Когнитивтік ұғымдар. 4 страница

Этнос туралы небір құнды дерек – мағлұматтармен толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән – мағынасын тереңдете түсетін тілдің негізгі көздері бар. Ғалымдар оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атайды.Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.

Бұл бағытта Р. Шойбеков, Ә. Ахметов, Ж. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. Сәтенова, А. Жылқыбаева, Қ.Аронов, Б.Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, М. Мұсабаева, М. Атабаевалардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Этнолингвистика туралы ғалымдардың пікірлерін келтіретін болсақ, «ұлт- тіл-мәдениет» контексіне байланысты ойлардың сабақтастығын байқаймыз. Ғалым Е. Жанпейісов: «Этнолингвистикаға өзінің бітім- болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», - дейді.

2. Қазақ тіл білімінің қалыптасу тарихы. Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралын» (қазақша əріппен)өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауыста дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі,хəріп əріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914 - 1915 жылдары жəне одан кейінгіжылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл - құрал» оқулықтарында (қазақтілінің сарфы) дене қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген жəне қолданыла беругетиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқтыжүздеген терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дəлелдеп жату артық,өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан тұрақты қолданылытын дəрежеге жетті.

Ғылым Ө.Айтбайұлы А.Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегін саралай келіп, мынадай пікірайтады: «Қазақ тілі білімнің қалыптасуында айрықша роль атқарған бұл еңбектерді саралағанда,жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мəселесін тіпті де аттапөте алмаймыз.

Қошке Кемеңгерұлы «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» - өзге ұлт өкілдеріне қазақ тіліноқытуға арналған алғашқы оқулықтардың бірі. Отандық əдістеме ғылымында тыңдарман грамматикасыныңнегізін қалаған. Əдістемелік мұрасының бір ерекшелігі – сөздік түзуінде. «Оқу құралында» «əліпбилітілмаш», «мақалалы тілмаш» деген екі түрлі сөздік берген.

С. Аманжолов тіл ғылымының өзекті мəселелеріне ат салысып отырды. Орысалфавитіне көшу ісіне С. Аманжолов белсене қатысты. Жаңа алфавиттің құрамында 41 əріп болды. Бұл алфавитте орыстың əріптері түгел сақталып, қазақтіліне тəн 8 əріп қосылды.С. Аманжоловтың жасаған жобасыбекітілген болатын. 1940 жылы орыс алфавитіне негізделген С.Аманжолов жасаған қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы басылып шықты.

«Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары»деген докторлық диссертациясын аяқтап, 1948 жылдың басында қорғады. Осы жылы С. Аманжоловқапрофессор деген атақ берілді.Ғалым 1959 жылы «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мəселелері» атты монографиясынжарыққа шығарды.Профессор С.Аманжолов үйірлі мүшелерді басқа зерттеуші ғалымдар тəрізді (С.Жиенбаев,Н.Т.Сауранбаев, Т.Р.Қордабаев) құрмалас сөйлем тұрғысынан емес, жай сөйлем синтаксисі тұрғысынанзерттейді, екіншіден, үйірлі мүше құрылыс жағынан сөйлемге ұқсағанымен, сөйлемге тəн басқа белгілері –предикативтік қасиеті, интонациясы болмағандықтан, сөйлем бола алмайды, тек сөйлем мүшесінің ғанақызметін атқарады деп көрсеткен. Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін қазақ тілі синтаксисінеалғаш рет енгізіп, оның грамматикалық айырықша белгілерін, ішінара бөлінетін түрлерін жəне орынтəртібін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеді.

