Есірткінің адам ағзасына зияны
Есірткі — табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі — есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді.
Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.
Героин өз атауын «батырлық» («героический» сөзінен алынған) қасиеті үшін алды. Ғалымдар героин физикалық тәуелділікті туғызбайды деген қате пікірде болған. Уақыт өте келе есірткінің басқа түрлерін тұтынушыларға қарағанда, героинды қолданушыларда физикалық тәуелділік тез пайда болатындығы анықталды. Яғни, героин-есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі. Оған деген тұрақты тәуелділік күнделікті қолданғанда 10 күн ішінде пайда болатындығы белгілі. Героиннің үлкен мөлшерін күре тамыр ішіне еккеннен кейін, нашақор 15-30 секунд бойы тәтті ләззат сезімінде болады, содан соң эйфориялық жағдайға түседі (яғни, себепсіз қайырымдылық, шектен асқан көңілді күй сезімдері), оған қоршағандар ең қайырымды адамдар ретінде көрінеді, нашақор барлық мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болады. Нашақор адамда өз күшіне деген абсолютті сенімділік пайда болады. Есірткіш пайдаланғаннан кейін 6-8 сағат өткен соң өткір абстиненцияға ұшырайды. Нашақор бұлшық еттеріңде және буындарында қатты ауырсынуды сезінеді, жүрегі айниды, ұйқысыздық пайда болады. Бұл жағдай есірткінің кезекті мөлшерін қабылдаған уақытқа дейін жалғасады. Абстиненцияның шегі 2-3 күнге келеді.
Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да реакциясы бар. Ол жиі қолданудың әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның табиғи гормондарын алмастырып, арнайы эффектілерді реттейтіндіктен жағдай жасайды, ағза өзінің алмастырушысына «сеніп», сәйкес гормондарды бөлуді толығымен тоқтатуы мүмкін. Мысалы, апиындарды қолдануда адам толығымен жағымды эмоцияны сезіну қызметінен айырылады, оның ағзасы жөтелмен, аурумен күресе алмайды. Есірткінің қарастырылған әрекеттерінің әсерінен ағзада тәуелділік пайда болады. Тәуелділік психикалық және физикалық болып бөлінеді.
Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні қолдануды тиған кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда болады, ауыр физикалық және психикалық бұзылулар пайда болады, ұстама аурудың, естің бұзылу психозы, галлюцинация, саңдырақтаудың пайда болуы мүмкін. Ағза жүйесінің барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде болады, қатты бұлшық ет аурулары, қалшылдау, селкілдеу және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар қантамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық білдіреді. Есірткіге тек психологиялық, теориялық қана тәуелді болған адам өз-өзіне зақым келтірмесе, мұндай жағдайға төзуі мүмкін. Кокаин және апиынның әсерінен пайда болған физикалық тәуелділік келесідей сезіледі. Заталмасу бұзылып, ағза өзгереді және есірткісіз қызмет ете алмайды. Мұндай жағдайларда науқастарға аз мөлшерде есірткі белгіленеді. Мысалы, героинге тәуелділікке кейбір жағдайларда өмір бойғы жаңа әдістік емдеу белгіленеді (инсулинді алатын диабетпен ауратындарды салыстыруға болады).
Наркологтарда «наркогендік» деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшінші-бесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған, жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне -жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры бұл «сыздау» — барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және азапты ауру.
Есірткі заттарының әсерінен тұлға өзгеріске ұшырайды.Психопатиядан, мидың органикалық зақымдануынан тұлғаның қоғамға бейімделуі қиындай түседі. Ал бұл есірткі заттардың қолдануына септеседі (проблемалардың жоқтығы, қоршағандарға деген себепсіз қайырымдылық сезімдері). Нашақор өмір қиындығынан шығуды нашақорлық елітпеден іздейді. Есірткіге тәуелділерде медикаменттерге деген ізденімпаздық, психикалық жағдайларының өзгерістігі, басқа нашақорлармен топтасу пайда болады.
гашиш граммы — 10 евро
бір джоинт — 2-3 евро
экстази дәрісі — 3-5 евро дилерға және 10 евро клубта
кокаинның 55 % граммы— 50-60 евро
5 л. GHB — 5 евро
10 мл. попперс — 12,5-15 евро
героин граммы — 25-35 евро
Токсикомания
Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.