Иял саласындағы дара ерекшеліктер
Қиялдың іс-әрекеті жан-жақтылығына, мазмұнына, күшіне қарай ерекшеленеді. Қиялдың бұл ерекшеліктері жекелеген адамдарда әртүрлі байқалады және жеке тұлғаның даралық ерекшеліктерін сипаттайды.
Қиялдың жан-жақтылығыоның іс-әрекетінің кеңінен таралатын салаларының қамтитын шеңберімен анықталады. Оның ішінде, сондай салалар болып табылатын табиғат, оның бүгіні мен болашағы және адамдардың болашақ тарихи өмірі, жердің қойнаулары мен жұлдызды аспан әлемі, техника мен өнер.
Адам қиялымен неғұрлым көп саланы қамтыса, солғұрлым оның қиялы жан-жақты болады. Қиял көп жағдайда шындық дүниеден жиі шығып кетеді.
Адам кейде өздерінің арманында және түс көруінде "таза фантастика саласына" беріліп кетеді қиялдың белгілі нысандарға қатысы сонымен жасалған елестетулердің байлығында, әртүрлілігінде және мәнділігінде. Сондықтан да жекелеген адамдардағы қиялдың мазмұндылығы мен маңыздылығы туралы айта аламыз.
Көп жағдайда қиялдың жан-жақтылығы мен мазмұндылығы өзара тығыз байланысты. Біз А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, А.М.Горкийдің, Гербарт Уэллстің, Жюль Верннің, қазақ жазушылары — М.Әуезовтың, С.Мүқановтың, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың, Т.Жароковтың қиялдарының байлығы және жан-жақтылығы туралы айта аламыз, олар өз шығармаларында әртүрлі кезеңдер мен уақыттың тың деректері мен оқиғаларын көрсете білді.
Қазақтың белгілі эпик ақыны Тайыр Жароковтың "Күн тіл қатты" атты поэмасы көлемі шағын бұл шығарма дәуірдің ең екпінді, ең тұтас динамикалық сипаттарын зор эпикалық күшпен жырлауға болатындығын көрсетті.
Ең тамашасы сол Тайыр Жарковтың бұл поэмасында ақынның лирикалық кейіпкері эпикалық оқиғамен біте қайнасады. Өзінен-өзі-ақ боран бұрқыратып тұрған эпикаға субъектінің ыстық қаны, әр жүрегі араласқанда эпикалық поэманың ерекше шырай, көрік тапқанын көреміз:
"Желектей желпіп желіңді,
Желқомдай жырттым жеріңді.
Түбіттей түтіп бұлтыңды,
Таспадай тілдім толқынды...
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сілкіп бу қылдым,
Түніңнен таң атқыздым,
Жеріңе жұлдыз жаққыздым"1, —
дейді эпикалық кейіпкер. Қандай әдемі жарастық! Бұл нағыз тамаша шумақтар эпик ақынның ұшқыр қиялынан туған эпикалық тұрғыда жазылған туынды деп білеміз. Ақынның қиялының жан-жақтылығымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, керісінше, Гоголь шығармаларының көптеген кейіпкері фантазиясының мазмұнының тарлығы, саяздығы, мысалы, ескі дүниенің помещиктері Акакий Акакиевич туралы да осыны айта аламыз.
Жюль Верннің, Гербарт Уэлстің көптеген романдары, оның көптеген идеялары шындыққа айналды, сондықтан да олардың шығармашылығын ғылыми болжаудың түрі ретінде қарастырамыз. Гоголдің Маниловында қияддың ерекше басқа түрін аңғарамыз:
"Кейде терезеден аулаға және тоғанға қарап тұрып, егер үйден жерасты жолын жүргіссе немесе тоған арқылы тас көпір салса, оның екі жағында дүкендер болса және онда көпестер әртүрлі ұсақ заттарды сатып жатса...". Маниловтың Бұл арманы ешуақытта да орындалмайтын құрғақ, шындықпен жанаспайтын арман болып табылады.
