Лекция. Психологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі
Жоспары:
- Психологиялық кеңес беру пәнінің тәртібі
- Кеңес беруші психологтың жеке ұйымдастыру жұмысы
Клиенттер үшін психологиялық консультацияның жұмыс тәртібінің ең қолайлысы болып олардың уақыт талаптары мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін уақыт аралығы есептелінеді. Клиенттер үшін психологиялық консультация өздерінің жұмыстарының басталарынан бұрын не аяқталарынан кейін және тұратын мекені мен жұмыс істейтін орнына жақын жерде орналасқаны ыңғайлы. Көптеген адамдардың жұмыс істеу уақыты 9-10 нан 17-18 ге дейін болғандықтан, психологиялық консультацияның жұмыс істеу уақыты да осы уақытқа шамалауы керек, яғни 8-9 дан 18-20 дейін. Салыстырмалы түрде азанда психологиялық консультация өткізуге біршама аз уақыт кетеді, сондықтан да таңертең 1-2 сағатты ғана алатын консультация өткізудің азғана бөлігін жоспарлау керек.
Әлбетте психологиялық консультацияны күніге таңертең және кешке немесе бір күн таңертең бір күн кешке өткізу клиент үшін ыңғайлы, және бір демалыс күнін қоса алу керек, себебі клиенттердің көбі бұл күні өздерінің басты жұмыстарынан бос болады.
Алайда психологиялық консультация қызметкерлерінің жұмыс уақытын жеке ескеру керек. Психологиялық консультация жұмысының ішкі тәртібі қызметкерлердің мүмкіндіктері мен психолог-консультанттардың жұмыс істеу жағдайларымен анықталады.
Психологиялық кеңес беру қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөліп беру
Психологиялық кеңес беру ондағы жұмыс істейтін мамандарға байланысты түрлі болып келеді. Кейбір бағыт беру жолдары кішігірім мәселелерді қарастыратын болса, ендігілері үлкен мәселелерді қамтып, оған әр-түрлі саладағы маман-психологтардың отсалысуын талап етеді.
Кейбір кезде бір психолог-бағыт беруші түрлі мәселелермен айналысып, қосымша көмек беруші қызметкер қызметін де атқара алады. Енді бір психологиялық- кеңес беру орталықтарында психологияның түрлі салалары бойынша он маманға дейін жұмыс жүргізе береді. Ең көп тараған нұсқасы бұл психологиялық кеңес беру орталықтарында төрт адамнан алты адамға дейін жұмыс істеуі, оның ішінде бір-екеуі ғана психолог-кеңес беруші.
Кеңес беруші психологтың жеке ұйымдастыру жұмысы
Кеңес беруші психологтың жеке ұйымдастыру жұмысына өзінің жеке кәсіби еңбегін ұйымдастыруды жатқызамыз. Ең алдымен кеңес беруші психолог жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігі мен білігтілігін жоғарлату негізінде кәсіби міндеттерін атқаруын қамтамасыз ететін еңбек тәртібін айтамыз.
Әр түрлі іс-әрекетке кеткен уақыт жағдайға байланысты түрлі болуы мүмкін. Егер де есеп алу үшін бір айды алатын болсақ, кеңес беруші психологтың өзіне тиісті міндеттері бойынша түрлі шараларға қанша уақыт жіберетінін жобамен есептеуге болады.
Айына 26 жұмыс күнін құрайтын, 7 сағаттық жұмыс күні мен норманы есептеп шыға, бір айдағы жұмыс уақытысын жобамен былай бөлуге болады.
Психологиялық кеңес беруге дайындық -18с (10%);
Клиентпен тікелей жұмыс- 90с (50%);
Кеңес нәтижесін өңдеу және талдау – 26с (15%);
Қажетті құжаттарды рәсімдеу - 14с (5%);
Өзінің жеке кәсіби біліктілігін кеңес беруші психологпен жоғарлату – 34с (20 %);
Бұл берілген мәліметтер тек жобамен емес, шартты түрде де көрініс табады. Бұлар психологиялық кеңес берудің түрлеріне байланысты яғни, жыл мезгіліне байланысты (күз бен қыс мезгіліне қарағанда көктем мен жазда психологиялық кеңеске аз жүгінеді), кеңес берушінің жеке тәжірибесіне және т.б. жағдайларға байланысты.
Психологиялық кеңес беру тәжірибесінде кәсіби қатынсас, әрекеттестік, кеңес беруші психологтар арасында және басқа мамандармен (психологтар, дәрігерлер, педагогтар, медбикелер, заңгерлер, сонымен қатар психологиялық кеңес беру персоналдарына қызмет көрсететіндер) ақпарат алмасу қажеттіліктері туындап отырады.
Психологиялық кеңестің көмекші персоналы хатшы-референт және көмекші-лаборант мамандарынан құрылады.
Хатшы-референттің міндеті, клиентті алғаш қабылдау барысында одан әлеуметтік-демографиялық мінездемесін алып, кеңесуге оны жазып алып, кеңесу барысының шартын түсіндіріп, сондай-ақ клиентпен жиі байланыс жасап тұру.
- Қолданылған әдебиеттер
- Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І. Әлеуметтік психология. - Алматы.: Қазақ университеті, 2007
- Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002
- Головин С.Ю. Словарь психолога-практика – Минск., 2001
- Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
- Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога.М осква.: Просвещение,1991