Ны өткізу түрі – тренинг.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерімен жұмыс жасайтын оператор үшін монитордың сапасы шешуші фактор болып табылады. Себебі монитор алдында көптеген сағаттар бойы қажымай жұмыс жасау адам үшін ауыр жүк боп саналады. Осыны ескере отырып, осы заманғы мониторлар қауіпсіздік стандарттарына жауап беруі тиіс. Адам денсаулығына қауіпті төмендету мақсатында әртүрлі ұйымдар мен мониторларға байланысты сипаттамалар жасалып шығарылды, осыған сүйене отырып монитор шығарушы фирмалар біздің денсаулығымызға зияны аз тауарлар шығаруға тырысуда. Мониторларға арналған барлық қауіпсіздік стандарттары монитормен жұмыс жасағанда пайда болатын электр және магнит өрістерінің максимал мәндерін шектеуге бағытталған. Іс жүзінде әрбір дамыған мемлекетте өзінің стандарттары бар, алайда бүкіл дүние жүзінде кеңінен тарағаны (тарихи қалыптасқан) Швеция елінде жасалған стандарттар, олар көбіне ТСО және MPRII аттарымен белгілі.

ТСО стандарты компьютер пайдаланушыларға қауіпсіз жұмыс жасауына арналған. Европада жасалған кез келген компьютер осы стандарттың талаптарына толығымен жауап беруі тиіс. ТСО-ның берген ұсыныстарын пайдаланушының денсаулығына зияны аз мониторларды шығару үшін пайдаланылады. ТСО-ның берген ұсыныстарының мағынасы - әр түрлі сәулеленудің түрлерін мүмкін мәндерін анықтаумен қоса, монитордың минималды тиімді параметрлерін анықтауды қамтиды, мысалы, рұқсат етілген көрсету деңгейі, люминифордың жарық шығару лездігі, қанықтылық қоры, энергия тұтыну, шу деңгейі және т.б.

ТСО құжаттарында мониторларды тестілеудің нақты әдістемелері берілген. Мысалы, MPRII стандарты бойынша мониторларды тексерудің барлық өлшемдері, терезенің алдынан және жан-жағынан 50 см қашықтықта орындалады.

Швецияда жасалған стандарттың тағы бір түрі ол – MPRII. MPRII стандарты SWEDAC-та (The Swedish Board for Technical Accreditation) жасалған, ол магниттік және электр өрістерінің сәулеленулерінің максималды мүмкін шамаларын анықтайды, сонымен бірге оларды өлшеудің әдістерін анықтайды. MPRII стандартының концепциясы келесідей: адамдардың жұмыс орнында магниттік және электр өрісі бар, сондықтан компьютердің мониторы сияқты құралдар осы өрістерден артық магниттік және электр өрістерін шығармауы тиіс. Пайдаланушы өз денсаулығына өзі көмектесуі мүмкін, ол үшін монитор мен бейнеадаптер бір-біріне сәйкес келуі тиіс.

Бұл монитордың регенерациялық жиілігі жоғары болған кезде, монитордың рұқсат етілген деңгейін тиімді пайдалануға көмектеседі, яғни сіздің көзіңіздің шаршауы азаяды және көру қабілетіңіздің төмендеу қаупі төмендейді.

екция №17.

Пайдаланушылық интерфейстің классификациясы

Графикалық және графикалы емес пайдаланушы интерфейсінің ерекшеліктері. Бағдарламалық құрылғылар индустриясында қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің бірқатар классификациясы бар.

Қазіргі уақытта қолданылатын интерфейстер классификациясын қарастырайық. Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. WIMP – интерфейсі, оның компоненттер: windows – экран, icon – пиктограмма, menu – мәзір, pointer – көрсетіш.

2. SILK – интерфейсі, speech – сөз, icon – пиктограмма, language – тіл, knowledge – білім.

Қазіргі уақытта WIMP – интерфейс тобы кеңінен тараған. Арнайы облыстарда қолданылатын SILK – интерфейстер тобы сирек қолданылады. Төменде бағдарламалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.

Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің классификациясын қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді:

1. Графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase – GUI);

2. Пайдаланушы Web – интерфейсі (WEB – User Interfase – WUI);

3. Қалта құрылғыларын пайдаланушылар интерфейсі (Hand – User Interfase – HUI);

4. Графикалық емес командалық жолдын пайдаланушы интерфейсі (Сommand Line Interfase – CLI).

Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interface-GUI) «пайдаланушы компьютер» қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынадай негізгі элементтер қолданылады: экрандар, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WIMP–интерфейс деп атайды.

GUI интерфейсінің негізгі қасиеті – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдаланылуы, функция мен мәліметтер ауданының болуы. GUI-компоненттерін тереңнен қарастырайық. Экран – ол бейнелеу құрылғысының облысы, объектілерімен, объектілер туралы ақпаратпен, өзара қатынасы үшін қолданылады немесе объектілерге қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Экранда тақырыптар жолы болады, ауыспалы операторлар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және объектілер туралы ақпарат көрсететін арнайы болады, әдетте экран тік бұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI-бағытталған қосымша болып келеді. Экран ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысының жарым жартылай қолдану, бір мезетте бірнеше объектілермен немесе диалогты басқарушыларымен өзара қатынас болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда экранға ұқсас болып келеді. Бірақ формалді анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысымен облысы, объектіні, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды манипуляциялайды. Пиктограммада орындалатын объектіні сипаттайтын – бұл Ореn (ашу) операциясы, ол объект туралы ақпаратты бар экранды сипаттайды.

GUI–интерфейсінде қолданылатын формалді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиынына бар. Объектілердің атрибуттарын, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдары арқылы ақырғы пайдаланушылар мен пиктограмма сияқты қолданылуы мүмкін. Бірақ GUI – интерфейсі және стандарттық құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларды графикалық символдардан қолданылуына мына терминдер «пиктограмма» және «графика» арқылы өзара аламастырылады.

Мәзір. Мәзір баламаларының қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы – объектілер мен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (файл) мәзірі – мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан – Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керсінше мәзірде дисплей толығымен қолданылуы қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.

Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқанның немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаталық-сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Коoрдинаттық – сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш – ол графикалық символ. Координаттық – сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орнын визуалды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалықтан қайта түйісу және І-бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей манипуляциялау болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен объектілерімен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, тышқанның көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып, тышқанның батырмасын басып ұстап, тышқанды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей манипуляциялауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі – құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей манипуляция арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауытыру), Copy (көшу), Delete(өшіру), Link(байланыстыру) операциялары жатады.

Басқа да қасиеттер. GUI интерфейске тән басқа да жұмыс әдісіне – айырбастау буфері, пернелердің қиыстырулары, мәзірде және диалогта үдейтін пернелер, сонымен қатар тышқан – пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI – интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғарғы дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI бағытталған бағдарламалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.

Пайдаланушылық – интерфейс (WUI).

Негіздік WUI – стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады. Гиперсілтемелердің құрылымына байланысты WUI интерфейсі шеңберінде навигация қосымшасы, Web – парақтарды қосымша иерархиясында бір экранның ішінде бір рет көрсетеді. Тәуелділіктер құрылымдар гиперсілтеме қосымша навигация шектерге – ертіп әкеледі, иерархиялар қосымшалар біреу үшін бір-бірінің ішінде терезелер пайда болады. WUI – стилі қолданатын қосымшаның негізгі ерекшеліктері төмендегі келтірілген:

- хабар, әдетте, бір экранда беріледі. Ол броузер деп аталынады, бірақ мәліметтерді қосымшада көрсету үшін бірнеше броузер терезесін қолдануға болады;

- броузер Web-қосымшаны мәзірмен қамтамасыз етеді;

