Тілдің коммуникативтік,номинативтік,когнитивтік,лингвомәдени сипаты

Күрделі синтаксистік тұтастық құрамындағы сөйлемдердің байланысы ең алдымен тілдің коммуникативтік бірліктерінің арасындағы байланыс болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,әжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.§арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
1) ақпараттық§ Негізгі қызметі: §
3) аффективтік коммуникативтік(адамн ың эмоционалдық аясымен байланысты

§ 2) реттеуші коммуникативтік(адамда рдың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); §коммуникативтік(ақпара т алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

Тіл қызметі

· 1. адам қоғамындағы тілдің рөлі (қолданысы, міндеті)

· 2. Қайсы-бір кептік құрамындағы бірліктердің өзге көптіктерге жататын бірліктерге детерминацияланған сәйкестігі (немесе тәуелділігі); екінші мағсы тіл бірліктеріне (мысалы, Мен ту бірлер) қатысты түсініктер үшін жиірек қолданылады. Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады.

· Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен қатар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады.

Номинативті (ТУРА) мағына - сездің заттар мен құбылыстардың және олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура магына немесе номинативті мағына деп аталады

Тілдегі көптеген сөздер заттар мен құбылыстардың және олардың әр түрлі белгілерінің бейнесімен байланысты болады. Сөздер заттар мен құбылыстардың және олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты. Сөздердің лексикалық мағынасы тура мағына немесе номинативті мағына деп аталады. Сөздер өзінің номинатвиті мағынасында аталатын заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталады. Тура немесе номинативті мағынада қолданылған сөздердің басқа сөздермен байланыстары мен қатынастардың арасындағы байланыстар мен қатынастарға сәйкес келеді. Номинативті мағынасы бар сөздердің басқа сөздермен байланысы мен қатынасы заттық-логикалық тұрғыдан айқындалып белгіленеді. Сондықтан да сөздердің тура немесе номинативті мағынасында басқа сөздермен байланысы бірен-саран сөздермен ғана шектеліп қоймайды. Сөз номинативті мағынасында алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркін тіркесе алады. Сөйтіп, оның басқа сөздермен тіркесіп жұмсалу мүмкіндігі мол болады. Мысалы, оқу деген етістік кітап деген сөзбен де (жорнал оқу), газет деген сөзбен де (үнқағаз оқу), хат деген сөзбен де (роман оқу), жақсы деген сөзбен де (қызығып оқу) және т.б. сөздермен тіркесіп қолданыла береді. Сөздің тура немесе номинативті мағынасынада көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркін мағына деп те аталады. Еркін мағына сөздің лексикалық мағыналарының бір түрі – фразеологиялық байлаулы мағына дегенге қарсы қойылады және одан ажырату үшін қолданылады.[1,75]

Сөз тура немесе номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады дедік. Мысалы пәтер, биік, кіру деген сөздердің әрқайсысының белгілі-белгілі номинативті мағынасы бар. Бұлардың бірі, мысалы, пәтер белгілі бір затты (бас пананы) тікелей атаса, екіншісі (биік) – сапаны, үшіншісі (кіру) қимылды атайды. Бұл сөздердің осы номинативті мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі мен шеңбері олардың заттық-логикалық қатынасымен, яғни сол сөздермен белгіленетін шындық болмыстағы құбылыстардың өз ара қатынасымен айқындалады. Мысалы, үйдің биік немесе аласа, кең немесе тар болуы, жылы немесе салқын болуы, ағаштан немесе кірпіштен салынуы мүмкін. Осыған орай, пәтер сөзі биік, аласа, кең, тар,жылы, салқын деген сөздердің әрқайсысыман тіркесіп, биік пәтер, аласа пәтер, кең пәтер, тар пәтер, жылы пәтер, салқын пәтер түрінде жұмсала береді. Содай-ақ, биік, кіру деген сөздер туралы да осыны айтуға болады. Бұл сөздердің номинативті мағынасында басқа сөздермен байланысты заттық-логикалық жағынан байланыса алатын құбылыс немесе зат атауларымен тіркесіп жұмсала береді. Мысалы, биік деген сын-сапа көптеген заттармен құбылыстарға тән болғандықтан, бұл сөз де (биік) олардың (заттар мен құбылыстардың) атаулары – көптеген сөздермен тіркесе алады (мысалы: биік тау, биік қарағай, биік терек, биік үй, биік өкше және т.б.)

