Когнитивтік ұғымдар. 8 страница

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» былайша: «Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді.

Психолингвистика (фр. linguistigue - лат. lingua - тіл) - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет.

Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты.

Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60- жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді.

Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда. Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты. 1960–70 жылдары

Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және· дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.

2. Құрылымдық тіл білімі (структуралық), өзекті мәселелері.Құрылымдық лингвистика (құрылымдык тіл білімі) - тілді құрылымдық элементтерден тұратын таңбалық жүйе ретінде қарастыратын ілім. Структуралық лингвистика деп аталуы тілдік элементтері өзара қарым-қатынаста болатын тіл құрылымына ерекше көніл бөлуден шыққан. Структуралық лингвистикада тілдің сипатталуы қатаң формалдылыққа негізделген. Тілдің құрылымын талдау нақты мәтіндегі сөйлем, морфема, фонема желісінің жинақталған инварианттарын ажыратуға мүмкіндік береді. Осылайша тіл бірліктерінің сөйлеу кезінде түрлену шегі, яғни олардың синонимдік құбылыстары анықталады.

Структуралық лингвистика негізінде тіл құрылымының статикалық күйін динамикалық тұрғыда зерттеу нәтижесінде тіл құрылымының ішкі заңдылықтарын ашуға бағытталған генеративтік грамматика (Генеративтік лингвистика) пайда болған. Құрылымдық талдау машиналық аудармаға байланысты міндеттерді шешуге ықпал етеді. Структуралық лингвистиканың типологиямен байланысы құрылымдық типологияны тудырды; зерттеудің математикалық тәсілдерін тіл біліміне енгізуге кең жол ашты.

Структуралық лингвистиканың негізгі бағыттары:

1. Прага мектебі;

2. Американдық структурализм мектебі (дескриптивті лингвистика);

3. Копенгаген мектебі;

4. Лондон мектебі арқылы дамыды.

Структуралық лингвистика. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстармалы тарихи тіл біліміне оның бұтағы жас граматикалық мектепке қарсы бағытта туып, қалыптасты.
Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану әдебиеттану, тарих эстетика , психология, социология этнография сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз мәнән шарттас, бірін - бірі тәуелі элементтерден тұрады, күрделі біртұтас құрылым деп санап оны осы тұрғыдан зерттеу табылда күшейтіледі. Бұл тіл біліміне де әсер етті. Сонымен бірге , жалпы ғылымның, оның жңа түрлері - кибернетиканың математикалық логиканың дамуы, электронды машиналардың пайда болуы оны тіл біліміне қолдану талабының болуы, тілдің практиканың қызметінің бірден - бірге күрделене түсуі структурамыз бағытының тууына себепші болады.

ХІХ ғ аяқ кезінде қалыптасып едәуір беделге ие болған жас граматизм бағыты жемісті істері болғанымен тіл білімінің өрісін тарылтты.
Тілдік элементтердің бірлігіне тіл тұтастығын тануға «атомизм» концепциясы да кедергі болады. Логикалық талдау , теориялық терең тұжырымдар жасау, ғылыми бастракция дегендерге жас граматистер оншамән бермеді. Олардың берік ұстаған эмперикалық концепциялары А.А. Реформатский айқындай, «кім, тілдік материалды көп жинайды», деген спорттық жарыс туғызады.
Осындай оқулықтар ХХ ғасырдың бас кезінде айқындала түсті.

Сөйтіп, жаң арна іздестіру қажеттігі туды. Ізденіс нәтижесі ретінде структурализм әдісі пайда олды. А.А: Реформатский менімше, тіл ғылымындағы структурализм - лингвистикалық ойдың даму барысынан келіп шыққан заңды құбылыс – деп жазады Мұндай пікірлерді өзге ғылымдарда айттады.

Қазір структурализмнің көпшілікке танылған үш мектепбі бар. Прага (Чехослования) көптеген (Дания) мектептері және десуриптивтік мектеп (Америкада).

Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:

1. Структурализм, мектебінің барлығы да жас граматиктердің атомизмні психологизмге қарсы тілдік элементтері бір – бірімен байланысты тұтас жүйе, құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндетті – тілдік құрылмын зерттеу дейді. Бұл бағыттың стуруктуралық лингвистика деп аталуы да тек дифференциялық принципті қолдаса, тілдік элементтерді бір – біріне байланыссыз жеке - жеке зерттесе , структуралистер тілдік элементтерді бір - біріне байланыста тұтастықта қарайтын интеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвитикалық сипаттау методикасын қолдануға шешуші мән береді.