- әрекеттердің таңдауы шектелген, себебі функцияға қатынасты қамтамасыз ететін мәзірдің, қосымшамен өзара қатынасы күрделі;

- Web-парақ арнайы, кездейсоқ шығып қалатын мәзірді ашу үшін, клиенттік облысқа ішкі бақылау жүргізе алады;

- Арнайы мәзірді жасау, қосымша бағдарламалау жұмыстарын талап етеді;

- Клиенттік облыстың дәстүрлік пиктограммалары жоқ;

- Көптеген қосымшалар графикті және анимацияны эстетикалық немесе навигациялық мақсаттарда қолданады;

- Броузер және оның қосымшалары Web-парақтардағы графиктердің өлшеу мүмкіндіктерін қанағаттандырады, сондықтан бізге тек мәтіні көрінеді;

- Көрсеткіштің сүйеуі негізінен тышқан батырмасын шерту арқылы немесе навигациялық сілтеулерді таңдау арқылы іске асырылады. "Drag and drop" техиологиясы, белгілі ортадағы арнайы бағдарламалаудан басқа жерлерде қолданылмайды. 2-батырмасының және тышқанның істейтін функциялары шектеулі.

Навигация. Гиперсілтеулерді немесе WUI-интерфейсінің функциялары арқылы орындалатын іздеу механизмін қолдану арқылы бip парақтан келесі параққа көшу. Пайдаланушы кeздесетін парақтар сол немесе басқа WEB-түйіндер арқылы пайда болады.WEB - броузер WEB - түйіндерде орын ауыстыру және WEB-түйіндер шегіндегі Васк(Артқа) және Forward (Aлғa) батырмаларының базалық мүмкіндіктерін іске асырады. Сол және басқа WEB – түйіндердегі бip парақтан келесі параққа көшу навигациясы гиперсілтеулерді,

WEB – түйіндердің сызбаларын, батырмаларды және навигациялық панелді қолдану арқылы орындалады. WEB - парақтың негізгі мәні WEB түйіндерге навигациялық құрылымды қолдану арқылы қажетті мәліметтерді қамтамасыз ету болып табылады. WEB-парақтар бip немесе бірнеше шексіз өрнектер мен түрлі-түсті графикалық элементтердің үйлесімді конструкциясы арқылы құралады. WUI-қосымшалары GUI-қосымшаларына қарағанда пайдаланушы арқылы шакырылмайтын шексіз элементтерден тұрады.

WUI – интерфейсінің компоненттері. WUI-интерфейсінің кең таралған компоненттеріне баннерлер, навигациялық панелдер және әртүрлі әдістермен реттелген визуалдық немесе мәтіндік гиперсілтеулер жатады. Және де анимацияларға, графикаларға және түстерге қолданылатын әрекеттер орындалады:

  • баннер WEB-парақтардың жоғарғы бөлігінде көрінетін визуалдық тақырып;
  • навигациялық панель мәліметтерге рұқсат етуді қамтамасыз ететін гиперсілтеулерді таңдаудың нұсқалары;
  • гиперсілтеулер - келесі парақтың мәліметін көрсететін немесе суреттің фокусын басқа облысқа ауыстыратын таңдау нұсқалары;
  • броузер – типтік броузер тақырыптан, экран шеңберінде көрінетін навигациялық панель облысынан тұрады;
  • каталог - нәтиже табылғанша қосымша іздеу нұсқалары арқылы навигация үшін қолданылатын гиперсілтеулерді таңдау нұсқаларының тізімі;
  • іздеу және іздеу нәтижесі - пайдаланушы мәтінді іздеудің критерийлерін енгізетін және таңдайтын бip немесе бірнеше басқару элементтері. Іздеу нәтижелері сол немесе басқа WEB - броузер терезелерінде көрсетеді;
  • құжат ­- WEB-құжат қосымша көздерге cілтеулepi бар мәтіндік ақпарат немесе ақпаратты ашық түрде көрсету;
  • жазбалар кітапшасы кейбір Web - түйіндер мәліметтерді ұйымдастыру үшін қолданылатын метафора түріндегі визуалдық кітапша. Навигациялық панельден айырмашылығы таңдау нұсқалары аз мөлшерде болу ғана.

