Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
Тақырып
Психодиагностиканың пайда болу тарихы.
Психодиагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы.
Арастырылатын мәселелер.
1.Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
2.Психодиагностиканың ғылым ретіндегі қайнар көздері.
3. 19- ғасырдың бірінші жартысындағы психодиагностика.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.
5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.
6.Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
Қосымша:
7.Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка.
М. 1996.
8.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных
классах. Ереван, 1995.
9.Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.
10.Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.
11.Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
12.Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
Лекция мәтіні:
Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
Психодиагностиканың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Психодиагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында психологиядан бөлек дами бастады. Ол психологияның бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық психология. Өйткені психодиагностикалық әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды.
Экспериментальды психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы “антропометрикаға” ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон “Тест” терминді енгізді, соның атымен психодиагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да психодиагностика экспериментальдық дифференциялық психологияның әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы психологиялық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр психологиялық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм психологияға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші психодиагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Психодиагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің психодиагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің психодиагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының психодиагностикалық алғашқы проективтік әдістері пайда болады. 30-шы 40-шы жылдары консультациялық нұсқаулар өзекті бола бастады. 40-шы 60-шы жылдары жеке анкеталар кең таралған болатын. Г.И.Россолиммо (1910) еңбектерінен бастап интелектуалдық дамуының әдістерінің адаптациясымен пайда бола бастағандығына байланысты үлкен жұмыс атқарылды. Критикалық емес мамандардың емес бөгде адамдардың тест нәтижелеріне араласып тез арада дұрыс емес шешім қабылдау арқасында СССР-де психодиагностиканың барлық зерттеулер таратылған еді. Психодиагностиканың қайта өрлеуі 60-шы 70-шы жылдарына тура келген.
Психодиагностика (грек тілінен Diagnostikos-танып білуге қабілетті деген мағынаны білдіреді) жеке тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен оның дамуының ерекшеліктерін айқындайтын әдістерді жасап шығаратын психологияның сапасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың даму тарихы шамамен педагогика сапасының даму жолымен сәйкес келеді. Кез келген педагог өзінің кәсіби қызметін жоспарлау барысында өзінің мүмкіндігінің мативациясы мен оның нәтижесін анықтай білуге тырысқан. Мұндай әрекеттер мың жылдықтар барысында әр түрлі әдістер көмегімен жүзеге асырылып отырды.
Егерде педагогикалық диагностика оқу-тәрбие процессінің нәтижелілігін зерттеудің қортындысы болса, онда оның тарихы ежелгі ғасырлар тереңіне кетеді. Ол әртүрлі қабілеттер білім мен дағдыларды зерттеумен –
III мың жылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда мектеп бітіретін түлектерге арналып жазушыларды дайындау үшін сынаулар өткізілетін болған. Кәсіби дайындалған жазушы сол кездегі цивилизациядағы ең негізгі адам болып табылған. Ол барлық арифметикалық әрекет-амалдарды беруі тиіс еді, жерлерді өлшей алды, рациондарды анықтап мүліктерді бөліп беруі тиіс еді, ән айту өнері мен музыкалық инструменттерде ойнай білуі тиіс еді. Сондай ақ маталарды, металлдарды, өсімдіктердің және т.б. ажырата білуі тиіс болған.
Ежелгі Египетте білім алу үшін белгілі бір сынау жүйесінен өту керек. Ең алдымен адамнан биографиялық мәліметтер алу үшін әңгімелесу процесі жүреді, соның нәтижесінде оның білім деңгейі де анықталып отырған, сондай-ақ сырт келбеті мен әңгімені колдау қабілеттілігі де бағаланған. Одан кейін еңбек ете алу қабілеттілігі, тыңдай білуі мен сөйлей білуі, отпен, сумен, қорқынышпен сынау процестері де жүріп жатты.
