Ойлауды дамыту және тәрбиелеу
Бала өз өмірінің алғашқы күнінен бастап, түйсінуге және кейбір сезімдерді білдіруге қабілетті. Бірақ ол әлі де ойлай алмайды, жас шамасына қарай, тәжірибенің жинақталуына байланысты оның іс-әрекетінде, тілдік қарама-қатынасында, оқыту және тәрбие үрдісінде дами бастайды.
Ойлау үрдісі ойлау түрінде - пікірлердің және ұғымдардың түрінде қарастырылады және байқалады, балалар да сөйлеуді меңгеру деңгейіне байланысты дами бастайды. Бірақ ойлаудың алғашқы көріністері қабылдаулар мен елестетулерге негізделген, іс-әрекетінде байқалады, балалардың тілді меңгергеніне дейін аңғарыла бастайды.
Бір жас шамасында балалар үлкендердің оларға бағытталған сөздерін түсінеді. Үлкендердің "Стол қайда?" — деген сұрақтарына: сол заттарға бұрылып қарай бастайды немесе бұл заттарды қолымен көрсетеді.
Баланың ойлауы, екінші жылдан бастап, пікірлер түрінде қалыптаса бастайды. Қоршаған ортадағы адамдармен сөздік қатынасқа ене отырып, бала ойлаудың мазмұны мен түрлерін жақсы меңгереді. Болашақта баланың ойлауы оның тілінің дамуымен бірлікте дамиды.
Мектепке дейінгіден бұрынғы кезенде балалардың ойлауы әлі де шектеулі болады.
Бала негізінен сол бойда қабылдайтын заттар туралы ойлайды. Осы кезенде балада ойлау операцияларын олардың күрделі емес сөйлеу тілінен аңғаруға болады. Бір уақытта ойлау операциялары қабылданатын заттармен, іс-әрекеттерінде іске асады.
Балалар заттар құбылыстарды салыстыра біледі. Мәселен, заттарды бірінің үстіне бірін салып, ойша құрастыра немесе талдай біледі, мысалы, өз ойыншықтарын тас талқан қылып бөлшектерге бұзып, ойша қайта жинақтайды, кубиктерден үй жасай біледі, кубиктерді түстеріне қарай таддай және жинақтай біледі.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың ойлауы негізінен запық-әректтік және заттық — көрнекілік болып табылады. Тәрбиенің әсерімен тәжірибе мен білімнің жинақталуы және болашақта жалпы ақыл-ойының дамуына байланысты мектепке дейінгі жастағылардың оган дейінгілермен салыстырғанда ойлауы өте мазмұнды болып келеді.
Олардың ойлау операциялары біршама қалыптасқан: салыстыру — өзінің дәлдігімен, талдау - нақтылығымен, жинақтау -анықтығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгілер белгілі бір операцияны орындай отырып, алдына мақсат қояды. Бұл ойлау операциялары олардың негізгі әрекеті ойын әрекетінде және үй ішіндегі еңбек әрекетінде байқалады және дамиды. Осы кезеңдегі балалардың ойын қалыптастыру мен тілін дамытудың және олардың үлкендермен тіддік қарым-қатынасын кеңейтудің моні орасан зор.
Өздерінің пікірлерінде мектепке дейінгілер тек қабылдауларға ғана негізделіп қоймайды, сонымен қатар елестетулерге де негізделеді.
Балалардың ойлауын дамыту үшін мектепте негізінен, іске асатын бір жүйелі оқытудың маңызы ерекше. Оқыту үстінде білім негіздерін меңгеруде, мектеп оқушыларының есін және қиялын дамытуға байланысты олардың ой ойлау үрдісіне логикалық және сыни тұрғысынан қарауы дамиды.
Оқыту үрдісінде ойлау нақтылыдан дерексізге дейін дамудың үлкен жолынан өтеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауы әлі де көрнекілі, нақтылы, бірақ оқыту үрдісінде шәкірттердің нақты ойлауы мектепке дейінгілерге қарағанда олардың ойлау операциялары күрделірек және мазмұндырақ келеді, оның барлық ойлау операциялары жетілдіріледі. Мектеп оқушылары бірден бір күрделі, тек қабылданатын ғана емес, сонымен қатар елестетілетін заттар мен құбылыстарды салыстыра, талдай және жинақтай білуге үйренеді.
Оқыту үрдісінде шәкірттердің дерексіз ұғымдарды меңгеру қабілеті дами бастайды. Бұл қабілеттілік, әсіресе, арифметика пәнін оқытуда дамиды, көрнекілі санаудан дерексіз санауға көшкенде, ана тілін оқыту барысыңда, оның көлемінде ауызша есептер шығарғанда айқын аңғарылады.