Қалталық құрылғылардың пайдаланушылық интерфейсі (HUI).

Қазіргі кезде компьютердің екі PDA (Personal Digital Assistant – жеке цифрлық ассистент кейбір арнайы функцияларды орындауға арналған қалталық компьютер) класы белгілі біріншісінде кәдімгі GUI-стиль, екіншісінде GUI-интерфесінің ішкі жиыны қолданылады. Пайдаланушының мәліметтерін енгізу үшін қалам және сенсорлық экраннан тұратын жестикуляциялық стиль қолданылады.

НUI- интерфейсі GUI-интерфейсінің кейбір мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, атап айтсақ, пиктограмма, мәзір және көрсеткіштің қалпы. НUI-интерфейсі үшін жалпы стилді SIMP-стиль деп атауға болады (Screen-экран, Icon - пиктограмма, Menu-мәзір және Pointer-көрсеткіш). Осы арқылы GUI-интерфейсінің көптеген қасиеттері қамтамасыз етіледі, олардың кейбірі төменде көрсетілген.

1. Пиктограммалар көптеген РDA-ларда қолданылады. Олардың мүмкіндіктері көрсету құрылғысының түріне сәйкес өзгереді. Пиктограммалар GUI-интерфейсіндегі секілді объектілерді, атрибуттарды және әрекеттерді ұсыну үшін қолданылады.

2. Мәзір қатарлары және де мәзірдің өзі талап ету арқылы көрінеді, және осындай компоненттерге сай қасиеттерге ие болады.

3. Қаламды бір шерту секілді көрсеткіш ретінде жұмыс істейді. Диалогтар шақырылып жатқан объектілерді жауып тұратын экранда көрсетіледі. Мұндай экрандар GUI-экрандар стандартты безендірулерін қабылдай алмайды. Олардың орнын ауыстыруға немесе өлшемдерін өзгертуге болмайды.

Кейбір РDA – ларға пернетақтаны қосуға болады, бірақ пайдаланушы қалам мен көрсеткіштердің бірге жұмыс істеуін үйренуі қажет. Кейбір командаларды РDA – интерфейсінің командаларды тез таңдау пернелеріне эквивалентті «жестикуляциялық» пернелер комбинациялары арқылы орындауға болады.

НUI - бағытталған қосымшалардың негізгі мәселелерді төменде келтірілген.

А) пайдаланушының мәлімет енгізулеріндегі талап етуді оңайлату.

Б) дисплейдің шектелген ауданын қолдану.

Командалық қатардың графикалық емес пайдаланушылық интерфейс (Command Line Interfase - CLI).

Бұл интерфейс қосымшалармен жиі жұмыс істейтін дайындалған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушы қатаң белгіленген ішкі құрылымы бар командалар арқылы қосымшалармен жұмыс істейді. Командалар коды осы командалар арқылы орындалатын қосымшалардың функциясын теңестіреді.

Командалар коды функцияның аталуын көрсетеді және түсінікті тілдегі сөздер арқылы немесе қысқартылған түрде жазылады. Командалар пайдаланушыға жүйенің сауалдарына жауап беріп отырудың орнына, лезде керекті функцияны өзгешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланушы интерфейстері қандай кластарға бөлінеді?
  2. GUI–ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?
  3. WUI–ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?
  4. HUI–ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

екция №18-19.

Диалогтың құрылымдары және түрлері

3 сурет. Өзара қатынас сценарийі.

