Семинар сабақтарында талдауға ұсынылатын көркем шығармалар

Гуманитарлық факультет

Филология және журналистика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д., профессор

___________ М.Ж.Мальтекбасов

«_____» ___________2015 ж.

«Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық: 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу түрі: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті , 5В012100 –Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к., аға оқытушы Л.А.Чалтикенова кұрастырған.

__________________

Филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды.

« 15 » 05. 2015 ж. № 10 хаттама

Кафедра меңгерушісі___________ ф.ғ.к., доцент С.Қ.Қожағұлов

«04 » 06. 2015 жыл. № 7 хаттама

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш,С.Жаукумова

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ И/ПОБҚ.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу бағдарламасы Ф.4.09-36
28.05.2015 ж.

Гуманитарлық факультет

Филология және журналистика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Ғылыми Кеңесінің төрағасы з.ғ.д.,

профессор, ҚазҰҒА академигі

____________ Е.Ә. Бектұрғанов

«_____» ______________2015 ж.

«Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

3 кредит

Мамандықтар: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған, 2015 ж.

Құрастырған:. ф.ғ.к., аға оқытушы Л.А.Чалтикенова

Рецензенттер: ф.ғ.к., доцент Қ.Б.Сарбасова

ф.ғ.к., аға оқытушы Г. Т. Сырлыбаева

Оқу бағдарламасы филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды және қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды.

«15» 05. 2015 ж. №10 хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ С. Қ. Қожағұлов

Оқу бағдарламасы гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

«24» 05 2015 ж. № 6 хаттама

ФӘБ төрайымы__________________ Ш.С.Жаукумова

Факультет деканы________________Қ.Қ.Рысбеков

Оқу бағдарламасы университеттің оқу - әдістемелік кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

Хаттама №_____ «____» _________________2015 ж.

ОӘК төрағасы ______________________М.Ж.Мальтекбасов

Түсінік хат

Көркем шығарма тілін зерттеу мәселесі қазіргі кезде жаңа қарқынмен дамуда. Кейіпкер категориясы бұрын-соңды көркем шығармадағы автор бейнесіне қатысты сөз болғанмен, оның көркемдік болмысы, ұғымдық негізі, оны талдаудың ұстанымдары мен әдістері көркем шығарманы талдау әдістемесіне әлі де дендеп ене қойған жоқ. Көркем шығармаға толық филологиялық талдау жүргізу үшін бұл мәселенің өзіндік шешім табуы аса қажет. Кейіпкер сомдаудың алғашқы классикалық үлгілері қазақтың халық ауыз әдебиетінен бастап, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сынды көрнекті жазушылардың шығармаларында барынша мол көрініс береді. Кейінгі кездердегі О.Бөкей, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Р.Сейсенбаев, Д.Исабеков шығармаларындағы жазушылардың кейіпкер сомдаудағы қаламгерлік шеберліктері бүгінде ғылыми тұрғыдан талданды.

Шығарманың рухани құнды жері де – өзінің адамтану тәжірибесімен оқырманымен бөлісіп, оған өмірлік қажетті бай білімдерді бере алуында. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әртүрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады. Сол себепті «көркем шығарма тілі – автор тілі мен кейіпкер тілінің қатынас көрсеткіші» ретінде бағаланып, екеуі диалектикалық бірлікте танылады.

“Көркем мәтінге лингвистикалық талдау” таңдаулы курсының мазмұны

(теориялық бөлім).

Пәннің мазмұны:

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау - өзіндік талдау принциптері, әдіс-тәсілдері бар, талдаудың бірнеше аспектілері айқындалған оқу пәні. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау курсының негізгі нысаны - көркем шығарма, ондағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы. Курс көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындауды мақсат етеді. Шығарманың көркем пішінін үңіле зерттеу арқылы оның идеялық, эстетикалық болмысын ашуға болады. Курс көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін үйретеді.

Көркем мәтіннің санаттары және олардың бір-бірімен тығыз байлагыстылығы, көркем туындыны автор ниетіне сай түсіну, мәтінаралық байланыстар, цитаттар, олардың көлемі мен қызметі, автор стилистикасы мен қабылдау стилистикасын ұштастыру туралы білім беріледі.