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» (1935), «К постановке исслеования историифонетики» (1935), «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936) , «Заметки овспомогательных и сложных глаголах», «Қазақ тілінің грамматикасы (жалпы морфология)» (1936), «Жаңаграмматиканың жаңалықтары жайында» (1937), «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» (1937) тəріздіжарық көрген еңбектері мен жазылып, бірақ көзі тірісінде жарияланбай қалған «О частях речи», «Двойныеслова синонимического типа», «Возникновение фонематического различия глуких и звонких»,«Подражательные слова, как особые формы словоупотребления», «Скотоводческие междометия казахов»,

«Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «Структура местоимении в казахскомязыке», «Материалы к научной грамматике казахского языка (1-том, Фонетика)», «Причины выпадениябеглых гласных в казахском языке», «Еще раз о глагол де-» атты зерттеулері қазақ тіл білімінің ғылымитеориялық - методологиялық негізін қалыптастырған аса құнды зерттеулер болғаны сөзсіз.

С.С.Жиенбаевқа тіл секторына басшылық еткен кезеңде қазақша-орысша сөздіктің екі томыжарияланды. С.Жиенбаев қазақ тіл білімінің аталып жүрген кезеңінде кенже қалған салаларының бірі –лексикологияның ғылыми курсын жасаудың көш басында тұрды. Оның жазған докторлықдиссертациясының тақырыбы: «Қазақ лексикасының мəселелері» деп аталған.

Академик Ə.Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мəселелер мен міндеттер” атты еңбегіндеэтимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялықталдау əдістері мен критерийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық,морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығыавторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” еңбегінің негізгіавторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986),“Сырға толы түр мен түс” (1986) еңбектері жарияланды. М.Оразовпен бірігіп “Түркітануға кіріспе” (1992)оқулығын жазды.Т.Жанұзақпенбірлесе отырып “Атамекен атауларындағы ақтаңдақтар” атты мақала жазған болатын. Əбекеңнің ономастикасаласы бойынша этнолингвистикалық мазмұнда жазылған еңбектерінің бірі “Қаңлы; тарихи шежіре” депаталады. Зерттеуде ғалым қазақ халқының құрамындағы ең көне тайпалардың бірінің тарихи жолы, құрамы,

атақты адамдары туралы сөз етеді.

3. Аударма және аударматану теориясы, өзекті мәселелері, проблемалары. Аудар­ма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұ­жырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түп­нұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.

Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер).

2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы – француз лингвистикасының негізін салушы Антуан Мейе. Өкілдері: Жозеф Вандриес, Шарль Балли, Эмиль Бенвенист, Россияда Л. В. Шерва, Польшада В. Курилович.

Тіл біліміндегі әлеуметтік мәселе тарихы сонау көне Греция ілімінен, оның лингвистикадағы теориялық проблемалары ретінде қойылды – ХІХ ғ. ІІ ж. ХХ ғ. басы.

Әлеуметтік тіл білмі:

1. Тіл – адамның сөйлеу әрекеті, әлеуметтік құбылыс, өйткені тіл мен сөйлеу адам қоғамында ғана өмір сүреді. Тілдің басқа әлеуметтік құбылыстарының ең артықшылығы – қар-қат. жасау құралы болуы;

2. Тілді жеке адамның жасауы да, өзгертуі де мүмкіндік емес. Тілдің дамуы мен өзгеруінің басты себебі – қоғамдық шарттар;

3. Тілдің бір-біріне әсер етуі мен араласуы – қоғамдық тарихи факторлардың нәтижесі;

4. Тіл біліміндегі бір халықтың мәдени деңгейін тілідң грамматикалық ерекшеліктері бойынша бағалайтыннәсілшілдікке қарсы шықты.

2. Когнитология және когнитивті лингвистика. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі 1998 жылы жарық көрген Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивті негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясында «тілдік сана құрылымын», «гештальт теориясын» түсіндіреді. Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты диссертациясы. Ғалым өз жұмысына концептілік құрылымдарға және ақын М.Мақатаевтың танымдық болмысын «Өмір» концептісінің негізінде талдау жасап, «Көркемдік сана», «Когнитивтік модель», «ассоцация», «бейне» т.б. ұғымдарға поэтикалық мәтіннен мысалдар келтіре отырып саралады.

2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады. Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.

Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсететін құрал.

Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді.

