Тістерді тазартудың стандартты әдісі
Бұл әдіс қол щеткасы көмегімен тістерді тазартудың ең толық және тиімді тәсілі болып танылды. Тіс доғаларын шартты түрде салыстырмалы тіке сызықты бөліктерге – сегменттерге бөледі, онда щетканың жұмысшы алаңымен бірнеше жақын тұрған тістердің беткейлерінің жазықтықты қатынасы мүмкін.
Жоғарғы және төменгі жақта оңнан солға 6 сегменттен ажыратады (сур. 5.26):
· оң молярлар (С1);
· оң премолярлар (С2);
· оң ит тістер мен күрек тістер (С3);
· сол ит тістер мен күрек тістер (С4);
· сол премолярлар (С5);
· сол молярлар (С6).
Сур. 5.26. Тіс доғасының сегменттерге бөлінуі.
Стандартты әдісті орындау кезінде біртіндеп әрбір сегменттің тістерінің вестибулярлы беткейлерін, содан кейін оральды және шайнау беткейлерін тазартады. Қозғалыстың бірнеше түрлерін қолданылады: вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды сыпырушы, горизонтальды және айналмалы қозғалыстармен, шайнау беткейін – щетканың горизонтальды және айналмалы қозғалыстарымен тазартады.
А. Вестибулярлы беткейлерді тазарту бірінші сегменттен басталады.
1. Вертикальды қозғалыстар. Щетканы 450 бұрышпен жоғарғы жақ тістерінің мойыналды аймағына қояды (сур. 5.27). Қызылиектен шайнау беткейіне сыпырушы қозғалыстар орындайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың І сегментін тазартады.
2. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ І сегменті тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы қояды және горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың С1 вестибулярлы беткейлерін тазартады.
Сур. 5.27. Тістердің вестибулярлы беткейлерінде щетканың вертикальды сыпырушы қозғалыстары.
3. Айналмалы қозғалыстар. Қылдары жоғарғы жақ С1 тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы тұрады. Щетка жоғарғы және төменгі жақ С1 вестибулярлы беткейлеріне шеңберлер жүргізеді. Қызылиек жиегін зақымдамау үшін қызылиектен шайнау беткейіне дейін қозғалыс кезінде күш түсіреді, ал қарсы доғада щетка тістер мен қызылиекке қысымсыз өтеді.
Екі жақтың С1 тістерінің вестибулярлы беткейлерінде вертикальды, горизонтальды және айналмалы қозғалыстар орындап, щетканы С2 жоғарғы тістерге ауыстырады және ретімен барлық жиынтықты қайталайды, одан әрі – С6-ға дейін қоса.
Б. Оральды беткейлерді тазарту. Вестибулярлы беткейлерді тазарту кезіндегідей С1-С6 таңдайлық және тілдік беткейлерде вертикальды, горизонтальды және айналмалы қозғалыстар орындайды. Тазартатын беткейге щетка басының енуін қамтамасыз ету үшін щетканың сабы жиі вертикальдыға жақын қалыпты алады (қара сур. 5.28).
Сур. 5.28. Тістердің шайнау топтары мен төменгі күрек тістердің оральды беткейлерін тазарту.
В. Шайнау беткейлерін тазарту.
1. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ С1 шайнау беткейіне қояды, алдыңғы артқы бағытта горизонтальды жазықтықта үдемелі қозғалыстар орындайды; 10 қозғалыстан кейін щетканы төменгі жақ С1 шайнау беткейіне ауыстырады.
2. Айналмалы қозғалыстарды сол бастапқы қалыптан жоғарғы С1 шайнау беткейлерінде, одан кейін – төменгі жақтың орындайды.
Горизонтальды және айналмалы қозғалыстарды кезекпен, С2-С6 тістердің шайнау беткейлерін тазартады.