Әрбір адамның қиялы іс-әрекеттің белгілі бір саласында аңғарылады. Сондықтан да қиялды техникалық, ғылыми, әдеби, жаңалық ашушы, көркем, музыкалық және т.б. деп атаймыз. Кейбір адамдарда (мысалы, Ломоносов, Леонардо да Винчи, Шоқан Уәлиханов) жан-жақты және бай фантазия әртүрлі салада аңғарылады.
Қиялдың жан-жақтылығы және мазмұндылығы белгілі дәрежеде адамның тәжірибесіне және біліміне байланысты.
Адамда тәжірибе неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қиял жан-жақты және мазмұнды болып келеді. Көрнекті жазушылар, ақындар, ғалымдар, сазгерлер, жаңалық ашушылар Леонардо да Винчи, Ломоносов, Абай, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов бай қиялды меңгерумен қатар жан-жақты бақылағыштығымен, ерекше тәжірибесімен және терең білімділігімен ерекшеленетіндігі белгілі.
Жюль Верн өзінің атын шығарған әдеби қызметке фантастикалық романдарды жасауға кіріспестен бұрын деректерді өте зейін қоя зерттеген болатын. Өз кезінде ашылған барлық жаңалықтармен танысады. Ол көп оқыды, бақылады, зерттеді.
Ол әртүрлі ғылымдардың салалары бойынша алған нәтижелерін — археология, жагырафия, тарих, анатомия, физиология, астрономия, математика және т.б. картотекаға енгізді. 20 мыңнан астам картотека қалдырды.
Қиял күшті және әлсіз болады.Қиял арқылы жасалынған бейнелер шындықты қабылдауға қаншалықты жақындауына байланысты қиялдың күші туралы айта аламыз. Кейде қиялдың қызметі сондай күшті байқалады, біз қиялдың нысаңдарын көрген, естіген немесе сезген сияқты боламыз.
Осындай жағдайда реалдық шындық пен фантазия бейнелері арасында айырмашылық байқалмайды. Мысалы, Диккенс көзіне жас алып, өз кейіпкерлерінің бастан кешкен қиындықтары мен әлімін суреттеген еді.
Бетховен ештеңе естімейтін саңырау бола тұрып, саздың әуенін соншама анық та дәл елестете алды. "Тоғызыншы симфония" сияқты тамаша шығармасы дүниеге кедді.
Қиялдың күштілігі ең алдымен адамның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының және мүмкіншіліктерінің күшіне байланысты. Қиялдың күші қиял бейнелеріі арқылы аңғарылатын және сонымен қатар қиялдың ынталандыратын эмоциялық толғаныстар мен көңіл-күйге байланысты.
Бұл сезімдер неғұрлым күшті болған сайын, қиял бейнелері соғұрлым күштірек, анығырақ болады. Эмоциялық, сезімтал адамдар күшті қиялымен ерекшеленеді. Ал сезімталдығы әлсіз, салқын қанды адамдарда қиялдың бейнелері көп жағдайда сүреңсіз және әлсіз келеді. Қиялдың күші көп жағдайда адамның жалпы жағдайына және оның жүйке жүйесіне байланысты: сергектігіне немесе шаршауына, денсаулығына немесе аурулығына қатысты.
Бәрімізге белгілі, жоғары температура жағдайында фантазияның қызметі арта түседі, пайда болған бейнелер анықтылығымен ерекшеленеді. Қиял бұл жерде түс көру түрінде іске асады. Жүйке жүйесінің ауруға шалдыққанда фантазия бейнелері қабылдаудың анықтылық және күшті жағдайына жеткенде галлюцинацияға айналады.
Галлерцинациядегеніміз перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы болып табылады. Жүйке жүйесінің ауру жағдайында шындық заттарды адамдардың теріс қабыддауын — иллюзиялардың жасалуын айтады.
Қиялдың шығармашылық үрдістегі рөлін бағалау өте қиьш. Шығармашылық жеке тұлғаның барлық қасиеттерімен тығыз байланысты және белгілі бір жағымен шектелмейді. Шығармашылық психологиясы барлық нақтылы анық түрінде көрінеді: жаңалық ашушы, ғылыми, әдеби, көркемдік және т.б.