3. Тілдік және мәдени коммуникация. Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы карым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыста болу секілді мағыналарды білдіреді. Айтулы ұғым адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесінде болатын тілдесу ерекшеліктерін айғақтай отырып, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдык қызметін жан-жақты аңғартады. Осыдан келіп «коммуникабелді» — тез тіл табысатын, түсінісуге, сөйлесуге, бейім, «коммуникабельдік» — түсінушілік т.б. деген сияқты сөздер пайда болған.Кез келген елдің тілі мен мәдениеті өз деңгейінде күрделі де, сан қырлы сипатта болып келеді және ол әлемнің тілдік бейнесін жасауға негіз болады. Тілдік коммуиикация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, карым-қатынас жасау дегенді білдіреді де адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттарды әрекетке қосу аркылы ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуына, бірін-бірі байытуына мүмкіндік тудырып, карым-қатынастың сөйлеу, ойлау, түсінісу кеңістігін қалыптастырады. Ал әлемдегі халықтар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынас орнатып түсінісуі мәдениетаралық коммуникация теориясының пайда болуына негіз болды. Тілдік қатынас (коммуникация) әр түрлі қоғамдық қатынастардың нәтижесінде адамдарға тән ойлау арқылы жарыққа шыққан сөйлесімнің тіл арқылы жүзеге асуы, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы. Ал мәдениетаралық коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл - коммуникация үрдісіне культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Ол түрлі тілдік қауымдастықтар өкілдерінің арасында өзара түсіністікті қамтамасыз ететін болғандықтан олардың тілдік және мәдени деңгейлерінің өзара тең дәрежеде болмаса да шамалас болғаны абзал. Түрлі мәдениет өкілдері арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның тиісті деңгейде өтуі көбіне жағдаяттық контекске байланысты болады. Ұлттық мәдениет, ұлттық мінез-құлықтыңкөріністері коммуникацияның арқасында өрнектеледі. Коммуникацияның ауызша және ауызша емес символдары белгілі бір халықты, оның сипаттарын, мәдениетін, салт-дәстүрін айқын сипаттап береді. Мәдениетаралық коммуникацияда мәдени шегараның болуы негізді. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант өзін және әңгімелесушісін «өзінікі» және «бөгде» деп қарастырады. Мәдениетаралық қоммуникацияда коммуникант өзін еркін сезіну үшін өзімен тілдік қарым-қатынасқа түскен өзге ұлт өкілінің тек тілін ғана емес, сол ұлттың (елдің) мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық мінез-құлқын білуге тиіс. лингвомәдениеттану мен мәдениетаралық коммуникация тіл үйренушілерге тілді ғана емес, сол елдің тарихын, мәдениетін салт-дәстүрін, рухани болмысын білдірту арқылы тілді меңгертудің маңыздылығын алға тартатын лингвистикалық сала. Тіл үйренушіге ұлттық мәдениеттің бояуын түсіндіру,ұлттық мінездің қырларын ашу, ұлттың тарихы мен мәдениетін паш етудің бір жолы – лексикалық бірліктердің прагматикалық мәнін ашу, сол арқылы тіл үйренушінің елге, халыққа, тілге, мәдениетке, салт-дәстүрге деген қызығушылығын ояту.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. «Тіл туралы жаңа ілім» бағыты. Компаративтік тіл білімін ығыстырып, оның орнына келген жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында «Тіл туралы жаңа ілім» немесе «Яфет тіл ғылымы» деп аталады. Бұл бағыт өкілдері маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алды. Мұны қалыптастырушы иберий-кавказ тілдерінің маманы –Н.Я.Марр. Ол бастапқыда бұл тілдердің туыстық төркінін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеп, өз теориясын «яфет теориясы» деп атады. Кейін ол «Тіл туралы жаңа ілім» деген атпен ауыстырылды. Н.Я.Марр қалыптастырған тіл туралы ілімнің өзіндік жүйесі, концепциялары болды. Бұл концепциялардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылар еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін отан тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.

