Мануальды–механикалық, иондық және электрлік щеткаларды қолдануымен тістерді тазарту
Мануальды–механикалық щеткалар сыртқы түрі бойынша мануальды щеткаларды қайталайды, бірақ басында бөлек қатарлармен байланысқан қозғалмалы бөліктері болады. Щеткалар тек горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстарға есептелген: бұл кезде орталық қатардың шоғырлары айналады немесе шоғырлардың бүйір қатарлары жанына шегінеді («щетка - көбелек»), бұл тазалау кезінде қылдардың ауысу санын автоматты түрде жоғарылатады. Щеткадағы механикалық құрылғылар тіс тазарту үрдісіне қызығушылықты арттырады, бірақ оның тиімділігі аз.
Иондық щеткалар – ХІХ ғ. соңында патенттелген, бірақ нарықта 1990 жылы қайта пайда болды. Иондық щетка стандартты сыртқы конфигурациясы бар, бірақ қосымша қондырылған металлдық элементтері сабына салынған электронды батарейкадан келетін 0,15 мА тек күші өткізгіштікпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер адам щетканы ылғалды қолымен ұстаса, электрлік тізбек тұйықталады: тек щетканың басынан ауыз қуысы тіндеріне (сонымен қатар тістер беткейлеріне) келіп, денеге өтеді және қол арқылы щеткаға қайта орналасады.
Щетканың басында түзілетін электромагнитті алаң тістің тазалануына септігін тигізеді және жаңа қақтың түзілуін баяулатады деп жорамалдайды. Бұрын айтылғандай, буылтық түзілуінің алғашқы сатылары микроб клеткаларының ең зарядталған беткейімен, теріс зарядталған пелликула арасындағы электростатикалық әсерлесуімен қамтамасыз етіледі деген. Щетканың басында теріс заряд концентрацияланады, бұл тіс қағының алып тасталуын біршама жеңілдетеді (микробтар щеткаға «тартылады»), одан басқа тазарту үрдісі кезінде тістің беткейінде уақытша оң заряд түзіледі, ол микроб клеткаларын «итереді». Тіс пастасы компоненттері электрофорезінің қосымша әсерін және оларды щеткамен итеретін, тканьдерге теріс зарядталған иондық (мысалы фтордың) енгізілгенін айтады. Иондық щеткаларды қолдану кезінде ауыз сұйықтығы гидролизге ұшырайды, бұл оттегінің бөлінуімен және ауыз қуысы тіндерінің оксигенациясымен бірге жүреді.
Тісті тазалау кезінде иондық щетканы талшықтар қызылиектік шетке 450 бұрышпен орналасуы керек және ол тіс беткейлерімен қысқа соққы жасап жеңіл сілкілейді.
Электрлік щеткалар. 1948 электрлік щетка өндірісі басталды, оларда барлық бастың, бөлек қатарлардың қозғалыстары немесе шоғырлардың айналасы электормотордан берілетін тістермен қамтамасыз етіледі. Алғашқыда щетка басшығының сыртқы конфигурациясы тік бұрышты басы бар қол щеткасынан өзгешеленген жоқ, бірақ қолды қозғалтқанда бұлшықеттік күш салуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл щеткалар сатып алушыларды өзінің «дамуымен» тартқанымен, мынадай тұтынушылық кедергілер болады: олар айналымға қосылуды талап етті, олардың механизімдері сықпамен ығыстырылып, бірден нарықтан шықты.
1980 жылы электрлік щетканың жаңа типі, едәуір тиімді, қауіпсіз және сенімдісі ұсынылды. Бұл щетканың бастары кішкене ғана жиі диаметрі 1см-дей дөңгелек болған, бұл кішкене аймақтармен қиын енетін (дистальды) тіс беткейлерін өңдеуге мүмкіндік береді нейлонды талшықты түрлі щеткадағы шоғырлардың қозғалысы – қайталамалы-үдемелі, қайталамалы-айналмалы (600) айналмалы (әрбір шоғыр өз осінде көршісіне қарама–қарсы бағытта қозғалады) вибрациялаушы, пульсациямен қосарланатын (амплитуда 0,15мм) болуы мүмкін, бұл талшықтардың тісаралық аралыққа енуіне мүмкіндік береді.
Әртүрлі щеткадағы шоғырлардың қозғалу жылдамдығы минутына 2000-нан циклға ауытқиды, ал ультрадыбысты «пьезонды» щеткада 1,6 МГц–ке жетеді. Щетканың қауіпсіздігі щетканың басына артық күш түскенде моторды сөндіретін сенсорлы құрылғымен бақыланады. Таймер тазарту ұзақтығын (2 мин) бағалауға көмектеседі.
Электрлік щеткалар жұмсақ тіс жұғындыларын тиімді (қол щеткасы сияқты дистальды, проксимальдыаралық аймақтарда) алып тастауға мүмкіндік беретінін тәжірибе көрсетеді. Моторлы щеткалар нәзік қозғалыстар координациясы қиындаған адамдарға қажет, балалар мен мүгедектердің ауыз қуысының күтімін жасауда пайда екені жалпы мойындалған.
Электрлік щеткаларды қолдану оларды қолданудағы талшық шоғырларының «автоматты» қозғалысын қолдың қозғалысымен біріктіре алу үшін кәсіби нұсқауды талап етеді. Әдетте щетканың басын тістердің беткейімен жай ауыстыру жеткілікті, бұл кезде процедураның тиімділігі мен әрбір тістің әрбір қолжетімді беткейінде қауіпсіздігіне ұқыпты болу керек.