Бұл қатаң жазаларға қоса әрбір адам, бұл сынауларға төзе алады ма, әлде жоқ па? өзі шешуі тиіс еді, егерде сыннан өте алмаған жағдайда өлім жазасына кесілетін еді. Сондықтан да әрбір адамға, алдын ала жақсылап бәрін таразылап алу ұсынылатын еді. Мұндай қатаң сынаулардың барлығын Пифагор сәтті өткізген еді. Грецияға келісімен ол мектеп ашты. Мектепке тек қана белгілі бір сынаулар жүйесінен өте алған балалар ғана жіберіліп отырды.
Деректерге сүйенетін болсақ, Пифогор “Меркурийді кез келген ағаштан жонып алуға бола бермейді” дей келіп, интеллектуалдық қабілеттердің маңызды рөлін атап өткен. Сондықтан осы қабілеттердің диагностикасына ерекше маңыз берген. Бұл үшін әрбір адамға салыстырмалы түрде күрделі математикалық есеп берілді. Есептің шешімін тапқан талапкер лезде қабылданатын болған. Алайда көпшілік жағдайда есептің шешімі табыла бермейтін еді. Жасы болмағанды үлкен бөлмеге кіргізіп, сынақ ережесі бойынша мұнда оны оқушылар аяусыз күлкіге айналдыруы тиіс болды. Егерде сынға алынған адамның бұл сыны сағаттағы қимыл-әрекеті жасалынып жатқан сөз шабуылдарына лайықты түрде жауап берумен және өзін-өзі лайықты түрде ұстай білумен сипатталса,онда ол адам мектепке қабылданатын еді.
Пифогор жастардың күлкісі мен жүріс-тұрыстарына ерекше мән берді. Ол күле беру адамның мінез-құлқының ең жақсы көрсеткіші болып табылады деп есептеді. Ол ата-аналар мен мұғалімдердің ұсыныстарына зейін қойып қарады,жаңадан келген әрбір баланы өз көз қарасын еркін түрде айтуға және де қарсыластарының көз-қарастарымен қысылмастан таласуға шақырғаннан кейін оларды мұқиятты түрде бақылауға алып отырады.
Б.з.д 2200 жыл бұрын ежелгі Қытайда үкімет шенеунерінің лауазымын иеленгісі келген тұлғалардың қабілеттерін тексеруге арналған жүйе қалыптасқан болатын. Шенеуніктер әрбір үш жыл сайын музыка, садақ ату, ат үстінде отыру, жазу, санау, жөн-жорадғылар мен сән-салтанаттарды білу секілді алты “өнер” бойынша императордың алдында емтиханды қайта тапсырып отырды. Мемлекет үшін емтихандар жүйнсі қажетінше қабілетті, тапқыр және де ең бастысы үкіметке одан әрі пайдалану үшін таңдап алудың маңызды тәсілі болды.(Р.Dubois,1970)
Интеллектуалдық қабілеттерді сынаудың нәтижелері жиі түрде белгілі бір халықтың мақтанышына да айналып отырды , ал кей жағдайларда ол табыс көзі ретінде қызмет етті. Мәселен, үнді патшасы Девсаремнің ирандықтардың данышпандығын сынау мақсатында, оларға шахмат жібергені мәлім. Ирандықтардың бұл ойынның мәнін ашуға қабілеттері жетпейді деп ұйғарылып осы шарт бойынша олар Үндістанға алым-салық жөнелтуі тиіс болды. Алайда, Хосраудың уәзірі Важургмихр ойынның ережесін түсініп, өз кезегінде кәзіргі уақытта “нарды” деп аталатын ойыынды ойлап тапты. Ол (Хосрау) уәзірді жаңа ойынмен бірге Үндістанға жібереді. Ал мұнда ешкім де бұл ойынның мәнін аша алмаған екен (И.А.Орбели,1936).
