Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі

Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.

1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние – жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның Мен түсінігі шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын айқындаған белгілі бір мамандандырылған ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы жоқ адамдардан да байқауға болады.

2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.

3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық адам теориялық сияқты өмірдің экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.

4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.

5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Бұл жерде белсенді және құлықсыз саяси жаратылысты атап өтеді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт – дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.

6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз.

Жұмысшының мамандырылған және затты сапасына байланысты қызметін орындаушылық әрекеті 7 психологиялық белгімен (шкала) сипатталады:

1) нысаналылық – мақсатсыздық;

2) мотивациялық – қызықпаушылық;

3) тәуелсіздік – тәуелділік;

4) ұйымдасушылық – сұрапылдық;

5) жауапкершілік – жауапсыздық;

6) біліктілік – біліксіздік;

7) шығармашылық - тоқырау

Бұл шкала бойынша орындаушының психологиялық кескінін құрап, сапалы талдау нәтижесінде анағұрлым әдепкілерін бөліп көрсетуге болады.

Олардың бастысы:

1) орындаушының шығармашылық типі, тәуелсіз, білікті, ізденуші;

2) аса мөлшерлі – нысаналы, қызығушылықты, ұйымшыл;

3) регламенттенген (кең жайылған);

4) селқос;

5) басшының бұйрықтарын қайта құрушы;

6) төмен мотивациялы;

7) орындаушы типінен жалтару;

8) қиын басқарылатын орындаушылар.

Қиын басқарылатын қызметкерлердің әр түрі болады:

- жалқау; жеткіліксіз жұмыс істейді;

- долы адам: адамдармен қатынасын ашушаңдығымен бүлдіреді;

- әлсіздер: сәтсіздікке ұшырамауға қанша тырысса да сәтсіздікке ұшырайды;

- сезімтал: өз сезімдерін әсірелейді;

- адамгершілікке жат: өзінің жеке мүддесі үшін адамдарды қолданып оларға зиян келтіруші;

- қорғанушы позициясын қолданушы: өзгеріс туралы сөз болғанда кедергілер туғызушы;

- қатыгез: ескі реніштерін ұмытпайтындар;

- жалтарушылар: жарықтан белсенді қашушылар;

- безбүйректер: оларға қоршаған адамдар жоламайды;

- ақылсыздар: қате немесе шектелген келсімдер жасайды;

- өркөкіректер: өздерін күнәіз санайтындар;

- үрейленгендер: өздерінің мүмкіншіліктерін әлденеден қорқып шектейді.

Шығармашылыққа талпыну көптеген адамдарға тән. Олар мына қасиеттермен сипатталады:

1. Ақылдылық.

2. Конформизмның болмауы.

3. Өз пікірін бекітудегі тегеуріндік.

4. «Өз кестесі» бойынша жұмыс істеуге талпыну.

59.Менедж.даму тарихы ,басқару ойларының эволюциясы. Ертедегі Египетте біздің эрамызға дейін мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египет пирамидалары, ертедегі ацтекс қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. б) басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға өңдеуге және беруге негізделген. (әлеуметтік, психологиялық, биологиялық, техникалық экономикалық, административтік). Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің (басқарушы) мәліметті бағалап анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.
Басқарудың әлеуметтік психологиялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.
Басқару туралы ілім іштейгі қарама-қайшылықтармен қоса дамиды. Ондай дамуға әсер етуші факторлар өндірістің қарқынды дамуымен, өнімді одан түсетін өсімді арттырумен тікелей байланысты. Бұл себептерді білу басқару ілімінің даму тарихын дұрыс көре білуге әкеледі. Басқару теориясы тек кейінгі кезеңде ғана жемісті дамыды.
Басқару ғылымының негізгі мектептері. Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.
1.Басқарудың негізгі мектептер көзқарасы тұрғысынан.
2.процестік(үрдістік)
3.жүйелік
4.ситуациялық
Осылардың алғашқысы (административтік, ғылыми басқару мектебі) Адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері, мінезқұлықытық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі. Қалған үш жолы да тарихи жағынан қызықты, бірақ оны көбіне қазіргі кезеңдегі басқару ғылымының сипаттамасы ретінде қолданады.
1885-1920 ж. басқарудың ғылыми мектебі негізін салушылар Ф.Тэйлор, Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г. Эмерсон, Генири, Кант. Олардың пікірінше басқару - бұл ерекше мамандық ал ол туралы ілім өзбетінше пән. Негізгі ерекшеліктері: ғылыми басқару мектебін ұстанушылар логикалық талдау мен бақылауды қолдана отырып, жұмысты тиімді орындау үшін жекелеген операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады. Ғылыми басқару методының 1-ші фазасы – жұмыстың мазмұнын талдау ж/е оның негізгі компонентін анықтау. Негізгі ғылымға қосқан үлесі өндірістің өнімімен көлемін үлкейте отырып, жұмысшыларды белсендіру мақсатымен стимуляциялауды жүйелі қолдануды ұсынды. Бұл басшылардың өндірістік нормаларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.

