Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 9 страница

«...ол сарғая бастаған аспанға өз жұлдызының, таң жұлдызының шығып келе жатқанын айқын көрдi. Бұл жұлдыз оның арымай-талмай, барлық күш-қуатымен, ер жүрегiмен қол созған жұлдызы едi».

(Ж.Арыстанов, «Таң жұлдызы» романы, 463-бет, Алматы,1979 жыл).

«ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАК КЕШУ» - С.Сейфуллиннiң, өз көзiмен көрген, өзi араласып жүрген тарихи оқиғаларды суреттей отыра жазған романың аты.

«Қиын жағдай, азапты жол» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады.

ТАРИХ АТАСЫ - б.э.б. V ғасырда тарих ғылымының басталуына жол салынды. Геродот «Тарих» атты шығарма жазып, онда өз көзiмен көрген тарихи оқиғаларды, жергiлiктi тұрғындардан естiгендерiн паш еттi.

Кейiн Цицерон «Заңдар туралы» деген шығармасында оған «Тарих атасы» деген құрметтi атақ бердi.

ТАРИХ ОСЫЛАЙ ДА ЖАЗЫЛАДЫ – куәлердiң көрсетулерi негiзсiз болған ретте, фактiлердi бұрмалап көрсеткен кезде қолданылатын бейнелi сөз.

ТАРИХ СЕКIРМЕЛI ТҮРДЕ ДАМЫМАЙДЫ (История не делает скачков) - латын тiлiнен алынған қанатты сөз.

ТАРИХ - ӨМIР ҰСТАЗЫ - Цицерон өзiнiң «Оратор туралы» деген еңбегіне: «А история - свидетель времен, свет истины, жизнь памяти, учительница жизни, вестница старика - в чем, как не в речи оратора, находит бессмертие?», - деп жазды.

ТАР ЗАМАН – «аласапыран дәуір, қиын-қыстау шақ» деген мағына бере ін бейнелі сөз.

Тұрғанда басып тар заман,

Баршасын қазақ аулының,

Дүниеге келді ұлы адам,

Бауырында Шыңғыс тауының (М.Рәшев).

ТАРИХИ ЖОЛ – НЕВА ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ТРОТУРАЫ ЕМЕС – орыс жазушысы Н.Г.Чернышевскийдің сөзі.

Петербургтегі Нева даңғылы таза, кең, дәл әрі тегіс болып табылады.

ТАРИХТЫҢ ЖАҢА БЕТІН СЫЗДЫ – жаңа өмір жасады, жаңа тарихи дәуір құра бастады деген бейнелі сөз.

Сайрандап жауды алған ел шебін бұзып,

Думандап тойдай тобын, дүкен қызып,

Картасын қара жердің қайта жасап,

Тарихтың жаң бетін жатты сызып (І.Жансүгіров).

ТАРИХТА ҚАЛУ – белгілі бір әрекетің арқылы танымал болып, тарихта өз есіміңді қалдыру.

ТАРИХ ОСЫЛАЙ ДА ЖАЗЫЛАДЫ – Вольтердің «Шарло, немесе Графиня Живри» атты шығармасында қолданылған қанатты сөз.

Куәлердің сөзіне сенім жоқ және негізсіз екендігі туралы айтқан кезде қолданылады.

ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ - саяси ұран ретiнде алғаш рет ағылшын министрi У.Галустон (1809-1898) 1878 жылы Босния мен Герцоговинаны басып алған Австрияға қарсы айтты.

«Тарт қолыңды, Вьетнамнан» деген сияқты ауыспалы түрде де көп қолданыла береді.

ТАС АТУ – Евангелиядан (Иоан,8,7) алынған бейнелi сөз. «Бiреудi айыптаған» кезде қолданылады.

Күйеуiнiң көзiне шөп салған әйелдi Иусусқа алып келгенде, ол адамдарға қарап тұрып: «Кiмде-кiм күнәдан пәк болса, сол бiрiншi болып тас атсын», - дедi.

