ОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТАҒЫ – КОММУНИКАЦИЯ

ЖОСПАР:

IҚоғаммен байланыс жайлы жалпы түсінік

IIКоммуникация туралы қысқаша тоқталу

1.Қоғаммен байланыс және коммуникацияның байланысы

2.Коммуникацияның қоғаммен байланыспен қатынасы

IIIКоммуникацияның түрлеріне мәлімет

Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен қарым-қатынас) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтікқұрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Бастапқыда паблик рилейшнз ұғымы ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі (немесе функциясы) ретінде қолданылды. Паблик рилейшнз еркін баспасөз бен ақпарат еркіндігіне негізделетін инновац. басқару жүйесі ретінде түрлі кең көлемді жобаларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның мақсаты – ортақ көзқарастар мен мүдделерді анықтау және сенімділік ауанын қалыптастыруға негізделген өзара түсіністікке қол жеткізу үшін екі жақты қарым-қатынаc орнату. Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін әзірлеу, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, жұртшылықтың мүддесіне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, ұйымның имиджін нығайту, т.б. Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды (теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналғаны.

Пиар-технологиялар,PR-технологиялар - [ағылш. PR, public relation - жұртшылықпен (қоғаммен) байланыс] - хьютек-технологиялардың бір бағыты. PR деп ұйым мен қоғамның арасындағы өзара түсіністік пен өзара байланысты орнатып, тұрақтылығын сақтап отыруға, қоғамдық пікірді зерттеуге, оның даму ерекшеліктерін болжап, оған ілтипатпен жауап қайыруға, басшылыққа уақыт талабына сай болуға және ұйымның, оның қызметінің, даму бағытының жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған басқарудың ерекше қызметі түсініледі.

XX ғ. ортасынан PR-технологиялар әртүрлі салаларда - саяси кампанияларды жүргізуден өз халқының арасында, қала берді халықаралық деңгейде мемлекеттің имиджін қалыптастырып, көтеруге дейінгі аралықта қолданыла бастады. Экономиканың жаһандануы жағдайында елдің жағымды имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік пен экономикалық жағдайдың жақсаруына тікелей әсер етеді, өйткені, мемлекетке және оның агенттеріне сенімнің артуына және халықаралық қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, PR-технологиялар әртүрлі елдермен өз құндылықтар жүйесі мен әлемдік қауымдастық саласында ықпалын (мәдени және экономикалық) арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады.

PR-компанияны жүргізудің стратегиясында RACE: R (research) жүйесі қолданылады - міндетті қою және талдау; A (action) - жалпы бағдарламаны және тұжырымдаманы жасау; С (communication) - алға қойылған мақсаттарға жету жолында коммуникативті байланыстар орнату; Е (evolution) - кері байланысты қамтамасыз ету, нәтижелерді қорытындылау және түзетулер енгізу.

PR-технологиялардың түрлері. Ғаламдық PR-кампаниялар жүргізу үшін сын тезінен өткен дәстүрлі PR-технологиялар қолданылады: үгіт-насихат; промоушн (promotion) - талап етілген бағытта қоғамдық пікір қалыптастыру; паблисити (publicity) - сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың пайда болуына жағдай жасау, жүртшылықты хабарландыру (public information), медиарилейшн (media relation) - саяси іс-әрекетті ақпараттық сүйемелдеу; басын айналдыру (brainwashing) - әсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс тарату. Дағдарысты технологиялар - кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі.

Символдық перфоманстарды қалыптастыру - ғаламдық ауқымда ұйымдастырылатын (мысалы, жаһандануға қарсылар, жасылдар және т.б.) бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме жасау, спорт жарыстары.

Аудиторияны жіктеу (сегменттеу) - PR-технологиялардың, әртүрлі елдер тобына немесе халық жіктерінің діни, мәдени, білім, мүліктік, құндылықты бағдарларын есепке ала отырып, мақсатты бағыттарын анықтау.

Спин-докторинг (spin-doctoring) - ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру.

Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАҚ-ты пайдалану және дамыту.

e-PR-технологияларын, яғни, интернeT-PR-технологияларын пайдалану: веб-сайттар, антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.

