Дәріс тақырыбы: отбасылыҚ консультациялау
Дәріс тезистері
Психотерапиядағы жүйелі бағыт партнерлық, отбасы, ерлі-зайыптылық, дербес ағза ретіндегі топ, өз тарихы бар тұтас жүйе, өзінің ішкі заңдылықтары, динамикасы, даму этаптары, құндылықты бағдарлары бар отбасы деген түсініктерге негізделеді. Бұл бағыт төңірегіндегі терапия қатынастардың дисфункционалды жүйесі отбасы мүшелерінің дезадаптациясына әкеледі деген түсінікке сүйенеді. Мұнда терапевт тренер, ендірілген бақылаушы ролін атқарады. Ол сұрақтар қояды, бақылайды, қатысушылардың коммуникациясын қадағалайды, қатынастарды драматизациялап, қақтығыстарды моделдейді, үй тапсырмаларын береді.
Отбасының стратегиялық терапиясы Милтон Эриксонның стратегиялық терапиясынан келіп шығады. Мұнда өте көптеген бағыттар орын алады. Олардың барлығы ортақ кескіндерге ие. Мұндағы басты ерекшелік терапевт өз мойнына клиенттің мәселесін шешуге мүмкідік беретін стратегия құрастыра отырып, жауапкершілікті алады. Терапевт клиент келген мәселені шешудң білдіретін анық мақсат қояды.
Ұсынылатын әдебиет: 3, 15, 25.
21 дәріс тақырыбы: БАСТАН КЕШІРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПСИХОТЕРАПИЯ
Дәріс тезистері
Бастан кешіру теориясының түйінді идеялары. Мағына. Мағына жоғалтудың феноменологиясы. Мүмкіндік жоқ жағдайы. Психотерапиялық процесстегі мүмкін емес идеясын қабыл алу. Бастан кешіру мағынаны өндіру іс әрекеті ретінде. Бастан кешіру техникасы. Психотехникалық бірлік түсінігі. Психотехникалық бірліктер: интерпретация – бейсаналы, бастан кешіру – эмпатия, саналы сезіну – түсіну, майевтика-рефлексия. Бірліктердің психотерапиялық мектептермен арақатынасы. Терапиялық процесстегі метафора мен ертегі. Симптомның режиссерлық қойылымы.
Кризистік өмірлік жағдайлар стресс (дистресс), фрустрация, конфликт және кризис ұғымдары арқылы сипатталады. Дәл солар күйзелістерді тудырады, себебі, объективті түрде оңай шешілмейді (мәселен, қайтыс болған жұбайын тірілту мүмкін емес т.б.). Күйзеліс (әсерленушілік,бастан кешіру) эмоцияға қарағанда ірірек және жалпылама категория болып келеді. Ф.Е.Василюк Фрейдтің «театрлық» метафорасын түрлендіріп, күйзелістің жұмысындағы түрлі психикалық процестердің қатысуын көрнекі етіп түсіндіреді: «Күйзелістің қойылымдарында әдетте психикалық функциялардың бүкілі қатысады, бірақ әр кезде солардың ішінде біреуі ғана күйзелістің жұмысының, яғни, шешілмейтін жағдайды шешу бойынша жұмыстың негізгі бөлігін өз мойнына алып, басты роль атқарады. Жиі бұл рольды эмоционалды порцестер атқарады.Ал айда … күйзелістің жүзеге асуында басты рольды ойнау үшін эмоциялардың басымдылығы жоқ. Негізгі орындаушы ретінде қабылдау да болуы мүмкін (түрлі «перцептивті қорғаныс» феномендерінде), ойлау да болуы мүмкін («өз құлшыныстарын рационализациялау» жағдайларында, яғни, жаралайтын оқиғаларды интеллектуалды қайта өңдеу), зейін де болуы мүмкін («оқиғаның жарақатайтын моменттерінен қорғану мақсатында зейінін басқа нәрселерге аудару»), және басқа да психикалық функциялар да болуы мүмкін. (Василюк, 1984).
Ұсынылатын әдебиет: 5, 6.