Бір сөзде бірнеше номинативті мағына болуы мүмкін. Алайда соның ішінде біреуі негізгі болады да, қалғандары туынды болады. Академик В.В.Виноградов мұндай мағыналарды номинативті туынды мағыналар (номинативно производные значения) деп атайды. Мысалы, қазақ тілінде аяқ деген сөз негізгі номинативті мағынасында дене мүшесін (бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ. Абай) білдіреді. Ал жұмыстың аяғы, жиналыстың аяғы т.б. осы тәріздес тіркестерде «соң» деген мағына білдіреді. Бұл соңғы мағына – аяқ деген сөздің номинативті туынды мағынасы. Күту деген сөздің негізгі номинативті мағынасы – «тосу, аялдау»; сонымен бірге, бұл сөздің «сыйлау, құрметтеу» деген номинативті туынды мағынасы да бар. Мысалы: Итбайдың жақсы күтуіне Асқар қайран қалды. (С.Мұқанов). Қыңыраймай, оң шыраймен күтсін (М.Әуезов). Сөздің туынды мағынасы оның негізгі номинативті мағынасы арқылы, соның негізінде ұғынылады. Негізгі номинативті мағына әр түрлі туынды, келтірінді мағыналардың тірегі, ең негізгі арқауы болып саналады.

Лингвомәдениеттану халқымыздың тілінде ғасырлар бойы сақталып, оның тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен мәліметтер беретін деректерді тілмен байланыстыра зерттеу. Бұл бағыт қазақ тіл білімінде көптеген ғалымдардың Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, Н.Уәли, Е.Жанпейісов т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттеліп жүр. Ұлттың мәдениеті мен тілін байланыстыра зерттеудің қажеттілігі жөнінде Ж.Манкеева былай дейді: «...атап айтқанда, ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын сол тілде сөйлеп ұлт өкілінің рухани, психологиялық, әлеуметтік т.б. сипаттарымен біртұтастыққа зерттеу... Солардың ішінде тілді ұлттық сана, дүниетаным, мәдениет, тарих, этностық рухты бейнелейтін таңба ретінде қарастырылатын – лингвомәдениеттану саласы. «Лингвомәдениеттану» деген атаудың құрамында тіл мен мәдениеттің сабақтастығы айқын көрініс табады... Сондықтан ұлттық болмыс мазмұн тұтас мәдени жүйе ретінде өз бойында сақтаған құнды этномәдени дерек ретінде тілдік бірліктерді «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес жинақтап, жүйелеу, талдау игілікті де өзекті іс болмақ» [1.8].

Кез келген халықтың өз тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, өзіндік өркениеті бар. Ал бұның бәрі сол халықтың тілінде бейнелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Қазіргі таңда халықтың дүниетанымын, мәдениетін тілдік мәселелермен сабақтастыра зерттеу тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осындай салалардың бірі – лингвомәдениеттану саласы. Тіл білімінде тілді таңбалар жүйесі ретінде сипаттаудың мәні ерекше. Символ мәселесі ғылым нысанына ежелден-ақ енген. Яғни, «Символ» тану ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген «симолизм» ағымынан әлдеқайда ерте туған. Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотель мен Платонан бастау алып, И.Кант, Шелегель, Шеллинг, Гете, Гегель т.б. философтардың еңбектерінде сипатталған.Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты зерттеу өз бастауын Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, еңбетерінен алса, осыған жалғас ғылыми көзқарастардың тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов, К.Ш.Хұсайынов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, Ж.А.Манкеева еңбектерінен көруге болады.

Тілімізде ұлттық мәдениеттің өзегін құрайтын киім атауларының этнолингвистикалық табиғатын тануда тілдік құралдармен айшықталған күрделі құрылымын қазіргі қоғамдық сана мен мәдениеттің бүгінгі деңгейіне сабақтастырудың негізі олардың "тілдік әлемінде" жатыр.

Сонымен лингвомәдениет дегеніміз халық мәдениетінің сол ұлт тіліндегі көрінісі болып табылады. Ал ұлт мәдениеті сол ұлттың тілінде жазылып, сақтлған өлең-жырларда, тарихи және батырлар, лиро-эпостық жырларда, тарихи көркем шығармаларда т.б. бейнелейді. Сондықтан бұл шығармалардың тілін зерттей отырып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтерді жинақтап, зерделеу лингвомәдениеттану саласының дами түсуіне зор үлес қосары сөзсіз.

Наши рекомендации