Бұл дәстүр ежелгi Иудеядан қалған, өлiм жазасының бiр түрi ретiнде қолданылған.

Қазақ халқынында да қара бет болып қылмыс жасаған адамды тас ату жазасына кесетiн болған.

«ТАСЫП ЖҮРГЕНIМ ЖОҚ, САСЫП ЖҮРМIН» - өзi асып-тасып, әбiгер болып жүргенiнің шын сырын түсiнбегенге айтылатын бейнелi сөз. Бұл қанатты сөздi Сырым шешен айтқан (Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер).

«Батыр, қайырылып сәлем бергiң келмейдi, тасып жүрсiң-ау, - дептi. Сонда Сырым: - Хан, тасып жүргенiм жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай, сасып жүрмiн»- дептi.

«ТЕК ӨЛГЕНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙДI» - француз саяси қайраткерi Бертран Барер (1755-1841) айтқан сөз. Ол 1794 жылы 26 мамырда Конвентте сөйлеген сөзiнде: «Егер...ағылшындарды түгелiмен қырғанда, олар бiздiң шекараны қайта бұзбас едi. Тек өлгендер ғана қайтып келмейдi...».

ТЕМIР ПЕРДЕ - немiс-фашист басшыларның бiрi Геббельс «2000-шы жыл» атты мақаласында: «Кеңес Одағы өзiн басқа әлемнен «темiр перде» арқылы бөлiп тастады», - деп жазды.

ТЕҢІЗ ҚОЖАЙЫНЫ (Владычица морей) –ағылшын мемлекеттік ән-ұранының алғашқы қатары. Ән–ұран өзінің түпқазығын Дж.Томсонның (1700-1748) «Ағылшындық патриотттық әнінен» алады.

ТИТАНДАР - жер мен аспан құдайының балалары. Ауыспалы мағынада: «ерекше ақыл, күш иелерi» деген мағынада қолданылады.

«ТРАКТОРҒА 100 МЫҢ ҚҰРБЫМ ОТЫРАТЫН БОЛСЫН» - тракторшы П.Н.Ангелина 1938 жылы: «Тракторға 100 мың құрбым отыратын болсын», - деп үндеу тастады. Ауылшарушылығын механикаландыруды мақсат еткен 200 мың әйел осы шақыруға үн қосты.

ТОРҚАЛЫ ТОЙ, ТОПЫРАҚТЫ ӨЛІМ – қуаныш пен қайғыны көп болып бірігіп атқару салтын білдіретін бейнелі сөз.

ТОРҚАЛЫ ТОЙ – үлкен той мереке. Жасау жабдығы, тарту-таралғысы, жол-жоралғысы, сый-сыяпаты, ойын-сауық тамашасы мол үлкен тойларды осылай атаған.

Торқалы топыр тойында,

Топ бас қосқан ойында,

Қасқа-жайсаң алдында

Топ жиынды дулаттым (Д.Бабатайұлы).

ТОПЫРАҚТЫ ӨЛІМ – барлық жолы жасалатын, ағайын аза тұтып, арулдап қойып, топырақ салатын үлкен қаза.

«Аңыраған ел, жер қайысқан қалың топыр боп кеп, бірнеше күн жыласып, аза салып болды да, ақыры Бөжейдің жаназасын шығарды. Сүйтіп бұл жайлауға қоймай, Шыңғысты қайта асырып, қыстауының үстіне апарып, Тоқпамбетке қойды. Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды» (М.Әуезов).

ТӨБЕ БИ – билердің биі деген ойды білдіретін бейнелі сөз.

«- Асыл ағаң төбе би болды, қайырлы болсын. Өзіне де, халыққа да хабар айт! – деді» (М.Әуезов, Абай жолы).

ТӨРТ АРЫСТЫҢ БАЛАСЫ - «бүкiл қазақ халқы» деген мағынада қолданылады. «Өзiнiң айтқанындай, адам ұлы болдың, Абай. Тәуекел, бiрақ төбе би болмасаң да, Төрт арыстың төбе биiн сен сайлап бердiң». (М.Әуезов, «Абай жолы» эпопеясы).