Қазақстанда жұртшылықпен байланыс өзіндік жүйе, әлеуметтік институт ретінде қалыптасу үстінде. Үкіметтік және бизнестік құрылымдардың PR қызметтері жұмыс істеуде. Қазақстандық PR агенттіктерінің саны өсе түсуде. ҚР Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR-шы» клубы сияқты алғашқы қоғамдық бірлестіктер пайда болды.Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассоциациясы (ЖБҰА) PR нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компанияның бастамасы бойынша 2001 жылы құрылды. ЖБҰА-ның құрылтайшы-мүшелері заңды тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда ЖБҰА мүшелері қатарына «BRIF Research Group» Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, Қазақстан Баспасөз клубы, «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі, Ұлттық баспасөз клубы, «Имидж-Партнер» коммуникациялық тобы, «Медиа-Систем» агенттігі, «PR-Management Company» агенттігі кіреді.ЖБҰА-ның негізгі миссиясы-Қазақстанда кәсіби PR индустриясын қалыптастырып, дамыту. Өз іс-әрекеті арқылы ЖБҰА Қазақстанда азаматтық қоғамның орнау үдерісіне араласатын болады. Жарғылық мақсаттарына ЖБҰА мынадай әдістермен қол жеткізеді: Қазақстанның PR агенттіктері, сондай-ақ корпоративтік PR-мамандары арасындағы қарым-қатынастарды дамыту; кәсіби этика стандарттарын енгізу; жоғары оқу орындарымен және мемлекетпен өзара бйаланыста болу; халықаралық ынтымақтастық; сала мүдделерін БАҚ-та және мемлекеттік органдарда қолдау; еліміздің PR мамандарының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу; сала мүдделерін қорғай отырып, Қазақстанның бизнес-қауымдастығымен қарым-қатынас жасау; саланың имиджін арттыруға жәрдемдесу.
ЖБҰА сияқты ассоциациялар әлемнің өзге елдерінде бірнеше ондаған жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қаз тұрып, қалыптасқанына 15 жылдай ғана болған Қазақстанның PR нарығы кәсіби деңгейге көтерілді. Ассоциация мүшелері 2008 жылғы 17 маусымдағы жалпы жиналысында Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптер кодексін қабылдады. Кодекс мақсаты – жұртшылықпен байланыс нарығының негізгі ойыншылары ұстануға міндетті нақты этикалық және кәсіби бағдарларды белгілеу.
Еліміздегі жұртшылықпен байланыс мамандарының саны бес мыңнан асып жығылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кәсіби тұрғыда жұмыс істей алатын кадрларға деген сұраныс бар.
Жұртшылықпен байланыс саласы біздің елімізде соңғы 15 жылда қызу дамып келеді. Осы саладағы жоғары білімнің болуы әлемнің барлық дамыған елдері үшін заңды құбылыс болып табылады.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Халықаралық бизнес университетінде (UIB) қоғаммен байланыс мамандығы бойынша сапалы білім беруге қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби оқытушылар құрамы бар. Қазақстанда қоғаммен байланыс бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге сүйенеді, оған жоғары университеттік білім ауқымындағы іргелі жалпы білімдік пәндер, сондай-ақ үш негізгі бөліктен – жалпыгуманитарлық пәндерден, журналистік және мамандық пәндерінен тұратын, мамандықтың білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді.
Оқуды «жұртшылықпен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған түлектер мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарда баспасөз хатшысы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Іскерлігін көрсете білген алғыр жастардың арасында мекеменің бірінші басшысының орынбасары сияқты биік лауазымға жеткендер де бар.
Осы мамандық бойынша білімін тереңдеткен түлектер еліміздің жағымды инновациялық бет-бейнесін қалыптастыру саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, еліміздің экономикалық әлеуетінің артуымен тікелей байланысты. Елбасы жоғары дамыған 50 ел қатарына қосылу міндетін алға қойып отырған қазіргі таңда еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын әлемдік деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде.

Қазақстандағы қазіргі қоғаммен байланыс негізінен 4 салада дамып келеді.Олар:үкіметтік PR,саяси PR,коммерциялық PR, PR туралы білім беру саласы.

