Тақырыбы: Психодиагностиканың этикалық және кәсіби сұрақтары.

Жоспар:

1. Білім беру мекемелерінде психолог қызметі.

2. Психологтың жұмысының есебі және оның жұмысының бағыттары.

Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығын кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендей келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілет төмен оқушыларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

Өткен сабақтағы психолог ғалымдардың ойларын түйіндей келе, «қабілет» термині адамның белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады. Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысына байланысты.Балаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты, оның биологиялық кемшілігі деп қарауға әзір тұрамыз. Біздіңше, тұйықтық, бұйығылық, баяулық оның табиғатының әсері емес, көп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің салдары болуы мүмкін. Бұл психологиядағы темперамент теориямының негізі болып табылады.

Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешелік деп қарастырады . Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабылетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.

Тұлғаларды психологиялық типтерге бөліп мінез-құлықтарына сипаттама беруге арналған психологиялық тесттер қазіргі таңда практик психологтар кеңінен пайдаланып жүр. Солардың бірі Климовтың ДДО, Холландтың тесті жоғары сынып оқушыларына кеңінен қолданылып келеді. ДДО тесті төрт түрлі мамандықтарға тән ерекшеліктерге бағытталған сұрақтардан тұратын сауалнама тұрады сонымен бірге жауап бойынша тұлғаның қайтоптамаға жататындығын анықтауға мүмкіншілік береді, мысалы; «адам-адам», «адам-табиғат», «адам-қоғам», «адам-техника» деген бағыттар қамтылған. Бұл екі тестті практикалық сабақтың бірінде танысамыз.

Практикалық психология-бұл психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі күрделі және жауапты облысы болып табылады. Ол сәйкес білімді және кәсіби шеберлікті талап етеді және адам өмірін жоюы мүмкін, мысалы, яғни оның негізіне медициналық немесе соттық психологиялық диагноз қойылса, конкурстық сұрыптау немесе жұмысқа қабылдауда жүзеге асырылады. Бұл байланыста яғни психодиагностикаға және психодиагностқа әлеуметтік-этикалық талап ету қатары көрінеді. Енді бұл талап етуді психодиагностика принципі түрінде қарастырамыз.

Психодиагностиканың құпия сақтау принципі. Бұл принцип негізінен ержеткен шақтағы адамдарға керек. Егер жеткіншек жастағы бала туралы сөз болса, мысалы мектептің жоғары сынып оқушылары туралы моральды және заңдық жауапкершілікті таситын бала үшін жауап беретін олардың психодиагностикасының нәтижесін айту үшін оған ата-ана немесе туысқандарының міндетті түрде келісімі қажет. Құпияны ашу тек эксперименталды зерттеу бөлігі сияқты ғылыми мақсатта психодиагностикада өткізіледі, бірақ бұл жағдайда дұрысы, публикацияда зерттелінушінің нақты есімін және фамилиясын көрсету ұсынылмайды.

Психодиагностика әдістемелерінің ғылыми негіз принципі талап етіледі, яғни тестке, әдістемеге толығымен сенуге болатындай нәтиже беретін валидті және сенімді болғаны жөн.

Зиян келтірмеу принципінде психодиагностика нәтижесін басқа адамға залал ретінде қолдануға болмайды. Егер психодиагностика конкурстық сұрыптау немесе адамды жұмысқа қабылдау мақсатында өткізілсе. Онда негізгі принцип зерттелінуші үшін психодиагностиканың ашылуы принципімен бірге қолданылады, яғни онда қалай тесттеу болады, оның зерттеу нәтижесі қандай, оның өмірін шешу үшін қандай бейнеде олар қолдануы мүмкін деген сияқты информациялар талап етіледі.

Психодиагностикамен айналысушы психологқа келесідей талаптар керек: жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық методика туралы түгел білім және олардың дұрыс қолданылуы, сәйкес әдістемені практикалық қолдануды толық нәтиженің бар болуы.

Әрбір психодиагностикалық әдістеме белгіленген объекттің диагностикасы үшін кейбір психологиялық терия негізінде көрінеді және дамиды. Интеллект тесті, мысалы оның табиғаты, құрылымы, мағынасы және өмірде көрінуі туралы ғылыми көрініспен жабылады. Жеке тұлға тесттері анықталған жеке тұлға теориясына кіреді, яғни өзіне ғылыми анықтама қосатын, құрылымды түсінуді, дамуды және белгілерін айта отырып, адамның негізгі жеке тұлғалылығы туралы объективті талқылауға болады. Әрбір психодиагностикалық әдістеме байытылған және өзіне байланысты теориямен шектелген. Сәйкес теорияны білсек, зерттейтін объект туралы негізгі теориямен қорытынды шығаруға болады. Мысалы, егер жеке тұлға теориясының кейбіреулеріне келіссек оның сипатының бірі басқамен тығыз байланысты, онда осы сипаттың біріне психодиагностиканы жүзеге асырсақ, басқаның даму деңгейі туралы анық төрелеуге болады. Түбірінде психодиагностикалық әдістемелер жатқан теория (жоғарыдағы), оның нәтижесінің интерпретациясы сирек шектеледі. Мысалы, мынадай Тематикалық Апперцептивті Тест (ТАТ) сияқты жеке тұлғаны зерттеу әдісі. Фрейдтің психоанализіне сүйенген негізгі теорияда ғылыми негіз шығару және жеке тесттерінің нәтижесін интерпретациялау.

Кез келген психодиагностикалық әдісті дұрыс қолдану үшін, ол сүйенетін теория білімі міндетті түрде болуы керек. Бұлсыз психодиагностика интерпретациялауда, анализде және адарды зерттеу нәтижесін шығарғанда өте күрделі қате жіберіп алуы мүмкін.

Әдістемені түгел меңгеру үшін (икемділік және дағдылар) зерттелінушіге қатысты процедурада әдістемені ұсынсақ, онда негізгі интерпретацияда және анализде іскерлік пен дағдыны қалайды. Зерттеуші тестті өте жақсы меңгермесе өз-өзіне тест мәліметін ең болмаса бір рет тексертпесе психологиялық тесттің біреуінде қолдануға болмайды.. Анық нәтиже алу үшін психодиагностикалық әдістемелерді дұрыс қолдану өте тиімді. Тест қандай күшті болса да, оны қолдану кезіндн міндетті түрде ситуацияны, зерттелінушінің индивидуалды ерекшеліктерін, олардың көңіл күйінің бар болуын және көптеген басқа релевантты психодиагностикалық факторларды оқу қажет.

Кім психодиагностикамен айналысса, яғни профессионал немесе жақсы көруші болса, оны міндетті түрде келесідегідей моральды-этикалық нормалары сақталуы керек:

1.Ерекше жағдай соттық немесе медициналық практикада айтылған заңмен шығару, яғни психологиялық зерттеулерде адамды өзінің ерігінсіззерттеуге итермелеуге болмайды.

2. Психологиялық тестті жүргізу алдында адамға зерттеу процесі кезінде өзі туралы информацияларды, яғни өз ойларын және сезімдерін еріксіз беруі мүмкін екенін ескерту керек.

3. Кез келген адам, егер бұл заңда айтылмаса, өз тесттеу нәтижесін білуге, сонымен қатар қайда, қалай жүргізілуі жөнінде толық білуге хұқы бар.

4. Психологиялық тесттеудің нәтижесін кім зерттеуді дұрыс түсіну формасында жүргізсе зерттелінушіге ұсынады.

5. Тесттеуде жеткіншектік жасқа дейінгі балалардың тесттеу нәтижесін ата-анасы немесе туысқандарының білуіне хұқы бар.

6. Егер тесттеу адамның психологиялық даму деңгейін анықтау мақсатымен, яғни конкурстық сұрыптау немесе жұмысқа қабылдау барысында өткізілсе, онда зерттелінушінің тек тесттеу мақсатын ғана емес, сонымен бірге қандай негізде тестілеу қорытындысын шығаруға болатынын білуге хұқы бар.

7. Психологиялық тестті практикада қолдануда негізі жауапкершілік ұйымдарда оны қолданушылар мен психологтарға жүктеледі.

Біздің елімізде мемлекеттік таратуға заңдық көркемдеумен шектелген және психологиялық тестті қолдану. Олар келесідегідей міндетті түрдегі нормаларды өзіне қосады:

1.Кәсіби сұрыптау және экспертизалар үшін қолдануда, психологиялық тесттердің көп бөлігін көптеген информация құралы ретінде ашық жариялауға тиым салынады, яғни дұрыс маманданбаған адамдар қолдана алмас үшін және онымен алдын –ала таныстықпен байланысты, практикада тестті қолдану барысында ешқандай бұрмалаушылық болмас үшін тиым салынады.

2. Психологиялық тесттермен айналысушылар және психологиялық тесттерді қолданушы психологтар жоғарғы психологиялық білімі немесе психологиялық ғылымдар кандидатынан оқу деңгейі төмен еместігі туралы диплом болу керек, ол бұл практикаға басқа қатысушылар лицензия алу керек.

Наши рекомендации