ЭЕМ-мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте диалогтың белгілі бір сценарийіне бағынады. Диалог сценарийі бағдарламалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритімін көрсетеді. БЖАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару процесс кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Диалог сценарийі диалогтық әрекеттесудің бөлшектік сипаттамасын білдіреді, ол диалог құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарийі келесі түрде анықталады:

D=<S, A, C, R, G, I, O>

Мұндағы S-жағдайдың жиынтығы, A - операция жиыны; C=Q U F-шарттар жиыны (Q-кіріс шарттар жиыны, F - бағдарламалық шарттар жиыны); R-шығыс хабарламалардың жиыны; G:SxC→S-диалог графы; I:{S→R; SxC→R} - диалогтың ақпараттық моделі; Q:{S→A;SxC→A} - диалогтың операциялық моделі.

Диалог кіріспесі сценарий келісімімен диалог интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-сызбаны еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.

Жобалау кезінде диалог сценарийі бағдарламалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп аталады. Ол диалогтық өзара қатынас құру процесін формалдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық. Диалогтың құрылымы - ол өзара қатынас процесін толығымен көрсетеді. Диалог құрылымы пайдаланушының диалогтық жүйемен қатынас процесс кезінде қол жеткізілген диалог жағдайының байланысқан жиынтығы. Диалог жағдайы үш компонентпен сипатталады:

1. диалог формасы;

2. пайдаланушыға ұсынылған жүйе функциясының жиынтығы;

3. диалогтың тарихы;

Диалог құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы – жағдайдың диаграммасы бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі диалог жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды. Төбе мен доғаның салмағы диалог мазмұнын сипаттайды: бағдарламалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар. Диалог графының бір төбеден екіншісіне өту диалогтың бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің екінші тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда диалогтың үш құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді. (4 – сурет).

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

Сызықтық құрылым Ағаш тәріздес құрылым Тораптық құрылым

4 – сурет.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru Диалогты мәзір түрінде қарастырайық.

Мәзір - көп таралған диалог түрі. Шақыру алдында диалогты инициалдайды. Сондықтан диалог қадамы жүйенің кіріс хабарламасын берілумен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өңделген соң диалог қадамы аяқталынады.

Аталмыш диалог түрінің машналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте, нөмірленген), олардың орындалуы диалогтың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны мәзір деп атайтын боламыз.

Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірін таңдай алады:

1. талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылған атаулармен;

2. таңдалған директиваның нөмір жинағымен;

3. талап етілетін директиваның экран жолына курсорды орналастыру;

4. экрандағы жолға сәйкес келетін фотоселекторды басумен.

Графикалық диалогты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының баламасына тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, диалог қадамына тең болады.

Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. 5 – суретте мәзір диалог графы ағаш түрінде келтірілген. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар диалог қадамына тең. Диалог қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген мәзір жарықтанады. Мәзір ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымын төмен қозғалу, "тиеу" деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес, қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде "жүзіп шығу" механизімі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:

· Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе оның түйіндеріндегі "тиеу" механизімін қолдана отырып одан өтуге;

●Диалог граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтуге.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

5 – сурет.

Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді. Доғалардың бірі 3 – суретте қарайтылған сызықпен көрсетілген.

Ия – жоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы диалог типі диалогтың "мәзір" жиі жағдайы болып табылады, диалог қадамында қашан; пайдаланушы баламасы ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.

Қарастырылып отырылған диалог типінің графикалық интерпритациясы 6 – суретте бейнеленген.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

6 – сурет.

Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). "Тиеу" және "Жүзіп шығу" диалогтың бұл түрінде мәзірге ұқсас болып келеді. Берілген диалог түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте "мәзір" түріндегіден көп қадам жасау керек. Берілген диалог түрінің негізгі артықшылығы-диалогтың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.

Шаблон-бұл диалог жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек семантикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Мәзірдегі секілдегі диалогты жүйе бастайды. Диалогтың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады.

Пайдаланушының жауап беру дисплейдегі оған ұсынылған форматтармен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі диалогпен қолдан салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделігі жеткілікті төмен.

Мұндай түрдегі диалогтың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:

● пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейіндегі жүйемен көрсетілуі;

● экран дисплейіндегі орналасқан жүйе хабарламасының мәтінінде пайдаланушы хабарламасының орының резервтелуі (мысалы ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).