Үкіметтік пиар.Біздің елімізде қоғаммен байланыстың батыстық үлгілері 1991 жылдан бастап пайда бола бастады.Белгілі журналист С.Матаев мемлекет басшысының алғашқы баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Кейіннен ол Ұлттық баспасөз клубын ашты.Оның бүгінде Астана,Шымкент,Ақтөбе қалаларында филиалдары бар1995-1997 жылдары премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Қосанов біздің елімізде бірінші рет Үкімет басшысының баспасөз хатшысы қандай болуы керек екенін өз ісімен танытты.Ел үкіметі соңғы 4-5 жылда қоғаммен байланыстың қажеттігін сезіне бастағандығын «ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» атауынан-ақ көре аламыз.Мұндай басқарма-бөлімдер облыстық және қалалық әкімшіліктерде кездеседі.Бірақ өкінішке орай ,ол әкімшіліктердегі өоғаммен байланыс үшін жауап беретін қызметкерлер өзінің қызметтік функциясын айқын түсінбейді.Себебі,олардың арнаулы кәсіби білімі жоқ.

Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасындағы баспасөз қызметінің штатында 3-4 адам ғана жұмыс істейді.Олар өздерінің бүкіл қызметі депутаттардың брифингтері мен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып берумен ,сондай-ақ ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін акредитациялық тіркеуге алып,оларға алдағы күні қаралатын заң жобалары мен шағын пресс-релиздер таратумен шектеледі деп есептейді.Ал парламент жұмысы туралы қоғамдық пікірді жинау,талдау,болжау жасау қызметтерін басқа бөлімдер атқаруға тиіс деп ойлайды.

Саяси пиар.Қоғаммен байланыстың дамуына ерекше үлес қосатын саяси кезең ол-сайлау науқаны.Біздің елімізде 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде ғана пиар технологиялар кеңінен пайдаланылды.Әсіресе сайлау науқанының қарсаңындағы президенттікке үміткерлердің баспасөз бетіндегі саяси тартыстарды көпшіліктің көңілінде айтулы саяси-шоу ретінде есте қалды.Мысалы,Ғани Қасымұлының КТК телеарнасындағы саяси ойыны ерекше әрі сәтті шыққан.

Парламенттік сайлаулардың ішінде 1994 жылғы сайлауды мамандар Қазақстан тарихындағы алғаш рет нағыз бәсекелестік жағдайында өткен депутаттық сайлау деп бағалады.Бірақ ол кезде 1999 жылғы өткен парламенттік сайлаудағыдай пиар технологияларын білместіктен пайдаланылмағаны мамандарға түсінікті.1999 жылғы депутаттар сайлауында бірнеше саяси пртиялар өздерінің имиджін БАҚ арқылы әсерлі түрде жасай алды.Әсіресе,жаңадан құрылған Азаматтық партиясы қоғаммен байланыстың шетелдік үлгілерін сауатты түрде пайдалана білді.

Бір өкініштісі,бұл сайлауларға саяси кеңесші ретінде Ресейдің және жекелеген батыс елдерінің имиджмейкерлері ғана тартылды.Ал отандық сайлау кеңесшілерінің қызметі ойдағыдай пайдаланылған жоқ.Егер бізде кәсіби мамандардың дайындалмағанын ескерсек,бұл түсінікті де.Содан кейін,көптеген депутаттыққа үміткерлердің пиар мамандарының қызметін қажетсінбегенін де айта кету керек.Депутаттыққа үміткерлер сайлау технологияларына емес,жоғары биліктің өзіне сайлау науқанында қолдау кқрсету туралы уәдесіне кқбірек сенетін көрінеді.Яғни,бізде демократиялық сайлау әдіс-тәсілдерінен гөрі бұрынғы әкімшілік-әміршілдік тәсілдер әлі күнге дейін орын алып келеді.

Саяси пиар біздің елімізде 2001 жылдың қазан-қарашасынан бастап 2002 жылдың сәуір-мамыр айларына дейін созылған үкіметтік дағдарыс кезінде ақпараттық соғыс нысанында айқын көрініс тапты.