Пәннің мақсаты:

Көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге – мәтіннің (көркем шығарманың) көркем бейнелі болмысын түсінуге қол жеткізу. Көркем туындылар тілін зерттеудегі ілім-тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, докторанттарға лингвистикалық талдаудың жолдарын, практикасын үйрету. Мәтінде қолданылған тілдік элементтердің мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін ашып айқындау.

Пәнді оқытудың міндеттері: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәні «Қазіргі қазақ тілі» курсының барлық салаларын қамтиды, жинақтайды, өткеннің бәрін қорытындылайды. Сонымен қатар, бұл пән «әдеби тілдің тарихымен», «әдебиет теориясымен» тығыз байланысты. «Стилистика» пәнімен тығыз қарым-қатынаста. Көркем мәтінді мазмұндауға, мәнерлеп оқуға төселдіру, мәтін бойынша сұрақ қоя білуге үйрету, шығарманың тақырыбы мен идеясы және тәрбиелік мәнін түсінуге, сондай-ақ мәтіннен бейнелі сөздерді, көркемдегіш құралдарды тани білуге көмектесу.

Бағдарлама мынадай міндеттерді көздейді:

а) студенттердің университетте қазақ тілі салаларынан алған білімдеріне сүйеніп, қазақ тілінің сөздік құрамын, дыбыс жүйесін, сөздерге түсетін екпін түрлерін, сөйлеу интонациясын, сөз мағынасы түрлерін, троптың, фигураның түрлері жөнінде білімін орнықтыру, жетілдіру.

ә) шығарма түр, жанр, композициясы, тақырыбы тұрғысынан да талданатын болғандықтан, тілдік талдауды әдеби талдаумен ұштастыра меңгерту;

б) мәтінді дұрыс мазмұндауға үйрету;

в) мәтінді сөйлеу бөліктеріндегі интонацияларды дұрыс қоя біліп, мәнерлеп оқу білуге үйрету;

г) көркемдегіш тілдік құралдарды пайдаланудағы автордың жеке өзіндік қолданыс ерекшелігін тануға көмектесу;

д) прозалық шығармалардан алынған үзіндіні мазмұндау, мәтінге әдеби және тілдік талдау;

ж) поэзиялық шығармаларды мазмұндау, мәтінге әдеби және толық тілдік талдау;

з) драмалық шығарма үлгілерін мазмұндау, мәтінге әдеби және толық тілдік талдау.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері:

Пәннің преквизиттері: «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәнін оқу үшін студенттер мәтінді дұрыс мазмұндауға үйрету; мәтінді сөйлеу бөліктеріндегі интонацияларды дұрыс қоя біліп, мәнерлеп оқу білуге үйрету, көркемдегіш тілдік құралдарды пайдаланудағы автордың жеке өзіндік қолданыс ерекшелігін тануға көмектесу, прозалық шығармалардан алынған үзіндіні мазмұндау, мәтінге әдеби және тілдік талдау, поэзиялық шығармаларды мазмұндау, мәтінге әдеби және толық тілдік талдау, драмалық шығарма үлгілерін мазмұндау, мәтінге әдеби және толық тілдік талдай білуі қажет.

Пәннің постреквизиттері: Курс аяқталғаннан кейін студенттер алған білімдерінің нәтижесі ретінде көркем мәтінді мазмұндауға, мәнерлеп оқуға төсілдіру, мәтін бойынша сұрақ қоя білуге үйрету, шығарманың тақырыбы мен идеясы және тәрбиелік мәнін түсінуге, сондай-ақ мәтіннен бейнелі сөздерді, көркемдегіш құралдарды тани білу дағдылары қалыптасады.

Практикалық бөлім:

1) арнайы әдебиеттерді оқу, конспектілер, рефераттар дайындау;

2) пікір-таластарға қатысу;

3) мәтінмен жұмыс жасай біледі.

4) көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге – мәтіннің (көркем шығарманың) көркем бейнелі болмысын түсінуге қол жеткізу.

5) Көркем туындылар тілін зерттеудегі ілім-тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, студенттерге лингвистикалық талдаудың жолдарын, практикасын үйрету.

