Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері
Психика сезім мүщелерініц бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік шындықтың ѳзара шартты байланысТа екенін кѳрсетеді. Сыртқы нәрселердің адам миына әсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, тағы басқа да психикалық процестер пайда болады. Сонымен, психика дегеніміз — үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялык процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елее тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам ѳзінід мақсат-мүдделеріне орай оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның ѳзін қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екенін кѳрсетеді.
Адам психикасыныд пайда болуы, дамып жетілуі — тарихи процесс. Ол адамныд қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі және сѳйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің ѳзіндік сипаты, ед алдымен, жүйке жүйесініц қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында ѳз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес. Ол — адамның миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбектенуі оның ѳз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам ѳзі ѳмір сүрген ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды,сырт қы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде ѳзгертеді. Сейтіп, ѳз ықпалына бағынды- рады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды бұрыннан қалыптасқан іс тәжірибесімен салыстырады. Ненің пайдалы, ненің зиянды екеніне ой жүгіртіп, сарапқа салады. Адам психикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тәрізді бейнелеумен ғана шектелмей, оны ақыл-оймен саналы түрде қорытады. Мүндай әрекет адам психикасының терең сырларын, ѳзіндік ерекшеліктерін’ айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мән-мазмүнының субъективтік түрде.бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын кѳрсетеді. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі — сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнеленуіне байланысты. Әркімнің ѳмір тәжрибесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтың қаншалықты дұрыс бейнеленгендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірибесімен салыстырылады. Мұндай жайт адамның ѳмір тәжірибесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын .мүдделерін шындыққа жанастыруда, олардың ақиқаттығын дәйектеуде елеулі қадам жасайтындығын кѳрсетеді.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде, болады. Бұл — табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми кѳзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюңиялық дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу эр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс — материяның ѳмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл элем заттары, әлемнің ѳзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнемі ѳзгеріп, дамып отырады.
Барлық материяға — жансыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Жансыз заттың жанды материяға ауысуы да, оның қозғалыс түрі де ѳзгерістерге үшырайды. Материяға тән жалпы қасиет — биологиялық бейнелеу формасы. Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Барлық материяға — жансыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Жансыз заттың жанды материяға ауысуы да, оның қозғалыс түрі де ѳзгерістерге үшырайды. Материяға тән жалпы қасиет — биологиялық бейнелеу формасы. Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Бұл — сан жѳнінен табиғат дамуындағы жаңа баскыш. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің кѳптеген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сѳйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.
Барлық ѳсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті — тітіркенгіштік. Тітіркену— тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктік қаеиет, Мұндай қасиет ете қарапайым бір клеткалы тірі организмдерде, мысалы, амебаларда да болады. Ал сол қарапайым, кѳзге кѳрінбейтін организмдердің биотоктік әсерлерге қозғалып, тітіркенуі тропизмдер не таксистер деп аталады (бұл мәселе үшінші тарауда толық баяндалған).
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа бір түрі — сезімталдық — тірі организмнің сыртқы ортаның. әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал (белгі) қызметін атқарады. Тірі организмдердің эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке ѳту жолында олардың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тітіркенуі мен бейімделуі жіктеліп, бѳліне бастайды. Әрбір мүше ѳз алдына арнайы қызмет аткаратын дәрежеге жетеді.
Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік (соқыр сезімдік) әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілік әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға.кѳтерілген сайын олардың ѳмір тіршілігінің ең жоғары басқышы — интеллекттік мінез пайда болады.
Жануарлардың интеллектті мінезі — олардың заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездестірмеген жаңа міндеттерді шеше бастауы. Интеллекттік мінез — жануарлардың сыртқы .ортаға бейімделуі ғана емес, .олардың сол орта әсерін қабылдап, әр қилы әрекет-қылық кѳрсетуі. Ал адам баласы ѳзінің саналы әрекеті арқылы ѳмір сүрген ортасына бейімделіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде ѳзгертеді.