2. Үш мектептің үшеуі де құрылымдық, элементтерге жіктелушілік және олардың бір- біріне ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті тіл білімінің негізгі міндеті - тілдік сол қасиетін зерттеу тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау - тіл білімінің тек өзіне ғана тән оның бірден - бір объектісі деп біледі.

3. Структурализм мектептерінің барлығы да Ф.ле Соссюрдың ізімен тілді таңблар жүйесі деп санайды.

4. Структурализм мектептері синзрония, диохрония проблемасына да мән береді. Синхронлық зерттеу тіл жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға, қояды (прогаллықтардан басқалары).

3. Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы тіл, мифология, мәдениет, ғылым және өнер. Адамзатты тілінен тыс сипаттау мүмкін емес. Тілдің мәні мен өзіндік ерекшеліктері адам және оның әлемге құралы ретінде қызмет етеді. Адам баласы тілді меңгермей тұрып, өз деңгейінде ғаламмен танысады, сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсінеді, ғалам туралы ақпараттарды санасына жинақтайды, құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, ойша таразылайды. Уақыт өткен сайын алдынғы мәліметтер жаңа ақпараттар жүйесімен толығып, санада ғаламдық бейненің қалыптасуына түрткі болады.

Адам дүниетанымының басты элементі – ғалам бейнесі. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, оның болмысын әр зерттеуші өзіндік баға береді. Бұл жерде «Дүниенің суреті» адам санасында эволюциялық жолмен дамып, шыңдалып келе жатқан тілдік категория екенін ескереміз. «Ғаламның тілдік бейнесінің» шығу тарихы ежелгі философтар еңбектерінен бастау алады. Тіл және ойлаудың өзара қатынасы қарастырылған кезде сөздер, олардың мағыналары адам тілінде бөлек түсінік, өзіндік танымдық әлем құрайды. Дерексіз, деректі ұғымдар бірлесіп келіп, индивид тіліндегі қоршаған ортаға, өз ұлтына деген көзқарасын білдіреді.

Сигналдық жүйе адамға әсер еткенде қоршаған ортаның, оның заттары және құбылыстарының ең елеулі белгілері сақталып, дерексізденіп мағына құрылымының ерекше бөлігіне айналып бекиді. Мағыналар ірілі-ұсақты жүйекшелерден тұратын өзіндік қойма іспетті әлем түзеді, бұның шығар бастауы – қоршаған әлем. Бұл ой турасында тілші А. Ислам: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл – жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ құбылыс екені де мәлім. Қандай да тіл өзіндік тілдік құрылымы және тілдік үлгілері жағынан әртүрлі болғанымен, тілдік болмысты түсінуге келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады», деп көрсеткен .

Орыс тіл білімінде «ғаламның тілдік бейнесі» мәселесі кешенді зерттеліп келеді. Әсіресе Ю.Н. Караулов, В.А. Маслова, Ю.Д. Апресян, Н.В. Уфимцева, В.И. Посто-валова, Е.С. Кубрякова, Г.В. Колшанский, С.А. Васильева, Н.И. Сукаленко, Г.А. Гру-тян сынды ғалымдардың еңбектерінде кеңі-нен қарастырылуда. Осы ретте ғалым Г.В. Колшанский ғаламның тілдік бейнесіне мынадай анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, әртүрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мәдени және басқа да факторлар ықпалымен біртұтас объективті әлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі», деп сипатталады [2; 31]. Қоршаған орта, шындық болмыс – адамның әлемді тануы, яғни таным – тіл – ойлау – ғаламның тілдік бейнесі.

Тілші-ғалым В.А. Маслова ғаламның тілдік бейнесі туралы мынадай теориялық тұжырымға тоқталған: «Термин «языковая картина мира» - это не более, чем метафора, ибо в реальности специфические особенности национального языка, в которых зафиксирован уникальный общественно-исторический опыт определенной национальной общности людей, создают для носителей этого языка не какую-то иную, неповторимую картину мира, отличную от объективно существующей, а лишь специфическую окраску этого мира, обусловленную национальной значимостью предметов, явлений, процессов, избирательным отношением к ним, которое порождается спецификой деятельности, образа жизни и национальной культуры данного народа».

Ғаламның тілдік бейнесі әр тілде түрліше көрініс табады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мәдени құндылықтар сөздердің мәні арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады келсек, тілші-ғалым Г. Смағұлова айтылған жайт турасында: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады», деп көрсеткен.