2. ХІХ ғасыр лингвистикасы. Тіл білімі тарихындағы түрлі ағымдардың тууына себеп болған басты нәрсе – тілге берілген анықтамалар, тілдің тууы, дамуы төңірегінде болды. Осыған байланысты тіл білімі тарихында ХІХ ғ.түрліше ағымдар мен бағыттар, мектептер қалыптасты. ХІХ ғ. алғашқы онжылдығында тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы тарихи әдісті қолданудан басталды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Бопп. ХІХ ғ. тіл білімінде логикалық, психологиялық, натуралистік бағыттар мен жас грамматистер мектебі, Мәскеу лингвистикалық мектебі, Қазан лингвистикалық мектептері тіл білімі ғылымының дамуына қызмет етті. Логикалық бағыттың негізгі мақсаты-ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қатынасты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау болды. Психологиялық бағыттың мақсаты-тіл ғылымындағы логикалық және формальды бағыттар мен мектептерге қарсы болу, психологияны әдістемелік ретінде тану, тілдің нақты қызметтері мен жұмсалуын зерттеу. ХІХ ғ. ортасында бұл бағытты қалыптастырған Берлин унив. проф. Г.Штейнталь болды. Натуралистік бағыттың көрнекті өкілі – А.Шлейхер. Натурализм жеке ағым ретінде ғылымда ХІХ ғ. 2-жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. «Дарвин теориясы және тіл білімі» атты еңбегінде А.Шлейхер тілді тірі ағза деп танып, ол туады, жетіледі, дамиды, қартаяды, өледі деп тұжырымдайды. Жас грамматистер бағыты ХІХғ. 70-ж. қалыптасты. Олар «тіл-адам баласы мәдениетінің жемісі, тілдің өмір сүруінің негізгі формасы – дара тіл» деп, тіл тарихын психология тұрғысынан түсіндіріп, тілге дұрыс анықтама бере алмады. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХғ. 70-80 ж. Мәскеу университеті ғалымдары қалыптастырды. Негізгі өкілі – Ф.Фортунатов. Индивидуалдық психологизмді өздерінің әдіснамалық негізгі ұстанымы деп санады. Қазан линг.мектебі ХІХ ғ.аяғында п.б. Өкілі – Б.де Куртенэ. Ол жас грамматистерді қолдады. Дегенмен, ол екінші жағынан, «тілде даралықпен қатар жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте» дейді. Олардың тағы бір көтерген мәселесі тілдің статикалық және динамикалық күйі деген мәселе.

3. Функционалды стилистика, зерттеу нысаны, мәселелері.Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейтін ғылым. Ол бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі және өзге де функционалды‑стильдік ерекшеліктерді, яғни «стиль ішіндегі» жанрлық жағдаяттарды қарастырады. Оның міндетіне тілдің жеке стилистикалық мүмкіндіктерін қарым‑қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым‑қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады. Оның нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі) ұйымдастырылады. Сөйлеу формаларының өзгерісі мәтіндегі баяндау формаларына динамикалық сипат береді. Жазушы сөйлеу формалары арқылы шығармада баяндалатын жайларға қандай мән беретінін байқатып, бірде оқиғаны өмірдің өзіндегідей кең, толықтай бейнеленсе, бірде жалпылама сырғыта сипаттайды. Жалпы стилистиканы зерттеудің әдіс‑тәсілдері екі топқа бөлініп қарастырылады: бірі теориялық таным әдістері, екіншісі теориялық‑практикалық әдістер. Стилистиканы қарастырудың тілдік теориялық әдістері: әңгіме, баяндау, түсіну, көркемдік элементтердің қызметін ашу, т.б. пайдаланылады. Тілдік материалдардың ерекшеліктерін таныту бағытында сөйлем мен мәтіндерге жан‑жақты талдау жүргізу, сөйлемдердің ішкі байланыстарын, интонациялары мен мәнерлілігін, стильдік және эмоционалды‑экспресивтік сапаларын анықтап, стилистикадағы тіл стильдерін ажырату функционалды стилистиканың өзекті мәселелері.

Наши рекомендации