Тестілік сипаттағы сынақтарды пайдаланудың өзге де бір көрінісі ретінде чань-буддизмнің діни ілімінің негізін білдіретін материалдар болып табылады. Чань-буддизмнің ұстаздары жұмбақтарды,таңғажайып сурақтарды пайдалана отырып, сонымен бірге психологиялық стресс жағдайын қалыпиастырып отырды. Бұл сұрақтарға бір сәтте,ойланбастан, лезде жауап беру қажет болды. Н.В.Абаев келтіргендей, чаньдік жекпе-жек сұхбаттарда сұрақтардың қойылуының таң қаларлығының өзі (мәселен, сақалды жабайының сақалы болды ма?) ұстаздың бүкіл қимыл-әрекеті арқылы күшейтілген шиеленісті жағдайды қалыптастырып отырды. Өз қарсыласын жұлқып, әрі оған Айт! Айт! Кідірместен жауап бер! Деп айқайлап отырып, ол психикалық шиеленісті жағдайды қалыптастырып отырды.Осы автордың пікірінше чаньдық ғажайып жұмбақтар белгілі бір чаньдық ойлау барысына тест ретінде пайдаланылды. Тестіленуші неофиттің осы жұмбақтарға қалай жауап беруіне қарай, тәжірибелі жетекші оның “көзінің ашылуының” қай деңгейде екенін және оның “чаньдық тәжірибесін” тереңдету үшін нендей амалдарды қолдану керектігін анықтап отырды. Сондай ақ дөрекілік пен түсініксіз қылықтардың аржағында өзінің дәрменсіздігін жасырып тұрған симулянттарды да айқындап отырды.(Н.В Абаев,1980).
Чжурчшеньдердің (шүршіттердің) құрған Цзинь мемлекетінде емтихан нәтижелері медицинналық училищелердің түлектерін жұмыс орындарына бөлу үшін қолданылды. Емтиханнан сүрінбей өткендердің ішіндегі ең үздіктері емдеуші дәрігер, оқытушы немесе зерттеуші ретінде мемлекеттік қызметке орналасты. Ал емтиханнан сүрінгендерге дайындықты жалғастыру немесе мамандықты өзгерту ұсынылды ( М.В.Воробьев,1983).
Орта ғасырлық Вьетнам мемлекетінде де әртүрлі байқаулар мен емтихандар өткізіліп жатты. 1370 пен 1972 жылдар аралығындағы екі жылда бүкіл әскери және адамзаттық шенеуніктер қайта аттестациядан өтті. Бұл бүкіл елдегі мемлеекеттік аппаратты тексеруді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Мұның нәтижесінде Вьетнам қуатты және өміршең феодалдық мемлекетке айналды, әсіресе соғысқа аса қабілетті офицерлік корпустық құрылуына ерекше назар аударылды. XVI ғасырда конкурстық сынақтар белгілі бір тәртіпке келтірілді. Олар кезеңдер мен турлар бойынша өткізілетін болды. Емтихандарда жоғары дәрежелерді беру рәсімі аса үлкен құрметпен өткізілді. Лауреаттар, корольден сыйлықтар алып отырды, олардың есімдері астананың Шығыс қақпасына ілінетін “алтын тізімге” енгізілді,олардың жеңістері жайлы туған қауымына хабар беріліп отырылды. Ал ерекше көзге түскендердің есімдері әдебиет храмында орнатылған арнайы тас қабырғаларға қашалып жазылды (Э.О.Берзин,1982).
Шамандарды оқыту жайындағы қызықты мәліметтерді В.Н.Басилов келтіреді. Кейбір халықтарда мәселен эскимостарда әрбір ересек ер адам өзін шамандыққа қабілеттімін деп есептеді. Алайда мұндай талап-сенім сынаудың барысында жоққа шығарылып отырылды.
Тексеру мен оның нәтижесі – мойындау, шамандық қызметтің міндеті шартты болды. Әртүрлі халықтарда шаманды сынау, алуан түрлі формаға ие болды. Айталық қазақтарда өзін шаманмын (бақсымын) деп жариялаған адам халықтың талап етуі бойынша мұздай қар үстімен жалаң аяқ,бас киімсіз,қызған темірді тілімен жалауы тиіс болды. Ал ханттар халқында жолы болмаған үміткерді есі ауысқан деп есептеді. Ульчилер шамандарды кісіні жерлеу сәтінде сынақа алып отырды, дәл осындай дәстүр нанайлықтарда да болды (В.Н.Басилов,1984).
