Мінез және темперамент
Мінез бен темпераменттің ѳзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда ѳзін-ѳзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бетен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай кѳріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді.
Мінездегі темпераменттің рѳлі басқаша жағдайларда да кѳрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал-шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім. Сѳйтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады. Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті оп-оңай қорқақ етуге болады. Ал қолайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.
Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың ѳзара үштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әр алуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Ѳйткені, адам іс-қи-мыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі, ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет - дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, тѳселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орын- дауға бағытталған мақсатты кѳрсетеді. Сѳйтіп, ол ѳзінің еңбек әрекетінің жемісін сезіп, ѳз кѳзімен кѳреді, оған қағанаттанады, бойындағы күш-куаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады. . Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шыңдайды.
Еліктеу және оның адам мінезін қалыптастырудағы
Рѳлі
Бұл жѳнінде ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды кѳрсеңіз»— дейді. Үйреншікті іс-әрекеттің бір тәсілі — еліктеу, сондай болсам екен деп ниет білдіру.
Бала ѳзіне ұнаған адамның қимыл-қозғалысына, іс-әрекетіне еліктейтін болса, онда сол кісінің бала мінезіне, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп, мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қалыптастыруға ықпал еткені. Адам мінезіне еліктеу оның іс-әрекетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы болмақ. Осы орайда, баланың жақсы кѳрген ұстазына, әдебнеттердегі кейіпкерлерге не тарихтағы саяси қайраткерлер мен еңбек ерлеріне еліктеуі оның мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.
Адам мінезіндегі кейбір ерекшеліктер мен қасиеттер дің күрт өзгерістерге ұшырауы да мүмкін. Бұл адамның тіршілік бейнесіне, сыртқы жағдайдың езтеруіне, сондай-ақ, талас-тартысты, дау-дамайлы жағдайларға да байланысты. Мысалы, баланың жас кезіндегі басынан кеінірген қиыншылықтары мен керіс-жанжал арлсында ѳсуі, бір мектептен екінші мектепке ауысқанда оған қойылатын талаптардың түрліше болуы және мектеп пен ата-ана тәрбиесінің арасындағы алшақтық оған ерекше эсер етіп, мінез-құлқын ѳзгертетіндігі анықталған жайттар. Мұндай жағдайларда мінездің кейбір сапалары ѳзгеріп қана қоймай, соған ыңғайланып, қалыптаса да береді. Сонымен, адам мінезінің дамуы мен қалыптасуы сыртқы жағдайлар мен ішкі факторларға, тіршілік ет-кен ортаға, әлеуметтік жағдайға, тәлім-тәрбие істерінің нәтижесіне байланысты болып, олардың бәрі адам бойында із қалдырып отырады.
Демократ ұстаз К.Д. Ушинский бала мінезінің дамуы мен қалыптасуын жаңа отырғызылып, кѳктей бастаған ағаш кѳшетімен салыстырып, кѳктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із салса, ол, есе келе шорланып, буынданып кетеді дейді. Сондықтан, бала мінезін тәрбиелеу — әрі нәзік, әрі игі мақсатты іс. Адамның мінезі - оның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, ѳзін-ѳзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын психологиялық даралық қасиет.
Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен нгі қаснеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.
X тарау. қабілет |