ТӨРТІНШІ БИЛІК –ағылшын тарихшысы және саясаткері Томас Бабингтон Маколейдің (1800-1859) «Репортерлер отыратын галерея шын мәнінде Империяның Төртінші билігіне айналды» деген сөзінен алынған.

ТУЛАҒА БАРСАҢ, САМАУРЫНЫҢДЫ ҚАЛДЫРЫП КЕТ - І Петр патшалық құрған кезде алғашқы самаурындар пайда болды. Бұл iсте Тула қаласының шеберлерi даңққа бөлендi. Сол кезден бастап шәй iшу күнделiктi өмiрге ендi.

Бұл сөз «қай жерге баратын болсаң, сол жердiң даңқы шыққан затты өзiңмен алма» деген мағынаны бiлдiру үшiн қолданылады.

ТҮГЕЛ СӨЗДІҢ ТҮБІ БІР, ТҮП АТАСЫ МАЙҚЫ БИ – бабамыз Майқы айтты деген сөз көп және көбі данышпандық, екінің бірі айта алмайтын тереңнен толғаған, жүректің түбінене шыққан, естігеннің зердесіне жол тауып, көкейіне қона түсетін сөз (Б.Қыдырбекұлы, Түгел сөздің түбі бір, Алматы, «Қазақ университеті», 1993 жыл).

Белгілі бір адамның айтьқан сөзін еске алғанда пайдаланатын бейнелі сөз.

«ТIРЕК НҮКТЕСIН БЕРСЕҢIЗ, МЕН ЖЕРДI ТӨҢКЕРЕМIН» – Сиракуздық механик Архимедтен (б.э.д. 287-212) қалған «жағдай болса, ең ауыр iстi де бiтiруге болады» дегендi бiлдiретiн сөз.

Архимед рычаг заңдарын зерттеп, ақыр соңында сол заңдылықтарды ашып, «Тiрек нүктесiн берсеңiз, мен Жердi төңкеремiн», - деген екен.

«ТІРШІЛІК УАҚЫТТАН ҚОРҚАДЫ, УАҚЫТ ПИРАМИДАДАН ҚОРҚАДЫ» -Египет пирамидасы туралы айтылған бейнелі сөз.

Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде салынған, әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Аталған бейнелі сөз пирамиданың мәңгілік есткерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды ах ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады («Астана айнасы» газеті, 12.09.2008 жыл, М.Сүлеймен).

У

«УАҚЫТ - АҚША» - американ ғалымы және мемлекет қайраткерi Бенджамин Франклиннiң (1706-1790) «Жас көпеске кеңес» деген шығармасының алынған афоризм.

Бұл саудагерлердiң, коммерсанттардың, бизнесмендердiң ұранына айналды.

УАҚЫТ БIЗДЕРГЕ ҚАРАСАДЫ (Время работает на нас) - 1866 жылы қауымдар палатасына лорд Рассель сайлау құқығының реформасы туралы билль тапсырды. Талқылау кезiнде болашақ премьер В.Гладстон (1809-1898) жұмысшылардың саяси құқын қорғай тұрып, консерваторларға былай дедi: «Сiздер болашаққа қарсы күресе алмайсыздар. Өйткенi уақыт бiздерге қарасады», - деген болатын.

УТОПИЯ - «iске аспайтын тiлек, арман» деген мағынада қолданылады.

Қоғамдық өмiрде «утопия» деп қогамның материалдық өмiрiнiң қажетiн ескермейтiн, қоғамдық күштерге сүйенбейтiн, тап күресiнiң дамуын арқа тұтпайтын саясатты айтады.

«Утопия» деген сөз ағылшын жазушысы Томас Мордың кiтабы жарыққа шыққан соң, қолданыла бастады. Бұл кiтапта елестелген аралдағы мемлекеттiк құрылыс баяндалған.

У ІШСЕҢ - РУЫҢМЕН – қазақ мәтелі.