Осы келтірілген қысқаша тарихи шолу жеке бастық қабілеттерін сынауды көптеген халықтардың көне замандардан күні бүгінге дейінгі қоғамдық өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырудың қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тарихи тәжірибе адамдардың,адам мүмкіндіктерінің мәнін тануға деген ұмтылыстары қандайда бір өлшемдегі сапа мен қасиетте болғандығын және де бола беретіндігін дәлелдейді. Алайда таным әдістері ұзақ уақыт бойы тұрпайы болып келді.
2. Қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сонда, адам туралы эмпирикалық псмхологиялық білімдерді талдауда шешуші рольді дәрігерлер атқара бастады. Психиатр -дәрігер Еуропа емханаларында науқастарды жүйелі түрде бақылауға алып, өз бақылауларының нәтижелерін жазып алып, талдап отырды. Осы кезде психодиагностиканың бақылау, сауалнама жүргізу, құжаттарды талдау секілді әдістері пайда болды. Алайда, ол жылдардағы психодиагностика әлсіз, буыны бекімеген сипатта болды. Мұндай жағдайды шектеулі әдістердің көмегімен белгілі бір науқастарды қайта-қайта бақылауға алған, дәрігердің келтірген әртүрлі қорытындылары мен ой-қорытындыларынан байқауға болады.
Психодиагностиканың сандық әдістемелерінің пайда болуының бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың екінші жартысын айтуға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы В.Вундтың басшылығымен дүние жүзі бойынша алғашқы тәжірибені жасау үшін психологиялық зертхана құрылды. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен аспаптар қолданыла бастады.
Адамдағы негізгі психологиялык процесстерге, қасиеттер мен жағдайларға қатысы бар. Қазіргі заманғы психодиагностиканың бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын атауға болады. Бұл кезеңде белсенді түрде, әрине маман психологтардың қатысуынсыз ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың кейінгі уақыттарда сандық психодиагностиканьщ ғылыми әдістері арқа сүйеген салалары дами бастады.
Статистикалық тұрғыдан дәйектелген алғашқы ой-өріс тесттерінің бірін 1905-1907 жылдары француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тесттерді жетілдірс түсті. Сондықтан бұл тесттер психодиагностика тарихына Бине - Симон тесті ретінде енді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында адамның әртүрлі процестері мен қасиеттеріне психодиагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамға арналған тесттер пайда бола бастады.
Алуан түрлі психодиагностикалық әдістемелердің басым көпшілігі XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Бұл ғалым психологтардың психометриялық аса белсенді кезеңі болды.
Қазіргі кездегі психодиагностика ғылымы және практикалық психологиялық білімдердің жеке саласы болып XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер құрылды және де олардың саны жылдам қарқынмен көбейіп келеді.
Психодиагностикада барған сайын математика мен физиканың казіргі заманғы әдістері сондай-ақ электронды психодиагностика құралдары мәселен ЭВМ-дер кең түрде қолданысқа енгізілуд
3. Қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың алғашқы ширегіне яғни психологиялық білімдердің дамуындағы клиникалық кезең дегеннің басталуымен басталады. Бұл кезеңнің сипаты ерекшелігі мынада: адам жайындағы эмпирикалық, психологиялық білімдерді алу мен оны талдаудағы басты рөль дәрігерлерге тиесілі болды.( бұларға дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар айналысты). Дәрігерлерді сол кезде дамыған елдерде тараған емделуі қиын психикалық аурулар мен невроздардың пайда болу себептері қызықтырды. Психиатор- дәрігерлер Еуропа емханаларында өз бақылауларының нәтижелерін жазып талдай отырып,науқастарға жүйелі бақылау орнатты. Осы уақытта психодиагностиканың бақылау,сауалнама,жан қуаттарын талдау секілді әдістері пайда болды.
Алайда бұл кездегі психодиагностика қатаң емес,еркін сипатта болды. Бұл әсіресе бір науқастарда бақылауға алған және оларды бірдей әдістердің көмегімен зерттеген, дәрігерлердің келген қорытындыларынан көрінеді. Бұл сол кездегі психодиагностиканың әлі де болса сапалық сипатқа ие болғандығынан болды.