60.Психологиялық менеджмент ғылым ретінде.1920-1950 ж. Басқарудағы административтік классикалық мектеп. Негізін салушы А.Файоль- француздың ірі компаниясын басқарушы. Оның жолын қуушылар Л. Урвик, Д.Мунк, Э. Реймс, О.Шелдон, Джеймс Мони. Ерекшелігі – басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы мектептің жасауымен басқарудың универсалды принціпі құрылды. Бұл екі негізгі аспектіні қамтиды:
-- ұйымды басқарудың рационалды жүйесі.
-- жұмысшыларды басқарумен ұйымның құрылымын жасау.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас мектеп 1930-1950; мінез құлық туралы ілім тұрғысынан (1950 – осы кезеңге дейін). Негізін салушылар М.П. Фоллет, Г.Мюнстерберг, М.Вебер, Э. Дюрнгейм. Гелтон Мейо. Одан кейін жүріс-тұрыс, адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болып есептелді. Адамзат қатынасы үшін қозғалыс ұйымдарының эфективтік негізгі элементі ретінде адамзат факторын қарастыру нәтижесі ретінде дамыды. Менеджмент – басқа адамның көмегімен жұмысты орындауды қамтамасыз ету. Ғылымға қосқан үлесі – адамзат ресурстарының эффективтілігін өсіру арқылы ұйымның, басқарудың нәтижелігін арттыру фактілерін тұжырымдады. Бұл мектеп кең тараған мектеп болып саналады.
Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 – осы кезге дейін)№ Бұл мектептің сіңірген еңбек негізгі операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады. Негізгі есімі: Фрейдрих Гейлор. Бұл мектептің жұмыстарының нәтижесі де басқару моделі жасалды. Осы моделді қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Конфликт жағдайда ұйымдағы кризистік кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.
Жалпы 4 мектептің басқару формасы қосқан үлесі:
Ғылыми басқару мектебі – 1.міндеттерді орындауда тиімді тәсілді анықтау үшін ғылыми талдауды қолданды.2.міндетті орындауға сай келетін жұмысшыларды таңдау ж/е оларды оқытумен қамтамасыз ету.3.еңбек өнімділігін көтеру үшін материалды жүйешлі қолдану принциптерін анықтады.4.жұмысты жоспар бойынша орындау тәсілі.
Б.к мектебі – басқару принциптерін ж/е функцияларын жасады.
А.қ. мектебі – еңбек өнімділігі мне қанағаттану деңгейін көтеру үшін тұлға аралық қатынастарда басқару тәсілін қолдады.
Б.с.т. мектебі – дайын модельдер ұсынған.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару

ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылықдербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстандамемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Қазақстандаменеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор Қ.Ғ.Ахметовтың

«Менеджмент негіздері» (1993ж). Қ.Б.Бердалиев «Мееджмент негіздері»(1994ж), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Қазақстандакадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Р.С.Кареновзерттеді. «Өндірістік менеджмент» 1996ж, «Инновациялық менеджмент» 1997ж,«Кадрлық менеджмент» 2001ж. айтуға болады. Менеджмент тарихын білу

менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастырудаүлкен роль атқарады.

Негізгі ұғымдар: менеджмент, менеджерлер, ұйым, басқару моделі,экономика, перспектива, кадр саясаты.

Наши рекомендации