«У ішсең руыңмен» дей отырып, (қазақ) өз ішінде тапқа бөлінуін, таптық мақсаттарды қорғауын еш уақытта ұмытқан емес...» (Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін).

Ұ

ҰЛЫ БАСТАМА – Кеңес Одағында кең тараған сенбiлiктер алғаш тарихта осындай атпен пайда болды. Алғаш В.И.Ленин коммунистік сенбіліктерді осылай атады. Лениннің тарихи ролін бағалау өзгергенмен, бқл бастама күн тәртібінен түскен емес.

ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫ - сауда керуен жолдарының жалпы атауы. Негiзiнен өз бастауын б.э.д. II-ХVI ғасыр аралығында Орта Азия арқылы Қытайды алдынғы Азиямен байланыстырған жолға байланысты айтылды.

«ҰЛЫЛЫҚ ПЕН БИШАРАЛЫҚТЫҢ АРАСЫ БIР-АҚ АДЫМ» - 1812 жылғы желтоқсанда Наполеон Бонапарт өз әскерлерiмен Ресейдi тастап қашқан кезде Варшавадағы өз елшiсi Прадтқа осылай деп айтқан екен.

ҰЛЫ ҚОРҚЫНЫШ ЗАМАНЫ - Франция дворяндар үшiн Париж Коммунасы орнағаннан кейiнгi күндерде Коммуна басшылығымен шаруалар сеньорлордың замоктарын өртедi. Олар үшiн «ұлы қорқыныш заманы» орнады.

ҰЛЫҚ БОЛСАҢ – КІШІК БОЛ – қазақ мәтелі.

ҰЛЫ МОҒОЛДАР ИМПЕРИЯСЫ - 1526 жылы өзі Шыңғысханның ұрпағымен деп санаған Бабыр Орта Азиядан Үндiстанға басып кiрiп, жаулап алды да, жаңа мемлекет құрды. Осы Үндiстанның солтүстiгiнде құрылған мемлекеттi европалықтар - Ұлы Моғолдар империясы деп атады.

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ – «алынбас асу» деген мағынада қолданылатын тарихи қанатты сөз. Шығу тегі: Ежелгі солтүстік Қытайда б.э.д. III ғасырда салынған биіктігі 6,6 метр, кей жерде 10 метрге дейін жеткен қорған. Ұзындығы 4 км болады, кейбір деректерге қарағанда 6 шақырымға да жеткен.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ - 1941-1945 жылғы кеңес халқының немiс басқыншыларына қарсы күресi тарихқа «Ұлы отан соғысы» деген атпен ендi.

ҰЛЫ РЕФОРМАЛАР ДӘУIРI - ХIХ ғасырдың 60 жылдарындағы либералдық публицистикада II Александр патшалық еткен кезеңдi «ұлы реформалар дәуiрi» деп атаған.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНI - ертеде қазақтар жаңа жыл - наурызда қарсы алып, оны «ұлыстың ұлы күнi» деп атаған.

«Жаңа жыл келдi, ырзық келдi» деп көктемде мереке наурызды жадыраған жайдарлылықпен қарсы алады. Сондықтан да бұл күн аса құрметтi, адам үшiн игiлiктi күн болып есептелген. Қазақ халқы оны «ұлыстың ұлы күнi» деп атаған». (Қазақ календары).

«ҰШҚЫННАН ЖАЛЫН ЛАУЛАЙДЫ» - 1900 жылдың желтоқсанында шыққан «Искра» газетiнiң ұраны болды.

А.С.Пушкин айдауда жүрген декабристерге арнап өзiнiң «Сiбiрге хат» деген өлеңiн жазды:

«Талқан боп сонда тар қамал,

Дал-дал болып кiсен бос жатыр,

Азаттық аңсап қарсы алар,

Достарың семсер ұстатар.»

Сонда декабристер ақынға былай деп жауап қайтарды:

«Зая кетпес кайғылы еңбегiмiз

Ұшқыннан лаулаған от жанар әлi...».

