Дәріс 12. Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі гипотезалар.
Гипотеза (болжам) – бұл әлі де бекітілмеген және әлі де жоққа шығарылмаған, теориядан немесе тәжірибеден туындайтын ғылыми болжам. Ғылыми методологиясында теоритикалық гипотезалар мен эмпирикалық гипотезалар бөлініп шығарылады. Теориялық гипотезалар теория негізінде пайда болады және ол теориядағы ішкі қайшылықтарды, қарама-қайшылықтарды тексеру мақсатымен қолданылады. Қандай да бір теория моделін тексеру үшін қолданылады. Теоретикалық гипотезаларды толық түрде зерттеген Файерабенд. Оның айтуынша теоретикалық ғылыми гипотезалар мынадай принциптерді қанағаттандырушы керек:
- фальсификация принципі – эксперимнтте жоққа шығарылу, бекітілмеу принципі.
- верификация принципі – экспериментте бікітілу, дәлелдену керек.
Эмпирикалық гипотезалар еш теорияға қатыссыз, тәжиірибе негінде пайда болады.
Гипотезалар мағынасы бойынша мынадай түрлері болады:
- белгілі бір құбылыстардың бар болуы туралы гипотеза.
- құбылыстар арсындағы байланыстың болу, болмауы туралы гипотеза. Бұл гипотезалар корреляциялық зерттеулерде тексеріледі.
- құбылыстар арсындағы себеп-салдар, яғни каузалды (причинно-следственные) байланыстардың бар немесе жоқ болуы жөніндегі гипотезалар. Бұл нағыз эксперименталды гипотезалар болып есептеледі. Мұнда міндетті түрде тәуелсіз айнымалы, тәуелді айнымалы, қосымша айнымалылар анықталады.
Готтстанкер эксперименталды гипотезалардың мынадай түрлерін ұсынады:
- Контр-гипотеза – негізгі эксперименталды гипотезаға қарсы, альтернативті.
- Үшінші эксперименталды гипотеза- негізгі, альтернативті гипотезаларға конкурентті гипотеза.
- Дәл эксперименталды гипотеза – бір ғана тәуелсіз айнымалы мен тәуелді айнымалының арақатынасын көрсететін гипотеза.
- Максималды немесе минималды мән жөніндегі гипотеза – тәуелсіз айнымалының қандай деңгейінде тәуелді айнымалы максималды немесе минималды мән қабылдайтыны туралы гипотеза.
- Жинақталған (комплекстік) эксперименталды гипотеза – факторлық эксперименттерде қолданылатын, бір неше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді айнымалыға әсері, бір бірімен байланысы туралы гипотеза.
Эксперименталды психологиялық зерттеулерде сонымен қоса статистикалық гипотезалар қолданылады. Олар математика, статистика тілінде зерттелетін көрсеткіштердің мәндері арсында байланыстарды көрсетеді. Статистикалық гипотезалардың түрлері:
- Нольдік гипотеза (Н ) өлшеніп отырған 2 құбылыстың, немесе 2 көрсеткіштің арасында байланыстың жоқ екендігі туралы гипотеза.
- Альтернативті гипотеза (Н ) салыстырп отырған екі белгінің, көрсеткіштің арасында мәнді байланыстың бар екендігі туралы гипотеза.
Осы екі гипотеза бағытталған немесе бағытталмаған болуы мүмкін. Егер біз А тобында қандай да бір эксперимент нәтижесінде В тобына қарағанда көп (айқын көрінетін) өзгеріс болғанын дәлелдегіміз келсе, онда бағытталған гипотеза құраймыз. Онда бағытталған Н гипотезасы: О1 мәні О2 мәнінен артық, көп емес, ал бағытталған Н гипотезасы: О1 мәні О2 мәнінен артық екндігін көрсетеді. Егер біз А және В тобындағы мәндердің таралу формасының айырмашылықтарын дәлелдейтін болсақ, онда бағытталмаған гипотеза құраймыз. Онда Н : О1 мәні мен О2 мәндерінің арасында айырмашылықтар жоқ. Н : О1 мен О2 мәндерінің арсында мәнді айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Статистикалық гипотезаларды тексеру статистикалық критерийлер арқылы жүзеге асырылады.
Психологиялық эксперименттің түрлері:
- Табиғи эксперимент. Бірінші рет Лазурский енгізген.
- Лабораториялық. Бірінші рет Вундт енгізген. Бұл эксперимент 2-ге бөлінеді: камералық (техникалық құралдар қолданылмайды), лабораториялық (техникалық құралдар қолданылады).
- Констатациялық эксперимент – қандай да бір ерекшеліктердің, құбылыстардың бар екендігін дәлелдейді.
- Көлденең кесетін эксперимент (поперечный) – осы сәттегі психикалық ерекшеліктерді зерттеуге арналған эксперимент.
- Лонгитюдттік эксперимент – ұзақ уақыт бойы жүргізіледі, психикалық құбылыстардың динамикасын анықтауға арналған.
- Қалыптастырушы эксперимент – экспериментатор арнайы әсер арқылы өзіне қажетті психикалық ерекшеліктерді (өзгерістерді) қалыптастырады. Эксперименталды және бақылаушы топты қажет етеді және ұзақ мерзімде жүргізілуі тиіс.