тарихта осы атпен белгілі болған оқиғадан басталды (Қазақтың көне тарихы, Алматы, «Жалын», 1993).

ОТЕЛЛО – Шекспирдiң осы аттас трагедиясының кейiпкерi. Ол жалған сөзге ерiп әйелiн өлтiрiп, ашу үстiнде өзiне де қол салады.

Оның есiмi «қызғаншақ» адам туралы айтқанда қолданылады.

ОТҚА МАЙ ҚҰЯ ТҮСУ - «араңдату» деген мағынаны бiлдiретiн рим ақыны Горацийдiң (б.э.д.65-8 жылдар) сатирасынан алынған сөз.

«ОЯН, ҚАЗАҚ» – патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер-бiлiмнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйiнiң күйзелiсi, басқа да неше түрлi қасiрет атаулы М.Дулатовтың мына өлең жолдарына сыйған:

«Көзiңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кеттi, дiн нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, ендi жату жарамасты.»

Ө

«ӨЗГЕНIҢ МОНАСТЫРЫНА ӨЗ ЖАРҒЫНМЕН КIРМЕ» - «өз үйiңнен басқа жерде сол үйдiң, жердiң дәстүрiн, салтын мойында» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз.

VІ ғасырда Русьте алғаш монастрлер пайда болды. Олардың әрқайсысының өз Жарғысы болды. Монастрға кiрген адам сол Жарғыны мойындауға тиiстi еді.

«ӨЗ ҚАЖЕТIМНIҢ БӘРIН ӨЗIММЕН АЛЫП ЖҮРМIН» - парсы патшасы Кир Иона мемлекетiндегi Приену қаласын басып алған кезде, оның тұрғындары өз дүние мүлiктерiнiң ең бағалыларын өздерiмен ала кетiп, қаланы тастап шыққан. Тек қана бiр-ақ адам бос кеткен. Ол «жетi данышпанның» бiрi Биант болатын. Жерлестерi: «Сен неге бос келесiң?», - дегенде. «Өз қажетiмнiң бәрiн өзiммен алып жүрмiн», - деп жауап берген.

ӨЗI СОЛАЙ ДЕГЕН – Пифагордың шәкiрттерi белгiлi бiр мәселердi талқылау кезiнде, оны тиянақтылықпен түсiндiру орнына «ұстазымыздың өзi солай деген» деп қайыратын болған.

«ӨЗIМIЗДЕН КЕЙIН ТОПАН-СУ ҚАПТАСА ДА МЕЙЛI» - Франция королi ХV Людовиктiң сөзi. Оның басшылық құрған кезiнде король де, оның маңындағылар да уақыттарын аңшылық және ойын-сауықпен өткiздi. Елдiң жағдайы күйредi. Өмiрлерiне мастанған олар үшiн абсолюттiк монархияны жойған революция сол «топан су» болды.

«ӨЗIНДI ӨЗIҢ ТАНИ БIЛ» - данышпан Хилонның бұл сөзi Дельфа қаласындағы Аполлон храмының маңдайшасына жазылып қойылған.

«ӨЗIНЕ ЛАЙЫҚ ПАТШАЛЫҚ IЗДЕМЕСЕҢ, МАКЕДОНИЯ САҒАН ТАРЛЫҚ ЕТЕР - А.Македонский патша кiшкентайынан мақтан сүйгiш, аса тәкәппар жан болды.

Оның әкесi ІІ Филипп «Бұқабас» деген атты сатып алуға келгенде, ат маңына ешкiмдi жолатпапты. Әйтседе Александр оны тiзгiндеп, көпшiлiктi тәнтi етiптi. Ал патша болса, көзiне жас алып, ұлын құшақтап, бетiнен сүйдi де: «Құлыным, өзiне лайық патшалық iздемесең, Македония саған тарлық етер», - дептi.

ӨЛІ АРА – «адамдардың өміріне белгілі бір қиындық ала келетін кезең». «Айдың соңы» деген ойды білдіру үшін қолданылады.

«Тамыздың өларасы болып қалған» (О.Бөкеев, Қамшыгер).

ӨЛI ӘРIП - «iстiң мәнiне, рухына, мағынасы және мәніне қарсы» деген ұғымды бiлдiретiн бейнелi сөз.