Коммерциялық мекемелердегі PR-ға тоқталатын болсақ,мұнда да өзіндік ерешеліктеріміз бар.Мәселен,1990-шы жылдардың басында Қазақстанда жарнама нарығы қарқынды түрде дамыды,тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған орай,жарнама мен пиар тығыз байланыста қарастырылды,екуі бір деген мағынада ұғынылатын болды.Сол түсінік әлі күнге дейін кәсіпкерлердің санасында біржола қалыптасып қалғандай.Көптеген жарнама агенттіктері өздерін әрі пиар агенттігі деп таныстырады.Ірі компаниялар мен фирмалардың жарнама бөлімдері қоғаммен байланыс қызметін қоса атқарады.Осыдан болу керек «жай жарнама»және «саяси жарнама»деген ұғымдар қалыптасқан.

Жалпы алғанда,шетелдің инвестор компаниялары болмаса,отандық акционерлік қоғамдар мен фирмалар өнеркәсіп,сауда және қызмет көрсету салаларында қоғаммен байланыс қызметін ойдағыдай пайдаланып отырмағаны байқалады.

PR туралы білім беру саласы.Қазақстанда пиардың қалыптасуы үшін мына 3 аспект өте маңызды:

-Оқу-ағарту қызметі;

-PRДамуы мекеменің басқару ісіндегі аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы;

-PR Технологияларының да және қызметінің де сапасының артуы.

Осылардың ішінде ерекше атап өтетін қыры,бұл-пиар туралы білім беру саласы.Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарындағы пиар жөніндегі оқытушылар кадрын дайындамай тұрып,нарық дамуы табысты болады деп күту мүмкін емс.Білікті маман дайындау-бұл біздің проблемаларымызыдың оң шешім табуына жасалатын ең басты қадам.

Пиар пәнін оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық журналистика кафедрасының студенттеріне 1997-1998 оқу жылынан бастап қолға алынды.2000-2001 оқу жылы «қоғаммен байланыс»жеке мамандық ретінде оқу бағдарламасына енгізілді.Осы мамандықтың негізінде біздің факультетімізде 2001-2002 оқу жылының басында «БАҚ менеджменті және жарнама»деп аталатын жаңа кафедра ашылды.Журналистика факультеті аталмыш жаңа мамандық бойынша екі рет оқуға талапкерлерді қабылдады.Бұрын 1990 жылдардың басында бұл мамандық Қазақстанда КИМЭП-те ғана дайындалатын.1998 жылдан бастап Алматы менеджмент мектебінде де оқытылатын болды.

Оқу ісіндегі ең басты мәселе-практик-оқытушылардың аздығы.Екінші-оқулық мәселесі.Бізде Қазақстан жағдайына байланысты жазылған бірде-бір оқулық жоқ.Сонымен қоса біз,студенттер мен оқытушылар қауымы оқу процесіне қатысты материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқуға мәжбүрміз.Бірақ бұл жақын болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын.

PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды.2001 жылы белгілі саясаткер Е.К.Ертысбаев докторлық еңбек жазды.ҚазМҰУ-дің доценті Л.Ф.Адилова еліміздің танымал саясаткерлерінің имиджін зерттеп жүр.Саясаттану ғылымдарының докторы Ғ.Ж.Ибраева БАҚ және пиар байланысы жөнінде ізденіс жасауда.

Қазақстан пиары Ресейдің қоғаммен байланысынан бірнеше жылға артта қалып келеді.1991 жылы Ресейдің қоғаммен байланыс жөніндегі ассоциациясы құрылған.Мұндай ұйым бізде 1998 жылдың басында пайда болды.Оның өзінде бұл ұйым еліміздегі президенттік сайлау қарсаңында бір-ақ рет ғылыми конференция ұйымдастырды да,содан кейін із-түссіз жоқ болып кетті.Сол кезде бірқатар отандық пиар-агенттіктер бой көрсетті.Олардың қатарында Гиллер институтын, «SR» қоғаммен байланыс жөніндегі агенттігін , «Ренессенс» консалтингтік агенттіктерін атап өтуге болады.