Адам қашанда әлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға талаптанады. Ғалам бейнесінің адам өмірімен біртұтастығын тілші О. Жұбаева: «Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта, себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданып отырады. Адам өзіне дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномәдени қауымдастықтың өмір тәжірибелерін де қабылдайды», деп тұжырымдаған .

Қазақтың көркемдік әлемі туралы ғалым К. Казыханова: «Наиболее наглядно эстетическая оценка действительности проступает в художественном творчестве народа, в его представлении о прекрасном. Из всех эстетических категорий наибольшее развитие в художественном творчестве казахов получила категория прекрасного. Прекрасными в представлении казахов того периода были все красивые, изящные объекты как природы, так и общества», - деп көрсетеді.

Автор халықтың эстетикалық талғамы көркемдік қол өнерінде сақталып, табиғатпен үндес деп бағалаған.

Асылында өмірді әсемдік арқылы танудың бір жолы асыл сөздің астарында. Сөз арқылы адамзат дүниені танып, рухани ләззатқа бөленеді, яғни тіл — сұлулық сезімін адам бойына дарытатын қасиетімен де бағалы деуге болады. Осы ой жайында ғалым В. фон Гумбольдт: «... язык усиливает наши впечатления от красоты в природе, еще и не зависимо от этих впечатлений воздействуя со своей стороны одной лишь мелодией речи на нашу душевную настроенность», деп көрсетеді .

Әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сай тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипаты тіл мен мәдениет сабақтастығының мәнін кешенді түрде анықтап отыр. Оның нақты көрінісін – «ғаламның тілдік бейнесінен» танимыз. Әр тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланыста қалыптасса, екіншіден, мәдениеті орныққан әр тілдегі әлем моделіне қоғамдағы ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады деуге болады.

Кез келген ұлт өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «әлем бейнесін» тілдің қызметі арқылы қалыптастырып, өз әлемін өмір сүру дағдысы, дүниетанымы, мінез-құлқына сай өз ерекшелігімен «әлем картинасын» өзгеше қалыптастырады. Осы ретте қазақтың кең даласы – мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі десек, соның бір белесі – қазақтың көшпелі мәдениетінен көрінеді.

Тiл бiлiмiнде қазақ этносының таным парасатын‚ дүниетанымы мен мәдениетін тiл арқылы тану - ең маңызды мәселелердің бiрi. «Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінісі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мәдени құбылыстар өзіндік екіжақты лыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар.

Халық өміріндегі әсемдіктің барша көріністерін қазақтың көш салтанатынан көреміз. Көшпенділер (қазақ) өмірінің әсемдік әлемі табиғатпен біте қайнасқан. Ал, табиғат пен адам арасындағы қатынас ғасырлар бойы көшпенді халықтың мәдениетіне арқау болып, олардың өмір салты мен ұлттық ерекшелігін танытып келеді. Қазақ халқының көшіп-қонудағы ел тіршілігінің қарбалас сәті мен оның қызығы туралы шетел саяхатшыларының жазба-естеліктерінде сақталған. Мәселен, поляк саяхатшысы Б. Залеский «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде көш әсемдігін өте қызықты деректермен келтірген: «Жабырқау жатқанына қарамай, осынау өлкенің өз сұлулығы бар. Құдай өзі жаратқан әр түкпірге әртүрлі әдемілікті еншілеп беруді әсте ұмытпайды. Европа-лық тіршілікті еске салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тәлкегі қуалап батыстан әкелген адамды осынау сұлулықтың өзі-ақ тәнті етер еді... Бұл бір ғажап көрініс: олар көш кезінде жасана киінеді, ең әдемі киімдер, әсіресе байлардың алтын зерлі шапандарын осы кезде көруге болады. Да-ла кемесі - түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына балауға болады. Үйдің ең қымбатты қазынасы салынған дүние-мүліктер түгелдей түйеге артылады. Кедей-кепшіктің малдарды айдаған үндері, иттердің бір-бірімен таласып ырылдасқандары — бәрі-бәрі қосылып, көш думанын арттыра түседі».

Тіл аралық көпір ретінде қызмет еткенде ғана, тілдегі ғалам бейнесі мен қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар бейнесі бір-бірімен байланыста, адам арқылы оның ішінде, тіл арқылы айқындық дәрежесіне түседі. Осыдан ғаламның тілдік бейнесінің өзіндік тарихи-қоғамдық тәжірибесін, ұлттық құндылықтардың мәдени-этникалық болмысын, рухани құндылықтардың орнын байқауға болады.

