Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы
Психологияның өзіндік пән ретінде қалыптасуына 1879 жылғы атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен Лейпциг университетінде дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. В.Вундттың жеке психикалық фукцияларды зерттеуі аналитикалық зерттеу әдістерін жасалуына себеп болды, сонымен қатар кәсіби жарамдылық бағасының негізгі амалдарын анықтады.
Еңбек психологиясы қалыптасуының негізгі детерминантты үштігін көрсетеміз: әлеуметтік тапсырыс мазмұны, психотехникалық амалдардың дамуы, өндірісті басқаруды оңтайлы ету. Әлеуметтік тәжірибе мен еңбек психологиясының потенциалды мүмкіндіктері сферасының даму аспектісінде, ғылыми өзіндік және қосалқы пән ретінде оның қалыптасуы қоғамдық өндіріс пен мемлекеттік реттеу жұмысшылар мен жалданған жұмысшылардың қатынасының дамуымен дайындалған.
XIX-шы ғасырдың екінші жартысында сәйкес заңдылықтар базасы жетілдірілді. Европаның дамыған елдерінде еңбек жайлы заңдылықтар оның гигиенасының қауіпсіздігі, балалар еңбегін қорғау, зақым болған жағдайда еңбектенушілерді қорғау: Швейцарияда- 1877 жылы, Англияда- 1878ж, Австрия- 1883-1885 жылы, Швецияда- 1885жылы, Италияда- 1888жылы, Бельгияда- 1889 жылы, Германияда- 1891 жылы, Норвегияда- 1892 жылы, Францияда- 1896жылы, Ресейде- 1903 жылы енгізілді.
Фабрикалық заңдылықтар мен заңның енгізілуі жұмысшылар мен еңбек етушілер қатынасының мемлекеттік құралы ретінде қызмет етті. Заң әр кезде эффективті болған жоқ, бірақ қоғамда ақырындап жаңа жүйе құндылықтары қалыптасты. Адамдардың еңбек қатынасындағы әлеуметтік перспективалары кеңейді, және ол жаңа гуманитарлық пәндердің заттық аймағының қалыптасуына себепші болды.
Еңбек психологиясының жекелей пән ретінде қалыптасуына, өнеркәпіс өндірістерінің шоғырлануы мен өз бетімен дамуы мен дайындығы, өнеркәсіп технологияларының, жаңа кәсіп пен транспорт түрлерінің пайда болуы себеп болды. Келесі үштік детерминанттынан тұратын- XX ғасырдағы психотехникалық амалдардың дамуын қарастырамыз.
Альфред Бине (1957-1911)- Франциядағы экспериментальды психологияның негізін салушы, индивидуалды айырмашылықтар психологиясы жаңа пәннін қалыптастырушы. 1896 жылы «Индивидуалды психология» атты А.Бине мен В.Анридің еңбегі шықты, В.Штерннің ойынша осы еңбек жаңаин кәсіби облыстағы бағдарлама болды. 1905 жылы А.Бине дәрігер Т.Симонмен бірігіп «инттеллектуалды дамудың метрлік шкаласының» бірінші вариантын жасады. Бұл қалыпты мектептердегі ақыл-ойы кем балаларға және дарынды класстардағы балалардың қабілеттілік бағасы негізінде іріктеуге арналған. Бұл әдістің ақыл-ой жасының бағасының дамуы Л.Терменнің ақыл-ой қабілеттілік коэффициенті атауын алды, ал кейіннен- интеллект коэффициенті (IQ). 1916 жылы Л.Терменнің Стэнфорд университетіндегі жасалынған нұсқысы Стэнфорд- Бине шкаласы деген атақ алып, басқа елдерге тарады. 1911 жылы В.Штерннің «Дифференциалды психология және оның методологиялық негізі» атты кітабы шығады, автор онда адамдардағы «ғылымды психикалық функциялар мен қаситтердегі қалыптасқан айырмашылық » деп қарастырады.
Еңбек психологиясы біріншіден, индустриалды психотехника (өнеркәсіптенген, кәсіби психология) белсенді дамып келе жатқан, жұмысшы деген тікелей орындаушының іс-әрекет жоспарын зерттеу. 1900 жылы Вильгельм Штерн қосалқы психологияны анықтау үшін «психотехника» яғни, «болашаққа бағытталған, қоғамдық өмір міндеттерін шешуге ұмтылған» терминін ұсынды. Өз кезегінде индустриалды психотехниканың қалыптасуы еңбек психологиясы мен дифференциалды психологияның дамуына стимулдады. Психологиялық кәсіби іріктеу психотехниканың орталық бағытталуының бірі болды.
Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан:
- Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу;
- Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету;
- Қалаған психологиялық жетістіктерге жету.