Ресейдің жоғарғы оқу орындарында «қоғаммен байланыс» мамандығы 1995 жылы ашылған.Бүгінде ол елдің 40 шақты жоғарғы оқу орындарында аталмыш мамандарды дайындауда.1997 жылы «Советник» атты журнал ашылған.Бізде «Технология управления»журналы 2001 жылы жарық көрді.Оның өзін таза қоғаммен байланыс саласына арналған басылым деп атауға келмейді және осы журналды көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді .Қоғаммен байланыс саласындағы келеңсіздіктер мұнымен бітпейді:сайлау алдындағы науқандар кезінде отандық саясаткерлер ресейлік немесе украиналық құрылымдардың қызметіне жүгінеді екен,бұл өз кезегінде отандық пиар өндірісінің нашар дамығанын немесе осы ұғымның бізідң елімізде әлі де болса қалыптаса алмай жатқанын көрсетеді.

Қатынасу, тілдесу (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.

Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.

Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.

Коммутация — тілдің екі таңбасының — тілдік таңбанын көрінісі мен мазмұнының сәйкестігінен туатын қатынас. "Коммуникация" ұғымын глоссематикада тіл таңбалары арасындағы парадигматикалык қатынасты анықтау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмұны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммуникациялык тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмұны жағынан әр-түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазмұн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммуникациялық катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммуникациялық катынас Ж°К. Коммуникациялык тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудын барлык деңгейіндеде (мыс. синкретизм (к.) құбылыстарында) қолданылады.

Коммуникация — "Мен"-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ казіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі (коммуникационная система, система связц; commu-nications system) — мәліметтерді жеткізу кешенін қүрайтын аппараттық құралдардың, программалық жасақтамалардың және сол мәліметтерді жеткізу арналарының бірлестігі.

Коммуникациялық модуль

Коммуникацйялық модуль (коммуникационный модуль; communication module) — ақпаратты бағдарлауды және ақпараттық арналарды басқаруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық элементі.

Коммуникациялық сервер

Коммуникациялық сервер (коммуникационный сервер; communications server) — терминал, компьютер және принтер сияқты құрылғылардын желіге қосылуын жеке коммуникациялық хаттамасыз-ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес программалық жасақтамамен қамтамасыз етілгей компьютер. Жергілікті желілерде — жұмыс станцияларының үлкен электрондық есептеу машина- ларына, модемдерге, факс-модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруын қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады.

Коммуникациялық хаттама

Коммуникациялық хаттама (коммуникационный протокол; communications protocol) — қысқа мерзімде стандартгы пішімді пайдаланып, мәліметгерді желінің бір торабынан (түйінінен) екіншісіне жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер (спецификациялар) жиыны.

Коммуникациялық программа

Коммуникациялық программа (коммуникационная программа; Communications program'(software) — компьютер мен модемнің басқа компьютермен және модеммен қатынас құруына мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Ол компьютерлер арасындағы байланыс түзілімін ұйымдастыратын телефон нөмірлерін жадында сақтап, оларды автоматты түрде теруді жүзеге асырып, жалпы қатынас қүруды оңайлатады. Байланыс орнатылған сон, бұл программа келіп түскен мәліметтерді дискіде сақтап, қажетті файлдарды дискіден өрі карай i жәнелтеді. Байланыс параметрлерін алғаш - орнату кезінде осы компьютердегі модем сипатгамаларына сәйкес бейімделеді.

«Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі –Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуалдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр.

Коммуникацияның негізгі функциясының өзі танымдық қызмет атқару болып саналады. Ол қоғамдық-саяси өмірді байланыстыратын, бағыттайтын және инновациялайтын адам қызметінен, саяси тасымалдаушының түрлі тәсілдерінен, коммуникациялық процестерден тыс саясат өмір сүре алмайды. Кез-келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада бүгінде коммуникация теориясы, психологиясы мен социологиясы сияқты аралас пәндерге тән ұғымдар мен түсініктердің ауқымды жүйесі қолданылады. Саяси коммуникативистиканың бірқатар теориялары жекелеген индивидтер деңгейінде қарастырылады, әсіресе, хабарлама тарату нәтижесінде сендіру ықпалына қатысты әрекеттерді атауға болады.

«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.

Ресейдің жұртшылықпен байланыс саласындағы ғылыми мектебінің негізін қалаушыларды бірі – М.А. Шишкина жұртшылықпен байланыс «әлеуметтік субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға бағытталған» деп есептейді. Белгілі батыс ғалымдары С.М.Катлип, А.Х. Сентер, Г.М. Брум: «Паблик рилейшнз дегеніміз ұйым мен жұртшылық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға немесе қолдап

отыруға жәрдемдесетін басқару функциясы, ұйымның табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс атқарылуына байланысты болады» - деген анықтама ұсынады.

Украйындық PR теоретигі В.Г. Королько: «Басқару ретінде ақпараттық сылтау-себеп пен ақпарат туындату процесін, сондай-ақ қолайлы қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыру үшін коммникация құралдары арқылы дайын ақпараттық өнімді таратуды түсінетін болсақ, паблик рилейшнз дегеніміз – ақпаратты (соның ішінде әлуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы жүйесі болып табылады» - деп жазады.

Саяси коммуникация - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Саяси коммуникация саяси субъектілердің өзара қарым-қатынас үрдісіндегі жолдары, құралдары мен тәсілдерін білдіреді. Саяси коммуникация жолдары адамдардың психологиялық қажеттілігі араласуына сүйене отырып, кез келген саяси жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруы мен түрақтылық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саяси психологиялық түрғыдан, араласудың сан алуан түрлері мен тетіктері негізінде жіктеледі:

жеке түлға ішіндегі саяси коммуникация;

жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация;

топ ішіндегі саяси коммуникация;

топ аралық саяси коммуникация;

бүқаралық саяси коммуникация.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл - газет оқу, теледидар көру, радиодан бағдарламалар тыңдау, т.б.

Жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір әріптес коммуникатор қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі саяси коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып саяси ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, аудитория және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен тұрады.

Топ аралық саяси коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды вариантта даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған келіссөздер. Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық саяси коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған саяси жарнама, саяси үгіт-насихат жатады.

Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен қарым-қатынас) – мемлекеттікжәне қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғаммен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызметНегізгі міндеттері:
- Баспасөз қызметі жұмысының меди-жоспарын жасап, жүзеге асыру;
- БАҚ өкілдерінің тәжірибелік жұмыстарына көмектесу, керекті ақпаратпен қамтамасыз ету; БАҚ-қа пресс-релиз дайындау;
- БАҚ үшін аудио-, видеороликтер даярлау;
- БАҚ үшін мақала, шолу, сілтеме дайындау;
- Университет басшылығымен сұхбат ұйымдастырып, өткізу;
- Фототүсірілім жасау және жоғары сапалы фотоөнім дайындау, фотоархив жасау;
- «Университет тынысы» газетін дайындап, баспадан шығару;
- Кәсіби ұйымдармен, Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас орнату;
- Университеттің http://tarsu.kz// ресми сайтына, ақпараттық таблоға ақпарат енгізу;
- Университет ұйымдастырған іс-шаралады фототүсіріліммен қамтамасыз ету;
- Ай сайын қалалық, облыстық, республикалық БАҚ-қа мониторинг жасау;
- Университеттің жағымды имиджін қалыптастыру бағытындағы саясатты жүзеге асыру

Коммуникация – латын тілінен аударғанда, «қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу» деген мағына береді. Коммуникация қоғамның кез келген саласында кездеседі. Тіпті мектепте мұғалім мен мен оқушының байланысқа түсуін де осыған мысал етуге болады.ХХ ғасырда философтар коммуникацияны қоғамдық дамуға әсер ететін бірден бір күш деп түсіндірді. Осының негізінде ғылымда «әлеуметтік коммуникация» термині пайда болды. Коммуникация ұғымы дами келе, білім, техника, саясат салаларында кеңінен қолданыла бастады. Білім салаларындағы институттардың бір-бірімен қатынасы, екі елдің дипломатия орнатып, саяси мәмілеге келуі де коммуникация құрылымын кеңейте түсті.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады.

Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынастың типтері, көріну формалары. Қарым-қатынастың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Қарым-қатынас механизмдері. Қарым-қатынас стильдері және тәсілдері. Қарым-қатынастың коммуникациялық жағының сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцепциялық жағының сипаттамасы. Қарым-қатынастың интеративтік жағының сипаттамасы. Қарым-қатынастың қызметтері. Императивтік қарым-қатынас, манипуляциялық қарым-қатынас, диалогтық қарым-қатынас. Жеке адам және қарым-қатынас. Қарым-қатынас мәдениеті. Коммуникабельдік. Қарым- қатынас түсе білу – педагогтың жеке басының ерекшелігі. Қарым-қатынасқа қойылатын талаптар. Қарым-қатынасқа түсе алу тренингі. Әлеуметтік-психологиялық тренинг. Адамдар қатынасының жалпы сипаты. Қатынас және оның функциялары: байланыстыру, прагматикалық қызметі; қалыптастыру, дамыту қызметі; растау қызметі; тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі; тұлғаішіндік қызмет.Жеке адамдар арасындағы қатынастың түрлері: императивтік, манипуляциялық, диалогтық, рухани, іскерлік, формальдық-рөлдік қарым-қатынастар.Қатынас тәсілдері: тіл, жест, мимика, пантомимика, интонация (сөз ырғағы). Қарым-қатынасқа қатысты ұғымдарға сипаттама. Коммуникабельді, коммуникативтік хабардарлық, коммуникация және т.б. Қарым-қатынас стратегиялары және тактикалары. Қатынас формалары: тікелей ортақтасу, жанама ортақтасу, тұлғааралық ортақтасу, бұқаралық ортақтасу, персонаралық ортақтасу, рөлдік ортақтасу.

Психология ғылымындағы «қарым-қатынас» және «іс-әрекет» категорияларының қатынасы. Қарым-қатынас мазмұны және құрылымы. Адамдардың қарым-қатынас формаларының әртүрлілігі және олардың механизмдері. Коммуникативтік процестің құрылысы. Коммуникацияның түрлері. Коммуникацияның тәсілдері және шарттары. Коммуникацияның сөздік және сөздік емес бөлшектері. Белгілердің паралингвистикалық және экстралингвистикалық жүйелері. Ақпараттың кодефикациялануы. Қарым-қатынас дағдыларының дамуын әлеуметтік психологиялық әдістермен зерттеу. Адамдар арасындағы коммуникативтік процестің ерекшеліктері. «Қозғалыс» барысындағы хабардың дамуы мен артуы коммуникативтік процестегі серіктерінің белсенділік позициясы хабардың мағыналық интерпретациясы, коммуникация түрлері. Тілдік тәртіптің құрылымы. Тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын түсіну. Тезаурус түсінігі. Коммуникативтік барьердің типі. Тілдік сана мәселесі және жеке адамның өзіндік сана-сезімі. Тест әлеуметтік пәні ретінде: құрылу заңдылықтары, қабылдау механизмі, интерпретациялық тәсіл. Тілдік сереотип және тілдік этикет. Тілдік ережелердің орны. Вербалдық емес коммуникация түсінігі. Вербалдық емес тәртіптің негізгі құрылымына жалпы мінездеме (мимика, жест, поза, көзбен контактыға келу, жүріс-тұрыс) коммуникативті процестің факторы ретінде. Қарым-қатынасты кеңістік, уақыт барысында ұйымдастыру. Вербалдық емес коммуникативтік топтың ішіндегі қатынасты және бір-біріне әсер етудегі ерекше көрсеткіш.

Саяси коммуникация - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл - газет оқу, теледидар көру, радиодан бағдарламалар тыңдау, т.б. Жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір әріптес коммуникатор қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі саяси коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып саяси ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, аудитория және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен түрады.

Топ аралық саяси коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды вариантта даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған келіссөздер. Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық саяси коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған саяси жарнама, саяси үгіт-насихат жатады.

Маркетингтік коммуникация

Маркетингтіктегі коммуникациялық саясат түсінігі мен түрлері, процесі туралы қазақша реферат.