ӨЛІ ЖАНДАР – Н.В.Гогольдің осы аттас шығармасы. Бір жердің есебінде бар, бірақ нақты ол жерге қатысы жоқ дегенді білдіреді.

ӨЛДIҢ МАМАЙ - ҚОР БОЛДЫҢ - елге кадiрлi, қамқор адам арадан кеткенде екiнiң бiрi айтатын бейнелi сөз.

Мамай ертедегi ноғайлы жұртының батыры болған.

«ӨЛІМДІ КҮТУМЕН ЗАР БОЛҒАНША, БІРДЕН ӨЛГЕН АРТЫҚ»- рим императоры Юлий Цезарьдің (б.э.д. 100-44 жылдар) сөзі. Оны рим сенаты мәңгілік диктатор қылып сайлағаннан кейін бір жылдан кейін Брут пен Кассий басшылық жасаған қастандық жасаушылар тобы императорды өлтіреді.

Ауыспалы мағынада шешіліп қойылған мәселені созбай шешу қажеттігі болған кезде айтылады.

«ӨЛМЕК ПЕ, ҚАЛМАҚ ПА - ЕНДIГI САУАЛ ЕКI ҰДАЙ» (Быть или не быть, вот в чем вопрос) – «жаңа қадам алдында тез шешiм қабылдау қажет болған ретте» айтылатын У.Шекспирдiң қаламынан туған бейнелi сөз.

«Өлмек пе, қалмақ па –

ендiгi сауал екi ұдай

Өмiр, өлiм-арпалыс.

Татар дәтiм

Таусылды деп бас ием бе тағдырға,

Әлде мынау қасiреттiң селiмен

Жан шыққанша жалғасып, бұлардың

Бiтiрсем бе iстерiн?

Өлмек -

Ұмыт болмақ».

(У.Шекспир, Таңдамалы, 1 том, 332 бет, Алматы,1981 жыл).

«ӨЛIЛЕР ТУРАЛЫ АЙТПАУ КЕРЕК, АЙТСАҚ ТЕК ЖАҚСЫЛЫҚТЫ АЙТУ КЕРЕК» - Диоген Лаэртскийдiң айтқан сөзi.

«ӨЛIСПЕЙ – БЕРIСПЕУ» - орыс колбасшысы М.И.Кутузовтың 1812 жылдың 20 қырқүйегiнде Мәскеудi тастап шығып, Тарутино селосына келiп, Нары өзенiнiң жағасында солдаттар алдында сөз сөйледi: «Ендi шегiнерге жер жоқ. өлiспей - берiспеу қажет».

«ӨМIР АҒАШЫ» – Алдынғы Азияда құрма пальмаларын осылай атады. Өйткенi одан үн тартып, тәттi тағамдар әзiрледi, сүйегiн металл қорытуға отын ретiнде пайдаланды, қабығының талшықтарынан арқан естi.

ӨМІР ҚЫРЫҚ ЖАСТАН КЕЙІН БАСТАЛАДЫ –Уолтер Питкиннің (1878-1953) 1932 жылы жарық көрген кітабының аты.

«ӨМIРДЕ ЕРЛIККЕ ӘРҚАШАН ОРЫН БАР» - М.Горькийдiң «Изергил кемпiр» атты шығармасының кейiпкерi Изергилдiң Дашо ерлiгi туралы айтқан сөзi.

ӨМIРЛIК КЕҢIСТIК - немiс-фашист империалистiк саясатының «герман халкына өмiрлiк кеңiстiк әперу» деген ұранын Гитлер өзiнiң басқа территорияларды басып алғандығын ақтау үшiн пайдаланды.

«ӨМIР ДЕГЕНIМIЗ – КҮРЕС» - негiзiнен антикалық авторларда кездескен қанатты сөз.

«ӨМIР ЖОЛЫ» - Ұлы Отан соғысы кезiнде Ленинград қаласы 900 күн мен түн блокадада қалды. Қала халқымен бiр ғана жол - Ладоға көлi арқылы байланыс жасалды. Оны ленинградтықтар «өмiр жолы» деп атады.

Наши рекомендации