Ү

ҮКІМ АЙТТЫ – билік сөзін, шешімін жариялады деген мағына беретін бейнелі сөз.

«Онан соң, өзіне қараған бүкіл ел-жұртын жиды да, үкім айтты» («Ер Тарғын»).

ҮКІМІ ЖҮРДІ – «айтқаны болды, дегені орындалды» деген мағына беретін бейнелі сөз.

«ҮЛКЕН СЕГІЗДІК» - өзінің қаржылық-экономикалық әлеуітінің арқасында ғаламдық мәселерді шешуде елеулі роль атқаратын, бүкіл адамзатқа маңызды ықпал ететін әлемнің дамыған елдерінің тобы. Оның жұмысына: Ұлыбритания, Германия, Италия, АҚШ, Франция, Жапония, 1976 жылдан Канада, 2002 жылдан Ресей қатысады.

«ҮНСIЗДIК - ҚОШТАУДЫҢ БЕЛГIСI» - Рим папасы VIII Бонифацияның (1294-1303) айтқан бейнелi сөзi. Сол кездегi шiркеу үкiметiнiң қарарларында, канондық құқықта көп кездестi.

ҮРЕЙ АТАСЫ - Египет пирамидаларына жақын жерде орасан үлкен мүсiн - Сфинкс қашап салынған. Оның биiктiгi - 20 метр. Тастан жасалған алыпқа қараған адамның зәресi ұшатындығы сондай, жұрт оны «үрей атасы» деп атады.

ҮШ ТЕҢIЗДIҢ АРЖАҒЫНА САЯХАТ - орыс көпесi А.Никитин Кавказ бен Иран арқылы сапар шегiп 1469 жылы Үндiстанға жеттi. Ол жақта үш жыл тұрды да, қайтып келген соң «Үш теңiздiң аржағына саяхат» атты кiтап жазды.

Оның кiтабының аты қанатты сөзге айналды.

ҮШIНШI ДҮНИЕ - саяси және экономикалық жағынан дамудан кенже қалған Таяу Шығыстың, Азияның, Африканың және Латын Америкасының көптеген елдерiн Батыста «үшiншi дүние» деп атайды.

Ф

ФАКТ - ДАУСЫЗ НӘРСЕ – ағылшын халқының мәтелi.

ФАМИЛИЯСЫЗ АЛДАМ - майдан тiлшiсi Александр Бек 1941 жылдың күзiнде Мәскеудi ерлiкпен қорғаған панфиловшылар туралы мақала жазуға келгенде, Б.Момышұлымен кездесiп қалады. Бауыржан өзiн таныстыра келе:- Бауыржан Момышұлы, - дейдi. Сонда А.Бек: «Ал фамилияңыз қалай?, - деп сұрағанда. «Менде фамилия жоқ»- деп жауап бередi.

«Взяв папиросу и с резким щелканьем захлопнув партсигар, он упрямо закончил:

-Если вы все-таки когда нибудь будете обо мне писать, называйте меня по-казахски: Бауыржан Момышулы. Пусть будет известно, это - казах, это - пастух, гонявший баранов по степи; это человек, у которого нет фамилии» (А.Бек, «Волоколамское шоссе» романы, стр.5).

Момышұлының өз өлеңi де бар:

«Пойми, мои хорошие,

«Улы» это не форма, не редкость,

Не реклама торгаша...

«Улы» не «ев» и не «ов» приспешников, ваших,

«Улы» - это символ непримиримости».

ФАУСТ – Гетенiң осы аттас трагедиясының кейiпкерi. Ол шындық iздеушi, бостандық үшiн күресушi ретiнде суреттелген.

ФӘНИ ЖАЛҒАН – «опасыз, тұрақсыз өмір» деген мағына беретін бейнелі сөз.

ФЕМИДА - грек мифологиясы бойынша әдiлқазылықтың құдайы. Ол бiр қолында қылыш, екiншi қолында таразы, көзi байланған әйел бейнесiмен берiледi. Мағынасы: сот процесi кезiндегi айыптау мен қорғаудың дәлелдемелерiн таразыға салып, кiнәлы адамды қылышпен жазалайтының меңзеп тұрғандай.