Бұл ғалым психотехниканың кілттік міндеттерін, профессиография әдістері мен принциптерін анықтаған, кәсіби іріктеудің орындалуына, кеңес беруі мен бағытталуын нұсқаулық етуші. 1908 жылы Бостонда дәрігер Ф.Парсонс жастардың мамандық таңдауы бойынша бірінші кеңес беру бюросын ашады. Жеткіншектер мен жас адамдарға негізгі индивидуалды кеңес беру ғылыми әдістер болмады, ол зерттеушінің интуициясы мен өмірлік тәжірибесі арқасында адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін бақылау болды. Бірнешеден кейін Ф.Парсонс Г.Мюнстербергке бұл ғылымның негізіндегі іс-әрекеттің жасалына көңіл аудартады. Осылайша кәсіби сферада жаңа – кәсіби бағытталу бастамасы қойылды.
XX ғасырдың басында А.Бине, Г.Мюнстерберг, В.Штерн және басқалары жаңа интегралды пәннің қалыптасуын әдістік және әдістемелік сілтемелер дайындайды, шындығында, кәсіби іріктеулер міндеттерін табысты шешу үшін.
Үшінші үштік детерминантын пәннің қалыптасуы тізбегінде қарастырамыз. Өндірістің тез қарқынмен кеңейуі, өнім бағасының төмендеуі ғылыми білім бағытталуын талап етті. Ғылыми басқарудың пионері болып американдық инженер Фредерик Уинслоу Тейлор болды. 1895 жылы ол басқару әдістерін жасауға кірісті, оларға жүйелі міндеттер, негізінде аталған «Тейлор жүйесі» кейіннен, ғылыми менеджмент атауын берді. Ол бірінші болып өзіне белгілі болған өндірістік басқаруды жүйеледі және бөлді, және жаңа амалдар ұсынды. Ф. Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз:
- ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы.
- жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі.
- «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы.
Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар:
- Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау;
- Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу;
- Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу;
Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу.
Кейінгі еңбек әрекеттерін зерттеу бағыттарын жас жұбайлар Фрэнк Банкер Джилберт (1969-1924) пен Лилиан Джилберт (1878-1972) жүргізді.Бастапақыда Ф.Тейлормен тығыз қызметтестікте Ф.Джилбрет циклографикалық және хронографиялық әдістерін жасады. 1920 жылдары олардың классификациясын жасады, жасалатын операциялардың барлық детальдары көрінетін технологиялық картаны жасады. Жұбайымен бірігіп жұмыс микор қозғалысының мәселесін, еңбек шаршауын зерттеген, өнімді басқару эффективтілігінің негізгін қалады.
XX ғасырдың басында Генри Форд массалық өнеркәсіпті ұйымдастырудың тәжірибешісі мен беделді теоретикігі болды. Ол кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастырды, жұмысшылардың өмір жағдайларын белсенді өзгертті, мектептер мен ауруханалар салды.
Классикалық мектепті басқарудағы адам мотивациясының еңбекке және тұлғалық түсініктері, адамдық қатынастар мектебінің қалыптасуына алып келеді. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті. «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады:
- Физиологиялық және жыныстық қажеттілік;
- Экзистенциалдық қажеттілік;
- әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі;
- жоғарғы рухани қажеттілік.
1950-1960 жылдары теориялар жүйесі мен функционалдық-құрылымдық әдістер анализінің қалыптсауы мен бағытталуына «әлеуметтік жүйе мектептері» идеясы әсер етті. Оның жетекшілері болып- Ч.Бернар, Г.Саймон, Ф.Селзник табылады, олар «индивид», «формальды құрылым», «формальды емес құрылым», «статустар», «ролдер», «физикалық және әлеуметтік орта» компоненттерін ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастырады.
1960-1970 жылдары қазіргі уақытта қолданылатын жағдайлық амалдар ұйымдастырылады. Оның лидерлері болып Р.Моккер, Дж. Вудсворд, Д. Ломбард табылады, олар жағдайлық ролдердің идеяларын, басқарудағы факторлерін дамытты. Олардың пайымдауларынша, ұйымдастыруды басқару мен өндірістік процесстерді қолдануда бірлік ережелер жоқ.
1930 жылдардың соңында техника потенциалы сәйкесінше, олармен басқаратын, адамдардың жауапкершілігі мен ролі көбейеді. Осы жоспарға сай кәсіби жарамдылық, мамандарды дайындау, олардың іс-әрекетінің сенімділігі сұрақтары актуалды болып келеді. Инженерлік психология- жаңа пәннің негізі қалыптасады. 1950 жылдағы кәсіби іс-әрекетті зерттеудің сандық әдістері, зерттеу операциялары деген жеке бағытпен бірігеді. 1920 жылы Женеведе бірінші Халықаралық психотехникалық конференция өтті, онда Халықаралық психотехникалық ассациация ұйымдастырылды. Оның президенті болып 1920 жылдан 1941 жылғы дейін Э.Клапаред болды.