Осы ретте көш бойындағы әдемі құбылысты көш жүктерін артқан жа-нуарлардың әбзелдерінен де көреміз. Көш түйесін сәндеуді тілімізде «комдау» деп атайды. Қом - түйенің өркешінен төмен қарай жайылатын майлы қыртыс (ҚТТС). Көш түйесін қомдау - казақ тұрмысындағы әсем көріністердің бірі. Қомның өзіне түрлі-түсті тоқылған кілемдерді пайдаланған.

Бұл құбылыс қыз ұзату салтымен байланысты. Қыздың жасау-жабдығын артқан көшті ата-бабаларымыз «қыз көші» деп атаған. Қыз ауылынан бір көш жер шыққаннан кейін атаулы көш «келіншек көші» деп аталған. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары оны тоқтатып «түйем ұрындық» кәдесін алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

Халық танымында қазақтың қыз ұзатудан басқа жаңа туған нәрестеге ат қою салтында да өзіндік ырымдар мен әдет-ғұрыптардың сақталғанын байқаймыз. Сол есімдердің бірі көш салтымен байланысқан, ұлттық мазмұны бар адам есімдері. Жаңа қонысқа жеткенге дейін көш бойы дүниеге келген балаға атам қазақ - Көшежан, Көшер, Көшбасар, Көшбике, Көшімбек, Көшім, Көшімбай сынды есімдерді қойған.

Ғаламның тілдік бейнесі - әмбебап бірлік ретінде, тілдік тұлғаға тән барлық қасиеттердің айқын суреті ретінде, тілдік тұлға ретінде өмір сүретін категория. Бұған субъектінің қоршаған ортаға деген бағалаушылық позициясы да енеді, ол өз кезегінде қоршаған орта, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.т. тілдік тұлғада бағаланған түрге еніп бейнеленеді. Ол адам тіліндегі ойлаудың, танымның, рухани болмыс–бітімінің, мәдениеттік құндылықтары барлық деңгей мен дәрежесін көрсетеді.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Функционалдық грамматиканың өзекті мәселелері. Функционалды грамматиканың тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не үшін қызмет ететіндігін айқындауды мақсат етуі; тілдік бірліктердің сөйлеудегі жұмсалым потенциалын оны жүзеге асыратын ортамен байланыста қарастыруы; әр түрлі тіл деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты т.б. мәселелерді зерттейтіндігі. Ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық категориялар қарастырылып, грамматикалық мағына беретін грамматикалық формалар жеке дара, ал “мазмұннан ® формаға қарайғы” бағытта мазмұнды беруге қатысатын тілдік бірліктердің жұмсалымы кешенді түрде талдауға түсетіндігі.

Мазмұнды жеткізу үшін тілдік жүйеден алынған бірліктердің өріс түзетіндігі. Тілдік бірліктер өріске семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігетіндігі. Функционалды грамматика аясына енетін семантикалық функция тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, өз бойына “мағыналық мазмұн” (смысловое содержание) элементтерін жинақтайтындығы. Әр түрлі деңгейге жататын тілдік құралдардың белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе қызмет етуі. “Тілдік бірліктердің жұмсалымы” дегеніміз, біріншіден, сөйленім мағынасын беру үшін сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік құралдарды таңдауы; екіншіден, тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіне жататын бірліктер қызметінің өзара әрекеттес келуі; үшіншіден, потенциалды функцияның нәтижелі функцияға айналуы.

2. Тіл біліміндегі эстетизм бағыты.Лингвистикалық эстетизмнің дербес бағыт ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ.басы болып табылады. Тілді эстетикалық тұрғыда түсіндіріп, негіздеуші италиялық интуитивист-философ Бенедотте Кроче. Кроче Гумбольдт сияқты тілді творчество деп қарады. Эстетикалық мектептің негізін салушы Карл Фослер де тілді индивидуалдық рухани творчестволық құбылыс деп қарастырды. «Тіл біліміндегі позитивизм мен идеолизм» атты еңбегі лингвистикалық жаңа бағыттың манифесі болды. Бұл еңбектегі позитивист деп отырғаны-жас граматистер, ал идеалист дегені-өздері, яғни лингвистикадағы эстетизм бағыты.Гумбольдтың ізімен:

Наши рекомендации