Мысалы, бірінші сыныптың шәкірттері оның көлемінде есеп шығаруға көшкенде мұғалім есептің мынандай мазмұнын ұсынады: немересінде 4 кәмпит бояады, оның екеуін әжесіне берді, немересінде нешеуі қалды? деген сұраққа оқушылар бірден жауап бере алмай, ойланып қалады.
Мұғалім есептің мазмұнын қайталап тағы да оқып, жазады. Сонда бір оқушы қолын көтеріп, орнынан тұрып, былай депті: "Әжеміз бізден кәмпит алмайды, керісінше, бізге береді". Бұл жерде шәкірттердің ойланып қалуы есеп мазмұнының дұрыс құрылмағандығынан, бірнеше сынып балаларының ой өрісінің жеткіліксіз дамығандығынан, бұл кезеңде шәкірттердің ойлау операцияларының әлі де жеткіліксіз қалыптасқандығынан болса керек.
Бастауыш мектепте бірнеше сыныптан кейін оқушылар әртүрлі грамматикалық, арифметикалық, жаратылыстану, қоғамдық-саяси ұғымдарды меңгереді. Оқушылардың меңгеретін ұғымдарының шеңбері негізінде әрбір пәндер бойынша, әрбір сыныпқа жеке оқу бағдарламалары белгіленеді.
Бекітілген ұғымдардың негізінде оқушыларда абстракциялық (дерексіз) ойлау дамиды. Жоғары сынып оқушыларында абстракциялық ойлау ерекше тез қарқынмен дамиды. Жеке пәндерді оқып-үйрену арқылы жоғары сыныптардың шәкірттері көптеген жалпы, дерексіз ұғымдарды меңгереді және бұл ұғымдарды өзінің ақыл-ой әрекетінде пайдаланады.
Әрбір оқушыға оқыту үрдісінде және өмір тәжірибесінде әртүрлі міндеттерді шешуге тура келеді. Оқушы сұрақтарды дұрыс қоя білуге және дұрыс ойлауға үйренеді. Жас шамасына қарай бұл түсініктері қисынды бола бастайды.
Түсіне отырып, мектеп оқушылары дұрыс ой қорытуға -дедуктивтік және индуктивтік үйренеді. Мысалы, математика сабақтарында жалпы қағидалардан әруақытта да қорытынды жасайды, тіл сабақтарында меңгерген ережелерді дұрыс жазудың кейбір жағдайларын пайдалану керектігі және т.б.
Оқушылар индуктивтік ой қорытындысын әртүрлі мысалдардың негізінде мұғалімнің көмегімен грамматикалық және арифметикалық ережелерді меңгереді. Жоғары сыныптьщ оқушылары жаратылыстануды, физика мен химияны оқу үрдісінде өз бетімен жан-жақты жалпы ұғым жасай алады.
Индукция мен дедукцияны меңгере отырып, жоғары сынып оқушылары бақылау мен тәжірибенің негізінде жекелеген құбылыстардың себептерін өз бетімен іздестіре алады, содан кейін табиғаттың заңдарын анықтайды. Жеке құбылыстарды түсіндіруде оқушылардың өздері белгілі зандарға сүйенеді.
Оқыту үрдісінде абстрактылық және логикалық ойлаумен бірге оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы дами түседі. Бастауыш мектептің өзінде оқушылардан тек қана дұрыс жауаптарды талап етіп қоймайды, сонымен қатар түсіндіру сұралады: "Бұл неге бұлай?"
Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмаса, онда сыныпта оның себебін анықтап алады, оның қателігі неде, бұл қателікті қалай түзуге болады?
Білімді меңгеруде оқушылар әртүрлі қағидаларды негіздеуге, дәлелдеуге тексеруге үйренеді. Оның ішінде оларға дәлелдеме ретінде мысалдарды, деректерді, жалпы қағидаларды, ережелерді және аксиомаларды пайдалануды үйретеді.
Орта мектептің оқушылары, әсіресе жоғары сыныптардың оқушылары басқа адамдардың пікіріндегі қарама - қайшылықты, негізділікті көрсете біледі, сонымен қатар өз пікірлерінде талдай алады.
Сыни, дәлелдемелі және өз бетімен ойлауды дамытуда мектеп оқушыларының көркем өнер үйірмелеріне қатысы, пайда болған сұрақтарды талқылауға белсенді араласуы ерекше орын алады.
Оқыту кезінде мектеп оқушыларының теориялық ойлары мен практикалық ойлауы бірлікте іске асады. Мектепте көптеген пәндерді (мысалы, физика, химия, информатика) оқып, үйрену алынған білімдерді практикада, өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана білуге мүмкіншілік береді:
Мектеп оқушыларының модулдеумен, құрастырумен, электротехникамен, информатикамен айналысуы, көптеген ақыл-ой міндеттерін компьютерлермен шешуі олардың практикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.
Сөйлеу
Жоспары:1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік.
2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтері.
4. Сөйлеудің түрлері