"Шаблон" түріндегі графикалық диалогты 7-суретте келтірілген граф көмегімен түсіндіріп беруге болады.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

7 – сурет.

Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға, пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық дұрыс емес хабарламасына сәйкес келеді. Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы диалог қадамының басында қалады.

Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары "мөлдір" немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда, осы мәліметтердің беріліс түрі олардың мағыналары мен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте мәліметтерді жинау кезінде, әр түрлі автоматтандырылған жүйелерде қолданылады.

Қарапайым сұраныс - бұл диалог түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама енгізуге мүмкіндік беріледі. Графигі 8 – суретте көрсетілген.

Команда-пайдаланушымен инициалданған диалогтың түрі, пайдаланушының диалог қадамында берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады, және жүйе ағымдағы қадамның басында қалады.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

8 – сурет.

Сұраныстың аталмыш түрі графикалық түрде бағытталған граф көмегімен ұсынылуы мүмкін (9-сурет). Графтың әрбір түйінінде тұйықталатын доға бар болады. Мұндай доғалар берілген диалог қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

9– сурет.

Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Диалогтың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына байланысты, жүйе жағынан пайдаланушының тапсырма қойылымын анықтайтын және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақ туындауы мүмкін.

Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін диалог түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.

Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және мәселеге бағытталған (бір тар мәселелі аумақта диалогтасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.

Квазиқарапайым және қарапайым тілдегі өзара қатынастың графикалық интерпретациясы 10 а,б – суретте көрсетілген.

ны өткізу түрі – тренинг. - student2.ru

Табиғи тілде диалогтың графының негізгі ерекшелігі болып кез келген қос түйіннің арасындағы қарама-қарсы бағытталған қос доғалдар графының бар болуы. Квазитабиғи тілде диалог графы икемді болып келеді, оның сипаттамасының ерекшелігі-доғалдың әр түйні болуы, ол түйіннің өзінде тұтығуы, бұл диалог қадамында жіберілмейтін директиваға сәйкестенеді.

Диалог графына қарағанда квазитабиғи тілінде доғалмен бағытталған барлық қос түйіндер қарама - қарсы байланыспаған.

Диалог типін сараптау. Диалог типін бейнелеген сараптау, оның тек біреуін қолдану бізге қажетті икемділікті және тиімді жүйені бермейтінін көрсетеді. Диалог құрылымындағы кейбір шектеулерді әртүрлі типті орналасуын қарастырайық:

А) Ия-жоқ деген жауапты талап ететін, сұрақтар-диалогтың тиімді болуы аз, қатынас диалогының қиындауындағы диалог графының артылуы көп, оларды көп қолданушының шаршауына әкеліп соғады;

Б) Шаблон-кестелік деректерді енгізгенде тиімді, мүмкін баламалы таңдау шектеулі болғанда және диалог қадам саны аз болғанда да;

С)Команда-диалогтың бірнеше қадам санында және оның әрбір қадамының баламалы бұйрығында тиімділігі аз. Диалогтың команда формасы білікті қолданушылар үшін өте ыңғайлы, ол ұзақ сұранысқа жауап берудің орнына, бірден керек функцияны табуға мүмкіндік береді.

Диалогтық жүйеде бірнеше типті диалогты қолдану, жүйенің икемділігін көбейтеді және операциялық қиындықтарды төмендетеді. Диалогтық жүйеде жұмыс істегенде қолданушы бірнеше типті диалогпен кездесуге дайын болу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Қосымша диалогтық жүйеде қандай екі функционалдық компонент

ерекшеленеді?

2.Адам-машиналық ортада қандай типті диалог ең белгілі?

3.Диалогтық өзара қатынаста "транзакция" термині нені білдіреді?

4.Диалог сценарийі деген нені білдіреді?

5.Диалогтың негізгі құрылымы деген не?

6.Әртүрлі типті диалогтың графигі қалай бейнеленеді?

Наши рекомендации