Психодиагностиканың сандық әдістерінің басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін психодиагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді.
Адамның негізгі психологиялық процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты психодиагностиканыңқазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман психологтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық психодиагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады.
Алғашқы психометриялық мекемені Англияда көрнекті ағылшын психологы Гальтон ашқан болатын. 1884 жылы ол Антропометриялық зертхананы ашты.Бұл зертхананың мақсаттарының бірі- адамның қабілеттері жайлы статистикалық мәліметтерді алу болды. Бұл зертханаға келушілердің өз қабілеттерін өлшеуіне мүмкіндіктері болды және де осы психометриялық тәжірибеден 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың бастамашысы болды және де ол статистикалық әдістерді жасап шығуда көп еңбек сіңірді. Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Пирсон және Фишер секілді математик ғалымдарды бірлесе жұмыс істеу үшін өз жағына тартты,сондықтан олардың математикалық статистикадағы атақтары психолоктармен бірге жұмыс істегендіктерінің арқасында шықты.Фишер дисперсионды анализді ойлап тапса, ал өзге ағылшын ғалымы Гальтонның замандасы Спирмен - факторлы талдауды ойлап тапты. Бұл екеуі де өздерін психологияда математикадағыдан кем емес дәрежеде көрсете білді. Психология тарихына Спирмен өзінің 1904 жылы жарыққа шыққан “Жалпы интеллект, обьективті айқындалған және өлшенген” деген классикалық еңбегінің арқасында енді. Г.Айзенг пен Р.Кеттель кейінірек факторлы талдауды тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін психологиялық диагностикадан өткізу үшін қолданды. Интеллектінің статистикалық тұрғыдан негізделген тесттерін француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары құрастырып жариялады. Кейінірек өзге француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тестті жетілдіре түскен. Бұл тест психодиагностика тарихына Бине – Симон тесті деген атпен енді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында адамның алуан түрлі үрдістері мен қасиеттерін психодиагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамдық тесттер пайда бола бастады. Сандық сипаттағы психодиагностикалық амалдардың ішіндегі тарихы еңсоңғы пайда болып практикаға енгендері әлеуметтік психалогиялық байланыстылары енді. Бұл американ психолыгы Я.Мореноның құрған социометриялық тесті және фашизм жылдары АҚШ - қа қоныс аударған неміс психологы К.Левиннің шәкірттері мен ізбасарлары – бір топ американ әлеуметтік психологтарының құрған көптеген өлшем әдістемелері еді.
XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында алуан түрлі психодиагностикалық әдістемелердің негізгі көпшілігі пайда болды. Бұл психолог ғалымдардың ең көп психометриялық белсенді жылдары еді.
Психодиагностиканың пайда болып оның жасақталуына XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде психологиялық ғылымда пайда болған жалпы дағдарыстың әсер еткенін ескеруіміз қажет. Ол бірінші кезекте әсіресе қабілеттер, интеллект және тұлға (жеке адам) секілді күрделі құбылыстардың дәл психодиагностикасы ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жоқтығы мен байланысты интроспективті психологияның кемшіліктерін айқын аңғартты. Осы тектес әдістердің жасалуы психологияның процестер, қасиеттер және жағдайлар жөнінде ішкі ойдан туындаған және субьективті емес, дәл айқын және обьективті білімдерді алуға мүмкіндік берді.
Мұндай ілімдер антроспекцияға толық негізделген ой қорытындысына қарағанда, теориялық жалпылау мен практикалық ұсыныс үшін мықты негіздеме юола алды. Нәтижеде психология лезде жаңа әрі мықты теориялармен түсіп, тек академиялық тұрғыдан лайық қана емес, практикалық тұрғыдан пайдалы ғылымға айналды. Психодиагностикаға негізделген қолданбалы білім салаларының соның ішінде еңбек психологиясының, психофизиологияның, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашылды.