Зін-өзі танудың студент тұлғасы дамуындағы орнына түсініктеме беріңіз.

Зін-өзі бағалау» ұғымы негізінде «Мен-тұжырымдамасы» құрылымындағы өзін-өзі бағалауға сипаттама беріңіз

Тұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекет түрлерінің ішінде ақыл-ой және соған байланысты тұлғаның дамуындағы өзін-өзі бағалау сұрақтары маңызды орын алады. Кез келген ақыл-ой іс-әрекеті белгілі бір талаптармен мотивтер негізінде жүзеге асады. Ақыл-ой іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге жеке бастың қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады. Жеке адамның қалыптасуында өзіндік сана-сезім оның құрамдыс бөлігі болып табылады. Студенттер өзінің даралық ерекшелігін сезіну ретінде өзгелер мен қатынас жүйесіндегі өз орнын табу үшін ұзақ уақыт өзгерістерден өтеді. Олардың ақыл-ойының қалыптасуы негізгі оның өмір жолындағы оқиғалармен, белгілі бір кезеңдер мен жаңа құрылымдар мен байланысты болып келеді. Тұлғаның болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен ақыл-ой қалыптастыру механизмдеріне өзін-өзі бағалау әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Өзін-өзі бағалау бұл әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік қасиет іс-әрекетпен адамның айнала мен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады [1]. Көптеген қатынас объектілерінен кейін ғана сана өзіндік сананың және зейіннің объектісіне айналады. Өзін қылықтың субъектісі ретінде сезініп, өзіне қатынасы зейінділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналуына көптеген тәжірибе жинақталу тиіс. Тұлғаның құрылымын және оның тұтастығын қамтамасыз етіп жетілдіретін нақты осы аталған қасиет. Олар өмірдің максатымен және іс-әрекетімен, құнды бағдарлығымен, нұсқаулармен тығыз байланыста, яғни өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі уйымдастыру міндеттерін атқарады. Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалдық кұрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау — бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың нэтижесі болса, екіншіден өзіне эмоционалды-кұндылық жағынан қатынасы. Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін-өзі бағалау бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі - соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқару үрдісіне айналады. Рухани өсу баланың алғашқы өсу дәуірінен қалыптасады, оның «Мен» деген сөзі қалыптасады. Мысалы: «Мен өлең айта аламын», «Мен сурет сала аламын», «Мен анамды жақсы көремін», «Мен айтайыншы!» т.б. «Мендік» көп айтуға тырысады. Мысалы: бір жасында бала өз дене бітімін қабылдап игере бастайды, ал үш жасында іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін «Мен» ретінде ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра отырып, өзіне деген жеке даралық және дербес субъектілік қатынас пайда болады. Жеті жаста эмоционалды ұғыну, өзін-өзі бағалау туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде ұғынылады. Ата-ананың біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір мінез-құлық түрлері мен психикалық жағдайларының белгілі бағдарламасын қалыптастыру жүреді. «Мен» образында «шынай-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады. Жасөспірімдік және бозбала мен бойжеткендік кезеңде «Мен» - тұжырымдамасы нығайып, «Мен» сипатын, образын ұғыну тереңірек сипатта болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және өзіндік сана жоғары даму деңгеіне жетеді [2]. Тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі ол адамның өз «Менін» айыра алуы. «Меніне» өзіндік дене бітімін, жақындарын, өзіне тиісті заттарды т.б. жатқызады. Ал психологиялық саладан алғанда тұлғаның мінез-құлқын айқындайтын өзіндік қасиеттеріне темперамент, мінез, қабілетті жатқызады. Сондықтан «Мен» тұжырымдамасы дегеніміз адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі, ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне-өзі сол тұрғыдан қарайды. Өзіндік сананы дамытатын козғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағыларымен ара-қатынасын өзгерте алуынан іздеу кажет. Сана, өзіндік санадан өз "Мен"-інен туындамайды, керісінше тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, "мен"-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады. Өзіндік сананың даму тарихы тұлғаның шынайы дамуымен, оның негізгі өмірлік жолындағы уақиғаларымен үздіксіз тығыз байланыста. Қоршаған ортадан өзін бөле алатын субъект ретінде тұлға дамуының алғашқы кезеңінде, ол өз тәнін (денесін) игеріп, ырықты қимыл-қозғалыстарды жасайды. Соңғысы бірінші заттық әрекеттер үрдісінде қалыптасады. Дамудың келесі сатысы, өз бетімен қозғалыстар жасай алуында көрініс береді. Мұндай жағдайда сол әрекеттердің техникасы емес, айналадағы адамдармен индивидтің ара қатынасының өзгерісі, ұстай алатын қимылдарды өздігінше игере алу мүмкіндігінің мәні зор. Адам әр түрлі әрекеттердің шынайы субъектісі ретінде айналасындағылардан бөліне бастайды. Осындай объективті фактіні ұғыну негізінде өзіндік сананың және өзінің "мен"-і туралы алғашқы елестер туындай бастайды. Мұнда адам өзінің дербестілігін, қоршаған ортадағылардан ерекшелігін басқалармен ара қатынасы арқылы өзіндік санасы жетіледі, яғни басқа адамдарды танудың арқасында өзінің "Мен"-ін таниды. "Мен"-нің "саған" деген қатынасынсыз болуы мүмкін емес, өзіндік сананың дербес басқа адамды субъект ретінде түсіну негізінде ғана қалыптасады. Өзіндік сана салыстырмалы түрде сананың кешеуілдеп дамуының жемісі, баланың практикалық субьект ретінде айналадағылардан өзінің ерекшелігін саналы бөле алатын сапалық негізі. Өзіндік сананың даму тарихында негізгі жәйт сөйлеуді игеру, ойлау мен сананың тұтастай бар екенін көрсетеді. Сөйлеу бала санасының дамуында манызды рөл атқара отырып, оны қоршаған ортадағылармен арақатынасын өзгертіп, әрекеттену мүмкіндіктерін өрбітеді. Қоршаған ортадағы ересектерге оған бағытталушы объект болудың орнына, сөйлеуді игерген бала олардың әрекеттерін өзінің тілегіне сәйкес бағдарлайтын мүмкiндiктepгe ие болып, әлемге өздігінше ықпал ете алады. Бала қылығындағы осындай және басқалармен қатынастарындағы өзгерістер, оның санасына да әсер етіп, оның басқа адамдарға деген ішкі өзгерулеріне алып келеді [3]. Субъектінің дербестігі қандайда болмасын тапсырмаларды орындауымен шектелмей, одан да маңызды өз іс-әрекетін саналы түрде алдындағы түрлі міндеттер, мүдделер арқылы бағытын анықтай алуға жетелейді. Бұл ішкі дүниесінің үлкен жұмыстар жасауын талап етіп, тұтастай дүниетанымды қалыптастыру үшін өз бетінше ойлай алу қабілетін қажет етеді. Даралық өз бетінше ойлауды, сезімнің күрделілігін, қайрат-жігерді, белгілі дәрежеде жинақылық пен іштей талпынысты көздейді. Мұндайда тұлғаның шынайылықтан көтеріліп, сол іс-әрекетке тереңірек енуіне жетелейтін жәйттер болады. Тұлғаның терендігі мен байлығы және әлеммен, басқалармен байланысының кұндылығы; яғни ол байланыстардың үзілуі оны бездіреді. Ағза бірлігінің негізінде қиылыса, тұлға тәнін өзінің "мен"-іне жатқызып, оны иемденеді. Адам өзінің тұлғалығын белгілі бір сырт бейнемен азды-көпті тығыз байланыстырады, себебі сол бейнеде өмірінің салты және іс-әрекетінің стилі көрінеді. Сондықтан, тұлғаға адамнын тәні де. санасы да қосылғанмен, физикалық және рухтық тұлға туралы айтуға болмайды, себебі тәннің тұлғаға қосылуы тұлғаның физикалық және рухтық жақтарының әрекеттестіктеріне негізделген. Мұның тұлғаның рухтық жағына да қатысы бар. Рухтық тұлға өз бетінше тәнсіз өмір сүруі мүмкін емес. Өз бетінше субъект ретінде алғашында тек қана материалдық тірі жан болып қоршаған ортаға әсер ете алады. Сонымен, физикалық және рухтық - тұлғаға ішкі ара байланысы және олардың бірлігі ретінде енеді. Өзінің ''Мен''-iнe адам тәнінен төрі ішкі психикалық мазмұнын жаткызады. Адам психикалық сферасынан өзінің "мен"-іне қабілетін және мінезі мен темпераментін- қылықтары арқылы өзгешелігін аныктайтын тұлғалық қасиеттерін атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күйлері, бар өмірінің психикалық мазмұны тұлғалық құрамына кіреді. Бірақ арнайы мағынасына, өзінің "мен"-іне қатысы барлардың ішінде психикасында бейнеленіп ішкі өмірінің тарихына, сезіміне әсер еткендерді ғана тән алады. Кез келген санасына қатысы бар дайын күйіндегі ойларды емес, тұлғаның қоғамдық болмысында өзі зейінділікпен терең ойларды игергендерді ғана өзінікі деп санайды. Өзінің психологиялық ерекшеліктерінің шынайы көрінісін, айналасындағылармен катынастағы мінез-құлкының мазмұнын және атқарылған іс-әрекетіндегі өзімен болғандарды менікі дейді. Сонымен, жоғарыдағыларды ескере отырып, өзіндік сана, зейінділік және «мен» тұжырымы тұлғалық дамудың негізі және себепшісі ретінде жан жақты әрі терең практикалық зерттеуді талап ететінін ұғына, болашақта тәжірибелік әдістемелерлі накты үрдіске бағдарлап іске асыруға болады. Өзін-өзі бағалаумен ақыл-одың байланысын қарастыруда өзіндік сана мәселесіне тоқталған жөн. «Мен» - тұжырымдамасы өзіндік сана сезімінің негізін қалайды және құрамдас бөлігі болып табылады. Нақты өмірлік әрекет барысында «Мен» - тұжырымдамасы және өзін-өзі бағалау саналы және сезілмейтін деңгейде көрінеді [4]. Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына карай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б.Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын түлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарастырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екендігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісіңде езін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердің, I сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Ол "оқушыда оның білімдері, жетістіктері мен үлгірмеушілігі жайлы түсінік тоқсанның аяғындағы бекітілген үлгірім бойынша ғана емес, сондай-ақ, оқу үрдісінде жекелеген парциальдық, бағалар бойынша да қалыптасатындығын, мұғалімнің жеке парциальдық, бағалауы неғұрлым айқынырақ, нақтырақ болса, оқушының білімге соғұрлым бейімделе түсетінін" атап көрсетеді. Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның кіші жастағы окушының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады. 1. Өзін-өзі бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыптасатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады жөне кіші жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпал жасайды. 2. Өзін-өзі бағалау - оқу ерекеті тұтастай қүрылымының ерекше бөлігі, оның қызметі кіші жастағы оқушы осы әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығанын анықтай білу болып табылады. Өмірде өз орнын табуда өзін-өзі тәрбиелеп, өз бетінше оқып білім алу, өз білімін өзі жетілдіру, өзін-өзі шектеу, өзіндік бақылау, өз-өзін ынталандыру әдістерін тұлға уақытылы пайдалана алғанда, зор нәтижеге жеткізіп өзін-өзі бағалай алудың аясы кеңейді. Тұлғаның «Мен»- бейнесі, «Мен»- бағдарламалары мен өзіндік бағалауы жинақталып, «Мен» тұжырымдамасын кұрайды. Өзін-өзі бағалау арқылы тұлға мінез-құлқын реттейді. Тұлғаның өзіңді бағалауы қалай жүзеге асады? Тұлға бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасады. Тұлға танымдық әрекетке араласа отырып, қарым-қатынаста бағдарланады және қоршағандардың күтулерімен салыстырады [5]. Өзіңді бағалау өзіндік сана сияқты әлеуметтік жағдайларға негізделеді. Кеңес психологтарының зерттеулерінде өзіңді бағалау - еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі өнімі болып табылады.

.

Наши рекомендации