Тұлғаның психологиялық теориясы» пәніне арналған тест сұрақтары

Дені сау адамның психикалық дамуының фактлері мен заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бір саласы-

А) Даму психологиясы

В) Балалар психологиясы

С) Зоопсихология

Д) Педагогикалық психология

Е) Арнайы психология

. Шындық жағдайға сай келмейтін көтеріңкі, қуанышты көңіл-күй-

А) эйфория

В) эгоизм

С) фрустрация

Д) инфантилизм

Е) қыңырлық

Белгілі бір іс-әрекет орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті-

А) қабілет

В) темперамент

С) мінез

Д) қызығушылық

Е) зейін

. Адам санасының айналадағы обьектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы –

А) зейін

В) ес

С) ойлау

Д) қиял

Е) қабілет

. Адамның тез арада дұрыс шешім қабылдай алу қабілеті:

А) ойлау көлемі

В) ойлау тереңдігі

С) ойлау жылдамдығы

Д) ойлау иілгіштігі

Е) сыни тұрғыда ойлау

Күрделі мәселенің тереңіне үңілу

А) ойлау тереңдігі

В) ойлау көлемі

С) ойлау жылдамдығы

Д) ойлау иілгіштігі

Е) сыни тұрғыда ойлау

Адамның белгілі бір топ, ұжымдағы тәртіп жүйесі мен нормаларын меңгеру барысындағы әлеуметтік тәжірибе жинақтауы мен белгілі әлеуметтік ортаға бейімделуі-

А) әлеуметтену

В) даму

С) тәрбие

Д) оқу

Е) жаттығу

.Адамға жас және жыныстық ерекшелігіне сай берілетін статус-

А) табиғи

В) тағайындалған

С) жүре пайда болған

Д) кәсіптік

Е) әлеуметтік

Баланың психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның бір саласы-

А) Балалар психологиясы

В) Даму психологиясы

С) Зоопсихология

Д) Салыстырмалы психология

Е) Педагогикалық психология

Ағзаның репродуктивті ерекшелігіне сай оның ұрпақ жалғастырудағы морфофункциональды бейнесі-

А) жыныс

В) заң

С) ұлты

Д) жауапкершілігі

Е) миы

Әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі-

А) сана

В) психика

С) рефлекс

Д) анализатор

Е) рецептор

Қарым-қатынастың тапшы болуынан бала дамуының артта қалуы-

А) госпитализм

В) фрейддизм

С) бихевиоризм

Д) эгоиз

Е) аутизм

Автономды сөйлеудің пайда болатын кезеңі-

А) нәрестелік шақ

В) сәбилік шақ

С) мектепке дейінгі шақ

Д) кемелдену

Е) жаңа туған шақ

. Нәрестелік шақтағы баланың «жетекше әрекеті»-

А) эмоционалды қатынас

В) ойын

С) еңбек

Д) оқу

Е) бейнелеу

Мектеп жасына дейінгі баланың «жетекші әрекеті»-

А) ойын

В) еңбек

С) еліктеу

Д) жаттығу

Е) бейнелеу

Балалар психологиясы ғылым ретінде…… қарастырады .

А) Балалық кезең бойындағы психика дамуын

В) Бала дамуы заңдылықтарын .

С) Бала психикасын даму қағидасын

D) Нәресте психикасы дамуын

Е) Психикалық даму теориясын

.Адам тәртібі мен психикасында байқалатын сандық және сапалық өзгерістер үрдісі-

А) Даму

В) Өсу

С) Қайта жаңару

D) Заңдылық

Е) Сапа

Дамуды басқа да өзгерістерден ерекшелендіретін негізгі сапалар:

А) Заңдылық, бағыттылық

В) Гетерохондылық, әртүрлілік

С) Сензитивтілік, бағыттылық

D) Жоспарлық, әртүрлілік

Е) Үйлесімділік, деңгейлік

Белгілі бір психикалық қызметтің жетілуі барысындағы сандық өзгерістер, бұл-

А) Өсу

В) Даму

С) Жетілу

D) Механизм

Е) Қалыптасу

. Ағзаның жекелей дамуында және зат алмасу түрлерінде қайталанып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиеті-

А) Тұқым қуалау

В) Фактор

С) Орта

D) Іс әрекет

Е) Белсенділік

. Адам дамуының жетекші детерминантары:

А) Психикалық даму факторлары

В) Даму құралы

С) Даму жағдайлары

D) Даму ортасы

Е) Тұқымқуалаушылық

Адам дамуында оны айнала қоршаған қоғамдық, материалды және рухани жағдайлар, бұл-

А) Орта

В) Құрал

С) Фактор

D) Құбылыс

Е) Үрдіс

2.Я.Моренко ұсынған әдіс.Онда топтағы тұлғаралық қатынас құрылымын сан және графика арқылы бейнелейді. Ол құрылым социометриялық критерийді қолданып, мүшелерін өзара сайлаудан және мүшелер санынан шығады:

А) социометрия

В) тестілеу

С) қабілеттілік

Д) сендіру әдістері

Е) ертегітерапия

3.Топтың нақты сипаттамаларын тұтас құрылым түрінде беретін әдіс:

А)социометрия

В)әдістеме

С)қабылдау

Д) дидактика

Е)тәрбиелеу

4.Шағын топтардағы тұлғараалық қатынастарды зерттеуге социометриялық тестілер көмегімен алынатын нәтижелерді математикалық өңдеуді графикалық бейнелеу:
А) социограмма

В)социометрия

С)тестілеу

Д)эмпатия

Е)перцепция

5.Билік және авторитетті мөлшерден тыс дәріптейтін ,сонымен қатар қалыптасқан тәртіпті бұзушылармен аянбай күресетін тұлғалар түрі:

А) авторитетті тұлға

В)тұлға

С)либерал тұлға

Д)демократ тұлға

Е) қабілетті тұлға

6. Жан-жағындағы адамдарды өзінің ықпалына мейлінше бағындыруға ұмтылатын мінездің әлеуметтік психологиялық түрлері:
А)авторитеттік

В)либералдық

С)демократиялық

Д)индивидуалдық

Е)әлеуметтік

7.Өзінің қоғамда алатын лауазымына, қызметіне т.с.с. негізделетін тұлға әсерлері:

А) авторитет

В)индивид

С) статус

Д)билік

Е)маңызы

8.Бірлесіп іс-әрекет жасауда басқа тұлғаға жауапты шешім қабылдау құқығын тану:

А) авторитет

В)индивид

С) статус

Д)билік

Е)маңызы

9. Зорлық жасамай басқа адамдардың іс-әрекеттерін санасын бағыттап отыратын адам қабілеттілігінің ерекше түрлері:

А)авторитет

В)тұлға

С)индивид

Д)роль

Е)билік

10.Өзін-өзі ерекше бағалайтын ,өзін-өзі сүйетін менмен, өзім білгіш санайтын мінездер:

А)амбициоздық

В)акцентуализация

С)алгоритм

Д)альтруизм

Е)амбивалентность

11.Антика дәуірінде Феофраст мінездеулер қанша сериялық суреттемелерден тұрады:

А)30

В)20

С)10

Д)15

Е)4

12. Іс-әрекеттерде және сөйлеуде өзін-өзі кеміту, әдейі түк білмес бола қалу:

А) мысқылдау

В)бос сөйлеушілік

С)жағымпаздану

Д)көнімпаздық

Е)қалыпқа түспегендік

13.Жағымсыз қатынас деп анықтау:

А)жағымпаздық

В)мысқылдау

С)бос сөйлеу

Д)ұятсыздық

Е)ұстамсыздық

14.Бір сарынды ұзақ және ойланбай сөйлеушілер:

А)бос сөйлеушілер

В)жағымпаздық

С)мысқылдау

Д)көнімпаздық

Е)ұятсыздық

15. Орынсыздық тәртіпті тәрбиелеген деп анықтау:

А)қалыпқа түспегендік

В)бос сөйлеушілік

С)мысқылдау

Д)жағымпаздану

Е)ұятсыздық

16. Қайткен күнде ризашылық тудыруға орынсыз ұмтылу:
А) жағымпаздық

В)қалыпсыздық

С)ұятсыздық

Д)мысқылдық

Е)жағымпаздық

17.Ұятсыз іс-әрекеттерге еру , әдепсіз ойлау

А)Еркеше батылдық

Б) көнімпаздық

С)қалыпқа түспегендік

Д)ұятсыздық

Е)мысқылдық

18.Сөйлеудегі ұстамсыздық деп анықтау

А) Бос сөйлеушілік

В) ұятсыздық

С)мысқылдық

Д)көнімпаздық

Е)қалыпқа түспегендік

19. Өтірік әңгімелерге , хабарларға сендіруге тырысатындар:

А)хабарлауды сүюшілер

В)мысқымшылдар

С)көнімпаздар

Д)бос сөйлеушілер

Е)ұятсыздар

20. Жалған даңқ үшін өзінің жақсы атына немқұрайлы қарау:

А)ұятсыздық

В)бос сөйлеушілік

С)мысқылшылдық

Д)ұятсыздық

Е)ерекше батылдық

21. Жалған атаққа құмарлық:

А)ұсақ-түйекшілдік

В)мысқылшылдық

С)бос сөйлеушілік

Д)көнімпаздық

Е)ұятсыздық

22. Жағымсыз тентектік:

А) арсыздық

В)көпсөздік

С)мысқылшылдық

Д)санасыздық

Е)сараңдық

Глоссарий

Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiensжеке түрі ретінде бөліп көрсетеді.

Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудантұрады.

Жеке адам – индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.

Тұлға – ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлдеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.

Индивид – адамның белгілі текке қатысы (адам тегі – homo sapiens), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.

Субъект– белсенді, біртұтас адам.

Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.

Онтогенез – жеке организмнің даму процессі жайлы ғылым. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі.

Интроверт (ЮНГ бойынша) - бұл адам сезімтал және идеалист өзінің ой-ұшқыры мен қызығушылығымен танытады. Ішкі өмірін қиялмен байытады.

Экстроверт (ЮНГ бойынша) - бұл адам өмірінің тәжірибесінде байқағыштығымен көрінеді, әр затқа нысанды көзқараспен қараумен қатар қызығушылығымен әлеуметтік ортада ақыл-оймен танылады.

Экстроверсия және интроверсия - адамның сыртқы өмірге бейімделуінің психологиялық тәсіл болып табылады. Бір жағдайда субъектінің өзі (ішкі шынайылық), ал басқа жағдайда ол объект (сыртқы шынайылық).

Адаптация- индивидтің әлеуметтік орта жағдайына бейімделуі.

Агрессия- күшті жағымсыз эмоциялар- ашулану, жек көру, жауласуымен байланысты айналадағы адамдарға дене және психикалық жарақат салу әрекеті.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез-құлық акцентуациясы - индивид мінезінің «әлсіз жақтары», қалыптан шығу, психопатиямен шектелетін, тұрақсыз көңіл-күй, алаңдаушылық, эмоционалды байланыстарды тудыра алмайтын, өкпешіл қарым-қатынас барысында жиі қақтығысқа түседі. Мінез-құлық акцентуациясы арнаулы әдістемелермен диагностикаланады.

Апатия - түрткі мен қызығушылықтың әлсіреуі, айналадағы оқиғаларға немқұрайлы қарау, эмоционалды әлсіздік.

Апперцепция - заттар мен құбылыстарды қабылдаудың тұлғаның дара ерекшеліктер мен психикалық жай күйлеріне, өткен тәжірибесіне байланысты болуы.

Аффект - индивидтің шынайы тұлғалық ұстанымына сәйкес келмейтін, өткір қақтығыс сезімінен туындайтын, бір сәтке бұрқ ете қалатын эмоционалдық күй.

Бихевиоризм - /ағылшын тілінен аударғанда «тәртіп»/ психиканы сыртқы ортаның әсеріне жауап реакциясы ретінде түсіндіретін американдық психологияның бір бағыты.

Зейін - адам санасының маңызды объектіге шоғырлануы.

Ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қасиеті.

Қабылдау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен миымызда тұтастай бейнеленуі.

Қарым-қатынас – адамның қоғамның мүшелері ретіндегі өзге адамдармен өзара әрекеттестігінің спецификалық түрі, қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады. Қарым-қатынас барысында тұлғааралық қатынастар қалыптасып, туындап, жүзеге асып отырады.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Генотип - ағзаның генетикалық конституциясы.

Интериоризация - сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы.

Экстериоризация - ішкі іс-әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы.

Остракизм - кейбір адамның көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шектеліп қалуы.

Пикник - көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әртүрлі қиыншылыққа бола жасымайтын адамдар.

Астеник - көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнататын, ұдайы ойға шомылып жүретін адамдар.

Атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келеді.

Вербалдық тілдесу - таңбалық жүйе ретінде сөз қабылданады.

Вербалды емес тілдесу - ең алдымен көру-қозғалыс жүйесіне байланысты ым-ишара, пантомимика пайдаланылады.

Интероцептік түйсіктер - дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырларын және т.б. қатпарларындағы тітіркенуді миға жеткізіп отырады.

Проприоцептік түйсіктер - дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады.

Экстероцептік түйсіктер - сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату болып табылады.

Сенсибилизация - талдағыштрдың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Синестезия- Тітіркендіргіштіктердің сезім мүшелерінің біреуінде түйсік туғызудың орнына, сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай жасау.

Галлюцинация - жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс бейнелер туындауы.

Реминисценция - қабылдаудың ізін ала ұмытылған материал біршама уақыт өтуімен қайта еске оралуы.

Индуктивті ой қорытындылары - жеке факторлардың негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту.

Дедуктивтік ой қорытындылары - жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.

Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жалпы және жанама түрде бейнеленіп, сөз арқылы сыртқа жаңғыртылуы.

Логикалық ойлау - ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделген процесі.

Логика - дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым.

Аглютинация - бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөлшектерінің бір бейнеде қосылуы.

Акценттеу - түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі.

Идентификация- дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болуы ниетімен қалыптасу процесі.

Персонализация- дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Дәріс кешені

Наши рекомендации