Фемиданың бейнесi әдiлқазылықты көз алдына келтiредi.

«ФИЛОСОФТАР ТҮРЛIШЕ ТҮСIНДIРУМЕН ҒАНА БОЛЫП КЕЛДI, АЛ МӘСЕЛЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУДЕ ЖАТЫР» - К.Маркстiң «Фейербах туралы тезистерiнен» алынған сөйлем. Бұл қанатты сөз Лондон қаласындағы Хайгет зиратындағы Маркс кабiрiне 1956 жылғы 14 наурызда орнатылған ескерткiш тақтаға ойып жазылған.

«ФИЛЬКАНЫҢ ГРАМОТАСЫ» - «заңдық күшi жоқ, сауатсыз жазылған құжат» деген мағынада қолданылады.

Иван Грозный самодержавиелiк билiктi күшейту үшiн княздардың, боярлар мен дiн басылардың беделiн төмендеткiсi келдi. Осы мақсатпен опричнинаны енгiздi. Оған көп адамдар қарсы болды. Мәскеу митрополитi оны жою туралы грамоталар жiбердi.

Иван Грозный митрополиттi Филька деп, оның грамоталарын «Фильканың грамотасы» деп атады.

ФОРТУНА ДОНҒАЛАҒЫ – Фортуна - рим мифологиясындағы тағдыр, кездейсоқтық құдайы. Ол шарда не дөңгелекте бейнеленгендiктен, «фортуна доңғалағы» деген ұғым қалыптасты. Яғни, Фортуна доңғалақта орналаскандықтан тағдырдың тез өзгеретiндiгiн түсiнуге болады.

«ФРАНЦУЗДАР ЖЕҢIСКЕ ЖЕТУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ЕКЕНIН БАЙҚАТТЫ, АЛ ОРЫСТАР ЖЕҢIЛМЕУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ЕКЕНIН КӨРСЕТТI» - 1812 жылдың 26 тамызындағы шайқаста Наполеон әскерi ойсырата жеңiлдi, оның даңқты қолбасшы деген атына дақ түстi. Кейiн ол өз естелiктерiнде былай деп еске алды: «Менiң барлық шайқастарымның iшiндегi ең сұмдығы – Мәскеу түбiндегi шайқасым болды. Бұл шайқаста француздар жеңiске жетуге лайықты екенiн байқатты, ал орыстар жеңiлмеуге лайықты екенiн көрсеттi».

ФУРИЯ - рим мифологиясы бойынша үш апа-сiңiлi қыздар бейнесiнде берiлген кек сақтау құдайы. Эсхил шығармалары бойынша ол шаш орнына жылан көрiнiп тұрған, көзiнен қан ағып тұрған, тiлi саландаған, тiсi ақсиған кемпiр түрiнде бейнеленген.

Х

ХАЛЫҚ ДОСЫ - Ежелгi Грецияда берiлген құрметтi атақ. Оны алғаш рет Публий Валерий алды.

Шығу тарихы: Публий Валерий консул болғаннан кейiн өзiне керемет үлкен сарай салдыруды қолға алды. Алайда халықтын наразылығын байқаған ол, оны дер кезiнде бұздырып, достарының үйiне барып тұрды. Осы әрекеттен соң халық оған «халық досы» деген атақ берiп, өздерi үй салып бердi.

Кейiнiрек бұндай атақ Француз революциясының қайраткерi Маратқа да берiлдi.

ХАЛЫҚ ЖАУЫ – алғаш ежелгі Римде қолданылды, ол кездегі дәл аты «рим халқының жауы» болды. Бұл сөз француз революциясы кезінде қолданылды. Кейінірек ҚСРО мемлекеті де өз жауларын құртуда осы терминді қолданылды.

ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ - III-VI ғасырларда варварлық жаулап алушылықтар кең өрiс алды. Оларды Римнiң байлығы қызықтырды. Сол кезеңдi тарихта «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп те атайды.

ХАЛЫҚТАР ӘКЕСІ – француз королдері IV Генрих (1589-1610) пен XII Әділ Людовикті (1610-1643) осылай атады. Осы атақты 1936 жылдан бастап И.В.Сталинге де қолданатын болды.

ХАЛЫҚТАР ТҮРМЕСI - француз жазушысы Адольф де Кюстиннiң (1790-1857) шығармаларында кездескен қанатты сөз. Онда ол патшалық Ресейдiң орыс емес халықтарға қарсы жүргiзген саясатын меңзеген.

ХАМЕЛЕОН – жарық пен жылудың әскерiнен өз түрiн өзгертетiн жәндiк. «Мiнез құлқы құбылмалы» адамды осылай атаймыз.

ХАН БОЛСЫН, ҚАРА БОЛСЫН – «екеуі де бірдей адам» деген мағына беретін бейнелі сөз.

«Хан болсын, қара болсын, еркек адамға тек еркектік жағынан ғана қарайтын Зейнеп... хан екен деп қаймықпады» (І.Есенберлин).

ХАН ЖАРЛЫҒЫ ЕКІ БОЛМАЙДЫ – «хан жарлығы орындалуы тиіс» деген мағына беретін бейнелі сөз.

ХАН САРҚЫТЫ – хан сайланған соң атқа мініп, ордаға түскен кезде әр тайпадан, әр тараптан арнайы іріктелген адамдар ханның өрістегі малын түк қалдырмай бөліске салу рәсімі. Оның мәні – Ханға малдың керегі жоқ, Хан – ел иесі, елде бар болса, ханда да бар, ханның халықтан бөтен тілегі болмауға тиіс дегенге саяды.

Бұл ханға деген биік құрмет белгісі. Алайда оның малы он есе көбейіп, кері қайтады, бірақ ол ханның емес, қазынаның малы болды.

«ХАН ТАЛАУ» - ел сенімін ақтамаған, қорқаулығымен жексұрын болған, ақылсыздығын ғана емес, арамдығын, аярлығын танытқан, түзелмейтін әміршінің мал-мүлкін тігерге тұяқ қалдырмай бөлісіп алу салты.

ХАНҒА СӘЛЕМ БЕРМЕУ – «адам менсінбеу» деген ойды білдіретін бейнелі сөз.

ХАНДЫҒЫНАН ТҮСУ – «бұрыңғы дәрежесінен айрылып қалу» деген ойды білдіретін қанатты сөз.

«Балта тауып бергеннен ешкім хандығынан түсе қалмайды».

ХАН КӨТЕРУ – «құрметтеу» деген мағына беретін қанатты сөз.

«Үйсін Балуанды басына хан көтеріп, қарсы алыпты дейді» (С.Мұқанов, Балуан Шолақ).

«ХАТЫНЬ ҚАСIРЕТI» - А.Адамовичтiң осы аттас повесi. Кiтапта фашистердiң жан түршiгерлiк аюуандық әрекеттерi сөз болады.

«ХРИСТОС ТУҒАННАН БАСТАП ЕСЕПТЕЛЕТIН ЗАМАН» - жыл есебiн Христос туғаннан бастап есептеу туралы қарар осыдан 20 ғасырдай уақыт бұрын қабылданған. Сол жиында жиналған жүрт Христостың қашан туғанын бiлмей дағдарып тұрғаннын сезген Дионисий (497-540) деген монах: «Мен есептеп шығардым. Христос жарықтықтың туғанына 532 жыл болыпты», - дедi.

Қауым осы сөзге сенiп, сол жылды «532 жыл» деп, келесi жылды «533 жыл» деп атауга келiскен.

Һ

ҺОР ҚЫЗДАРЫ – жұмаққа барған имандылардың мәңгiлiк жұбайы болуға арналған мәңгi жас, сұлу қыздарды осылай атаған.

Наши рекомендации