6) Мәтінде қолданылған тілдік элементтердің мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін ашып айқындау. көркем мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері мен принциптерін пайдалагу дағдыларын қалыптастыру;

7) көркем мәтіннің ұйымдасқан біртұтас эстетикалық күрделі құрылым екенін түсіндіру;

8) мәтіндердің байланысу, тұтасу заңдылықтарын көрсету;

9) көркем мәтін санаттарының мәтін семантикасын түзуге ықпалын көрсету;

10) жеке шығармалар арқылы филологиялық талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Әлеуметтік құзыреттілік::ойлау дағдыларын, аналитикалық және концептуальдық ойлау қабілетін дамыту

Дәріс тақырыптары

1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау курсының мазмұны мен мақсаты, міндеттері.

2. Мәтін туралы түсінік. Мәтіннің мазмұндық, құрылымдық-композициялық және тілдік жақтары

3. Мәтіннің түрлері (көркем, публицистикалық) және оларды талдаудың түрлері.

4. Ғылыми, ресми мәтін және оны талдау ерекшеліктері.

5. Көркем тіл мен әдеби тіл, олардың байланысы мен ерекшеліктері, нормалары.

6. Көркем мәтіннің түрлері: өлең, проза және драма тілдері.

7. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың әдіс-тәсілдері мен принциптері.

8. Тілдің тұлға-бірліктері, мәтіннің тұлға-бірліктері және мәтінді лингвистикалық талдаудың тұлға-бірліктері.

9. Мәтін кұрудың объективті, субъективті факторлары. Тілдік құралдарды таңдау, оларды мәтін құрау үшін ұйымдастыру.

10. Көркем проза және поэзия тілін талдаудың ерекшеліктері.

11. Драма тілін талдаудың ерекшеліктері.

12. Көркем әдебиет тілі және функционалды стильдер.

13. Көркем мәтінде көркемдегіш құралдардың қолданылуы.

14. Көркем шығарма тіліндегі узуалды, окказионалды қолданыстар

15. Абай өлеңдеріндегі эпитет және оның түрлері

Практикалық сабақтардың тақырыптары

1. Мәтіннің лексикалық құрамына талдау

2. Мәтіннің фонетикалық ерекшелігін, оның мәтінді мәнерлеп оқуға қатыстылығына қарай талдау

3. Шумақ, тармақ, бунақ

4. Мәтіндегі сөздерді сөзжасамдық сипатына қарай талдау

5. Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасы мен айтылу интонациясына (сазына) қарай талдау.

6. Мәтін мазмұнының берілу тәсілдері (баяндау, хабарлау, суреттеу, талқылау, әңгімелесу, әңгімелеу).

7. Мәтіндерді сөз таптарының жұмсалу ерекшелігіне қарай талдау.

8. Мәтінді сөз тіркесінің стильдік мәніне қарай талдау.

9. Мәтінді сөз тіркесінің стильдік мәніне қарай талдау

10. Мәтіндегі оқшау сөздерді, бірыңғай сөйлем мүшелері мен айқындауыш мүшелерді шығарма мазмұнына қатыстылығы тұрғысынан талдау.

11. Мәтінді құрайтын сөйлемдерді құрылысына қарай талдау.

12. Мәтіндегі көркемдегіш құралдар мен тәсілдерді талдау.

13. Поэзиялық шығармаларға кешеңді тілдік талдау.

14. Прозалық шығармаға кешенді тілдік талдау.

15. Драмалық шығармаға кешенді тілдік талдау

Семинар сабақтарында талдауға ұсынылатын көркем шығармалар

Прозалық шығармалар:

1. Ж.Аймауытов. «Әнші», «Қартқожа», «Ақбілек».

2. М.Әуезов. «Қараш-қараш», «Абай жолы», «Көксерек».

3. Ғ.Мүсірепов. «Оянған өлке», «Ұлпан».

4. І.Есенберлин. «Көшпенділер».

5. М.Мағауин. «Аласапыран» .

Поэзиялық шығармалар:

6. І.Жансүгіров. «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Гималай».

7. А.Құнанбаев. «Қалың елім, қазағым» (жинақ).

8. Ш.Құдайбердиев. «Адамдық борышы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»

9. Бес ғасыр жырлайды.

10. М.Жұмабаев. «Батыр Баян», «Сағындым», «Өткен күн».

Драмалық шығармалар:

11. М.Әуезов. «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал», «Еңлік-Кебек».

12. Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері - Ақтоқты»

13. С.Жүнісов. «Ақан сері».

14. Б.Майлин. «Шаншар молда».

15. Қ.Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу».

Наши рекомендации