Маркетингтіктегі коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының “тауарды жылжыту” деген синонимі жиі кездеседі.

- Жарнама

- Өткізуді ынталандыру

- Жеке сату

- Қоғаммен байланыс

- Тікелей маркетинг (қазіргі жағдайда тікелей маркетинг тауарларды арнасы ретінде жеке мағынаға ие болып отыр)

Тауардың сырт пішіні, оның түрі, түсі, буып-түюі, орауы да коммуникациялық қызмет атқаруы мүмкін.

Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы (немесе дақпырт арнасы) – бұл адамдардың жүзбе-жүз, телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасуы. Мұндай арнадағы қатынастар кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер арқылы жүреді. Қымбат тауарларды сатып алу кезінде осындай арнаның маңызы зор. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар (баспасөз-конференциясы, таныстыру рәсімі және т.б.) жатады. Осы екі кезеңдік коммуникация процесінде лидердің пікірі маңызды рөл атқарады, сондықтан да жарнаманы соларға бағыттау керек. Тиімді маркетингтік коммуникацияны құру үшін мақсатты аудиторияны, сонымен қатар тұтынушылардың біліктілігі мен тәжірибесін білу қажет. Мамандар қандай аудиторияны қызықтыру қажеттілігін және ондағы тұтынушылардың реакциясын біліп отыруы керек. Тауарды нарықта жылжытуға бөлінген қаражат анықталғаннан кейін фирма оны жылжыту нысандарына қалай бөлу керектігін шешіп, кешенді бағдарлама жасауы тиіс. Жылжытудың түрлі нысандарын таңдауға тауардың түрі, жылжыту стратегиясы, сатып алушының сатып алуға дайындық деңгейі, тауардың өмірлік циклінің кезеңдері әсер етеді. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады, содан кейін өткізуді ынталандыру, дербес сату, паблик рилейшнз, тікелей маркетинг орын алады. Ал өндіріс тауарлары үшін ең маңыздысы – дербес сату, содан соң өткізуді ынталандыру, жарнама, паблик рилейшнз. Жылжыту бағдарламасының стратегиясы компанияның алға қозғау (Push strategy) және тұтынушыларды тарту стратегияларын таңдауымен байланысты. Алға қозғау стратегиясы — тауарларды өткізу арналары мен түпкі тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Тұтынушыларды үйіру стратегиясы түпкі тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуді, ынталандыру және үйіруді мақсат етеді. Тұтынушылардың тауар туралы мағлұматы мен білімін арттыруда жарнама мен паблик рилейшнз ең басты рөл атқарады, ал олардың талғамдары мен иланымдарына жеке сату мен өткізуді ынталандыру ықпалын көбірек тигізеді. Тауарды нарыққа шығару кезеңіндегі жылжытудың ең тиімді құралдары – жарнама мен PR, екі нысан да өсу кезеңінде маңыздылығын жоғалтпайды. ТӨЦ-тің кемелденген кезеңінде өткізуді ынталандыруға көп мән беріліп, ал жарнама тауар туралы ойды еске салатындай болу керек. ТӨЦ-тің құлдырау кезеңінде жарнамаға кететін шығындар төмендеп, фирма өнімді өткізу үшін тұтынушыларды ынталандыру шараларына жүгінеді. Соңғы жылдары коммуникацияның дамуында кейбір өзгерістер болып өтті. Қазіргі таңда маркетологтар жаппай сатып алушыларға бейімделуін тоқтатып, жеке сегменттер мен тұтынушылар топтарына бағытталған тар көлемді, бір жақты маркетингтік бағдарламалар жасауда. Жаппай маркетингтен оның мамандандырылған түріне ауысуы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңа буынның – Web-парақтар және Интернет сияқты компьютерлік қызмет көрсетудің туындауына алып келді. Қазіргі тұтынушылар компаниялар туралы мол ақпаратпен қамтамасыз етілген. Әр түрлі арналардан келіп түсетін ақпараттар бір-біріне қарама-қайшы болмауы керек, өйткені ол тұтынушының көңілінде күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан маркетологтар өзі арналарының қызметін үйлестіре білуі қажет..

Наши рекомендации