Герметизацияға тістің алдын-ала дайындығы
Тістің окклюзионды контакттарын анықтау. Герметик окклюзионды жүктеме аймағында болмауы керек, сондықтан силант аппликациясының мүмкін шекарасын алдын-ала нақтылап алу керек. Зерттеуді көшірме қағазымен жүргізеді (жақсысы - арнайы екі жақты бояғыш қабаты бар артикуляциялық). Тістерді кептіргеннен кейін қағазды тіске орналастырып, науқастарға жақтарын жаптырып, төменгі жақпен бүйірлік және алдыңғы–артқы қозғалыстар жасауын сұрайды.
Қағазды алып, зерттелетін тістер бетінде бастырмалар іздерін қарайды. Іздердің орналасу нүктелерін жаттап алу қажет себебі олар келесі процедуралар барысында шайылып кетуі мүмкін.
Алынған мағлұматты силант аппликациясы кезінде және превентивті пломбалау жүргізетін пломбалық материалдарды таңдағанда жүргізіледі.
Тістің жеке және кәсіби гигиенасы. Тісті тазарту қажет:
- тіс жағдайын дәл бағалау үшін (жұғынды фиссуралы тіс жегісінің белгілерін жабады);
- эмаль мен кондиционер және силанттың толық контактысын қамтамасыз ету үшін.
Басында науқас тіс беткейін ірі тіс жұғындылары бөліктерінен тазарту үшін тіс щëткасының айналмалы қозғалыстарымен тазартады. Келесіде тіс беткейінің мамандандырылған гигиенасын жүргізеді. Егер тіс енді жарып шыққан және қызылиекпен жабулы болса, оны тазарту үшін абразивтерді қолданбайды, тек 3% сутегі асқын тотығымен аппликациямен шектеледі. Басқа қалған жағдайларда тістерді жай жылдамдықпен айналатын құралдармен және абразивтермен тазартады. Щëтка ішкі беткейін тазалауға, ал резиналы тостақан шығыңқы беті тазартуға жақсы. Абразивтер ретінде пемза ұнтағы немесе құрамында май және глицерині жоқ маманданған тазартқыш пасталарды қолданады, пастада фторидтердің болуы кедергі болмайды. Сықпа бөлшектері фиссура тереңдіктерінде тіпті оларды активті түрде ауалы-сулы аэрозольмен жуып шайғаннан кейін де қалып кетеді және силант пен эмальдың жанасуына қатысады. Сондықтан кейбір авторлар құрғақ , таза сықпасыз щëтканы қолдануға ұсыным береді.
Соңғы уақытта эмальды тазарту үшін герметизация алдында ауалы абразия әдісін қолданады. Аппараттың арнайы ұштығын стоматологиялық қондырманың турбинді ұштығының орнына қондырады. Ұштықтан тіс бетіне ауалы қысыммен құрғақ абразивті бөлшектер түседі, диаметрі 15 тен 50 мкм. Ауа қысымы, абразивтер энергиясы соншалық, тіпті ол тіс жұғындыларын жойып (фиссуралар тереңдігінде), беткей тіс жегісін егеуді қамтамасыз етеді. Мұның кемшілігі жіңішке фиссуралар тереңдігінде абразив бөлшектерінің тұрып қалуы. Ауалы абразия әдісі экологиялық мәселелерді тудырады: кабинеттің ауалы кеңістігі абразив бөлшектерімен ластанады. Қауіпсіздік шаралары коффердам мен науқасқа арналған көзілдірікті, стоматолог пен оның ассистентіне маска-экранды, сонымен қатар үлкен мықтылықты вакуумды сорғышты талап етеді.
Фиссуралар мен шұңқырларды тазартудың тағы бір альтернативті әдісі тіс жұғындыларын алатын ультрадыбыстық приборды қолдану.
Инвазивті емес герметизация әдісі қолданарда тазалаудың агрессивті әдістері қолданылмайды. Жеке гигиенаны жүргізгеннен кейін, абразиві бар (немесе жоқ) щëтканы қолданып, ауалы абразияны немесе ультрадыбыстық құрылғыны қолданғаннан кейін тісті сутегі асқын тотығымен жуады, кептіреді, ластану іздері қалғаны анықталса, қайтадан өңдейді. Тісті тазартқаннан кейін оны тағы да тіс жегісінің бар жоқтығына тексереді және келесі сатыларға көшеді - реизоляция және эмальды улану.
Тіс жегісі белгілері жоқ немесе бастапқы тіс жегісі белгілері бар тістердің фиссуралары мен шұңқырлары эмалін инвазивті механикалық өңдеу. Мамандандырылған гигиенаны жүргізгеннен кейін фиссуралар эмалін жоғары жылдамдықты ұштыққа арналған бормен егейді. "Ультраконсервативті" найза тәрізді борларды қолданған жөн №806-314-466514-031 формасы - орташа терең фиссураларға және № 806-314-465514-061 терең фиссураларға.
Сау эмальды 0,08-0,10мм қалыңдыққа келтіреді, эмальдың беткей зақымдануларын 1,2-2,5 мм тереңдігі көлемінде және еніне қарай егейді. Егегеннен кейін қуысты жуады, кептіреді және айналадағы тіндерде тіс жегісін анықтау мақсатында тағы бір тексереді. Егер тіндер сау болса – келесі сатыға – эмальды қышқылмен өңдеуге өтеді.
Эмаль мен дентин жегісі белгілері бар фиссураларды механикалық өңдеу. Егер кейбір фиссуралар мен шұңқырларда эмаль мен дентин жегісі белгілері анықталса, жансыздандыру туралы ойлаған жөн. Эмаль жегісін №329 алмұрт тәрізді бормен жоғары жылдамдықта егейді. Жегіленген дентинді карбидті домалақ бормен ½ төмен жылдамдықпен егейді. Механикалық өңдеу аяқталғаннан кейін қуыс пен жақын фиссураларды 3% сутегі асқын тотығымен өңдеп, кептіреді және тағы да тексереді. Егер тіндер сау болса, оларды қорғау үшін силанттардан басқа да материалдарды қолдану керектігі туралы шешім қабылдау керек. Қуыс көлеміне сәйкес герметизация жүргізу немесе превентивті реставрация әдістерін таңдайды (қара табл. 5.26).
Оқшаулау. Оптимальды жағдайда жұмысшы алаң ауыз қуысынан окклюзиялық іздерді анықтап болғаннан кейін оқшауланады. Улағыш агентпен аппликациялау сатысында оқшаулау барлық жағдайда қажет, себебі ол АҚКҚ химиялық жарақаты қаупін төмендетеді, силант аппликациясы сатысында жақсылап оқшаулау негізінен герметизацияның нәтижелі немесе нәтижесіз болуын қамтамасыз етеді: сілекей муциндері – қышқылмен өңделген және жуылған эмальдың микросаңылаулары бір секунд жанасу кезінде оларды толтыратын белсенді бөлгіш агент. Сілекейімен ластанған беткей жай жуумен қайта қалпына келтірілмейді, оны қайтадан улау қажет.
Таблица 5.26