22 дәріс тақырыбы: ЗАМАНУИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ИНТЕГРАТИВТІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР.
Замануи консультациялаудағы интегративті тенденциялар туралы зерттеулердің берілгендері. Органикалық және механикалық синтез. Синтездің әр түрлі деңгейлері. Теоретикалық синтез. Консультативті және коррекционды жұмыстар барысында мәдени, этнопсихологиялық және басқа да орта факторларын ескеру. .
Отандық психологтар консультациялау саласында өз тұлғасына сәйкес келетін парадигмаға бейімделмейді, олар қолы жеткен жұмыс бағыттары мен техникалармен шектеледі. Осыған байланысты 20ғасырдың 90-жылдарындағы көптеген (80%) консультанттар өз жұмысын эклектизм ретінде бағалаған.
Отандық психотерапиядағы эклектика бір қарағанда көрінетіндей ондай жаман емес екендігін атап өту керек. Кейбір қазіргі заманғы зерттеушілердің айтуынша американдық оқу психотерапиялық институттары тиімсіз психотерапевттарды шығарады дейді. Мұндай сынайы қатынас ондай оқу орындарының дайындау бағдарламалары негізінен тек психотерапияның белгілі бір мектептерінің теориясы мен әдістерін оқытуға көңіл бөліп, тиімді психотерапия үшін қажетті фундаментальды жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын назардан тыс қалдыруымен түсіндіріледі. Әрбір мектептің универсальды болуға талпынысына қарамастан, көптеген берілгендер белгілі бір психотерапиялық мектептің әдістері тек пациенттердің (клиентердің) арнайы контингентіне қатысты ғана жарамды екендігін көрсетеді. Осының барлығы психотерапиялық эклектизм тарапына қарай бет алған қозғалысты анықтайды.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 10, 12, 16, 25.
7. Семинар (практикалық) сабақтар жоспары.
1 тақырып бойынша практикалық сабақ жоспарланбаған
2 тақырып: ЗАМАНУИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Сұрақнама:
1. Консультациялау психологиялық көмектің түрі ретінде.
2. Психологиялық көмектің түрлі модельдері: медициналық, педагогикалық, диагностикалық, әлеуметтік, психологиялық.
3. Модельдердің артықшылықтары мен шектеуліліктері.
4. Модельдерді Психологиялық консультациялауға қатысты негізгі бағдарлармен сәйкестіру (consalting, counseling, solution-talk).
Тапсырмалар:
1. Психологиялық практика мен практикалық психологияның айырмашылықтарын анықтаңдар, осы айырмашылықтар қалай консультациялауда байқалатынын көрсетіңдер.
2. Әрбір консультативті көмектің модельдерінің негізгі белгілерін айқындаңдар. Әрбір модельдің мәнін ашатын көмек сұрап келу мысалдарын келтіріңдер.
3. Нақты көмек сұрап келген жағдайдың мысалында модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңдар.
4. Консультациялаудың негізгі үш бағдарының төңірегінде жатқызуға болатын әрбір модельдің белгілерін айқындаңдар.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 10, 12-14, 16.
3-9 тақырыптыр бойынша практикалық сабақтар жоспарланбаған
10 тақырып: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУ ПРОЦЕССІНДЕ ПСИХОАНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАР МЕН ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Сұрақнама:
1. Психоаналитикалық теорияның түйінді ұғымдары.
2. Еркін ассоциациялар әдісі, түстерді талау мен интерпретациялау.
3. Трансфер мен қарсыластықты интерпретациялау
4. Контртрансфер
Тапсырмалар:
1. Психоаналитикалық теорияның түйінді ұғымдарының глоссарийін құрастырыңдар. Әрбір психологиялық қорғаныс механизмдеріне консультативті жұмыс практикасынан мысал келтіріңдер (әдебиет көздерінен).
2. Психоанализде жұмыс істеу әдістерінің негізгі өзгешеліктерін айқындаңдар.
3. Трансфер мен қарсыластқтың консультативті процессте атқаратын ролін атап өтіңдер.
Ұсынылатын әдебиет:2, 9, 10, 16, 24, 25.